Ерте заман
Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырлардың ерте кезеңінде-ақ (7 – 8 ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастаған. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалалардағы медреселер саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкірт білім алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түкпір-түкпірінде орналасқан. Ол жерлерде молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылданған, кейбір ауылдық жерлерде 7 – 9 жастағы балалар бірге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік беру тәртібі сақталмаған. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін жаттауды, әсіресе құранның араб тіліндегі мәтінін жатқа білуді мақсат етті.
Қалалардағы медреселерде ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, казиларды, діндар сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды дін қызметшілерін даярлаған. Ол мұсылманшылық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана емес, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарды. Белгілі ақындар, тіпті ағартушы-демократ ретінде танылған қазақ зиялыларының біразы осындай медреселерді тамамдаған. Мысалы, орта ғасырдағы Отырар медресесінде қазақ жерінің ұлы перзенті, Шығыс Аристотелі, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби білім алды. Беріректе Уфадағы “Ғалия” медресесінде Т.Жомартбаев, М.Сералин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде Абай Құнанбаев оқыды. Бұл оқу орындарында дін жолын уағыздайтын пәндерден басқа заңтану, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. зайырлы пәндер оқытылған. Медреселердің жанында кітапханалар болды. Оқу мерзімі шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты болған. Оқуды тамамдаған шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Киіз үйлерде оқытатын мұсылман мектептері ауылдармен бірге көшіп-қонып жүрген. Бай саудагерлердің қаржыларына салынған қала медреселері ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, бағдарламалары және тұрақты сабақ кестелері болған жоқ.
Ресей Империясы кезеңі
Қазақстанның Ресейге қарап, оған империяның Орталық аудандарындағыдай әкімшілік жүйе енгізіле бастауына байланысты, жергілікті басқару буындарында істейтін шенеуніктер мен тілмаштар даярлайтын орыс-қазақ және орыс-тузем мектептерін ашу қажеттігі туды.
Осы мақсатта Омбыда 1789 ж. “Азиялық училище” ашылды. Бұл оқу орнына қазақ балалары да қабылданды.
1841 ж. Бөкей Ордасында Жәңгір хан қазақ балалары үшін орыс мектеп-пансионатын ашты.
1825 ж. Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадет училищесі (ол 1844 ж. кадет корпусы болып аталды),
1846 ж. Сібір қазақалаорыс әскери училищесі негізінде Омбы кадет корпусы ірге көтерді.
Бұл оқу орындарын қазақтың тұңғыш зиялылары: Шоқан Уәлиханов, Садық Бабажанов, Халиолла Өскенбаев, т.б. оқып бітірді.
1850 ж. Орынбордың Шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін жеті жылдық мектеп ашылды. Осы мектептің түлегі қазақтың демократ-ағартушы педагогі Ы.Алтынсариннің басшылығымен 1864 ж. 8 қаңтарда Торғайда тұңғыш қазақ мектебі және оның жанынан интернат ашылды. Ол педагогика классиктерінің (Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, т.б.) гуманистік идеяларын басшылыққа алып, өзі ашқан мектептердің оқу жүйесіне енгізді.
Оның “Қазақ хрестоматиясы” (1879) мен “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1880) атты оқулықтары осы идеяға негізделген шынайы демокр. бағыттағы еңбектер еді. Ы.Алтынсарин жаттамалы, мағынасыз діни оқуға қарсы болды. Өзі ашқан қазақалаорыс мектептерінде басқа ғылымдармен бірге дін тарихын да оқыта отырып, “Мұсылмандық шарттары” атты оқулығын жазды. Онда діннің имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу шарттарын оқушыларға түсіндіру мақсатын көздеді.
1879 – 89 ж. Торғай облысы халық ағарту уч-щелерінің инспекторы қызметінде жүріп, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ мектептерін, 1888 ж. Орскіде мұғалімдер мектебін ашты. Ол “балаларды жазалап оқыту” әдісіне қарсы күресті. Мектептерде ана тіліне қоса орыс тілін, арифметика, табиғаттану сабақтарын өткізуді қуаттады. Алтынсарин патша үкіметі жүргізіп келген бұратана халықтарды орыстандыру – шоқындырып, тілінен, дінінен бездіру сияқты миссионерлік саясатқа қарсылық білдіріп бақты.
19 ғ-дың 2-жартысында қазақ мектептері қандай болуы керек деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Ол жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарастағы топтар пайда болды. Бірі – бұратана халықты шала сауатты күйде қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздеген Н.И. Ильминский бастаған миссионерлер болса, екіншісі – орыс халқының прогресшіл озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы өз елін өркениетті елдердің деңгейіне көтеруді көздеген Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты демократ-ағартушылар еді. Абай “Дүниенің кілті өнер-білімде”, “Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз”, – деп жастарға жар салды.
А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Ол бастаған бір топ қазақ зиялысы 1905 ж. 26 маусымда Қарқаралы қазақтары атынан Мин. Кеңесінің төрағасына петиция жолдап, “Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін” деген талап қойды. Байтұрсынов қазақ тілінде тұңғыш әліппе құралын жазды (1912). Оның 1892 ж. Қазанда басылған “Букварь для киргизов” деген оқу құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген.
ХХ ғасыр
1920 ж. қазанда Қазақ АКСР-нің ХАК-ы құрылып, А.Байтұрсынов халық комиссары болды.
1921 ж. ақпанның 18-інде Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие ісі, оқу-тәрбие жұмысына байланысты, т.б. мәселелер қаралды.
1922 – 23 ж. ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шаралар іске асырылды, қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде “Физика”, “Грамматика”, “Педагогика”, “Алгебра”, “Мектеп гигиенасы”, т.б. бар. Бұл оқулықтарды жазуға Байтұрсынов, Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Асфендияров, Жомартбаев, , , Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты.
1920 – 30 ж. республика мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекеттікекет тарапынан орасан мол қаржы жұмсалды. 367 мектеп жаңадан салынып, 361-і күрделі жөндеуден өткізілді. Осы жылдары бастауыш мектептер саны 333-тен (1926) 1864-ке (1930) жетті (оның 1231-і қазақ мектебі), оқушылар саны 215,1 мыңнан 320,1 мыңға жетті (оның 124,9 мыңы қазақ). Алайда қазақ қыздарын оқуға тарту әлі де өз дәрежесінде болмады. Бастауыш мектепте оқитындардың 11%-ы ғана қазақ қыздары еді.
1928 ж. ҚазОАК-нің 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы қаулы қабылдады. Бұл жылдары қазақ орта мектептерінің саны аз еді. 1927 – 28 ж. республикада үш-ақ орта мектеп (Ташкент, Орынбор, Қызылорда) болды. Оқушылардың көбі 7 жылдық мектепті бітірісімен техникумдар мен ФЗО-ларға кетіп жатты.
1929 ж. республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тілі болып келген араб әліпбиінен латыншаға көшуі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен соққы болып тиді. Араб әліпбиімен шыққан мәдени бай мұралардың көбі отқа өртелді.
1940 ж. латын әліпбиінен кириллицаға көшу елдегі ағарту ісін тағы көп жылға шегеріп тастады.
1937 ж. қазақ бастауыш мектептерінің саны 537-ден 1190-ға, орта мектептер 11-ден 48-ге, орталау мектептер 143-тен 237-ге жетті.
1940 – 41 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерге 1 млн. 145 мың 993 оқушы тартылды. Оның 441 мыңы қазақ балалары еді. Бұл 1925 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Оқуға тартылған қазақ қыздарының саны 20 мыңға артты, мұғалім кадрларының сапасы жақсарды. Мысалы, 1940 ж. жалпы білім беретін мектептерде 44597 мұғалім қызмет етті, оның 17,5 мыңы қазақ әйелдері еді.
1945 – 60 ж. мектептердің, оларда оқитындардың саны күрт өсе бастады. 1960 ж. жалпы білім беретін 10363 мектеп жұмыс істеді, онда 1 млн. 814 мыңнан астам оқушы білім алды.
1954 ж. тың игеру науқаны кезінде елде 1960 жаңа кеңшар орнап, жүздеген жаңа мектеп салынды. 1960 ж. республика бюджетінен оқу-ағарту ісіне 2 миллиард сомға таяу қаржы жұмсалды. Қазақстанда төл оқулықтар жасау мәселесі мықтап қолға алынды. Бұл іспен Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Т.Қордабаев, Ә.Маманов, М.Балақаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, т.б. республикаға белгілі ғалымдар айналысты. Алайда бұл жылдары оқу-ағарту саласында жаңа мәселелер де туындады. Орталық Қазақстанға Ресей, Украина, Молдова, Беларусь республикаларынан тың көтеру науқанымен мыңдаған отбасылардың қоныс аударуына байланысты көптеген қазақ мектептері жабылып, аралас орыс-қазақ немесе таза орыс мектептеріне айналдырылды. Соның салдарынан Қазақстанда 700-ден астам қазақ мектебі жабылды, қазақ тіліндегі газет, журнал, кітап таралымы құлдырап кетті. 600 мыңнан астам қазақ баласы орыс мектептерінде оқуға мәжбүр болды. Мың жарымнан астам аралас орыс-қазақ мектептері пайда болды. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-сыныптан бастап оқыту жөнінде қаулы алды. Бұл қазақ тілінің рөлін төмендетіп жіберді.
1960 – 70 ж. арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер енгізілді. Мектептерді 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшіру ісі 1962 – 63 оқу жылында аяқталды. Жаппай 8 жылдық білім беруді іске асыру заңы оқудың сапасына кері әсер етті, талап төмендеп кетті. Оқушылардың білімге ынтасы кеміді. Орыс тілін оқытуға ерекше көңіл бөлініп, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында сабақ түгелдей орыс тілінде жүргізілгендіктен қазақ мектептеріндегі оқушылардың саны кеми түсті.
1980 – 90 ж. елімізде халыққа жаппай орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі 6 жастан бастап оқыту болды. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі шағын мектептер мәселесін шешу, бастауыш мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта білім беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мектептегі оқу ісі мемлекеттік білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды, көп қаржы жұмсауды және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді. Оның бірінші кезеңі 1994 – 97 ж., жалпы білім беретін мектептерді толық білім стандартына көшіру ісін аяқтау 2001 – 02 жылдарды қамтыды. Жалпы білім беретін базалық мектептердегі оқу жүйесі – 11 жылдық. Белгілі бір білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер ашу, оқуды тегін оқытумен қатар жекелеген ақылы мектептер ашу ісі де жүргізілді.
Қазақстанда тұңғыш мұғалімдер семинариясы 1883 ж. Ы.Алтынсариннің басшылығымен Орск қаласында ашылды. Ыбырай енгізген оқу-ағарту ісіндегі бір жаңалық – қазақ жастарына арналған тұңғыш кәсіптік мамандық беретін училищилердің ашылуы болды.
1886 ж. Торғайда қолөнер училищесі, 1888 ж. Торғай мен Ырғызда қыздар пансионаттары, ал 1889 ж. Қостанайда ауыл шаруашығы училищесі ашылды.
Бұдан кейін 1890 ж. Қарабұлақта, 1893 ж. Қостанайда, 1896 ж. Ақтөбеде қыздар училищесі іске қосылды. Бұл оқу орындарында қолөнері мен ауыл шаруашығы шеберханалары жұмыс істеді. Алтынсариннің кәсіптік білім беру жөніндегі ой-пікірі кеңінен қолдау тауып,
1902 ж. Семейде мұғалімдер семинариясы ашылып, Орталық Қазақстан өлкесіндегі (Семей, Өскемен, Қарағанды, Ақмола) мектептерге мұғалімдер даярлау ісі қолға алынды. Онда қазақтың аса көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ж.Аймауытов, М.Ақынжанов, О.Жәутіков, Ә.Сембаев, тұңғыш генерал Ш.Қабылбаев, Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов, Кеңес Одағының Батырлары: Ізғұтты Айтықов, В.А. Шулятников, Б.Бунтовских, Социалистік Еңбек Ерлері: Ж.Шәйжүнісов, М.А. Носова, Д.М. Парлей, т.б. оқыды. Кейін мұғалімдер семинариясы Ташкент, Омбы, Орал, Ақтөбе, Алматы, Ақмола қалаларында ашылды. 1883 – 1920 ж. аралығында оны 300-дей қазақ балалары бітіріп шықты.
1941 ж. КСРО-да 1 млн-ға жуық оқушысы бар арнаулы орта білім беретін 3773 оқу орны жұмыс істеді. Ал 1957 – 58 оқу жылдарында техникумдар мен уч-щелерде, арнаулы мектептерде 2 млн. оқушы болды.
1940 – 41 оқу жылында арнаулы орта білім беретін 118 мектепте 30 мың оқушы оқыды. 1969 – 70 оқу жылында бұл мектептердің саны 186-ға жетіп, 43610 оқушысы болды. 2-дүниежүз. соғыстан кейінгі жылдары арнайы орта білімді мамандарды неғұрлым қысқа мерзімде даярлау қажеттігіне байланысты бұл оқу орындарына 9 сыныпты бітіргендер ғана емес, орта мектепті бітірген жастар да қабылданатын болды. Олар 1,5 – 2 жыл ішінде арнайы мамандықты игеріп, өндіріске жолдама алды.
Арнаулы орта білім беру саласында оқушыларды еңбекке баулу және кәсіптік бағдар беру жүйесі негізінен орнығып, тиімді түрлері мен әдістері белгіленді. Жоғары сынып оқушыларын еңбекке баулудың және кәсіптік бағдарлаудың ұйымдық нысандары мен мазмұнында елеулі өзгерістер болды. КОКП ОК мен КСРО Мин. Кеңесінің “Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу мен оларды еңбекке баулуды одан әрі жетілдіру туралы” қаулысы жастарды материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даярлау және болашақ мамандықты дұрыс таңдау ісіндегі жаңа бір маңызды кезең болып, еңбекке баулуды ғылыми негізде жүйелі жүргізу және оқушыларға кәсіптік бағдар беру негізінен орындалды. Мектептер кәсіптік-техникалық уч-щелермен тығыз байланыс жасап тұрды. Мектеп реформасын жүзеге асыру бағытында бірлескен кешенді шаралар белгіленді. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берумен қатар электронды-есептеуіш микропроцессорлы техникамен қоса металлургия өндірісін, автоматика, телемеханика негіздерін оқыту қолға алынды. Ауыл мектептеріндегі оқушылар мал ш-нда жұмыс істеуге үйренді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, дала қостары өмірге келді. Олар экон. жағынан тиімді болып, кезінде елдің азықалатүлік бағдарламасына елеулі үлес қосты. 1991 ж. жаңа үлгідегі мектептер мен арнаулы орта білім беретін оқу орындары: лицей, гимназия, кәсіптік-техникалық мектептер, колледждер өмірге келді. 2003 ж. республикада – 108 гимназия, 63 лицей, 289 лицейлік және гимназиялық сыныптары бар мектептер, дарынды балаларға арналған 30 мектеп жұмыс істеді. Сондай-ақ, 312 кәсіптік-техникалық мектепте 89 мыңнан астам оқушы, 382 колледжде 207 мыңнан астам студент оқыды.
1995 ж. Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға бірдей міндетті әрі тегін орта білім беру бағыты жарияланды. ҚР “Білім беру туралы” жаңа Заңында да (1999 ж. 7 маусымда қабылданған) бұрынғыдай жалпы білім беретін мектептің бастауыш (1 – 4-сыныптар), негізгі (5 – 9-сыныптар) және жоғары (10 – 12-сыныптар) деп аталатын үш сатысы бекітілді. Орта (толық) білім алудың түрлі жолдары айқындалды. Орта білім жалпы білім беретін (күндізгі, кешкі) және кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде берілетін болды. Мұнда оқушы кәсіби мамандық алумен қатар оқуын мектеп бағдарламасы бойынша аяқтайды. “Білім беру туралы” Заңға сәйкес бұрынғы нормативтік құқықтық негіз жаңартылып, мемлекеттік “Білім” бағдарламасы жасалуда. Бұл бағдарлама білім беру жүйесін реформалауды қазіргі экон., әлеум. және саяси жағдайға сәйкестендіреді.
1990 – 99 ж. ҚР білім саласына қатысты оннан астам мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Олар: “Дарын” мемлекеттікекеттік бағдарламасы. Дарынды балалардың шығарм. дамуын қолдау мақсатын көздейді. Осы бағдарлама шеңберінде 1997 ж. республиканың сегіз облысында дарынды балалар үшін арнаулы мектептер мен мектеп-интернаттары бар республикалық “Дарын” ғылыми-практикалық Орталық құрылды.
1996 жылдың соңында шет елдерде тұратын отандастарды қолдау мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның шеңберіне тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту мен қайта оқыту кіреді.
1997 ж. Орта білім жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттікекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның мақсаты – республика мектептерін мультимедиялық компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету, компьютерлік оқу бағдарламаларын, электрондық оқулықтар жасау, білім беруді басқару жүйесін ақпараттандыру. “Жалпы білім беретін мектептер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау және басып шығару туралы” кешенді бағдарлама жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа үлгідегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жасауды мақсат етеді. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тілдерді оқытудың түпнұсқа бағдарламалары мен жаңа технологиясын дайындауды, қазақ тілін оқытуды тиімді жүргізуге байланысты оқулықтар, аудиокөру, компьютерлік бағдарламалар шығаруды көздейді. Экологиялық білім беру бағдарламасы республикалық білім беру және басқа құрылымдарында үздіксіз экол. білім беруді дамыту мен үйлестіруді мақсат еткен.
ҚР-да 1998 – 2000 ж. кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді бағдарлама, т.б. бағдарламалар бар.
1919 – 20 ж. Орынборда, Ордада, Семейде ағарту институттары, 1920 ж. қарашада Түркістан мемлекеттік университеті (кейіннен Орта Азия университеті) ашылды. Бұл университет Орта Азия мен Қазақстан үшін кадр даярлаудың негізгі орталығына айналды. Оның жанында қазақ жастарын оқытатын арнаулы бөлімдер болды.
1920 ж. Ордада, Бөкей халық ағарту ісі бөлімшесінде Бөкей ағарту институты ашылды. 1921 ж. Орынборда (кейін Қызылордаға көшірілді) және Верныйда Қазақ халық ағарту институттары ашылды. Бұл жылдары Ресей мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарындағы қазақстандық студенттер саны жыл сайын өсіп отырды. 1926 ж. 2 шілдеде Ташкенттегі Қазақ ағарту институты педагогикалық ин-т деп аталды.
Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институты 1928 ж. Алматы қаласында ашылды.
1929 ж. Алматы малдәрігерлік институты, 1930 ж. Қазақ ауыл шаруашығы институты,
1931 ж. Қазақ медициналық институты, 1932 ж. Орал педагогикалық институты ашылды.
1932 ж. республиканың 6 жоғары оқу орынында 2 мың студент оқыды, олардың 40,5%-ы қазақ жастары еді.
1934 ж. Қазақ мемлекеттік университеті және Тау-кен-металлургия институты ашылды.
1941 ж. республиканың халық ш-нда жұмыс істейтін кәсіби мамандардың (52,3 мың адам) жоғары білімдісі 16,8 мың адам, яғни 32,2% болды. 1940/41 оқу жылы республиканың 20 оқу орнында 10419 студент оқыды. 1950 – 60 ж. Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Ақмола (қазіргі Астана) қалаларында педагогика, Орал мен Ақмолада ауыл шаруашығы, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Ақмолада медицина институттары, Алматыда – Алматы халық ш. институты (қазіргі Қазақ экономика университеті), Қарағандыда политехникалық және кооп., Павлодарда индустр., Өскеменде құрылыс-жол, Ақмолада инж.жол-құрылыс, Таразда гидромелиоративтік-құрылыс және технол. ин-ттар ашылды.
1972 ж. Қарағанды мемлекеттік университеті, Арқалық, Талдықорған педагогикалық институттары ашылды. 1986/87 оқу жылында Қазақстанның 55 жоғары оқу орынында 274 мың студент оқыды. 2000/2001 оқу жылында елдегі 47 мемлекеттік жоғары оқу орыдарындағы студенттер саны 267 447 болды.
Жоғарғы білім берудің дамуы
Жоғары деңгейдегі мамандар даярлау, білім беру, ғылым мен мәдениетті дамытуда үлкен жұмыстар атқарып отырған сегіз мемлекеттік жоғары оқу орнына 2001 ж. 5 шілдеде ҚР Президентінің Жарлығымен ерекше мәртебе берілді. Олар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; Қазақ ұлттық аграрлық университеті; Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; С.Ж. Аспандияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті; Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы; Қазақ ұлттық музыка академиясы.
Бұлармен қатар республикада 35 мемлекеттік жоғары оқу орны бар. Олар: Ақмола мемлекеттік медициналық академиясы, Ақмола аграрлық университеті, Ақтау мемлекеттік университеті, Ақтөбе мемлекеттік университеті, Алматы технол. университеті, Атырау мұнай және газ институты, Атырау университеті, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Жезқазған университеті, Жетісу мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы, Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы, Қазақ мемлекеттік заң академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды металлургия институты, Көкшетау мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік университеті, Қызылорда мемлекеттік университеті, халықаралық қазақалатүрік университеті, Павлодар мемлекеттік университеті, Рудный индустр иялық институты, Солт. Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік медицина академиясы, Семей мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. ҚР Қорғаныс мин-нің әскери оқу орындары Қазақстанның Қарулы Күштері үшін командалық, инж.-техникалық және арнаулы мамандықтар бойынша кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатын көздейді.
ҚР әскери оқу орындарына: ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясы, Ақтөбе жоғары әскери авиац. училищесі, Азаматтық авиация академиясы жанындағы әскери ф-т, ҚР Қорғаныс мин-нің кадет корпусы, “Жас ұлан” республикалық мектебі, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардағы офицерлер құрамын даярлау және қайта даярлау курстары жатады. Алғашқы мемлекеттік емес жоғары оқу орындары Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін ғана пайда болды.
Өзінің он жылдық дамуы барысында жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік емес секторы жалпы білім беру жүйесінде елеулі рөл атқара бастады. 2001 жылдың басында елде жоғары кәсіби білімді мамандар даярлауға мемлекеттік лицензия алған 121 мемлекеттік емес жоғары оқу орны болды.
Сілтемелер
- Қазақстан Республикасының білім және ғылыми министрлігі Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2017 жылы.
- Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы Мұрағатталған 12 маусымның 2021 жылы.
- "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы Мұрағатталған 6 мамырдың 2021 жылы.
- Назарбаев Зияткерлік мектептері конференциялары мен семинарлары
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Erte zamanҚazakstan zherinde әsirese onyn otyrykshy audandarynda orta gasyrlardyn erte kezeninde ak 7 8 g koptegen mektepter musylmansha bastauysh oku orny men medreseler dini bilim beretin ortadan zhogary oku oryndary zhumys istej bastagan Ertedegi Isfidzhab Taraz Sajram Tүrkistan Otyrar t b kalalardagy medreseler sany 84 ke zhetken Olarda 5 mynga zhuyk shәkirt bilim algan Auyldyk mektepter ken bajtak olkenin tүkpir tүkpirinde ornalaskan Ol zherlerde moldalar tatar bashkurt t b ustazdyk etken Okytu akysy halyktan zhinaldy Balalar kys kүz ajlarynda gana zhylyna 4 ne 6 aj okygan Oku merzimi 4 zhyl okuga zheti zhastan bastap kabyldangan kejbir auyldyk zherlerde 7 9 zhastagy balalar birge oki bergen Oku akysy zattaj tolengen zhyl ayagynda emtihan tapsyru mektep bitirgeni үshin balaga resmi kuәlik beru tәrtibi saktalmagan Sauat ashu zholy arab әripteri men sozderin zhattaudy әsirese kurannyn arab tilindegi mәtinin zhatka biludi maksat etti Қalalardagy medreselerde islam dinin uagyzdajtyn bastauysh musylman mektepterinin moldalaryn kazilardy dindar sopylar men sharigat zandaryn tүsindiretin zhogary lauazymdy din kyzmetshilerin dayarlagan Ol musylmanshylyk rәsimderin taratushy oku orny gana emes iri mәdeniet ortalygy retinde de kyzmet atkardy Belgili akyndar tipti agartushy demokrat retinde tanylgan kazak ziyalylarynyn birazy osyndaj medreselerdi tamamdagan Mysaly orta gasyrdagy Otyrar medresesinde kazak zherinin uly perzenti Shygys Aristoteli ekinshi ustaz atangan Әbu Nasyr әl Farabi bilim aldy Berirekte Ufadagy Ғaliya medresesinde T Zhomartbaev M Seralin B Majlin M Zhumabaev Semejdegi Ahmet Riza medresesinde Abaj Қunanbaev okydy Bul oku oryndarynda din zholyn uagyzdajtyn pәnderden baska zantanu tarih logika ritorika geografiya filosofiya matematika astronomiya medicina t b zajyrly pәnder okytylgan Medreselerdin zhanynda kitaphanalar boldy Oku merzimi shәkirttin algyrlygyna үlgerim kabiletine bajlanysty bolgan Okudy tamamdagan shәkirtterge resmi kuzhat tabys etildi Kiiz үjlerde okytatyn musylman mektepteri auyldarmen birge koship konyp zhүrgen Baj saudagerlerdin karzhylaryna salyngan kala medreseleri gana arnauly үjlerge ornalasty Bul mektepterde oku zhospary bagdarlamalary zhәne turakty sabak kesteleri bolgan zhok Resej Imperiyasy kezeniҚazakstannyn Resejge karap ogan imperiyanyn Ortalyk audandaryndagydaj әkimshilik zhүje engizile bastauyna bajlanysty zhergilikti baskaru buyndarynda istejtin sheneunikter men tilmashtar dayarlajtyn orys kazak zhәne orys tuzem mektepterin ashu kazhettigi tudy Osy maksatta Ombyda 1789 zh Aziyalyk uchilishe ashyldy Bul oku ornyna kazak balalary da kabyldandy 1841 zh Bokej Ordasynda Zhәngir han kazak balalary үshin orys mektep pansionatyn ashty 1825 zh Orynbordagy tatar mektebi negizinde Neplyuev kadet uchilishesi ol 1844 zh kadet korpusy bolyp ataldy 1846 zh Sibir kazakalaorys әskeri uchilishesi negizinde Omby kadet korpusy irge koterdi Bul oku oryndaryn kazaktyn tungysh ziyalylary Shokan Uәlihanov Sadyk Babazhanov Haliolla Өskenbaev t b okyp bitirdi 1850 zh Orynbordyn Shekara komissiyasy zhanynan kazak balalary үshin zheti zhyldyk mektep ashyldy Osy mekteptin tүlegi kazaktyn demokrat agartushy pedagogi Y Altynsarinnin basshylygymen 1864 zh 8 kantarda Torgajda tungysh kazak mektebi zhәne onyn zhanynan internat ashyldy Ol pedagogika klassikterinin Ya A Komenskij K D Ushinskij L N Tolstoj t b gumanistik ideyalaryn basshylykka alyp ozi ashkan mektepterdin oku