Қанжыға – ерге бөктерген затты байлайтын қайыс жіп, таспа. Қанжыға ердің қапталындағы әдейі тесілген тесіктен қапталдық пен желдікті ұстап тұратын әнжімен құйысқан бекітілген шеттіктің түбіне жақын жерінен тұйықталып өткізіледі немесе қапталға әдейі бекітілген шығыршыққа тұйық бау шалынып байланады. Қанжығаның ұзындығы жұп күйінде екі-үш қарыстан бір метрге дейін де болады.
Қанжығалау
Ердің артына бір затты байлауды «қанжығалау» деп атайды. Қанжығалауға қолайсыз зат, нәрселер байланбаған. Өйткені, аттың шабын соғады, сонымен қатар салмақты нәрселерді қанжыға көтермейді. Дәстүрлі ортада қанжығалау көбінесе саятшы және аңшыларға қатысты қолданылды. «Қанжығасы майлану» деген сөз тіркесі, әдетте, аңшылық пен саятшылықта олжалы қайтқандарға ғана қатысты емес, жалпы адамның жолы болғанын, жеңіске жеткенін, олжалы болғанын да білдіреді.
Қанжығаға байлау
Қанжығаға байлау – аңшының алған аңын жолай кезіккен адамға беру салты. Қолы ашықтықтың, жомарттықтың және қарым-қатынасты реттеуге бағытталған салттың көрінісі бола тұра, бұл ғұрыптың наным-сенімге де негізделген астары бар. Яғни, дала аңы баршаға ортақ қауым игілігі. Сондықтан, қалыптасқан дәстүр бойынша, кездескен жолаушыға аңды, яғни, олжаны беру керек. Өйткені, жолда ұшырасқан адам қырықтың бірі – Қыдырға баланады. Олжа байламаса құдайдың бергелі тұрған одан да үлкен несібесінен құр қаласың деген сенімге сай атқарылатын ғұрып болып саналады. Қанжығаға өзі алған тұңғыш аңын өзіне байлау да – құсбегілік өнерде атқаралытын ғұрыптардың бірі. Аң аулауға алғаш шыққан адам тұңғыш олжасын басқа біреуге сыйламайды, яғни байламайды. Әйтпесе, қанжыға қурап, құр қалады, қанды болмайды, жол болмайды деп ырымдайды. Яғни, бақ пен несібе басқаға кетпесін деп алған аңын біреуге берместен, ырым қылып өзі алады.
Аңшылармен кездескен адам қанжыға қанды болсын деген тілек айтады. Яғни, аң алып, оны қанжығаға байлаңыз деген тұспал сөз айтады. Құсбегі қанжығаға аң байлағанда «қанжыға майлансын!» деп айтуы керек. Қанжығасына аң байланған адам құсбегіге алғыс, рахмет айтып, бата беріп жолын жасаған. Ал егер, ұстаған аңды біреудің қанжығасына байлап үлгермесе, оған аңды үйіне әкелген соң да беруіне болады.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Нұрғалиұлы Н., Еженбекұлы Е. Ат әбзелдерi. Ер. Ата салтыңды аяла (Қазақ салт-дәстүрлерi туралы таным). Құраст. Н.Ақбаев. Алматы: Ана тілі, 1998. 96-113 бб.;
- Тоқтабай А. Қазақтардың аңшылыққа, құсбегілікке, балық аулауға байланысты жора-жосындары. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет ғұрыптары. 1-том. Біртұтастығы және ерекшелігі. Алматы: Арыс, 2005. 116-126 бб.;
- Мұқанов С. Халық мұрасы. Тарихи-этнографиялық шолу. Таңдамалы. шығармалар. ХV том. Алматы: Жазушы, 1979;
- Бабалықұлы Ж., Тұрдыбаев А. Саят. Алматы: Қайнар, 1989;
- Қазыханқызы Н. Аңшылық хиқаялары. Этнографиялық эссе. Алматы: Атажұрт, 2010.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қanzhyga erge boktergen zatty bajlajtyn kajys zhip taspa Қanzhyga erdin kaptalyndagy әdeji tesilgen tesikten kaptaldyk pen zheldikti ustap turatyn әnzhimen kujyskan bekitilgen shettiktin tүbine zhakyn zherinen tujyktalyp otkiziledi nemese kaptalga әdeji bekitilgen shygyrshykka tujyk bau shalynyp bajlanady Қanzhyganyn uzyndygy zhup kүjinde eki үsh karystan bir metrge dejin de bolady An olzhasyn kanzhygaga bajlau Suretin salgan B DosymovҚanzhygalauErdin artyna bir zatty bajlaudy kanzhygalau dep atajdy Қanzhygalauga kolajsyz zat nәrseler bajlanbagan Өjtkeni attyn shabyn sogady sonymen katar salmakty nәrselerdi kanzhyga kotermejdi Dәstүrli ortada kanzhygalau kobinese sayatshy zhәne anshylarga katysty koldanyldy Қanzhygasy majlanu degen soz tirkesi әdette anshylyk pen sayatshylykta olzhaly kajtkandarga gana katysty emes zhalpy adamnyn zholy bolganyn zheniske zhetkenin olzhaly bolganyn da bildiredi Қanzhygaga bajlauҚanzhygaga bajlau anshynyn algan anyn zholaj kezikken adamga beru salty Қoly ashyktyktyn zhomarttyktyn zhәne karym katynasty retteuge bagyttalgan salttyn korinisi bola tura bul guryptyn nanym senimge de negizdelgen astary bar Yagni dala any barshaga ortak kauym igiligi Sondyktan kalyptaskan dәstүr bojynsha kezdesken zholaushyga andy yagni olzhany beru kerek Өjtkeni zholda ushyraskan adam kyryktyn biri Қydyrga balanady Olzha bajlamasa kudajdyn bergeli turgan odan da үlken nesibesinen kur kalasyn degen senimge saj atkarylatyn guryp bolyp sanalady Қanzhygaga ozi algan tungysh anyn ozine bajlau da kusbegilik onerde atkaralytyn guryptardyn biri An aulauga algash shykkan adam tungysh olzhasyn baska bireuge syjlamajdy yagni bajlamajdy Әjtpese kanzhyga kurap kur kalady kandy bolmajdy zhol bolmajdy dep yrymdajdy Yagni bak pen nesibe baskaga ketpesin dep algan anyn bireuge bermesten yrym kylyp ozi alady Anshylarmen kezdesken adam kanzhyga kandy bolsyn degen tilek ajtady Yagni an alyp ony kanzhygaga bajlanyz degen tuspal soz ajtady Қusbegi kanzhygaga an bajlaganda kanzhyga majlansyn dep ajtuy kerek Қanzhygasyna an bajlangan adam kusbegige algys rahmet ajtyp bata berip zholyn zhasagan Al eger ustagan andy bireudin kanzhygasyna bajlap үlgermese ogan andy үjine әkelgen son da beruine bolady DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterNurgaliuly N Ezhenbekuly E At әbzelderi Er Ata saltyndy ayala Қazak salt dәstүrleri turaly tanym Қurast N Akbaev Almaty Ana tili 1998 96 113 bb Toktabaj A Қazaktardyn anshylykka kusbegilikke balyk aulauga bajlanysty zhora zhosyndary Қazak halkynyn dәstүrleri men әdet guryptary 1 tom Birtutastygy zhәne ereksheligi Almaty Arys 2005 116 126 bb Mukanov S Halyk murasy Tarihi etnografiyalyk sholu Tandamaly shygarmalar HV tom Almaty Zhazushy 1979 Babalykuly Zh Turdybaev A Sayat Almaty Қajnar 1989 Қazyhankyzy N Anshylyk hikayalary Etnografiyalyk esse Almaty Atazhurt 2010