Құлеке батыр немесе Құлеке Тәңірбердіұлы (1710-1771, Иманбұрлық - Аютас аралығы) — батыр, тарихи тұлға, заманының көрнекті мемлекет қайраткері. Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.
Абылай ханның сенімді серігі, оң қолы болған. Елшілік қызмет те атқарған. Тарихи құжаттарда Құлеке есімі алғаш рет 1742 ж. тамыз айында кездеседі. Сол жылғы 23-30 тамыз күндері Орынбор қаласында арнайы комиссияның бастығы, құпия кеңесші-сенатор И.И.Неплюевтің алдында орыс патшайымы адалдығы туралы қазақтың бір топ батырлары мен билері ант берген. Осылардың арасында Құлеке батыр да 28 тамыз күні 35-ші болып ант беріпті. Бұл туралы «Русско-казахские отношения в ХVI-XVIII веках» деген құжатта №96-шы номермен сақталған.
1961 жылы Алматыда кітап болып басылған. Бұдан кейінгі жылдары Құлеке батыр орыс үкіметімен жақсы қатынастарда болады. Осы 1755 жылы қазақтар Ертістің шығыс бетіне өтіп , қонып жүргенін сол кездегі заңдардан көреміз. Сол жылы Керекуден төмен һәм Семейден жоғары (24 шілдедегі №209 патша жарлығында ) қазақ Ертіс өтіп, әл бермеген соң, шепте әскерлерді молайту керек дейді. Сол жылғы патшаның тағы бір жарлығында Ертіс өтіп, қоныс алып жүрген Құлеке батыр атты казактармен соғысып, шығыс бетінде әлденеше қазақ түтіні қоныс қылып, кетпегендігі айтылады. Өйткені Абылайдың пәрмені соны талап етті. Абылай хан атынан бірнеше рет елшілікке барады. Көптеген құжаттарда Құлеке батырмен қатар Құлсары батыр, әулиенің есімі жиі аталады. Соған қарағанда Құлсары батыр да беделді, тарихи тұлға.
Құлеке батырдың ата-тегі: Атығай ішінде Бәйімбет → Жоламан → Дәулетей → Тәңірберді (Тәйірберді).
Одан төрт ұл туған:
- Тілеке,
- Құлеке,
- Қожаберген,
- Ақан-Барақ.
Құлекенің алты ұлы болған: Бәбеке, Мөңке, Тілеуке (Шал ақын), Шардақ, Қазақбай, Жүсіп.
Шал ақын бір өлеңінде әкесі Құлекенің атақты батыр болғанын сөз етеді:
Құдай жақсы жаратқан
Нұрекені айт,
Елде жақсы бар болса
бір-екіні айт.
Атығайда төрт қасқа
батыр өткен,
Жантелі, Жәпек, Тілеке,
Құлекені айт!
Құлеке батыр қайтыс болған соң ұлы - Шал ақын денесін Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне апарып жерлеген.
Дереккөздер
- Сәдуақас, Тортай Ел мен Жер. Көкшетау - Қызылжар - Омбы - Құсмұрын - Ұлытау - Астана аймағы (тарихи-танымдық жинақ) — Алматы: Дайк-Пресс. — Т. 2003. — 565 б. — 1500 таралым. — ISBN 9965-699-06-2.
- Солтүстік Қазақстан облысы энциклопедиясы, "Арыс" баспасы, Алматы, 2006
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қuleke batyr nemese Қuleke Tәnirberdiuly 1710 1771 Imanburlyk Ayutas aralygy batyr tarihi tulga zamanynyn kornekti memleket kajratkeri Argyn tajpasy Atygaj ruynan shykkan Abylaj hannyn senimdi serigi on koly bolgan Elshilik kyzmet te atkargan Tarihi kuzhattarda Қuleke esimi algash ret 1742 zh tamyz ajynda kezdesedi Sol zhylgy 23 30 tamyz kүnderi Orynbor kalasynda arnajy komissiyanyn bastygy kupiya kenesshi senator I I Neplyuevtin aldynda orys patshajymy adaldygy turaly kazaktyn bir top batyrlary men bileri ant bergen Osylardyn arasynda Қuleke batyr da 28 tamyz kүni 35 shi bolyp ant beripti Bul turaly Russko kazahskie otnosheniya v HVI XVIII vekah degen kuzhatta 96 shy nomermen saktalgan 1961 zhyly Almatyda kitap bolyp basylgan Budan kejingi zhyldary Қuleke batyr orys үkimetimen zhaksy katynastarda bolady Osy 1755 zhyly kazaktar Ertistin shygys betine otip konyp zhүrgenin sol kezdegi zandardan koremiz Sol zhyly Kerekuden tomen һәm Semejden zhogary 24 shildedegi 209 patsha zharlygynda kazak Ertis otip әl bermegen son shepte әskerlerdi molajtu kerek dejdi Sol zhylgy patshanyn tagy bir zharlygynda Ertis otip konys alyp zhүrgen Қuleke batyr atty kazaktarmen sogysyp shygys betinde әldeneshe kazak tүtini konys kylyp ketpegendigi ajtylady Өjtkeni Abylajdyn pәrmeni sony talap etti Abylaj han atynan birneshe ret elshilikke barady Koptegen kuzhattarda Қuleke batyrmen katar Қulsary batyr әulienin esimi zhii atalady Sogan karaganda Қulsary batyr da bedeldi tarihi tulga Қuleke batyrdyn ata tegi Atygaj ishinde Bәjimbet Zholaman Dәuletej Tәnirberdi Tәjirberdi Odan tort ul tugan Tileke Қuleke Қozhabergen Akan Barak Қulekenin alty uly bolgan Bәbeke Monke Tileuke Shal akyn Shardak Қazakbaj Zhүsip Shal akyn bir oleninde әkesi Қulekenin atakty batyr bolganyn soz etedi Қudaj zhaksy zharatkan Nurekeni ajt Elde zhaksy bar bolsa bir ekini ajt Atygajda tort kaska batyr otken Zhanteli Zhәpek Tileke Қulekeni ajt Қuleke batyr kajtys bolgan son uly Shal akyn denesin Қozha Ahmet Iassaui kesenesine aparyp zherlegen DerekkozderSәduakas Tortaj El men Zher Kokshetau Қyzylzhar Omby Қusmuryn Ұlytau Astana ajmagy tarihi tanymdyk zhinak Almaty Dajk Press T 2003 565 b 1500 taralym ISBN 9965 699 06 2 Soltүstik Қazakstan oblysy enciklopediyasy Arys baspasy Almaty 2006