Құдатартар, Құда тартыс – құда түсу, құдаға есік-төр көрсету кезінде жасалатын күлдіргі жоралғылардың бірі. Құдалар бірер күн тыныққан соң, ертеңіне қыз әкесі оларды үйіне шақырады. Осы аралықта құдатартар жоралғысы жасалады.
Барысы мен түрлері
Құдатартар құдалық мәселесі шешіліп, құдаларға құйрық-бауыр тартылып, құдалық әбден қызған сәтте, бір топ әйелдер құдаларға шашу шашып, құдатартар кәдесін бастайды. Құдаларға жеке-жеке талап қойып, біріне ән салдырса, екіншісіне күй тартқызып, үшіншісіне жұмбақ шештіріп, жаңылтпаш айтқызады. Талапты орындай алмағандар “құдатартарыңды” ал деп, ақшалай не заттай кәдесін береді. Егер құдалардың тарту-таралғысына көңілі толмаса, құдағилар: “суға сүйрейміз, басына құрым қалпақ кигіземіз, құдалардың бетіне ұн, күйе, батпақ жағамыз” деп қорқытып, қалжыңдаған. Құдатартар ырымын жасағанда қандай қиын талап қойылса да құдалар мойынсұнып, артын әзіл-қалжыңға бұрып, реніш білдірмеген. Құдатартар кәдесі кей жерлерде ойын-сауық кеші ретінде өткізіледі.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Алтынсарин И. Очерк обычаев при сватовстве и свадьбе у киргизов Оренбургского ведомства. ЗООИРГО. Вып.1. Казань, 1870. С.104-110;
- Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи-этнографиялық шолу). Алматы: Ғылым, 1973;
- ҚӘТС. 10-том. Алматы: Арыс, 2009;
- Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Алматы: Алматыкітап, 2010;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қudatartar Қuda tartys kuda tүsu kudaga esik tor korsetu kezinde zhasalatyn kүldirgi zhoralgylardyn biri Қudalar birer kүn tynykkan son ertenine kyz әkesi olardy үjine shakyrady Osy aralykta kudatartar zhoralgysy zhasalady Қudatartar ҚR ҰM materialdary bojynsha suretti salgan B DosymovBarysy men tүrleriҚudatartar kudalyk mәselesi sheshilip kudalarga kujryk bauyr tartylyp kudalyk әbden kyzgan sәtte bir top әjelder kudalarga shashu shashyp kudatartar kәdesin bastajdy Қudalarga zheke zheke talap kojyp birine әn saldyrsa ekinshisine kүj tartkyzyp үshinshisine zhumbak sheshtirip zhanyltpash ajtkyzady Talapty oryndaj almagandar kudatartaryndy al dep akshalaj ne zattaj kәdesin beredi Eger kudalardyn tartu taralgysyna konili tolmasa kudagilar suga sүjrejmiz basyna kurym kalpak kigizemiz kudalardyn betine un kүje batpak zhagamyz dep korkytyp kalzhyndagan Қudatartar yrymyn zhasaganda kandaj kiyn talap kojylsa da kudalar mojynsunyp artyn әzil kalzhynga buryp renish bildirmegen Қudatartar kәdesi kej zherlerde ojyn sauyk keshi retinde otkiziledi DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterAltynsarin I Ocherk obychaev pri svatovstve i svadbe u kirgizov Orenburgskogo vedomstva ZOOIRGO Vyp 1 Kazan 1870 S 104 110 Argynbaev H Қazak halkyndagy semya men neke tarihi etnografiyalyk sholu Almaty Ғylym 1973 ҚӘTS 10 tom Almaty Arys 2009 Kenzheahmetuly S Қazak halkynyn turmysy men mәdenieti Almaty Almatykitap 2010 ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan