Қытай философиясы. Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI-шы ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207-ші жылы –б.д. 220-шы жылы). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110-шы жылы қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:
Инь және Ян мектебі
Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б.ж.с.д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.
Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі - диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам - бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.
Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер
Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.
Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған. Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы. Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді. Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн және Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырьш отырған. Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады. Сюнь-цзы Конфуций іліміне материалистік нышан енгізген. Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь және ян). Әлем өзінің табиғи заңдылықтары арқылы өмір сүреді, көк тәңірі - әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп, сырын ұқса адамдардың мақсат-мүдделеріне пайдалануға болады, Бақытты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы болу адамдардын өзіне ғана байланысты. Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған Құдай емес; байлық кедейлікті жаратқан Құдай: бірақ белгілі бір адамды бай немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки бақытсыз болмағы өзінен дейтін ойымен үндесіп жатыр. Тек тәрбиелеу жұмысы арқылы адамгершілікке баулып, адамның ежелгі табиғатын өзгертуге болады. Өмір бойы өзін-өзі жетілдіруте құлшыну - адамдық парыз. Қытай қоғамдық өмірінде Сюнь-цзы философиясы да көрнекті орын алған. Әсіресе, оның мемлекеттік басқару ісін жетілдіру жөніндегі тұжырымдары күні бүгінге дейін өз манызын жоймақ емес, өйткені, бұл мәселеде бірінші кезекте халықтың мақсат-мүддесін ойлау керек, мемлекеттік іс-шараларды мейірбандықпен жүзеге асыру керек деген қағидалар шынымен де қандай болмасын ілімнің құнын арттыратыны сөзсіз. Конфуцийдің ілімі Қытай қоғамы үшін талай ғасырлар бойы ресми ой-саналық қызмет атқарып келді. Тіпті, XX ғасырдың екінші жартысында «Қызыл террор» арқылы қартайған әріптестерін саяси сауатсыз хунвэйбиндер мен цзаофандардың қолынан қырғын таптыру саясатын жүргізген Мао Цзэ-дун «Сяо» қағидасын өрескел бұзғандығын түсініп, Конфуцийге қарсы, оның «қателері» жөнінде саяси науқан ұйымдастырды емес пе? Арасын жиырма алты ғасыр бөліп тұрған бірі өлі, бірі тірі адамның арасында идеологиялық майданның ашылғандығы да Конфуций ілімінің өміршеңдігін көрсетпей ме?
Моистер мектебі
Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.) баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық іспен айналысу - бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.
Атаулар мектебі
Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне баса назар аударды. (Мұндай мәселе Еуропалық философияда, яғни ортағасырлық схоластикада ондаған ғасырдан кейін ғана қарастырылған - автор).
Заңгерлер мектебі
Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет пен құқықтың шығу төркінін, олардың мәнін, мақсаттылық қызметін зерттеуді қолға алған. Бұл орайда, Конфуций ілімін өткір сынға алып, өздерінің көзқарастарын жасақтаған. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне сай қалыптасқан деп білеміз. Оның іргетасын қалаушылардың бірі Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні жоқ» депті. Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Дао (жол) заттар мен құбылыстардың даму тәртібін белгілейді. Олардың мазмұны қатып қалған күйде болмайды, керісінше өзгеріп отырады. Бұл орайда Инь және Янның бірлігі арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдағы тәртіп дегеніміз кемшіліктерді сырттай мойындау. Мұның орнына билеуші мен қоғамның арақатынасын қайтадан реттеу керек. Билеуші заң (фа) немесе өкім (мин) шығарады, алайда олар қоғамның терең қатпарларына жетпейді (увэй). Себебі олар тек марапаттау мен жазалау жүйелеріне байланысты ғана шығарылған. Егер заң (фа) мен өкім (мин) өзгертіліп отырса, онда адамдардың да іс-әрекеті заман талабына сай өзгеріп отыруы тиіс. Өйткені, билеушінің орны көк тәңірінің қолдауымен белгіленген... Заңгерлер мектебінің негізгі фәлсафалық тұжырымы «жаңа заманға ескі киім кигізуте болмайды» дегенге келіп саяды. Жаңа заман талаптарына сай жаңа заңдар шығарылуы тиіс. Жаңа тарихи шындық үшін басқарудың соны тәсілдері қажет. Конфуцийлік ілімнің нұсқауына ерік ескі тәртіпке қарайлай берудің пайдасы жоқ. Алайда, осы пікірдің авторы Хань Фэй, Цинь императоры Шихуанның оны қатты мойындап, қалған басқа мектептерге тиым салғанына қарамастан, өз атымен байланысты қалыптасқан қатыгез басқару тәсілінің салдарына шыдамай өзіне-өзі қол салған дейді, көне деректер.
Дао ағымы
Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз. Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б.ж.с.д. 604 жылы туған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген Қытай зерттеушілерінің өздері бұл мағлұматтың шындығына күмән келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға шақырды. Әрине, заманындағы ғылыми танымның даму дәрежесінің төмендігіне байланысты даосизм анайы материалистік сипатта болды. Бұл ілімде алғашқы диалектикалық ой-пікірлер бой көрсеткенімен дәуір ауқымынан шығандап шыға алмады. Біздің эрамызға жақын дәуірде ежелгі Қытай жерінде қоғамдық даму тоқырауға ұшыраған еді. Үстем таптардың өзара қырқысқандары, бірнеше мемлекетке бөлінген Қытайдағы орын алған патшааралық соғыстар еңбекші халықты әбден күйзелткен болатын. Осындай жағдайларда Лао-цзы ілімі діни-мистикалық сарынға бой ұрып, бірнеше тармақтарға бөлініп кетті. Алайда, Лао-цзыдын өз басын қатты қадыр тұтқандықтан, қытайлықтар әлі күнге дейін оның аруағын сыйлап, бас иеді, жерленген зиратына мінажат етеді.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қytaj filosofiyasy Bizdin zhyl sanauymyzdan buryn VIII VI shy gasyrlar aralygynda kazirgi Қytaj memleketinin zherinde kuldyk kogam tolyk kalyptaskan dy Mifologiyalyk dүnietanymnyn ornyn filosofiyalyk ilimder ala bastajdy Olardyn barynsha gүldenu kezeni Han dinastiyasyna sәjkes keledi b zh s d 207 shi zhyly b d 220 shy zhyly Zertteushiler bul kezendi gүldengen zhүz filosofiyalyk mekteptin ozara tartysy dep atagan Mysaly Han dәuirindegi tarihshy Sma Tan b zh s d 110 shy zhyly kajtys bolgan solardyn ishinen alty filosofiyalyk bagyttardy atap korsetken In zhәne Yan mektebiOsylardyn algashkysy yagni In zhәne Yan mektebi oz bastauyn Өzgerister kitabynan b zh s d VII VII gasyrda alady Bul kezen mifologiyalyk dүnietanymnyn tarih sahnasynan koship filosofiyalyk kozkarastarga oryn bosata bastagan kezi bolatyn In zhәne Yan belgisi zhәne Nannin kalasy syrtynda salyngan suret Қytaj In zhәne Yan әlemnin bastauynda turgan mәnder Birak olar turaly ilim dualistik sipatta emes sebebi barlyk bolmys ol ekeuinin birtutastygy arkyly gana bar bola alady Demek olar dialektikalyk birlikte bolatyn karama karsylyktar In zhәne Yan kagidalary aspan men zher urgashy men erkek arasyndagy katynastarmen tygyz bajlanysty әri olardyn damuyna nuskajdy Belsendilik kobine Yanga tәn bolady da In enzharlyk tanytyp otyrady Birak olardyn birligi dialektikalyk damudyn kozi Nәtizhesinde zattar men kubylystar ozgeristerge ushyrajdy Mundaj ozgerister adamdarga da katysty bolady Aspan zher adam bular үshkildik birlikte belgili bir damu zholymen dao tirshilik keshedi Konfucij mektebi nemese әdebietshilerEkinshi mektep Konfucijdin atymen tygyz bajlanysty Konfucij kytajsha Kun Cyu Kun Chzhunni al әdebiette kobinese Kun czy ustaz Kun degen atpen belgili b zh s d 551 79 zhyldary Lu patshalygynda omir sүrgen Ol kedejlenip kalgan aksүjek әskerbasynyn semyasynda dүniege keldi 22 zhasynan bastap ustazdyk zhumyspen ajnalysty atagy bүkil Lu patshalygyna zhajyldy Konfucij mektebinde negizinen tort pәnnen dәris okytylatyn Olar til ahlak sayasat zhәne әdebiet Konfucij elu zhasynda Lu patshalygynda kornekti sayasi kajratkerge ajnaldy Alajda saraj toniregindegi sayasatshylardyn zhalasynan on үsh zhyl bojy el aralap kangyryp ketuge mәzhbүr boldy Birak ta baska Қytaj memleketterinde onyn zhana ilimi eshkandaj koldau tappady da 484 zhyly tugan Otanyna kajta oralgan edi Konfucijdin ilimi turaly onyn shәkirtteri zhazyp kaldyrgan Lun yuij Suhbattar men pikirler atty enbekten maglumat alamyz Onda Konfucijdin ojlary men tuzhyrymdary kagidalary men pikirleri zhinaktalgan Lun yuij bizdin zamanymyzga dejin saktalgan birden bir mәdeni eskertkish Konfucij Konfucij ozine urpaktaryna zhәne shәkirtterine arnajy bolingen korymga zherlengen onyn turgan үji kazirgi kezde atakty gibadathanaga ajnalgan Konfucij iliminin ereksheligi sol ol adamgershilik mәselelerin birinshi kezekke kojgan Al ruh aspan denelerinin kozgalu zandylyktaryna esh konil bolmejdi Өmirdin ne ekenin bilmej zhatyp olimnin ruhtyn ne ekenin kajdan bilejik degen eken ol Alajda kokti pir tutkandygy akikat kok tәnirisine kurbandyk shaludy ogan degen adamdardyn korsetken kurmeti dep tүsingen Kejinnen Қytajdyn aspan asty imperiya dep ataluyna da osy ugym oz әserin tigizgen synajly Zhogaryda ajtylyp otkendej Konfucij oz ilimin adamga bagyttagan Ol algash ret adamnyn kisilik tulgasy turaly oj kozgagan filosof Үlgi tutuga zharajtyn er adamnyn adamgershiligi zhen үlkendi syjlauy syao әdet guryp dәstүrdi kurmet tutu li zhogargy dәrezhede boluy tiis Adam tumysynan zhaman bolyp tumajdy ony zhaman da zhaksy da kylatyn osken ortasy Konfucij memleketti de үlken otbasy dep tүsindirgen Onyn ilimi zhalpy alganda үstem taptyn mүddesin korgady kuldykty soket kormedi sondyktan da uzak zhyldar bojy memlekettik resmi ideologiyaga ajnalyp Қytajdagy kogamdyk omirdin barlyk salalaryna oz әserin tigizdi Konfucijdin kazasynan kejin onyn ilimi segiz tarmakka bolinip ketti Olardyn ishindegi en negizgileri idealistik bagyttagy Men czy mektebi men materialistik bagyttagy Syun czy mektebi Bul eki bagyt ta Konfucijdin shәkirtteri Men zhәne Syunnin attarymen atalady Men czy Konfucij ilimderin zhinaktap bir zhүjege tүsirumen gana ajnalyspagan sonymen katar zhana ojlarmen tolyktyrsh otyrgan Mysaly adamnyn tabigaty tek zhaksylyktan zharatylgan degen kagida Men czy filosofiyasynyn negizgi ozegi bolyp tabylady Syun czy Konfucij ilimine materialistik nyshan engizgen Әlemnin negizi materialdyk kүsh ci zhәne onyn eki tүri bolady in zhәne yan Әlem ozinin tabigi zandylyktary arkyly omir sүredi kok tәniri әlemnin kuramdas boligi gana ony zerttep syryn uksa adamdardyn maksat mүddelerine pajdalanuga bolady Bakytty bakytsyz bolu sau nemese auru baj nemese kajyrshy bolu adamdardyn ozine gana bajlanysty Bul tuzhyrym Abajdyn aurudy zharatkan Қudaj birak nakty adamdy auru kylgan Қudaj emes bajlyk kedejlikti zharatkan Қudaj birak belgili bir adamdy baj nemese kedej kylgan Қudaj emes adamnyn bakytty yaki bakytsyz bolmagy ozinen dejtin ojymen үndesip zhatyr Tek tәrbieleu zhumysy arkyly adamgershilikke baulyp adamnyn ezhelgi tabigatyn ozgertuge bolady Өmir bojy ozin ozi zhetildirute kulshynu adamdyk paryz Қytaj kogamdyk omirinde Syun czy filosofiyasy da kornekti oryn algan Әsirese onyn memlekettik baskaru isin zhetildiru zhonindegi tuzhyrymdary kүni bүginge dejin oz manyzyn zhojmak emes ojtkeni bul mәselede birinshi kezekte halyktyn maksat mүddesin ojlau kerek memlekettik is sharalardy mejirbandykpen zhүzege asyru kerek degen kagidalar shynymen de kandaj bolmasyn ilimnin kunyn arttyratyny sozsiz Konfucijdin ilimi Қytaj kogamy үshin talaj gasyrlar bojy resmi oj sanalyk kyzmet atkaryp keldi Tipti XX gasyrdyn ekinshi zhartysynda Қyzyl terror arkyly kartajgan әriptesterin sayasi sauatsyz hunvejbinder men czaofandardyn kolynan kyrgyn taptyru sayasatyn zhүrgizgen Mao Cze dun Syao kagidasyn oreskel buzgandygyn tүsinip Konfucijge karsy onyn kateleri zhoninde sayasi naukan ujymdastyrdy emes pe Arasyn zhiyrma alty gasyr bolip turgan biri oli biri tiri adamnyn arasynda ideologiyalyk majdannyn ashylgandygy da Konfucij iliminin omirshendigin korsetpej me Moister mektebiMoizm mektebinin negizin salushy Mo Didin b zh s d 479 391 zh basa konil audargan negizgi mәselesi әleumettik ahlak bolyp tabylady Bul mekteptin ilimi Konfucijge mүldem kajshy keletin Өjtkeni onyn negizinde dereksizdengen zhalpy sүjispenshilik zhatatyn Teoriyalyk ispen ajnalysu bos uakyt otkizumen birdej Adamdarga keregi naktyly dene enbegi onyn pajdaly nәtizhesin omir үjlesimdiligin kokke tәn zhiger rettep turady mys Kejinnen Mo Didin izbasarlary tanym mәselelerine konil bolip ustazdarynyn kosh kormegen ontologiyalyk suraktarga zhauap izdegen korinedi Ataular mektebiAtaular mektebi zattar men kubylystardyn tilde bejnelenu sәjkestiligine basa nazar audardy Mundaj mәsele Europalyk filosofiyada yagni ortagasyrlyk sholastikada ondagan gasyrdan kejin gana karastyrylgan avtor Zangerler mektebiAl zangerler mektebine keletin bolsak onda onyn nazary sayasi әleumettik mәselelerge auyp memleket pen kukyktyn shygu torkinin olardyn mәnin maksattylyk kyzmetin zertteudi kolga algan Bul orajda Konfucij ilimin otkir synga alyp ozderinin kozkarastaryn zhasaktagan Bul mektep Han dinastiyasynyn kezenine saj kalyptaskan dep bilemiz Onyn irgetasyn kalaushylardyn biri Shan Yan Kim akyldy bolsa ol zan shygarady al kim akymak bolsa ol zanmen shekteledi Қabiletti tәrtipti ozgertedi al kabiletsiz tәrtip arkyly shyrmalady Tәrtipke shyrmalgan adammen iskerlik turaly al zanmen shektelgen adammen ozgerister turaly әngimeleudin zhoni zhok depti Zangerler mektebi tәrtip li zhaksylyk de adamgershilik insandyk zhen kategoriyalaryn kalyptastyryp damytkan Dao zhol zattar men kubylystardyn damu tәrtibin belgilejdi Olardyn mazmuny katyp kalgan kүjde bolmajdy kerisinshe ozgerip otyrady Bul orajda In zhәne Yannyn birligi arkyly zhүzege asyrylady Қogamdagy tәrtip degenimiz kemshilikterdi syrttaj mojyndau Munyn ornyna bileushi men kogamnyn arakatynasyn kajtadan retteu kerek Bileushi zan fa nemese okim min shygarady alajda olar kogamnyn teren katparlaryna zhetpejdi uvej Sebebi olar tek marapattau men zhazalau zhүjelerine bajlanysty gana shygarylgan Eger zan fa men okim min ozgertilip otyrsa onda adamdardyn da is әreketi zaman talabyna saj ozgerip otyruy tiis Өjtkeni bileushinin orny kok tәnirinin koldauymen belgilengen Zangerler mektebinin negizgi fәlsafalyk tuzhyrymy zhana zamanga eski kiim kigizute bolmajdy degenge kelip sayady Zhana zaman talaptaryna saj zhana zandar shygaryluy tiis Zhana tarihi shyndyk үshin baskarudyn sony tәsilderi kazhet Konfucijlik ilimnin nuskauyna erik eski tәrtipke karajlaj berudin pajdasy zhok Alajda osy pikirdin avtory Han Fej Cin imperatory Shihuannyn ony katty mojyndap kalgan baska mektepterge tiym salganyna karamastan oz atymen bajlanysty kalyptaskan katygez baskaru tәsilinin saldaryna shydamaj ozine ozi kol salgan dejdi kone derekter Dao agymyKonfucnj ilimine karsy shykkan tagy da bir atauly filosofiyalyk mekteptin ilimi daosizm dep atalady Daonyn kazakshasy zhol degen soz Bul ilimnin negizin kalaushy b zh s d VI gasyrda omir sүrgen Lao czy Bul kәri ustaz degen ugymdy bildiretin lakap at Al shyn aty Li Er Kone Қytaj eskertkishterinde aty anyzga ajnalgan Lao czy b zh s d 604 zhyly tugan degen maglumat bar Birak koptegen Қytaj zertteushilerinin ozderi bul maglumattyn shyndygyna kүmәn keltiredi Lao czy 160 200 zhyl gumyr keshken degen de mәlimet bar Ol patsha sarajynda tarihshy muragat mengerushisi bolyp kyzmet atkargan Қartajyp kalgan kezinde Konfucijmen kezdesip suhbattaskan da eken Lao czy ozinin iliminde negizinen alganda үsh kagidaga sүjenedi olar dao de u vej Dao әlemdegi zattar men kubylystardyn sapasy men kasietteri Dao tek de arkyly belgili boluy mүmkin U vej kagidasy әreketsizdikti bildiredi Ol daoga keregar kagida Dao omirdin kajnar kozi belsendiliktin үlgisi Dao zattardyn omir sүru zany cimen birigip әlemnin tүpnegizin kurajdy Әlemde barlygy kozgalysta bolady olar үnemi ozgerip otyrady tipti osy ozgeristerdin nәtizhesinde zattar men kubylystar ozderinin karama karsylygyna ajnalyp otyrady Ajtalyk suyk zhylidy sujyk katady zhaksylyk zhamandykka ajnalady t t Sajyp kelgende әdilettilik zhenedi әlsizder kүshine enedi dejdi Lao czy Ol үstem taptyn oktemdigine karsy boldy shekten shykkan ysyrapshyldykty zhoyuga algashky kauymdyk omirge kajta oraluga shakyrdy Әrine zamanyndagy gylymi tanymnyn damu dәrezhesinin tomendigine bajlanysty daosizm anajy materialistik sipatta boldy Bul ilimde algashky dialektikalyk oj pikirler boj korsetkenimen dәuir aukymynan shygandap shyga almady Bizdin eramyzga zhakyn dәuirde ezhelgi Қytaj zherinde kogamdyk damu tokyrauga ushyragan edi Үstem taptardyn ozara kyrkyskandary birneshe memleketke bolingen Қytajdagy oryn algan patshaaralyk sogystar enbekshi halykty әbden kүjzeltken bolatyn Osyndaj zhagdajlarda Lao czy ilimi dini mistikalyk sarynga boj uryp birneshe tarmaktarga bolinip ketti Alajda Lao czydyn oz basyn katty kadyr tutkandyktan kytajlyktar әli kүnge dejin onyn aruagyn syjlap bas iedi zherlengen ziratyna minazhat etedi Derekkozder