Көптеген металдар балқытқанда оңай араласып, біртекті қоспа түзеді, ол салқындағанда құйма түзіледі. Ерте кезден-ақ адамдар таза металға қарағанда олардың құймаларының қасиеттері пайдалы екенін байқаған. Алғаш алынған мыстың құймасы - қола болатын. Оның атымен бүтіндей тарихи кезең - қола ғасыры аталды. Таза мыс тым жұмсақ. Сондықтан одан қаттылықты қажет ететін бұйымдар жасау қиынға соқты. Қола алу үшін мысқа қалайы қосады. Қола мыс пен қалайыға қарағанда қатты болады. Оның қаттылығы болаттың қаттылығына жуық. Одан ертеде пышақ, балта, қару-жарақ т.б. тұрмыстық бұйымдар жасалған.
Металдар таза күйінде өте аз қолданылады. Көбіне олардың орнына таза металдарда кездеспейтін қасиеттері бар металдардың құймалары қолданылады. Құймаларды алу балқыған күйінде металдардың бір-бірінде еруіне негізделген, олар құрамы жағынан қоспаларға да және химиялық қосылыстарға да ұқсайды.
Қоғам дамыған сайын , адамдар құрам бөліктерін өзгерту арқылы әртүрлі құймалар алуға болатынын түсінді. Техниканың әр түрлі саласына қажет материалдарға деген сұраныстың өсуі, таза металдың қолдану аясын тарылтып, қажетті қасиеттері бар құймаларды көп өндіруге әкеледі. Осы күнгі техникада 10000-нан астам құймалар қолданылады. Мұның өзін шегіне жетті деуге болмайды. Қажетті қасиеттері бар құймаларды іздеу күн тәртібінен ешқашан түскен емес.
Құймалар
Құймалар — қажетті қасиеттері бар, екі немесе одан да көп компоненттен түзілген, оның біреуі міндетті түрде металл болатын қосылыстар. Құйманың компонеті қасиеттері металға ұқсас бейметалл болуы да мүмкін, бірақ оның атомдарының радиустарының өлшемі әр-түрлі. (мысалы бор, көміртек, мышьяк, кремний).
Техникада құйманың әр түрлі қасиеттері қолданылады. Мысалы дәнекерлеу үшін балқу температурасы төмен металл қажет болса, ғарыштық зымырандардың сыртын қапауға қиын балқитын металдар керек. Ерекше құймалар электротехникада қолданылады. Кейде құймалардың электр тогын жақсы өткізуі қажет. Ал құйма қыздыру аспаптарында қолданылатын болса, онда оның кедергісі жоғары болуы қажет. Кез-келген металл өзара құйма түзе бермейді. Мысалы, тығыздықтарының әртүрлілігіне байланысты темір мен қорғасын немесе висмут балқытқанда бір-бірімен араласпайды.
Кейбір құймалардың қасиеттері, қолданылуы, құрамы
Құйманың атауы | Құрамы, % (массасы бойынша) | Тән қасиеттері | Қолданылуы |
---|---|---|---|
Қола | Сu (80-90), Sn (10-20) | Жақсы құйылады | Машина жасау, көркемдеп құю |
Жез | Cu (60-90), Zn (10-40) | Қаттылық | Машина жасау, тұрмыстық техника |
Константан | Cu (58.5), Ni (40), Mn(1.5) | Электрлік кедергінің төменгі температуралық коэффициенті | Өлшеуіш аспаптардың бөлшектері |
Мельхиор | Cu (70-80), Ni (20-30) | Әсемдік, жемірілуге тұрақтылық | Ыдыс-аяқ, машинаның бөлшектері, көркемөнер туындылары, дәл өлшегіш аспаптар |
Нихром | Ni (70-80), Cr (20-30) | Жоғары электрлік кедергі | Қыздыру аспаптары |
Баббиттер | Fe (67), Sn (15-17), Sb,Cu(2) | Беріктік, тозуға төзімділік | Машина жасау өндірісіндегі подшипниктер |
Силумин | Al (86-89), Si (11-14) | Жеңілдік, беріктік | Құю, машина жасау өнеркәсібі |
Нейзильбер | Cu (65), Zn (12-46), Ni (3-35) | Әсемдік, жемірілуге тұрақтылық | Ыдыс-аяқ, тиын |
Томпак | Cu (>90), Zn (<10) | Жақсы құйылады | Машина жасау өнеркәсібі |
Металдардың қажет болатын қасиеттері
Металдың жиі қажет болатын қасиеттеріне: қаттылығы, беріктігі, жемірілуге тұрақтылығы, қалыпқа жақсы құйылғыштық жатады. Болат пен шойын техникалық темірден берік. Шойын – темірдің көміртекпен құймасы, оның да құйылғыштық қасиеті жоғары. Көптеген құймалар таза металдарға қарағанда берік, жемірілуге тұрақты, қатты болып келеді. Мысалы таза мыстың құйылғыштығы нашар, ал қола қалыпқа өте жақсы құйылады.
Мәскеуде Кремльдегі «Зеңбірек патшасы», «Қоңырау патшасы», I Петрге (Мыс салт атты) қойылған және басқа да көптеген тарихи ескерткіштер соның айқын дәлелі болып табылады. Қазақстан аумағынан да археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған, ертедегі қазақтар қолданған қола бұйымдар тарихи мұражайларда Алматыда және облыс орталықтарында сақталған.
Құймалардың түрлері
Құймалар металдардың өзара әрекеттесуінің сипаты, компоненттердің құрылысына, қасиеттеріне, процестің жүруіне, мен және тағы басқа жағдайларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Механикалық қоспа
Кейбір құймалар салқындаған кезде механикалық қоспа түзеді, онда әрбір компонеттің кристалдары жеке күйінде кездеседі. Оған мысал ретінде Pb-Sb құймасын келтіруге болады. Бір-бірінде шексіз еритін атомның (ионының) радиусында айырмашылығы үлкен, кристалл торы әртүрлі металдар балқымасынан механикалық қоспа түзіледі. Әр металл жеке кристалданады. Третник – осындай құймалар қатарына жатады.
Интерметалидтер
Егер құйма түзетін металл өзара әрекеттесетін болса, онда салқындатқан кезде химиялық қосылыс – интерметалидтер түзіледі. Оған мысал ретінде магний-қорғасын құймасы жатады. Көптеген металдар бір-бірімен бірнеше қосылыс түзеді.
Қатты ерітінді
Сұйық металдар кез-келген мөлшерде араласады және салқандатқанда қатты орынбасу ерітіндісі түзіледі. Мұндай құйманы атомдарының радиусы шамалас және біртипті кристалдық торда орналасатын металл атомдары түзеді. Қатты орынбасу ерітінділері алтынды күміспен, мысты никельмен балқытқанда алынады.
Сонымен қатар, темірдің көміртекпен құймасы – болатты алуға болады. Балқыған металдар иондарының мөлшері және кристалдық торларының пішіндері сәйкес келгенде түзілетін құйма - қатты ерітінді деп аталады.
Дереккөздер
- Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Koptegen metaldar balkytkanda onaj aralasyp birtekti kospa tүzedi ol salkyndaganda kujma tүziledi Erte kezden ak adamdar taza metalga karaganda olardyn kujmalarynyn kasietteri pajdaly ekenin bajkagan Algash alyngan mystyn kujmasy kola bolatyn Onyn atymen bүtindej tarihi kezen kola gasyry ataldy Taza mys tym zhumsak Sondyktan odan kattylykty kazhet etetin bujymdar zhasau kiynga sokty Қola alu үshin myska kalajy kosady Қola mys pen kalajyga karaganda katty bolady Onyn kattylygy bolattyn kattylygyna zhuyk Odan ertede pyshak balta karu zharak t b turmystyk bujymdar zhasalgan Metalldy formaga kolmen kuyu barysy Metaldar taza kүjinde ote az koldanylady Kobine olardyn ornyna taza metaldarda kezdespejtin kasietteri bar metaldardyn kujmalary koldanylady Қujmalardy alu balkygan kүjinde metaldardyn bir birinde eruine negizdelgen olar kuramy zhagynan kospalarga da zhәne himiyalyk kosylystarga da uksajdy Қogam damygan sajyn adamdar kuram bolikterin ozgertu arkyly әrtүrli kujmalar aluga bolatynyn tүsindi Tehnikanyn әr tүrli salasyna kazhet materialdarga degen suranystyn osui taza metaldyn koldanu ayasyn taryltyp kazhetti kasietteri bar kujmalardy kop ondiruge әkeledi Osy kүngi tehnikada 10000 nan astam kujmalar koldanylady Munyn ozin shegine zhetti deuge bolmajdy Қazhetti kasietteri bar kujmalardy izdeu kүn tәrtibinen eshkashan tүsken emes ҚujmalarҚujmalar kazhetti kasietteri bar eki nemese odan da kop komponentten tүzilgen onyn bireui mindetti tүrde metall bolatyn kosylystar Қujmanyn komponeti kasietteri metalga uksas bejmetall boluy da mүmkin birak onyn atomdarynyn radiustarynyn olshemi әr tүrli mysaly bor komirtek myshyak kremnij Tehnikada kujmanyn әr tүrli kasietteri koldanylady Mysaly dәnekerleu үshin balku temperaturasy tomen metall kazhet bolsa garyshtyk zymyrandardyn syrtyn kapauga kiyn balkityn metaldar kerek Erekshe kujmalar elektrotehnikada koldanylady Kejde kujmalardyn elektr togyn zhaksy otkizui kazhet Al kujma kyzdyru aspaptarynda koldanylatyn bolsa onda onyn kedergisi zhogary boluy kazhet Kez kelgen metall ozara kujma tүze bermejdi Mysaly tygyzdyktarynyn әrtүrliligine bajlanysty temir men korgasyn nemese vismut balkytkanda bir birimen aralaspajdy Kejbir kujmalardyn kasietteri koldanyluy kuramyҚujmanyn atauy Қuramy massasy bojynsha Tәn kasietteri ҚoldanyluyҚola Su 80 90 Sn 10 20 Zhaksy kujylady Mashina zhasau korkemdep kuyuZhez Cu 60 90 Zn 10 40 Қattylyk Mashina zhasau turmystyk tehnikaKonstantan Cu 58 5 Ni 40 Mn 1 5 Elektrlik kederginin tomengi temperaturalyk koefficienti Өlsheuish aspaptardyn bolshekteriMelhior Cu 70 80 Ni 20 30 Әsemdik zhemiriluge turaktylyk Ydys ayak mashinanyn bolshekteri korkemoner tuyndylary dәl olshegish aspaptarNihrom Ni 70 80 Cr 20 30 Zhogary elektrlik kedergi Қyzdyru aspaptaryBabbitter Fe 67 Sn 15 17 Sb Cu 2 Beriktik tozuga tozimdilik Mashina zhasau ondirisindegi podshipnikterSilumin Al 86 89 Si 11 14 Zhenildik beriktik Қuyu mashina zhasau onerkәsibiNejzilber Cu 65 Zn 12 46 Ni 3 35 Әsemdik zhemiriluge turaktylyk Ydys ayak tiynTompak Cu gt 90 Zn lt 10 Zhaksy kujylady Mashina zhasau onerkәsibiMetaldardyn kazhet bolatyn kasietteriMetaldyn zhii kazhet bolatyn kasietterine kattylygy beriktigi zhemiriluge turaktylygy kalypka zhaksy kujylgyshtyk zhatady Bolat pen shojyn tehnikalyk temirden berik Shojyn temirdin komirtekpen kujmasy onyn da kujylgyshtyk kasieti zhogary Koptegen kujmalar taza metaldarga karaganda berik zhemiriluge turakty katty bolyp keledi Mysaly taza mystyn kujylgyshtygy nashar al kola kalypka ote zhaksy kujylady Mәskeude Kremldegi Zenbirek patshasy Қonyrau patshasy I Petrge Mys salt atty kojylgan zhәne baska da koptegen tarihi eskertkishter sonyn ajkyn dәleli bolyp tabylady Қazakstan aumagynan da arheologiyalyk kazba zhumystarynyn nәtizhesinde tabylgan ertedegi kazaktar koldangan kola bujymdar tarihi murazhajlarda Almatyda zhәne oblys ortalyktarynda saktalgan Қujmalardyn tүrleriҚujmalar metaldardyn ozara әrekettesuinin sipaty komponentterdin kurylysyna kasietterine procestin zhүruine men zhәne tagy baska zhagdajlarga bajlanysty әr tүrli boluy mүmkin Mehanikalyk kospa Kejbir kujmalar salkyndagan kezde mehanikalyk kospa tүzedi onda әrbir komponettin kristaldary zheke kүjinde kezdesedi Ogan mysal retinde Pb Sb kujmasyn keltiruge bolady Bir birinde sheksiz eritin atomnyn ionynyn radiusynda ajyrmashylygy үlken kristall tory әrtүrli metaldar balkymasynan mehanikalyk kospa tүziledi Әr metall zheke kristaldanady Tretnik osyndaj kujmalar kataryna zhatady Intermetalidter Eger kujma tүzetin metall ozara әrekettesetin bolsa onda salkyndatkan kezde himiyalyk kosylys intermetalidter tүziledi Ogan mysal retinde magnij korgasyn kujmasy zhatady Koptegen metaldar bir birimen birneshe kosylys tүzedi Қatty eritindi Sujyk metaldar kez kelgen molsherde aralasady zhәne salkandatkanda katty orynbasu eritindisi tүziledi Mundaj kujmany atomdarynyn radiusy shamalas zhәne birtipti kristaldyk torda ornalasatyn metall atomdary tүzedi Қatty orynbasu eritindileri altyndy kүmispen mysty nikelmen balkytkanda alynady Sonymen katar temirdin komirtekpen kujmasy bolatty aluga bolady Balkygan metaldar iondarynyn molsheri zhәne kristaldyk torlarynyn pishinderi sәjkes kelgende tүziletin kujma katty eritindi dep atalady DerekkozderZhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk