Қосын – көшпелі халықтарда соғыс кезінде жеке рудың немесе оның құрамдық бөліктерінің шығаратын әскери жасағы.
Қосын сөзінің мағыналары
Көптеген зерттеушілер қосын сөзінің мынадай мағынасын атап көрсетеді: 1) әскер, армия. 2) жорықтағы әскер, отряд. 3) белгілі бір әкімшілік-территориялық бөліктен жиналатын әскер. Көшпелілер әскерінде қосын тактикалық маңызы бар ең кіші әскери бірлік болды. Жеке жауынгерлік құрамының саны жағынан 100-ден 1000 дейінгі жауынгерлерден тұрды. Қосын әдетте басқа үлкен әскери құраманың (мысалы, қолдың) құрамына да кірді және ұрыс даласында кішкентай тактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға мүмкіншілігі бар жеке әскери құрылым ретінде де қолданылды. Қосынның әскербасылары оның сандық құрамына сәйкес «жүзбасы» немесе «мыңбасы» болды.
Қосын атауы қазақ тілінде әскердің жорықтағы лагерін де мағыналайды.
Моңғолша мағынасы
Моңғолдарда бұрын қосын (хошун, кошун) атауымен мыңға дейін жететін әскер жасағын және осындай мөлшерде әскер жасағын шығаратын әскери-әкімшілік бірлігін атаған. Сондықтан кейбір тілшілер қосын атауын моңғол сөзі деп санайды. Моңғол тілінде қосын дайчид, цэрэг, моңғолша цэрэг (шерік) әскер мағынасында кездеседі.
Бұл сөз түркі тілдес халықтардың көпшілігінің сөздік қорында бар: қазақ, қарақалпақ тілдерінде қосын, өзбек, тәжік, парсы тілдерінде кушин, қырғыз, осман түріктері тілдерінде кошуун формасында «армия, әскер» ұғымын білдіреді. Яғни, қосын атауы «қосынды» сөзі сияқты «қос» түбірінен туындаған, бірнеше жауынгердің қосылуынан құрылған әскери жасақ деген сөз.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Советская историческая энциклопедия. М.: Советская энциклопедия, 1973-1982;
- Военный энциклопедический словарь. М.: Военное издательство, 1983;
- Алланиязов Т.К. Очерки военного дела кочевников Казахстана. Алматы: Фонд «XXI век», 1996;
- ҚТТС. Алматы: Дайк-Пресс, 2008;
- Қарағұлова Б. Тарихи жырлар лексикасы. Алматы, 2000.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қosyn koshpeli halyktarda sogys kezinde zheke rudyn nemese onyn kuramdyk bolikterinin shygaratyn әskeri zhasagy Қosyn sozinin magynalaryKoptegen zertteushiler kosyn sozinin mynadaj magynasyn atap korsetedi 1 әsker armiya 2 zhoryktagy әsker otryad 3 belgili bir әkimshilik territoriyalyk bolikten zhinalatyn әsker Koshpeliler әskerinde kosyn taktikalyk manyzy bar en kishi әskeri birlik boldy Zheke zhauyngerlik kuramynyn sany zhagynan 100 den 1000 dejingi zhauyngerlerden turdy Қosyn әdette baska үlken әskeri kuramanyn mysaly koldyn kuramyna da kirdi zhәne urys dalasynda kishkentaj taktikalyk tapsyrmalardy oz betimen oryndauga mүmkinshiligi bar zheke әskeri kurylym retinde de koldanyldy Қosynnyn әskerbasylary onyn sandyk kuramyna sәjkes zhүzbasy nemese mynbasy boldy Қosyn atauy kazak tilinde әskerdin zhoryktagy lagerin de magynalajdy Mongolsha magynasyMongoldarda buryn kosyn hoshun koshun atauymen mynga dejin zhetetin әsker zhasagyn zhәne osyndaj molsherde әsker zhasagyn shygaratyn әskeri әkimshilik birligin atagan Sondyktan kejbir tilshiler kosyn atauyn mongol sozi dep sanajdy Mongol tilinde kosyn dajchid cereg mongolsha cereg sherik әsker magynasynda kezdesedi Bul soz tүrki tildes halyktardyn kopshiliginin sozdik korynda bar kazak karakalpak tilderinde kosyn ozbek tәzhik parsy tilderinde kushin kyrgyz osman tүrikteri tilderinde koshuun formasynda armiya әsker ugymyn bildiredi Yagni kosyn atauy kosyndy sozi siyakty kos tүbirinen tuyndagan birneshe zhauyngerdin kosyluynan kurylgan әskeri zhasak degen soz DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterSovetskaya istoricheskaya enciklopediya M Sovetskaya enciklopediya 1973 1982 Voennyj enciklopedicheskij slovar M Voennoe izdatelstvo 1983 Allaniyazov T K Ocherki voennogo dela kochevnikov Kazahstana Almaty Fond XXI vek 1996 ҚTTS Almaty Dajk Press 2008 Қaragulova B Tarihi zhyrlar leksikasy Almaty 2000