zhүjesine engizdi Onyn Қazak hrestomatiyasy 1879 men Қazaktarga orys tilin үjretudin bastauysh kuraly 1880 atty okulyktary osy ideyaga negizdelgen shynajy demokr bagyttagy enbekter edi Y Altynsarin zhattamaly magynasyz dini okuga karsy boldy Өzi ashkan kazakalaorys mektepterinde baska gylymdarmen birge din tarihyn da okyta otyryp Musylmandyk sharttary atty okulygyn zhazdy Onda dinnin imandylykka adamgershilikke tәrbieleu sharttaryn okushylarga tүsindiru maksatyn kozdedi 1879 89 zh Torgaj oblysy halyk agartu uch shelerinin inspektory kyzmetinde zhүrip Elek Қostanaj Torgaj Yrgyz uezderinde eki synyptyk orys kazak mektepterin 1888 zh Orskide mugalimder mektebin ashty Ol balalardy zhazalap okytu әdisine karsy kүresti Mektepterde ana tiline kosa orys tilin arifmetika tabigattanu sabaktaryn otkizudi kuattady Altynsarin patsha үkimeti zhүrgizip kelgen buratana halyktardy orystandyru shokyndyryp tilinen dininen bezdiru siyakty missionerlik sayasatka karsylyk bildirip bakty 19 g dyn 2 zhartysynda kazak mektepteri kandaj boluy kerek degen mәsele kүn tәrtibine kojyla bastady Ol zhoninde bir birine karama karsy eki kozkarastagy toptar pajda boldy Biri buratana halykty shala sauatty kүjde kaldyryp tol mәdenietinen kol үzdirip birte birte orystandyru sayasatyn kozdegen N I Ilminskij bastagan missionerler bolsa ekinshisi orys halkynyn progresshil ozyk mәdeniet үlgilerin igeru arkyly oz elin orkenietti elderdin dengejine koterudi kozdegen Sh Uәlihanov Y Altynsarin A Қunanbaev siyakty demokrat agartushylar edi Abaj Dүnienin kilti oner bilimde Dүnie de ozi mal da ozi gylymga konil bolseniz dep zhastarga zhar saldy A Bajtursynov kazak balalarynyn ana tilinde sauat ashuyna kop kүsh zhumsady Ol bastagan bir top kazak ziyalysy 1905 zh 26 mausymda Қarkaraly kazaktary atynan Min Kenesinin toragasyna peticiya zholdap Қazak dalasynda oku agartu isi durys zholga kojylsyn ol үshin auyl mektepterinde balalar kazaksha sauat ashatyn bolsyn Oku ana tilinde zhүrgizilsin degen talap kojdy Bajtursynov kazak tilinde tungysh әlippe kuralyn zhazdy 1912 Onyn 1892 zh Қazanda basylgan Bukvar dlya kirgizov degen oku kuraly zheti ret kajta basylyp 1925 zhylga dejin kazak mektepterinin negizgi oku kuraly retinde pajdalanylyp kelgen HH gasyr1920 zh kazanda Қazak AKSR nin HAK y kurylyp A Bajtursynov halyk komissary boldy 1921 zh akpannyn 18 inde Bүkilkazakstandyk oku agartu konferenciyasy shakyryldy Onda balalardy korgau biryngaj mektep zhүjesin kuru kәsiptik tehnikalyk bilim beru sayasi tәrbie isi oku tәrbie zhumysyna bajlanysty t b mәseleler karaldy 1922 23 zh ult mektepterin tol okulykpen bagdarlamamen kamtamasyz etude biraz sharalar iske asyryldy kazak tilinde 14 okulyk shygaryldy Olardyn ishinde Fizika Grammatika Pedagogika Algebra Mektep gigienasy t b bar Bul okulyktardy zhazuga Bajtursynov Zhumabaev Zh Ajmauytov M Әuezov S Asfendiyarov Zhomartbaev T Zholdybaev t b katysty 1920 30 zh respublika mektepterinin oku bazasyn kүshejtuge memlekettikeket tarapynan orasan mol karzhy zhumsaldy 367 mektep zhanadan salynyp 361 i kүrdeli zhondeuden otkizildi Osy zhyldary bastauysh mektepter sany 333 ten 1926 1864 ke 1930 zhetti onyn 1231 i kazak mektebi okushylar sany 215 1 mynnan 320 1 mynga zhetti onyn 124 9 myny kazak Alajda kazak kyzdaryn okuga tartu әli de oz dәrezhesinde bolmady Bastauysh mektepte okityndardyn 11 y gana kazak kyzdary edi 1928 zh ҚazOAK nin 3 sessiyasy bul mәselege erekshe toktalyp kazak kyzdaryn okuga koptep tartu turaly arnajy kauly kabyldady Bul zhyldary kazak orta mektepterinin sany az edi 1927 28 zh respublikada үsh ak orta mektep Tashkent Orynbor Қyzylorda boldy Okushylardyn kobi 7 zhyldyk mektepti bitirisimen tehnikumdar men FZO larga ketip zhatty 1929 zh respublikanyn ezhelden gylym әdebiet mәdeniet tili bolyp kelgen arab әlipbiinen latynshaga koshui oku agartu isinin damuyna үlken sokky bolyp tidi Arab әlipbiimen shykkan mәdeni baj muralardyn kobi otka orteldi 1940 zh latyn әlipbiinen kirillicaga koshu eldegi agartu isin tagy kop zhylga shegerip tastady 1937 zh kazak bastauysh mektepterinin sany 537 den 1190 ga orta mektepter 11 den 48 ge ortalau mektepter 143 ten 237 ge zhetti 1940 41 oku zhylynda zhalpy bilim beretin mektepterge 