Қосымша Құн – жалдамалы жұмысшының жұмыс күшінің құнынан тыс жасалатын, капиталист тегін иемденетін құн. Қосымша Құн – маркстік саяси экономия жүйесінің түп қазығы, іргетасы. Қосымша Құнның сырын ашқан Карл Маркс. Маркстің пайымдауынша, өндіріс барысында ерекше тауардың – жұмыс күшінің айрықша өзгешелігіне байланысты жұмыс күшінің тұтыну құны оның жасалу көзіне айналады. Жалдамалы жұмысшы капиталиске өзінің жұмыс күші құнының баламасын ғана емес, сонымен бірге “құннан тыс” құн жасайтын еңбегін де жұмсайды. Қосымша құн өндіру аясы – өнеркәсіп капитал аясы; оның қозғалысына субъективті фактор – жұмыс күші ғана емес, сонымен бірге өндірістің объективті факторлары да – еңбек құралдары, еңбек заттары қатысады. Құн жасау үдерісіндегі өндіріс факторларының рөлі әрқилы: объективті факторлар жаңа өнім жасауға қатысады, бірақ жаңа құнның көзі бола алмайды; олардың міндеті – адам еңбегіне материал беру және оның жүзеге асырылуына жағдай жасау. Субъективті фактор – жұмыс күші өндіріс құрал-жабдығына “жан бітіреді”, жаңа құнның көзі болу міндетін атқарады, ал өнеркәс. капитал қозғалысы барысында жаңа құнның өсуі көзделеді. Құнның жасалуы мен өсуіне қатысу тұрғысынан капитал, Маркстің пайымдауынша, тұрақты капиталға, яғни өзінің шамасын өзгертпейтін капиталға (еңбек құралдары, заттары және жағдайлары) және ауыспалы капиталға, өндіріс барысында өзінің шамасын өзгертетін капиталға бөлінеді. Маркс “қосымша құн нормасы” (m’) – m/v қатынасы, яғни қосымша құнның ауыспалы капиталға қатынасы деген ұғымды енгізді. Маркстің пікірінше, қосымша құн нормасы дегеніміз жұмысшының қаналу деңгейінің дәл көрсеткіші, өйткені осы қатынастан жұмыс күні қажетті және қосымша жұмыс уақытына бөлінетін арақатынас көрінеді. Сонымен бірге қосымша құн нормасы нақты еңбек (адам еңбегі) тиімділігінің көрсеткіші болып табылады. Сайып келгенде, қосымша құнның көбеюі нақты еңбектің мөлшерімен, оның өнімділігімен айқындалады. Қосымша құнды барынша молайту нақты еңбек өнімділігін арттырудың басты себебіне айналады. Маркстің пікірінше, қосымша еңбекке деген құштарлық нақты еңбектің үлесін салыстырмалы түрде қысқарта түседі, мұның өзі қосымша құн көзі болып табылатын нақты еңбек туралы тезиске қайшы келеді. Қарама-қайшылық капиталдың қорлануы барысында шешіледі: капиталдың табиғи құрылымының өсуіне, нақты еңбек көлемінің ұлғаюына, жұмысшы еңбегінің қаналу деңгейінің өсуіне байланысты нақты еңбектің үлесі қысқартылады. Қосымша құнды өндіруге қоғамдық өндірістің барлық салалары тартылады. Маркс экономикалық қатынастардың объективті сипаттамаларын басшылыққа ала отырып, қосымша құн өндіруді қоғамдық өндірісті қалыптастыру бағытын айқындайтын объективті экономикалық заң ретінде қарастырады. Марксті сынаушылар қосымша құн. теориясына қатты шүйлікті. Қосымша құн сипаттамасының таптық көзқарас тұрғысынан түсіндірілуі ғана емес, сонымен бірге оның абстрактілі, “мистикалық” сипаты да наразылық туғызды. “Бірде-бір экономикалық агент, – дейді Маркстің қазіргі сыншылары, – қосымша құндылық нормасындағы өзгерістерге елең етпейді: жұмысшы өзінің нақты жалақысын барынша көбейтуге мүдделі, ал капитал иелері пайда мөлшерін басшылыққа алады”. Алайда капитал иелері мен жұмысшылардың жұмыс күнінің мөлшері үшін ұзақ жылдар бойы күрескенін, ақырында мемлекеттің бұл күреске араласып, жұмыс күнін заң жүзінде шектегенін естен шығармау керек.
Пайдаланған әдебиетттер
- "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қosymsha Қun zhaldamaly zhumysshynyn zhumys kүshinin kunynan tys zhasalatyn kapitalist tegin iemdenetin kun Қosymsha Қun markstik sayasi ekonomiya zhүjesinin tүp kazygy irgetasy Қosymsha Қunnyn syryn ashkan Karl Marks Markstin pajymdauynsha ondiris barysynda erekshe tauardyn zhumys kүshinin ajryksha ozgesheligine bajlanysty zhumys kүshinin tutynu kuny onyn zhasalu kozine ajnalady Zhaldamaly zhumysshy kapitaliske ozinin zhumys kүshi kunynyn balamasyn gana emes sonymen birge kunnan tys kun zhasajtyn enbegin de zhumsajdy Қosymsha kun ondiru ayasy onerkәsip kapital ayasy onyn kozgalysyna subektivti faktor zhumys kүshi gana emes sonymen birge ondiristin obektivti faktorlary da enbek kuraldary enbek zattary katysady Қun zhasau үderisindegi ondiris faktorlarynyn roli әrkily obektivti faktorlar zhana onim zhasauga katysady birak zhana kunnyn kozi bola almajdy olardyn mindeti adam enbegine material beru zhәne onyn zhүzege asyryluyna zhagdaj zhasau Subektivti faktor zhumys kүshi ondiris kural zhabdygyna zhan bitiredi zhana kunnyn kozi bolu mindetin atkarady al onerkәs kapital kozgalysy barysynda zhana kunnyn osui kozdeledi Қunnyn zhasaluy men osuine katysu turgysynan kapital Markstin pajymdauynsha turakty kapitalga yagni ozinin shamasyn ozgertpejtin kapitalga enbek kuraldary zattary zhәne zhagdajlary zhәne auyspaly kapitalga ondiris barysynda ozinin shamasyn ozgertetin kapitalga bolinedi Marks kosymsha kun normasy m m v katynasy yagni kosymsha kunnyn auyspaly kapitalga katynasy degen ugymdy engizdi Markstin pikirinshe kosymsha kun normasy degenimiz zhumysshynyn kanalu dengejinin dәl korsetkishi ojtkeni osy katynastan zhumys kүni kazhetti zhәne kosymsha zhumys uakytyna bolinetin arakatynas korinedi Sonymen birge kosymsha kun normasy nakty enbek adam enbegi tiimdiliginin korsetkishi bolyp tabylady Sajyp kelgende kosymsha kunnyn kobeyui nakty enbektin molsherimen onyn onimdiligimen ajkyndalady Қosymsha kundy barynsha molajtu nakty enbek onimdiligin arttyrudyn basty sebebine ajnalady Markstin pikirinshe kosymsha enbekke degen kushtarlyk nakty enbektin үlesin salystyrmaly tүrde kyskarta tүsedi munyn ozi kosymsha kun kozi bolyp tabylatyn nakty enbek turaly teziske kajshy keledi Қarama kajshylyk kapitaldyn korlanuy barysynda sheshiledi kapitaldyn tabigi kurylymynyn osuine nakty enbek koleminin ulgayuyna zhumysshy enbeginin kanalu dengejinin osuine bajlanysty nakty enbektin үlesi kyskartylady Қosymsha kundy ondiruge kogamdyk ondiristin barlyk salalary tartylady Marks ekonomikalyk katynastardyn obektivti sipattamalaryn basshylykka ala otyryp kosymsha kun ondirudi kogamdyk ondiristi kalyptastyru bagytyn ajkyndajtyn obektivti ekonomikalyk zan retinde karastyrady Marksti synaushylar kosymsha kun teoriyasyna katty shүjlikti Қosymsha kun sipattamasynyn taptyk kozkaras turgysynan tүsindirilui gana emes sonymen birge onyn abstraktili mistikalyk sipaty da narazylyk tugyzdy Birde bir ekonomikalyk agent dejdi Markstin kazirgi synshylary kosymsha kundylyk normasyndagy ozgeristerge elen etpejdi zhumysshy ozinin nakty zhalakysyn barynsha kobejtuge mүddeli al kapital ieleri pajda molsherin basshylykka alady Alajda kapital ieleri men zhumysshylardyn zhumys kүninin molsheri үshin uzak zhyldar bojy kүreskenin akyrynda memlekettin bul kүreske aralasyp zhumys kүnin zan zhүzinde shektegenin esten shygarmau kerek Pajdalangan әdebiettter Қazak enciklopediyasy VI tomBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz