Қамбар Ата, Қамбар баба – қазақтың сенім-нанымында жылқы малының пірі, иесі. Кейбір аңыздарда Қ. а. есімі Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің атбегі болған Ганбар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады. Қамбар Ата бейнесі түркі халықтарының ежелгі фольклорында көп кездеседі.
Мысалы, түрікпендік Гамбар баба – қазақтың Қорқыты сияқты сазгерлер мен әншілердің, ақындардың пірі болып саналады, ол “дутар” делінетін саз аспабын ойлап тапқан деседі. Қазақ фольклорында Қамбар Атаның мифтік болмысы су стихиясымен (“Көл иесі Қамбар-ау, Шөл иесі Қамбар-ау, қарағыма көз сал-ау”), музыкамен, муз. аспапты ойлап табумен (түрікмен мысалы), жылқы малымен байланысты. Жылқы (“су жылқылары”, “суын бие”, “суын айғыр”) мен музыканың су стихиясымен ұштастырылатындығына (қазақтың Қорқыт атасы, түрікпеннің Ашықайдыны, осетиннің Сырдоны, т.б.) қарап, Қамбар Ата мифтік сипатының тек жылқышыларға қамқорлық жасаумен шектеліп қалмайтындығын аңғаруға болады. Осындай үш сипаттағы Қамбар Ата бейнесінің қазақ-түрікпендік негізінің қалыптасу арнасы Каспий т-ндегі Маңғыстау жағалауында өрбіген. Жылқы иесі мен жылқышылар пірі болған түрікпендік Дүлдүл атаның моласы Каспий теңізінің жағасында, Маңғыстау облысына таяу жерде, Бекдаш қаласы маңында жатыр. Дүлдүл – Әзірет Әлінің тұлпары, ал теңіз жағалауындағы мола ежелден бар, яғни осы мола иесі ислам діні таралмастан бұрын оның жылқы иесі қызметін сақтағанымен, басқаша аталғандығын шамалауға болады.
Таласбек Әсемқұл Қамбардың шығу төркінін парсының "хаумаварга" (сақтар) сөзімен байланыстырады. "Хаумаварга" мен "Қамбар" - екеуі бір халықтың аты. "Хаумаварга" деп пасрылар, "қамбар" деп қаңлылар айтқан. Иран мен Тұран бөлінбей тұоғанда осы екі сөз бірдей қолданыста болған сияқты. Серікбол Қондыбайдың айтуынша, "қам" бақсы, шаман. Бақсының ойыны кейбір түркі тайпаларда "қамлау" деп аталады. Ал осы құрамадағы "бар" сөзі "бөрі" болуы мүмкін. Сонда жинақтап келгенде "қамбар" - "қамбөрі", яғни "қасқыр терісін киген бақсы" дегенді білдіруі мүмкін.
Сілтемелер
- https://el.kz/news/archive/ambar_ata/
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қambar Ata Қambar baba kazaktyn senim nanymynda zhylky malynyn piri iesi Kejbir anyzdarda Қ a esimi Muhammed g s pajgambardyn kүjeu balasy Әziret Әlinin atbegi bolgan Ganbar esimdi tarihi tulgamen bajlanystyrylady Қambar Ata bejnesi tүrki halyktarynyn ezhelgi folklorynda kop kezdesedi Mysaly tүrikpendik Gambar baba kazaktyn Қorkyty siyakty sazgerler men әnshilerdin akyndardyn piri bolyp sanalady ol dutar delinetin saz aspabyn ojlap tapkan desedi Қazak folklorynda Қambar Atanyn miftik bolmysy su stihiyasymen Kol iesi Қambar au Shol iesi Қambar au karagyma koz sal au muzykamen muz aspapty ojlap tabumen tүrikmen mysaly zhylky malymen bajlanysty Zhylky su zhylkylary suyn bie suyn ajgyr men muzykanyn su stihiyasymen ushtastyrylatyndygyna kazaktyn Қorkyt atasy tүrikpennin Ashykajdyny osetinnin Syrdony t b karap Қambar Ata miftik sipatynyn tek zhylkyshylarga kamkorlyk zhasaumen shektelip kalmajtyndygyn angaruga bolady Osyndaj үsh sipattagy Қambar Ata bejnesinin kazak tүrikpendik negizinin kalyptasu arnasy Kaspij t ndegi Mangystau zhagalauynda orbigen Zhylky iesi men zhylkyshylar piri bolgan tүrikpendik Dүldүl atanyn molasy Kaspij tenizinin zhagasynda Mangystau oblysyna tayau zherde Bekdash kalasy manynda zhatyr Dүldүl Әziret Әlinin tulpary al teniz zhagalauyndagy mola ezhelden bar yagni osy mola iesi islam dini taralmastan buryn onyn zhylky iesi kyzmetin saktaganymen baskasha atalgandygyn shamalauga bolady Talasbek Әsemkul Қambardyn shygu torkinin parsynyn haumavarga saktar sozimen bajlanystyrady Haumavarga men Қambar ekeui bir halyktyn aty Haumavarga dep pasrylar kambar dep kanlylar ajtkan Iran men Turan bolinbej tuoganda osy eki soz birdej koldanysta bolgan siyakty Serikbol Қondybajdyn ajtuynsha kam baksy shaman Baksynyn ojyny kejbir tүrki tajpalarda kamlau dep atalady Al osy kuramadagy bar sozi bori boluy mүmkin Sonda zhinaktap kelgende kambar kambori yagni kaskyr terisin kigen baksy degendi bildirui mүmkin Siltemelerhttps el kz news archive ambar ata