1 mln 145 myn 993 okushy tartyldy Onyn 441 myny kazak balalary edi Bul 1925 zhylmen salystyrganda 6 ese kop Okuga tartylgan kazak kyzdarynyn sany 20 mynga artty mugalim kadrlarynyn sapasy zhaksardy Mysaly 1940 zh zhalpy bilim beretin mektepterde 44597 mugalim kyzmet etti onyn 17 5 myny kazak әjelderi edi 1945 60 zh mektepterdin olarda okityndardyn sany kүrt ose bastady 1960 zh zhalpy bilim beretin 10363 mektep zhumys istedi onda 1 mln 814 mynnan astam okushy bilim aldy 1954 zh tyn igeru naukany kezinde elde 1960 zhana kenshar ornap zhүzdegen zhana mektep salyndy 1960 zh respublika byudzhetinen oku agartu isine 2 milliard somga tayau karzhy zhumsaldy Қazakstanda tol okulyktar zhasau mәselesi myktap kolga alyndy Bul ispen E Bekmahanov N Sauranbaev S Amanzholov I Kenesbaev A Yskakov T Қordabaev Ә Mamanov M Balakaev Қ Zhumaliev M Ғabdullin t b respublikaga belgili galymdar ajnalysty Alajda bul zhyldary oku agartu salasynda zhana mәseleler de tuyndady Ortalyk Қazakstanga Resej Ukraina Moldova Belarus respublikalarynan tyn koteru naukanymen myndagan otbasylardyn konys audaruyna bajlanysty koptegen kazak mektepteri zhabylyp aralas orys kazak nemese taza orys mektepterine ajnaldyryldy Sonyn saldarynan Қazakstanda 700 den astam kazak mektebi zhabyldy kazak tilindegi gazet zhurnal kitap taralymy kuldyrap ketti 600 mynnan astam kazak balasy orys mektepterinde okuga mәzhbүr boldy Myn zharymnan astam aralas orys kazak mektepteri pajda boldy Osygan bajlanysty Қazakstan үkimeti orys tilin 1 synyptan bastap okytu zhoninde kauly aldy Bul kazak tilinin rolin tomendetip zhiberdi 1960 70 zh arasynda oku mazmunyna iri ozgerister engizildi Mektepterdi 7 zhyldyktan 8 zhyldykka koshiru isi 1962 63 oku zhylynda ayaktaldy Zhappaj 8 zhyldyk bilim berudi iske asyru zany okudyn sapasyna keri әser etti talap tomendep ketti Okushylardyn bilimge yntasy kemidi Orys tilin okytuga erekshe konil bolinip arnauly orta zhәne zhogary oku oryndarynda sabak tүgeldej orys tilinde zhүrgizilgendikten kazak mektepterindegi okushylardyn sany kemi tүsti 1980 90 zh elimizde halykka zhappaj orta bilim beru salasynda biraz zhumys zhүrgizildi Sonyn biri 6 zhastan bastap okytu boldy Sondaj ak auyldyk zherlerdegi shagyn mektepter mәselesin sheshu bastauysh mektepke aldyn ala dayarlau zhappaj orta bilim beruge koshu mekteparalyk oku sheberhanalaryn ashu mәselelerine erekshe konil bolindi Mekteptegi oku isi memlekettik bilim standartynan tuyndajtyn zhana talaptarga saj keletindej etip ujymdastyrudy kop karzhy zhumsaudy zhәne gylymi zertteu zhumysyn zhүrgizudi kazhet etedi Onyn birinshi kezeni 1994 97 zh zhalpy bilim beretin mektepterdi tolyk bilim standartyna koshiru isin ayaktau 2001 02 zhyldardy kamtydy Zhalpy bilim beretin bazalyk mektepterdegi oku zhүjesi 11 zhyldyk Belgili bir bilim salalaryna ikemi bar balalarga arnalgan licej gimnaziya kolledzh medreseler ashu okudy tegin okytumen katar zhekelegen akyly mektepter ashu isi de zhүrgizildi Қazakstanda tungysh mugalimder seminariyasy 1883 zh Y Altynsarinnin basshylygymen Orsk kalasynda ashyldy Ybyraj engizgen oku agartu isindegi bir zhanalyk kazak zhastaryna arnalgan tungysh kәsiptik mamandyk beretin uchilishilerdin ashyluy boldy 1886 zh Torgajda koloner uchilishesi 1888 zh Torgaj men Yrgyzda kyzdar pansionattary al 1889 zh Қostanajda auyl sharuashygy uchilishesi ashyldy Budan kejin 1890 zh Қarabulakta 1893 zh Қostanajda 1896 zh Aktobede kyzdar uchilishesi iske kosyldy Bul oku oryndarynda koloneri men auyl sharuashygy sheberhanalary zhumys istedi Altynsarinnin kәsiptik bilim beru zhonindegi oj pikiri keninen koldau tauyp 1902 zh Semejde mugalimder seminariyasy ashylyp Ortalyk Қazakstan olkesindegi Semej Өskemen Қaragandy Akmola mektepterge mugalimder dayarlau isi kolga alyndy Onda kazaktyn asa kornekti kogam zhәne gylym kajratkerleri Қ Sәtbaev M Әuezov Ә Margulan Zh Ajmauytov M Akynzhanov O Zhәutikov Ә Sembaev tungysh general Sh Қabylbaev Қazakstannyn halyk zhazushysy Ә Nurshajykov Kenes Odagynyn Batyrlary Izgutty Ajtykov V A Shulyatnikov B Buntovskih Socialistik Enbek Erleri Zh Shәjzhүnisov M A Nosova D M Parlej t b okydy Kejin mugalimder seminariyasy Tashkent Omby Oral Aktobe Almaty Akmola kalalarynda