Қысқаша тұйықталу — электр тізбегіндегі потенциалы әр түрлі нүктелердің мейлінше аз кедергі арқылы өзара электрлік жолмен байланысуы. Қысқаша тұйықталу электр қондырғылары изоляцияларының бүлінуінен, тоқ жүретін бөліктерінің бір-бірімен немесе жермен тікелей, не болмаса өткізгіштер арқылы тиіп жанасудан болады. Токтың қуатты тұтынушылардын бір мезгілде қосу желідегі ток күшін арттыратыны соншалық, сымдар кәдімгідей қызып, ал оны жайып тұрған оқшалауғыштар жанып кетуі де мүмкін. Тізбектегі ток күші мүмкін болатын шамасынан артып кеткенде, қысқа тұйықталу пайда болады.
Қысқаша тұйықталудың кесірі және одан сақтану жолдары
Қысқа тұйықталу - зиянды құбылыс. Қысқа тұйықталу кезінде электр энергиясының қажетсіз жұмсалуымен қатар ток көзі де істен шығады. Бұл кезде пайда болатын күшті токтар сымдарды қатты қыздыратындықтан - өте қауіпті, олар өрт тудыруы мүмкін. Олай болса, тұйық тізбекті құрайтын сымдар тек бір-бірінен ғана емес, сонымен қоса, Жерден, яғни қабырғадан, еденнен және тағы басқа заттардан жақсы оқшаулануы қажет.
Қысқа тұйықтау кезінде өртті және ток көзінің бүлінуін болдырмау үшін электр тізбегіне балқымалы сақтандырғыштарды қосу керек. Сақтандырғыштардың міндеті - ток күші рұқсат етілген шамадан кенет артып кеткенде, бірден электр тізбегін ажыратып жіберу. Балқымалы сақтандырғыштар электр құралдарына жатады. Бұлар - электр тогының тізбегіне тізбектей қосылатын өте жұқа мыс немесе қорғасын сымдар. Тізбек тұйықталған кезде ток электр тізбегінің есептелген шамасынан артып кетсе, сақтандырғыштар тізбекті ажыратып, қысқа тұйықталу қатерін болдырмайды.
Қысқаша тұйықталу түрлері
- бірфазалық
- екіфазалық
- екіфазалық жерге
- үшфазалық
Қысқаша тұйықталу кезіндегі шаралар
Қысқаша тұйықталу кезінде ең бастысы қорықпау. Егерде сіздің үйде жарық өшсе ол міндетті түрде қысқаша тұйықталу болды деген сөз емес.Дегенмен барлық үй құралдарын,теледидарларды және т.б ток көзінен суырыңыз. Мүмкін барлық үйлерде сөндірілген болар.Сондықтан ең алдымен терезеге қараңыз.Егерде тек сізде сөнген болса онда сіз подъездке шығыңыз. Себебі қазіргі кезде көп сақтандырғыштар автоматикалық түрде қондырылған.Сондықтан сіз подъездегі ақ қорапшаға барып тумблердің жоғары көтеріліп тұрғанына көз жеткізіңіз.Егер ол төмен қарап тұрса жоғарыға қарай қосыңыз. Ол қосылғаннан кейін тумблер қайтадан төменге түсіп,айырылуы мүмкін. Бұның себебің электр тізбегінде бір жерде қателік бар. Бұндай кездерде мастерді шақырған жөн.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Физика және астрономия, Б.М.Дүйсембаев, Ғ.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова, Алматы Мектеп-2008.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қyskasha tujyktalu elektr tizbegindegi potencialy әr tүrli nүktelerdin mejlinshe az kedergi arkyly ozara elektrlik zholmen bajlanysuy Қyskasha tujyktalu elektr kondyrgylary izolyaciyalarynyn bүlinuinen tok zhүretin bolikterinin bir birimen nemese zhermen tikelej ne bolmasa otkizgishter arkyly tiip zhanasudan bolady Toktyn kuatty tutynushylardyn bir mezgilde kosu zhelidegi tok kүshin arttyratyny sonshalyk symdar kәdimgidej kyzyp al ony zhajyp turgan okshalaugyshtar zhanyp ketui de mүmkin Tizbektegi tok kүshi mүmkin bolatyn shamasynan artyp ketkende kyska tujyktalu pajda bolady Tujyk tizbekti elektr otkizgishterdegi kyskasha tujyktaluҚyskasha tujyktaludyn kesiri zhәne odan saktanu zholdaryҚyska tujyktalu ziyandy kubylys Қyska tujyktalu kezinde elektr energiyasynyn kazhetsiz zhumsaluymen katar tok kozi de isten shygady Bul kezde pajda bolatyn kүshti toktar symdardy katty kyzdyratyndyktan ote kauipti olar ort tudyruy mүmkin Olaj bolsa tujyk tizbekti kurajtyn symdar tek bir birinen gana emes sonymen kosa Zherden yagni kabyrgadan edennen zhәne tagy baska zattardan zhaksy okshaulanuy kazhet Әskeri temirzholdagy kyskasha tujyktaludan saktandyrgyshtar Қyska tujyktau kezinde ortti zhәne tok kozinin bүlinuin boldyrmau үshin elektr tizbegine balkymaly saktandyrgyshtardy kosu kerek Saktandyrgyshtardyn mindeti tok kүshi ruksat etilgen shamadan kenet artyp ketkende birden elektr tizbegin azhyratyp zhiberu Balkymaly saktandyrgyshtar elektr kuraldaryna zhatady Bular elektr togynyn tizbegine tizbektej kosylatyn ote zhuka mys nemese korgasyn symdar Tizbek tujyktalgan kezde tok elektr tizbeginin eseptelgen shamasynan artyp ketse saktandyrgyshtar tizbekti azhyratyp kyska tujyktalu katerin boldyrmajdy Қyskasha tujyktalu tүrleribirfazalyk ekifazalyk ekifazalyk zherge үshfazalykҚyskasha tujyktalu kezindegi sharalarҚyskasha tujyktalu kezinde en bastysy korykpau Egerde sizdin үjde zharyk oshse ol mindetti tүrde kyskasha tujyktalu boldy degen soz emes Degenmen barlyk үj kuraldaryn teledidarlardy zhәne t b tok kozinen suyrynyz Mүmkin barlyk үjlerde sondirilgen bolar Sondyktan en aldymen terezege karanyz Egerde tek sizde songen bolsa onda siz podezdke shygynyz Sebebi kazirgi kezde kop saktandyrgyshtar avtomatikalyk tүrde kondyrylgan Sondyktan siz podezdegi ak korapshaga baryp tumblerdin zhogary koterilip turganyna koz zhetkiziniz Eger ol tomen karap tursa zhogaryga karaj kosynyz Ol kosylgannan kejin tumbler kajtadan tomenge tүsip ajyryluy mүmkin Bunyn sebebin elektr tizbeginde bir zherde katelik bar Bundaj kezderde masterdi shakyrgan zhon Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 Fizika zhәne astronomiya B M Dүjsembaev Ғ Z Bajzhasarova A A Medetbekova Almaty Mektep 2008