"Қартқожа" романы — Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылып шыққан туындысы. Бас кейіпкердің прототипі — Қартқожа Жананұлы Тоғанбаев.
Бұл - қазақ кедейінің өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі шығармасы. Онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді. Әсіресе жазушы әлеуметтік тартыстар талқысында қазақ кедейінің қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, әлеуметттік әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. Шығарманың кейіпкерін де Жүсіпбек осы тұрғыдан көрсетеді. Бұл - автордың таптық позициясының өткірлігін және ұстамдылығын танытады. Шығарма тарихтың осындай бір кезеңді, шындығын жұмсартпай, шынайы, кең тұрғыда суреттей алуымен де бағалы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылғы ақпан революциясына ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі әлеуметтік күрестерге араласуы, "Алаш Орданың" құрылуы мен ақ әскерлерінің қарсы күресі, Қазан революциясы мен азамат соғысының жеңісті оқиғалары роман сюжетіне негізгі желі болып кіреді. Шығарма қаһарманы Қартқожа да, оның елі, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейіп, есін жинап, ілгері басады, болашаққа қарайды.
Сюжет
Шығармадағы басты кейіпкер Қартқожа есімді, өте жуас, момын, әлсіз кедей бала. Роман осы баланың бастан кешкен оқиғалары бойынша өрбиді. Қартқожа кішкене кезінен бай балаларының әлімжеттігін, өз әкесі Жұманға байлардың жасап отырған әділетсіздіктерін көріп өседі. Осы қорлық пен зорлықтан құтылудың жолы деп ол бала кезінен діни білім алып, молдалар жасайтын бар қылықты жасап, намаз оқып, құдайға жалбарынады. Бірақ қанша жерден діни білім алса да оның ешқайсысы не өзін, не әкесін кедейліктен құтқаруға жетпейді. Осылай үлкен езгіге шыдай жүрген кезінде, Қартқожа орысша терең білімі бар тілмаштардың, перуіатшіктердің ешкімнен қаймықпайтынын, өздерін биік ұстайтынын, оларды ешкім де қорламайтын байқайды. Тілмаштардың құдіреттілігі өте жоғары деп түсінген Қартқожа олар сияқты болғысы келгені соншалық, Әбдібек деген тілмашты түсінде де көреді. Әбдібектер алған орысша білімді алғысы келгенімен, өзін школға алмайтынын, жасының өтіп кеткенін көріп күрсінеді. Бар қиындық шешімі орысша оқып, хат тану екенін түсінген Қартқожа Жүніс деген өзі секілді шәкірттен кітап алып орысша әріп таниды. Оның үстіне кедейлігі қатты қысып, жұт әсерінен малы қырылған әкесі, үйіне байдікінен ұн әкелемін деп қаза тапты. Енді-енді көзі ашыла бастағанда Қартқожаны болыстар солдат болуға жазып қояды. Жасы жетпесе де болыстар Қартқожаны өздерінің балаларының орнына жаза салған. Мұндай зорлыққа шыдамаған Қартқожа секілді кедейлер көтеріліс жасайды. Қартқожа көтерілістегілермен бірге болып, мұндағылардың мінездеріне үңіледі. Дәрмен, Имақан және тағы сол сияқты адамдармен де жүздесіп, олардың да армандары теңдік екенін түсінеді. Алайда, мылтықпен қаруланған орыс әскеріне мына көтеріліс адамдары мүлде төтеп бере алмайды. Қартқожа амалсыздан соғысқа кетеді. Бірақ, солдат өмірі Қартқожаның көзін ашады. Ол Андрей деген жігітпен танысып, одан орысша үйреніп, дамыған заман туралы әңгімелер естиді. Одан әрі Қартқожа оқу жолына түседі.
Революция әсері
Қартқожаны жазушы бірден озық идеялы жаңа қаһарман етіп жібермейді. Бар тіршілігі теңсіздікте, жоқшылықта өткен қазақ кедейінің баласы өмір талқысына түсіп, біртіндеп көзін ашады, өмірден сабақ ала отырып өседі. Оның бәріне себеп - ХХ ғасыр басында туған әлеуметтік революциялар дәуірі. Егер ол болмаса, Қарқожа да әкесі Жұман тәрізді шағын шағын шаруасын күйттеген момын шаруаның бірі болып қалар еді. Қартқожаның шындықты, әділдікті тануы жолында 1916 жыл оқиғаларының маңызы бар. Әуелде патшаға, болысқа қарсы топты көріп қызықтаған ол бірте-бірте сол іске өзі де араласады. Көтерілісшілермен болған күндер Қартқожа үшін үлкен мектеп болады. Көпі ішінде жүріп, халықтың әр қилы тобын, олардың мінездерін, тіршілігін таниды. Болыстың елге жасап отырған әдлетсіздігін, зорлығын көреді. Соған қарсы қол көтерген Дәрмен сияқты азамат жігіттер де ел ішінде барын біледі. "Дүниеде болыстан жауыз жан жоқ... Дәрмен біліп жүр екен. Өлтірер ме еді!" деген ой Қартқожа басына сонда келеді. Көтеріліс басылған соң, өзі солдатқа алынып кете барады. Баласының көтеріліске қатысқаны үшін сорлы әке бар малынан айрылып, жылап қала береді.
Солдат өмірі
Қартқожаның рухани өсуіне жол ашқан - солдат өмірі. Бұл кезде ол тыс жерде, көрмеген жаңа ортада өмір кешеді, қараңғылықтан жарыққа шыққандай сезінеді. Оның көзін ашып, оң мен солын тануына себеп болған Андрейді ол өле-өлгенше есінде сақтайды. Патшаның тақтан құлауынан кейін елге қайтқан Қартқожа ендігі жерде оқусыз білімсіз өмір сүру мүмкін емес екенін ұғынады. Қол қысқалықтың салдарынан кәсіп қуып, Баян, Семей, Омбы арасында оқуын жалғастырады. Алашордашылардың тарауы, келуі, қашқан ақ әскерлерінің қылығы оның әділет, бостандық туралы ойларын толықтырады. Осылардың нәтижесінде ол халық, ел тағдыры, оның досы кім, жауы кім екендігі жайлы ойлануға жетеді.
Есейген Қартқожа
Роман соңында Омбыдан елге оралған Қартқожа ел алдында жігерлі сөз сөйлеп, елді еңбекке, аңсаған, армандаған Қартқожаның халықты надандыққа қарсы, қара бастың қамын ойлауға қарсы шақыруы - оның жаңа заман рухын қабылдағанының белгісі. Жүсіпбек Қартқожаның өмір талқысынан өтіп, әділдік жағын тауып, жаңа дүниеге шығуын суреттеу арқылы жас қазақ совет әдебиетіне жаңа қаһарман қосты. Оның істейтін ісі әлі алда еді. Шығарма қаһарманы жайындағы жазушы толғанысында бүкіл романның пафосы жатыр. Автор кедейлер ортасынан шыққан жас Қартқожаны "елі үшін күйген, еңбекті сүйген, ер жүректі, жұртшылық көсемі - жалынды жастардың" қатарынан көргісі келеді. Оның халықтық ойлары Қартқожа бейнесі арқылы өрбіп дамиды. Бұл - "Қартқожаның" жалпы қазақ романының тарихындағы маңызына қоса тақырыптық, идеялық жаңалығын да көрсетеді.
Сілтемелер
- ҚАЗАҚ ССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ, "Жүсіпбек Аймауытов шығармалары" кітабынан; Кітап редакторлары: Нәби Жүнісбаев, Мақсұт Неталиев.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қartkozha romany Zhүsipbek Ajmauytovtyn 1926 zhyly Қyzylordada zheke kitap bolyp basylyp shykkan tuyndysy Bas kejipkerdin prototipi Қartkozha Zhananuly Toganbaev Bul kazak kedejinin omirin onyn әleumettik arpalystar kezindegi kүrdeli tagdyryn epikalyk үlgide korkem bejneluge arnalgan kazak әdebietinin algashky eleuli shygarmasy Onda kazak auylynyn revolyuciya aldyndagy zhәne әleumettik kaktygystar kezindegi tirshiligi azattyk zholyndagy kүresten kejingi zhanasha umtylysy shynshyldykpen bejnelenedi Әsirese zhazushy әleumettik tartystar talkysynda kazak kedejinin kogamdyk tensizdik syrlaryn tүsinuge zhetip әleumetttik әdiletsizdiktin sebepterine oj zhiberuin nanymdy surettejdi Shygarmanyn kejipkerin de Zhүsipbek osy turgydan korsetedi Bul avtordyn taptyk poziciyasynyn otkirligin zhәne ustamdylygyn tanytady Shygarma tarihtyn osyndaj bir kezendi shyndygyn zhumsartpaj shynajy ken turgyda surettej aluymen de bagaly 1916 zhylgy ult azattyk kozgalysynyn bastaluy men onyn 1917 zhylgy akpan revolyuciyasyna ulasuy kazaktardyn el ishindegi әleumettik kүresterge aralasuy Alash Ordanyn kuryluy men ak әskerlerinin karsy kүresi Қazan revolyuciyasy men azamat sogysynyn zhenisti okigalary roman syuzhetine negizgi zheli bolyp kiredi Shygarma kaһarmany Қartkozha da onyn eli zhurty da osy okigalar fonyndagy tartysta esejip esin zhinap ilgeri basady bolashakka karajdy SyuzhetShygarmadagy basty kejipker Қartkozha esimdi ote zhuas momyn әlsiz kedej bala Roman osy balanyn bastan keshken okigalary bojynsha orbidi Қartkozha kishkene kezinen baj balalarynyn әlimzhettigin oz әkesi Zhumanga bajlardyn zhasap otyrgan әdiletsizdikterin korip osedi Osy korlyk pen zorlyktan kutyludyn zholy dep ol bala kezinen dini bilim alyp moldalar zhasajtyn bar kylykty zhasap namaz okyp kudajga zhalbarynady Birak kansha zherden dini bilim alsa da onyn eshkajsysy ne ozin ne әkesin kedejlikten kutkaruga zhetpejdi Osylaj үlken ezgige shydaj zhүrgen kezinde Қartkozha oryssha teren bilimi bar tilmashtardyn peruiatshikterdin eshkimnen kajmykpajtynyn ozderin biik ustajtynyn olardy eshkim de korlamajtyn bajkajdy Tilmashtardyn kudirettiligi ote zhogary dep tүsingen Қartkozha olar siyakty bolgysy kelgeni sonshalyk Әbdibek degen tilmashty tүsinde de koredi Әbdibekter algan oryssha bilimdi algysy kelgenimen ozin shkolga almajtynyn zhasynyn otip ketkenin korip kүrsinedi Bar kiyndyk sheshimi oryssha okyp hat tanu ekenin tүsingen Қartkozha Zhүnis degen ozi sekildi shәkirtten kitap alyp oryssha әrip tanidy Onyn үstine kedejligi katty kysyp zhut әserinen maly kyrylgan әkesi үjine bajdikinen un әkelemin dep kaza tapty Endi endi kozi ashyla bastaganda Қartkozhany bolystar soldat boluga zhazyp koyady Zhasy zhetpese de bolystar Қartkozhany ozderinin balalarynyn ornyna zhaza salgan Mundaj zorlykka shydamagan Қartkozha sekildi kedejler koterilis zhasajdy Қartkozha koterilistegilermen birge bolyp mundagylardyn minezderine үniledi Dәrmen Imakan zhәne tagy sol siyakty adamdarmen de zhүzdesip olardyn da armandary tendik ekenin tүsinedi Alajda myltykpen karulangan orys әskerine myna koterilis adamdary mүlde totep bere almajdy Қartkozha amalsyzdan sogyska ketedi Birak soldat omiri Қartkozhanyn kozin ashady Ol Andrej degen zhigitpen tanysyp odan oryssha үjrenip damygan zaman turaly әngimeler estidi Odan әri Қartkozha oku zholyna tүsedi Revolyuciya әseriҚartkozhany zhazushy birden ozyk ideyaly zhana kaһarman etip zhibermejdi Bar tirshiligi tensizdikte zhokshylykta otken kazak kedejinin balasy omir talkysyna tүsip birtindep kozin ashady omirden sabak ala otyryp osedi Onyn bәrine sebep HH gasyr basynda tugan әleumettik revolyuciyalar dәuiri Eger ol bolmasa Қarkozha da әkesi Zhuman tәrizdi shagyn shagyn sharuasyn kүjttegen momyn sharuanyn biri bolyp kalar edi Қartkozhanyn shyndykty әdildikti tanuy zholynda 1916 zhyl okigalarynyn manyzy bar Әuelde patshaga bolyska karsy topty korip kyzyktagan ol birte birte sol iske ozi de aralasady Koterilisshilermen bolgan kүnder Қartkozha үshin үlken mektep bolady Kopi ishinde zhүrip halyktyn әr kily tobyn olardyn minezderin tirshiligin tanidy Bolystyn elge zhasap otyrgan әdletsizdigin zorlygyn koredi Sogan karsy kol kotergen Dәrmen siyakty azamat zhigitter de el ishinde baryn biledi Dүniede bolystan zhauyz zhan zhok Dәrmen bilip zhүr eken Өltirer me edi degen oj Қartkozha basyna sonda keledi Koterilis basylgan son ozi soldatka alynyp kete barady Balasynyn koteriliske katyskany үshin sorly әke bar malynan ajrylyp zhylap kala beredi Soldat omiriҚartkozhanyn ruhani osuine zhol ashkan soldat omiri Bul kezde ol tys zherde kormegen zhana ortada omir keshedi karangylyktan zharykka shykkandaj sezinedi Onyn kozin ashyp on men solyn tanuyna sebep bolgan Andrejdi ol ole olgenshe esinde saktajdy Patshanyn taktan kulauynan kejin elge kajtkan Қartkozha endigi zherde okusyz bilimsiz omir sүru mүmkin emes ekenin ugynady Қol kyskalyktyn saldarynan kәsip kuyp Bayan Semej Omby arasynda okuyn zhalgastyrady Alashordashylardyn tarauy kelui kashkan ak әskerlerinin kylygy onyn әdilet bostandyk turaly ojlaryn tolyktyrady Osylardyn nәtizhesinde ol halyk el tagdyry onyn dosy kim zhauy kim ekendigi zhajly ojlanuga zhetedi Esejgen ҚartkozhaRoman sonynda Ombydan elge oralgan Қartkozha el aldynda zhigerli soz sojlep eldi enbekke ansagan armandagan Қartkozhanyn halykty nadandykka karsy kara bastyn kamyn ojlauga karsy shakyruy onyn zhana zaman ruhyn kabyldaganynyn belgisi Zhүsipbek Қartkozhanyn omir talkysynan otip әdildik zhagyn tauyp zhana dүniege shyguyn suretteu arkyly zhas kazak sovet әdebietine zhana kaһarman kosty Onyn istejtin isi әli alda edi Shygarma kaһarmany zhajyndagy zhazushy tolganysynda bүkil romannyn pafosy zhatyr Avtor kedejler ortasynan shykkan zhas Қartkozhany eli үshin kүjgen enbekti sүjgen er zhүrekti zhurtshylyk kosemi zhalyndy zhastardyn katarynan korgisi keledi Onyn halyktyk ojlary Қartkozha bejnesi arkyly orbip damidy Bul Қartkozhanyn zhalpy kazak romanynyn tarihyndagy manyzyna kosa takyryptyk ideyalyk zhanalygyn da korsetedi SiltemelerҚAZAҚ SSR ҒYLYM AKADEMIYaSY Zhүsipbek Ajmauytov shygarmalary kitabynan Kitap redaktorlary Nәbi Zhүnisbaev Maksut Netaliev Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet