Қайран шешем — Құрманғазының бұл күйі анасы Алқаға арналған.
Бірде түрмеге айдалып бара жатқан Құрманғазы анасын көріп, көзіне жас алады. Мұны көрген анасы Алқа: «Мен ұл таптым деп жүрсем, жасық неме екен ғой туғаным. Кімнің алдында көзіңнің жасын шығарып тұрсың», — деп жағына шапалақпен тартып жіберіпті. Кейін түрмеде отырғанда осы күйін шығарған.
Күй аңызы
Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Бұл түрменің орда түрмесіндей емес, мықты екенін көріп, Құрманғазы біраз налиды. Бірнеше күн ешкіммен кеңеспей, өзімен-өзі болып, қалың уайым теңізіне батады. Бір күні қысқа серуен кезінде Лавочкин деген орыс тұтқынымен танысады. Ол «ақ патшаға тілі тигені үшін» қамалған орыс жұмыскері болып шығады. Өзі қазақ арасында көп болып, қазақшаны судай білетін болады. Ол Құрманғазыны жұбатып, көптеген ақыл айтып, өзінің өмірінен біраз шежіре айтады. Екеуі енді айырылмас дос болып, сырласып, ақылдасып отыратын болады. Құрманғазы Лавочкинге өзінің осы жолға шығардағы басынан кешкен бір әңгімесін баяндап береді:
– «Ақбаевтің атарман-шабармандары ұстап алып, көк арбаға тіркеп, енді жүргізейін деп тұрғанда шешем Алқа келе жатқанын көрдім. Әлпештеп өсірген анама әлі күнге бір қызмет ете алмай, оны үнемі қауіп-қатерде, жоқшылықта ұстап келгенмін. Енді, міне, көп жылдан соң келгенде тағы да оны пұшайман етіп кетіп бара жатқаным ойыма түсіп, шыдай алмай көзімнен бір тамшы жас шығып кетті. Сонда, қайран шешем менің қасыма келіп:
– «Мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық неме екен ғой, туғаным. Кімнің алдында көзіңнің жасын шығарып тұрсың?!» – деп жағымнан шапалақпен тартып-тартып жіберді. Сонда ғана мен әнтектік жасағанымды сездім. Анама күле қарап қош айтыстым», — дейді.
Құрманғазының бұл әңгімесі Лавочкинге үлкен әсер етеді. Ол өзінің шешесінің талай мейірбанды істерін есіне алып, біраз әңгіме етеді. Құрманғазы болса шешесінің жас кезінде қандай сотқарлығы болса да кешіріп, қандай тентектігі болса да Сағырбайдан арашалап, қалай да Құрманғазыны қақпайламай, бір-беткей етіп өсіруге тырысқанын, ондай тәрбиенің Құрманғазы өмірінде үлкен рөл ойнағанын күйші қайта-қайта есіне түсіріп, небір еркеліктерін көз алдына елестетіп, көрер таңды көзімен атырады. Қатар жатқан Лавочкин де өзімен-өзі сырласып, ол да аунақшып ұйықтай алмай шығады. Ертеңінде Құрманғазы ойланып-толғанып, қолына домбырасын алып, қолы хат білмесе де, ардақты анасының айта қалғандай «жазасын» қағаз бетіне түсіретін мүмкіншілігі болмаса да, домбыраның қос ішегінде бір ескерткіш қалдырайын деп күй шертті. Оны лавочкинге тартып бергенде екеуінің ерлігі де бір сәт кейінгі пыланға шыға тұрып, кішкене көз жастарын төгіп алды. Бірақ өмірдің небір өткел бермес асуларын, асқар белдерінен өткен қайратты жігіттер тез өздерін-өздері жинап алып, күйді қайта-қайта орындап, тыңдап, оның ішінде тек сағыныш ноталары ғана емес, күш-қуат барын, тіпті сартылдап қашып бара жатқан аттың тұяғының сарыны барын естігенде, бірін-бірі тілсіз түсініп, ол сарынның арман даусы екенін біліп қойды. Ақылдасып келіп күйдің аты «Қайран шешем» болды.