Қумола родусит-асбест кен орны - Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км жерде орналасқан. Бала Жезді өзеніне құятын Қумола өзенінің маңында. Сілтілі амфиболдарға жататын бұл минералды тұңғыш рет 1946 жылы КСРО ғылым академиясының академигі Ф.В. Чухров (1908-1988), ал оның талшықты түрін 1953 жылы Қазақстан геологтары Л.Габай, Г.Белов, т.б. ашты. 1980-1982 жылдары мемлекеттік балансқа енгізілген.
Геологиялық құрылысы мен сипаты
Геологиялық құрылымы жағынан Қумола синклинальдік құрылымында орналасқан. Ол төменгі пермь кезеңінде жаралған шөгінді тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Олар жиделісай (қалыңдығы 300 – 400 м), үшбұлақ (қалыңдығы 65 – 265 м), кеңгір (қалыңдығы 400 м) свиталарына бөлінеді. Родусит-асбест үшбұлақ свитасын құрайтын тау жыныстарында ғана кездеседі. Сырт пішіні мен құрылымына қарай бес түрлі денелерді (талшықты, борпылдақ, тығыз, түйіршікті, қатпарлы) құрайды. Бұл денелер желі және ұсақ желі, сеппе – псевдоморфозалар және конкреция (тасшемен) түрінде кездеседі. Ол біршама ашық түсті, шыны тәрізді жылтыр келеді, текстурасы шомбал әрі женттас тәрізді. Қумола родусит-асбест кенінің радуситін калыңдығы 1 – 2 мм-дей етіп тілуге, тегістеп өңдеуге өте қолайлы. Барланған кендегі родусит-асбест қоры 11 мың т, болжамдық қоры 120 мың т. Микроталшықты родуситтің болжамдық қоры 72 млн т, оның ішінде толық барланған телімдерде 16 млн т, зергерлік мақсаттағы қоры 643 мың т.
Құрамы
Сырт пішіндері бөлек болғанымен олардың химиялық құрамы мен кристалдық құрылымында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Мұндай кристалдар өте жіңішке, оның созылу, иілу, майысу қабілеті жоғары, ал кейбір талшықты түрлері өте қысқа әрі қалыңдау болып келеді. Родуситтің басқа микроталшықты түрлері өнімді үшбұлақ свитасын құрайтын тау жыныстарын кесіп өтетін ірі жарылымдарды толтырады да, жер бетіне шығып жатқан ірі желілерді құрайды. Құрамында 40%-дай кремнезем минералдары опал мен халцедон болғандықтан микроталшықты родусит атмосфера әсеріне, су мен химиялық ерітінділерге және аязға шыдамды келеді. Қумола родуситтері қызуға, химиялық агрессивті заттарға, оның ішінде радиация әсеріне төзімді.
Қолданысы
Ұзын және қысқа талшықты родусит-асбест, негізінен, әскери газтұмылдырықтардың (противогаз) радиоактивті шаң-тозаңдарды, улы түтіндермен бактерияларды сүзіп, адам өкпесіне жібермейтін сүзгіш картондарын жасауда, т.б. қолданылады. Тығыз родусит, әсіресе, оның опалмен біте жаралған түрі зергерлік бұйымдар мен сувенирлер жасауға керекті көк түсті тас болып табылады.
Дереккөздер
- Бейсеев О.Б., Родуситы Джезказганской впадины, А., 1980.
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қumola rodusit asbest ken orny Қaragandy oblysy Zhezkazgan kalasynan ontүstik batyska karaj 60 km zherde ornalaskan Bala Zhezdi ozenine kuyatyn Қumola ozeninin manynda Siltili amfiboldarga zhatatyn bul mineraldy tungysh ret 1946 zhyly KSRO gylym akademiyasynyn akademigi F V Chuhrov 1908 1988 al onyn talshykty tүrin 1953 zhyly Қazakstan geologtary L Gabaj G Belov t b ashty 1980 1982 zhyldary memlekettik balanska engizilgen Geologiyalyk kurylysy men sipatyGeologiyalyk kurylymy zhagynan Қumola sinklinaldik kurylymynda ornalaskan Ol tomengi perm kezeninde zharalgan shogindi tau zhynystary kabattarynan tүzilgen Olar zhidelisaj kalyndygy 300 400 m үshbulak kalyndygy 65 265 m kengir kalyndygy 400 m svitalaryna bolinedi Rodusit asbest үshbulak svitasyn kurajtyn tau zhynystarynda gana kezdesedi Syrt pishini men kurylymyna karaj bes tүrli denelerdi talshykty borpyldak tygyz tүjirshikti katparly kurajdy Bul deneler zheli zhәne usak zheli seppe psevdomorfozalar zhәne konkreciya tasshemen tүrinde kezdesedi Ol birshama ashyk tүsti shyny tәrizdi zhyltyr keledi teksturasy shombal әri zhenttas tәrizdi Қumola rodusit asbest keninin radusitin kalyndygy 1 2 mm dej etip tiluge tegistep ondeuge ote kolajly Barlangan kendegi rodusit asbest kory 11 myn t bolzhamdyk kory 120 myn t Mikrotalshykty rodusittin bolzhamdyk kory 72 mln t onyn ishinde tolyk barlangan telimderde 16 mln t zergerlik maksattagy kory 643 myn t ҚuramySyrt pishinderi bolek bolganymen olardyn himiyalyk kuramy men kristaldyk kurylymynda ajtarlyktaj erekshelikter zhok Mundaj kristaldar ote zhinishke onyn sozylu iilu majysu kabileti zhogary al kejbir talshykty tүrleri ote kyska әri kalyndau bolyp keledi Rodusittin baska mikrotalshykty tүrleri onimdi үshbulak svitasyn kurajtyn tau zhynystaryn kesip otetin iri zharylymdardy toltyrady da zher betine shygyp zhatkan iri zhelilerdi kurajdy Қuramynda 40 daj kremnezem mineraldary opal men halcedon bolgandyktan mikrotalshykty rodusit atmosfera әserine su men himiyalyk eritindilerge zhәne ayazga shydamdy keledi Қumola rodusitteri kyzuga himiyalyk agressivti zattarga onyn ishinde radiaciya әserine tozimdi ҚoldanysyҰzyn zhәne kyska talshykty rodusit asbest negizinen әskeri gaztumyldyryktardyn protivogaz radioaktivti shan tozandardy uly tүtindermen bakteriyalardy sүzip adam okpesine zhibermejtin sүzgish kartondaryn zhasauda t b koldanylady Tygyz rodusit әsirese onyn opalmen bite zharalgan tүri zergerlik bujymdar men suvenirler zhasauga kerekti kok tүsti tas bolyp tabylady DerekkozderBejseev O B Rodusity Dzhezkazganskoj vpadiny A 1980 Қazakstan tabigaty Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy ZhShS 2011 T Z 304 bet ISBN 9965 893 64 0 T Z ISBN 9965 893 19 5