Қауыншы мәдениеті - Ташкент өңірі мен оған көршілес Сыр алқаптарын мекендеген тайпалардың көне мәдениеті (б.з.б. 1 ғ. — б.з. 7 ғ.), Қауыншы, Ақтөбе-1,-2, Шәушіқұмтөбе, Мингурюк, Әлімбайтепе, Кугайтепе, Чаштепе, Ақтепе, Шұралысай және т.б. қалалары мен қоныстары, Шәушіқұм, Жамантоғай, Төребай-тұмсық, Тайтөбе, , , , сияқты зираттары белгілі.
19 ғ. соңы — 20 ғасырдың басында зираттары қазыла бастады (Н.А.Остроумова, М.Е.Массон). Мәдениеттің толығынан ашылуына 1930 ж. Г.В.Григорьевтің қалалардан алған тың деректері негіз болды. Алғаш 1933 ж. зерттелген. Қауыншы қаласы Ташкенттен 17 км жердегі Күркілдек арығы бойында, осы күнгі Қауыншы қалсының ортасындағы төбе. Қалындығы 6,5 м қабырғамен қоршалған каланың үйлері шикі кірпіштен қаланғаны, мәдени қабаттың 6 м болғаны анықталды. Басқа ескерткіштерін А.Г.Максимова, Г.И.Пацевич, Т.Н.Сенигова, Л.М.Левина, М.С.Мерщиев, А.И.Тереножкин, М.Э.Воронец, т.б. зерттеді. Шардара алқабында, Сырдың оң жағасында орналасқан Ақтөбе-2 қаласы үш жағынан топырақ жалмен, өзен жағынан пахса қабырғамен коршалған. Жалпы қаланың аумағы 325x115 м. Ортада биіктігі 20 м дөңгелек төбе бар. Қала үйлері төбе үстінде және оны айнала қоршай салынған. Төртбұрышты, аумағы 28x18,5 м сарайға жүргізілген қазба жұмыстар оның айшық үлгісімен орналасқан 5 бөлмеден, кіре берістегі құрылыстардан және ғимараттың шығыс, батыс жағын айнала өтетін дәлізден тұратынын көрсетті. Ортада салынған шаршы пішіндес қонақ қабылдайтын жай (3,6x3,6 м) ішінен құдык пен камин пеш табылды. Төртбұрышты, шаршы пішіндес шикі кірпіштен қаланған сарайдың кезінде салтанатты ғимарат болғанын көптеп табылған сәнді қыш ыдыс, қару түрлері, әшекей бұйымдар дәлелдейді. Қаланың оңтүстігін ала аумағы 75x90 м үлкен цитадель орналасқан. қаласына шаршы пішіндес жоба тән (250x250 м). Төбенің биіктігі 4—5 м, құрылыстар цитадель және кала үйлері болып екіге бөлінеді. Қауыншының айнала сырты да, цитадельдің өзі де қабырғамен коршалған. Ерте сатының саны мен орта сатының бас кезінен бастап ғұн ықпалдары күшейеді. Ақтөбе-2 қаласы сарайының ашылған бөлмелерінің бірінен ғұн жауынгерінің мүрдесі табылды. Ғұн сарбазы ағаштан торкөз үлгісімен жасалған табытта жерленген.
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қauynshy mәdenieti Tashkent oniri men ogan korshiles Syr alkaptaryn mekendegen tajpalardyn kone mәdenieti b z b 1 g b z 7 g Қauynshy Aktobe 1 2 Shәushikumtobe Minguryuk Әlimbajtepe Kugajtepe Chashtepe Aktepe Shuralysaj zhәne t b kalalary men konystary Shәushikum Zhamantogaj Torebaj tumsyk Tajtobe siyakty zirattary belgili 19 g sony 20 gasyrdyn basynda zirattary kazyla bastady N A Ostroumova M E Masson Mәdeniettin tolygynan ashyluyna 1930 zh G V Grigorevtin kalalardan algan tyn derekteri negiz boldy Algash 1933 zh zerttelgen Қauynshy kalasy Tashkentten 17 km zherdegi Kүrkildek arygy bojynda osy kүngi Қauynshy kalsynyn ortasyndagy tobe Қalyndygy 6 5 m kabyrgamen korshalgan kalanyn үjleri shiki kirpishten kalangany mәdeni kabattyn 6 m bolgany anyktaldy Baska eskertkishterin A G Maksimova G I Pacevich T N Senigova L M Levina M S Mershiev A I Terenozhkin M E Voronec t b zerttedi Shardara alkabynda Syrdyn on zhagasynda ornalaskan Aktobe 2 kalasy үsh zhagynan topyrak zhalmen ozen zhagynan pahsa kabyrgamen korshalgan Zhalpy kalanyn aumagy 325x115 m Ortada biiktigi 20 m dongelek tobe bar Қala үjleri tobe үstinde zhәne ony ajnala korshaj salyngan Tortburyshty aumagy 28x18 5 m sarajga zhүrgizilgen kazba zhumystar onyn ajshyk үlgisimen ornalaskan 5 bolmeden kire beristegi kurylystardan zhәne gimarattyn shygys batys zhagyn ajnala otetin dәlizden turatynyn korsetti Ortada salyngan sharshy pishindes konak kabyldajtyn zhaj 3 6x3 6 m ishinen kudyk pen kamin pesh tabyldy Tortburyshty sharshy pishindes shiki kirpishten kalangan sarajdyn kezinde saltanatty gimarat bolganyn koptep tabylgan sәndi kysh ydys karu tүrleri әshekej bujymdar dәleldejdi Қalanyn ontүstigin ala aumagy 75x90 m үlken citadel ornalaskan kalasyna sharshy pishindes zhoba tәn 250x250 m Tobenin biiktigi 4 5 m kurylystar citadel zhәne kala үjleri bolyp ekige bolinedi Қauynshynyn ajnala syrty da citadeldin ozi de kabyrgamen korshalgan Erte satynyn sany men orta satynyn bas kezinen bastap gun ykpaldary kүshejedi Aktobe 2 kalasy sarajynyn ashylgan bolmelerinin birinen gun zhauyngerinin mүrdesi tabyldy Ғun sarbazy agashtan torkoz үlgisimen zhasalgan tabytta zherlengen DerekkozderOtyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2