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қajran sheshem Қurmangazynyn bul kүji anasy Alkaga arnalgan Birde tүrmege ajdalyp bara zhatkan Қurmangazy anasyn korip kozine zhas alady Muny korgen anasy Alka Men ul taptym dep zhүrsem zhasyk neme eken goj tuganym Kimnin aldynda kozinnin zhasyn shygaryp tursyn dep zhagyna shapalakpen tartyp zhiberipti Kejin tүrmede otyrganda osy kүjin shygargan Kүj anyzyҚurmangazy Oral tүrmesinde zhatyp kalady Bul tүrmenin orda tүrmesindej emes mykty ekenin korip Қurmangazy biraz nalidy Birneshe kүn eshkimmen kenespej ozimen ozi bolyp kalyn uajym tenizine batady Bir kүni kyska seruen kezinde Lavochkin degen orys tutkynymen tanysady Ol ak patshaga tili tigeni үshin kamalgan orys zhumyskeri bolyp shygady Өzi kazak arasynda kop bolyp kazakshany sudaj biletin bolady Ol Қurmangazyny zhubatyp koptegen akyl ajtyp ozinin omirinen biraz shezhire ajtady Ekeui endi ajyrylmas dos bolyp syrlasyp akyldasyp otyratyn bolady Қurmangazy Lavochkinge ozinin osy zholga shygardagy basynan keshken bir әngimesin bayandap beredi Akbaevtin atarman shabarmandary ustap alyp kok arbaga tirkep endi zhүrgizejin dep turganda sheshem Alka kele zhatkanyn kordim Әlpeshtep osirgen anama әli kүnge bir kyzmet ete almaj ony үnemi kauip katerde zhokshylykta ustap kelgenmin Endi mine kop zhyldan son kelgende tagy da ony pushajman etip ketip bara zhatkanym ojyma tүsip shydaj almaj kozimnen bir tamshy zhas shygyp ketti Sonda kajran sheshem menin kasyma kelip Men ul taptym dep zhүrsem zhaman zhasyk neme eken goj tuganym Kimnin aldynda kozinnin zhasyn shygaryp tursyn dep zhagymnan shapalakpen tartyp tartyp zhiberdi Sonda gana men әntektik zhasaganymdy sezdim Anama kүle karap kosh ajtystym dejdi Қurmangazynyn bul әngimesi Lavochkinge үlken әser etedi Ol ozinin sheshesinin talaj mejirbandy isterin esine alyp biraz әngime etedi Қurmangazy bolsa sheshesinin zhas kezinde kandaj sotkarlygy bolsa da keshirip kandaj tentektigi bolsa da Sagyrbajdan arashalap kalaj da Қurmangazyny kakpajlamaj bir betkej etip osiruge tyryskanyn ondaj tәrbienin Қurmangazy omirinde үlken rol ojnaganyn kүjshi kajta kajta esine tүsirip nebir erkelikterin koz aldyna elestetip korer tandy kozimen atyrady Қatar zhatkan Lavochkin de ozimen ozi syrlasyp ol da aunakshyp ujyktaj almaj shygady Erteninde Қurmangazy ojlanyp tolganyp kolyna dombyrasyn alyp koly hat bilmese de ardakty anasynyn ajta kalgandaj zhazasyn kagaz betine tүsiretin mүmkinshiligi bolmasa da dombyranyn kos isheginde bir eskertkish kaldyrajyn dep kүj shertti Ony lavochkinge tartyp bergende ekeuinin erligi de bir sәt kejingi pylanga shyga turyp kishkene koz zhastaryn togip aldy Birak omirdin nebir otkel bermes asularyn askar belderinen otken kajratty zhigitter tez ozderin ozderi zhinap alyp kүjdi kajta kajta oryndap tyndap onyn ishinde tek sagynysh notalary gana emes kүsh kuat baryn tipti sartyldap kashyp bara zhatkan attyn tuyagynyn saryny baryn estigende birin biri tilsiz tүsinip ol sarynnyn arman dausy ekenin bilip kojdy Akyldasyp kelip kүjdin aty Қajran sheshem boldy Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet