Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Статусы | Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші |
Түрі | мәдениет мекемесі |
Сәулет стилі | қала құрылысы және сәулет |
Орналасуы | Қызылорда облысы |
Орналасқан қала | Қызылорда қаласы |
Ашылған уақыты | 1939 жыл |
Жөнделген уақыты | |
Картада орналасуы | |
|
Координаттар: 44°50′35″ с. е. 65°29′46″ ш. б. / 44.84306° с. е. 65.49611° ш. б. (G) (O) (Я)
Орналасқан жері
Қызылорда қаласы, М. Әуезов көшесі, 20.
Тарихи деректер
1890-1895 жылдары салынған ерекше сәулет кешенінде, бұрынғы орыс православиелік шіркеуі ғимаратында 1939 жылы ашылған. 1980 жылы облыстық Халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің шешімімен мұражайға XX ғасырдың 50 – жылдарындағы сәулет ескерткіші, екі қабатты ғимарат бөлінген. 1980-1985 жылдар арасында мұражай күрделі жөндеу жұмыстары мен жаңа экспозицияның құрылысына жабылған. 1985 жылы 7 мамырда мұражай есігін ашты. 2001-2004 жылдарда мұражайға реэкспозиция жасалған. 2011 жылдың қыркүйек-қазан айларында облыстық мұражайдың алдыңғы жағы мен шатырына қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалған.
Мұражай қоры
Мұражай экспозициясының аумағы – 1078,9 м.кв. және 14 залдарда орын тепкен: өлке табиғаты – 2, археология мен этнография – 4, қазіргі қоғамның дамуы – 8. Мұражайдың екі филиалы бар: Қорқыт ата ескерткіші жанындағы мұражай және «Ақмешіт» Қызылорда қаласы тарихының мұражайы.
Облыстық тарихи – өлкетану мұражайының қорында 51.239 көрме қойылымдары бар, олардың ішінде 28.923 – негізгі қорда. Көрме қойылымдарында археология мен этнография, нумизматика, мүсін, қолданбалы өнер бұйымдары, фотосуреттер мен құжаттар, сирек кездесетін кітаптар топтамалары, өлкенің өсімдікті және жануар әлемі заттары бар. Мұражай қоры археологиялық, этнографиялық жинақтар, зергерлік әшекей бұйымдары, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларға бай.
Мұражайдың археологиялық топтамалары 1980 жылы қалыптаса бастады. Оған облыс аумақтарына жүргізілген археологиялық – қазба экспедициялары жұмыстары кезінде табылған 2915 экспонат кіреді. Олардың көбісі баға жетпес заттар болып табылады және олар тас, қола, орта ғасырларына жатады. Облыс территориясында ежелгі Сырдария өзені сағасының Сақсауыл станциясы аймағындағы неолиттік ескерткіштердің үлкен топтары анықталған. Арасында балшық ыдыстар өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Оның беті күрделі геометриялық бедерлермен безендірілген. Үлкен қызығушылықты үш аяқты қола қазандары – оғыз тайпасы мемлекетінен қалдырылған айғақтар тудырады. Сақ тайпаларының материалды мәдениетінің тарихы бойынша маңызды көздердің бірі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған мыс және қола заттар болып табылады. Бұл заттар осы халықтың дамуының жоғары деңгейде болғандығын айғақтайды.
Ерекше орынды тас мүсіндер алады. Бұл – адам мүсінін бейнелеудегі алғашқы қадамдар. Оларды суреттің, рельефтің және көлемді мүсіннің контурлы қашап жасау техникасын пайдалану арқылы арнайы сұрыпталған тастардан жасаған. Жуырда Қызылорда облыстық мұражайының археологиялық топтамасы Кердері кесенесі орнында табылған керамикалық қыш тақшалар, диірмен, балшық ыдыспен толықтырылды.
Этнографиялық зал орталығында интерьері мен ішкі жабдықтарымен қоса алты қанатты киіз үй көрсетілімі жасалған. Аса қызығушылықты ағаштан жасалған бұйымдар тартады: рельефтік безендірулері мен түс үндестігін үйлестірген келісушілігімен адам көзін жаулайтын адалбақан, төсек ағаш, кебежені көре аламыз.
Соңғы кезеңдерде мұражай топтамаларды жинақтағанда, ғылыми зерттеулерді жүргізгенде жазба мәдениет, ағарту мен білім беруді дамыту тақырыптарына көп көңіл бөлініп келеді. Мұражайлық жинақтардың мақтанышын 1729 – 1920 жылдары Санкт – Петербург, Мәскеу және Ташкент қалаларында ежелгі түрік, парсы және араб тілдерінде басып шығарылған бірегей кітап үлгілері құрайды. Мұражайға Қорқыт ата туралы «Китаби деде Коркыт» («Қорқыт ата кітабы») кітабының (түркі халықтарының жазба эпикалық ескерткіштері, Ватикан мен Дрезден қолжазбалары түпнұсқаларының түркі тілінен аудармасы) көшірмесі алынған.
Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану мұражайы қорында сақталатын ұлттық зергерлік әшекей бұйымдары дәстүрлі формалардың байлығымен, ою – өрнектік сарындарының алуан түрлілігімен сипатталады. Олар күмістен, қымбат бағалы маржан, гауһартас, көгілдір ақық тастарынан жасалған. Көрме бұйымдарының ішінен шолпы, шашбау, білезіктер, сырға, қапсырма, тырсылдақ түйме, түйреуіш сынды бұйымдарды көре аламыз.
Келушілердің қызығушылығын КСРО халық әртісі, «Халық қаһарманы» Роза Бағланова мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваға арналған экспозициясы ерекше тартады.
Облыстық тарихи – өлкетану мұражайында Интернет желісіне қосылған мультимедиялық кабинет жабдықталған. Есепке алу жұмыстарын жетілдіру, мұражай қорларын сақтау және мұражайларды компьютерлік ақпараттық желілерге қосу мақсатында мұражайда «Музеолог» атты жаңа компьютер бағдарламасы енгізілген.
Дереккөздер
- http://culturemap.kz/museums/kyzylordinskiiy-oblastnoiy-istoriko-kraevedcheskiiy-muz/?lang=kk Мұрағатталған 14 шілденің 2014 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қyzylorda oblystyk tarihi olketanu murazhajy Қyzylorda oblysynyn zhergilikti manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishter tizimine engen sәulet oneri eskertkishi Қyzylorda oblystyk tarihi olketanu murazhajyZhalpy mәlimetStatusyҚyzylorda oblysynyn zhergilikti manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishiTүrimәdeniet mekemesiSәulet stilikala kurylysy zhәne sәuletOrnalasuyҚyzylorda oblysyOrnalaskan kalaҚyzylorda kalasyAshylgan uakyty1939 zhylZhondelgen uakyty1985 zhyl 2011 zhylKartada ornalasuyҚyzylorda oblystyk tarihi olketanu murazhajy Koordinattar 44 50 35 s e 65 29 46 sh b 44 84306 s e 65 49611 sh b 44 84306 65 49611 G O Ya Ornalaskan zheriҚyzylorda kalasy M Әuezov koshesi 20 Tarihi derekter1890 1895 zhyldary salyngan erekshe sәulet kesheninde buryngy orys pravoslavielik shirkeui gimaratynda 1939 zhyly ashylgan 1980 zhyly oblystyk Halyk deputattary kenesi atkarushy komitetinin sheshimimen murazhajga XX gasyrdyn 50 zhyldaryndagy sәulet eskertkishi eki kabatty gimarat bolingen 1980 1985 zhyldar arasynda murazhaj kүrdeli zhondeu zhumystary men zhana ekspoziciyanyn kurylysyna zhabylgan 1985 zhyly 7 mamyrda murazhaj esigin ashty 2001 2004 zhyldarda murazhajga reekspoziciya zhasalgan 2011 zhyldyn kyrkүjek kazan ajlarynda oblystyk murazhajdyn aldyngy zhagy men shatyryna kajta kalpyna keltiru zhumystary zhasalgan Murazhaj koryMurazhaj ekspoziciyasynyn aumagy 1078 9 m kv zhәne 14 zaldarda oryn tepken olke tabigaty 2 arheologiya men etnografiya 4 kazirgi kogamnyn damuy 8 Murazhajdyn eki filialy bar Қorkyt ata eskertkishi zhanyndagy murazhaj zhәne Akmeshit Қyzylorda kalasy tarihynyn murazhajy Oblystyk tarihi olketanu murazhajynyn korynda 51 239 korme kojylymdary bar olardyn ishinde 28 923 negizgi korda Korme kojylymdarynda arheologiya men etnografiya numizmatika mүsin koldanbaly oner bujymdary fotosuretter men kuzhattar sirek kezdesetin kitaptar toptamalary olkenin osimdikti zhәne zhanuar әlemi zattary bar Murazhaj kory arheologiyalyk etnografiyalyk zhinaktar zergerlik әshekej bujymdary sirek kezdesetin kitaptar men kolzhazbalarga baj Murazhajdyn arheologiyalyk toptamalary 1980 zhyly kalyptasa bastady Ogan oblys aumaktaryna zhүrgizilgen arheologiyalyk kazba ekspediciyalary zhumystary kezinde tabylgan 2915 eksponat kiredi Olardyn kobisi baga zhetpes zattar bolyp tabylady zhәne olar tas kola orta gasyrlaryna zhatady Oblys territoriyasynda ezhelgi Syrdariya ozeni sagasynyn Saksauyl stanciyasy ajmagyndagy neolittik eskertkishterdin үlken toptary anyktalgan Arasynda balshyk ydystar ozindik erekshelikterimen kozge tүsedi Onyn beti kүrdeli geometriyalyk bederlermen bezendirilgen Үlken kyzygushylykty үsh ayakty kola kazandary ogyz tajpasy memleketinen kaldyrylgan ajgaktar tudyrady Sak tajpalarynyn materialdy mәdenietinin tarihy bojynsha manyzdy kozderdin biri arheologiyalyk kazba zhumystary kezinde tabylgan mys zhәne kola zattar bolyp tabylady Bul zattar osy halyktyn damuynyn zhogary dengejde bolgandygyn ajgaktajdy Erekshe oryndy tas mүsinder alady Bul adam mүsinin bejneleudegi algashky kadamdar Olardy surettin releftin zhәne kolemdi mүsinnin konturly kashap zhasau tehnikasyn pajdalanu arkyly arnajy suryptalgan tastardan zhasagan Zhuyrda Қyzylorda oblystyk murazhajynyn arheologiyalyk toptamasy Kerderi kesenesi ornynda tabylgan keramikalyk kysh takshalar diirmen balshyk ydyspen tolyktyryldy Etnografiyalyk zal ortalygynda intereri men ishki zhabdyktarymen kosa alty kanatty kiiz үj korsetilimi zhasalgan Asa kyzygushylykty agashtan zhasalgan bujymdar tartady releftik bezendiruleri men tүs үndestigin үjlestirgen kelisushiligimen adam kozin zhaulajtyn adalbakan tosek agash kebezheni kore alamyz Songy kezenderde murazhaj toptamalardy zhinaktaganda gylymi zertteulerdi zhүrgizgende zhazba mәdeniet agartu men bilim berudi damytu takyryptaryna kop konil bolinip keledi Murazhajlyk zhinaktardyn maktanyshyn 1729 1920 zhyldary Sankt Peterburg Mәskeu zhәne Tashkent kalalarynda ezhelgi tүrik parsy zhәne arab tilderinde basyp shygarylgan biregej kitap үlgileri kurajdy Murazhajga Қorkyt ata turaly Kitabi dede Korkyt Қorkyt ata kitaby kitabynyn tүrki halyktarynyn zhazba epikalyk eskertkishteri Vatikan men Drezden kolzhazbalary tүpnuskalarynyn tүrki tilinen audarmasy koshirmesi alyngan Қyzylorda oblystyk tarihi olketanu murazhajy korynda saktalatyn ulttyk zergerlik әshekej bujymdary dәstүrli formalardyn bajlygymen oyu ornektik saryndarynyn aluan tүrliligimen sipattalady Olar kүmisten kymbat bagaly marzhan gauһartas kogildir akyk tastarynan zhasalgan Korme bujymdarynyn ishinen sholpy shashbau bilezikter syrga kapsyrma tyrsyldak tүjme tүjreuish syndy bujymdardy kore alamyz Kelushilerdin kyzygushylygyn KSRO halyk әrtisi Halyk kaһarmany Roza Baglanova men Қazakstan Respublikasynyn enbek sinirgen әrtisi Mәdina Eralievaga arnalgan ekspoziciyasy erekshe tartady Oblystyk tarihi olketanu murazhajynda Internet zhelisine kosylgan multimediyalyk kabinet zhabdyktalgan Esepke alu zhumystaryn zhetildiru murazhaj korlaryn saktau zhәne murazhajlardy kompyuterlik akparattyk zhelilerge kosu maksatynda murazhajda Muzeolog atty zhana kompyuter bagdarlamasy engizilgen Derekkozderhttp culturemap kz museums kyzylordinskiiy oblastnoiy istoriko kraevedcheskiiy muz lang kk Muragattalgan 14 shildenin 2014 zhyly