ashyldy 1883 1920 zh aralygynda ony 300 dej kazak balalary bitirip shykty 1941 zh KSRO da 1 mln ga zhuyk okushysy bar arnauly orta bilim beretin 3773 oku orny zhumys istedi Al 1957 58 oku zhyldarynda tehnikumdar men uch shelerde arnauly mektepterde 2 mln okushy boldy 1940 41 oku zhylynda arnauly orta bilim beretin 118 mektepte 30 myn okushy okydy 1969 70 oku zhylynda bul mektepterdin sany 186 ga zhetip 43610 okushysy boldy 2 dүniezhүz sogystan kejingi zhyldary arnajy orta bilimdi mamandardy negurlym kyska merzimde dayarlau kazhettigine bajlanysty bul oku oryndaryna 9 synypty bitirgender gana emes orta mektepti bitirgen zhastar da kabyldanatyn boldy Olar 1 5 2 zhyl ishinde arnajy mamandykty igerip ondiriske zholdama aldy Arnauly orta bilim beru salasynda okushylardy enbekke baulu zhәne kәsiptik bagdar beru zhүjesi negizinen ornygyp tiimdi tүrleri men әdisteri belgilendi Zhogary synyp okushylaryn enbekke bauludyn zhәne kәsiptik bagdarlaudyn ujymdyk nysandary men mazmunynda eleuli ozgerister boldy KOKP OK men KSRO Min Kenesinin Zhalpy bilim beretin mektepterde okushylarga bilim beru tәrbieleu men olardy enbekke bauludy odan әri zhetildiru turaly kaulysy zhastardy materialdyk ondiris salasynda enbek etuge dayarlau zhәne bolashak mamandykty durys tandau isindegi zhana bir manyzdy kezen bolyp enbekke bauludy gylymi negizde zhүjeli zhүrgizu zhәne okushylarga kәsiptik bagdar beru negizinen oryndaldy Mektepter kәsiptik tehnikalyk uch shelermen tygyz bajlanys zhasap turdy Mektep reformasyn zhүzege asyru bagytynda birlesken keshendi sharalar belgilendi Zhogary synyp okushylaryna kәsiptik bagdar berumen katar elektrondy esepteuish mikroprocessorly tehnikamen kosa metallurgiya ondirisin avtomatika telemehanika negizderin okytu kolga alyndy Auyl mektepterindegi okushylar mal sh nda zhumys isteuge үjrendi Okushylardyn ondiristik brigadalary dala kostary omirge keldi Olar ekon zhagynan tiimdi bolyp kezinde eldin azykalatүlik bagdarlamasyna eleuli үles kosty 1991 zh zhana үlgidegi mektepter men arnauly orta bilim beretin oku oryndary licej gimnaziya kәsiptik tehnikalyk mektepter kolledzhder omirge keldi 2003 zh respublikada 108 gimnaziya 63 licej 289 licejlik zhәne gimnaziyalyk synyptary bar mektepter daryndy balalarga arnalgan 30 mektep zhumys istedi Sondaj ak 312 kәsiptik tehnikalyk mektepte 89 mynnan astam okushy 382 kolledzhde 207 mynnan astam student okydy 1995 zh Қazakstanda zhana Konstituciya kabyldanyp onda zhalpyga birdej mindetti әri tegin orta bilim beru bagyty zhariyalandy ҚR Bilim beru turaly zhana Zanynda da 1999 zh 7 mausymda kabyldangan buryngydaj zhalpy bilim beretin mekteptin bastauysh 1 4 synyptar negizgi 5 9 synyptar zhәne zhogary 10 12 synyptar dep atalatyn үsh satysy bekitildi Orta tolyk bilim aludyn tүrli zholdary ajkyndaldy Orta bilim zhalpy bilim beretin kүndizgi keshki zhәne kәsiptik mektepter licejler men kolledzhderde beriletin boldy Munda okushy kәsibi mamandyk alumen katar okuyn mektep bagdarlamasy bojynsha ayaktajdy Bilim beru turaly Zanga sәjkes buryngy normativtik kukyktyk negiz zhanartylyp memlekettik Bilim bagdarlamasy zhasaluda Bul bagdarlama bilim beru zhүjesin reformalaudy kazirgi ekon әleum zhәne sayasi zhagdajga sәjkestendiredi 1990 99 zh ҚR bilim salasyna katysty onnan astam memlekettik bagdarlamalar kabyldandy Olar Daryn memlekettikekettik bagdarlamasy Daryndy balalardyn shygarm damuyn koldau maksatyn kozdejdi Osy bagdarlama shenberinde 1997 zh respublikanyn segiz oblysynda daryndy balalar үshin arnauly mektepter men mektep internattary bar respublikalyk Daryn gylymi praktikalyk Ortalyk kuryldy 1996 zhyldyn sonynda shet elderde turatyn otandastardy koldau memlekettik bagdarlamasy kabyldandy Onyn shenberine tarihi otanyna oralgan oralmandardy okytu men kajta okytu kiredi 1997 zh Orta bilim zhүjesin akparattandyrudyn memlekettikekettik bagdarlamasy kabyldandy Onyn maksaty respublika mektepterin multimediyalyk kompyuterlik synyptarmen kamtamasyz etu kompyuterlik oku bagdarlamalaryn elektrondyk okulyktar zhasau bilim berudi baskaru zhүjesin akparattandyru Zhalpy bilim beretin mektepter үshin okulyktar men oku әdistemelik keshenderdi dajyndau zhәne basyp shygaru turaly keshendi bagdarlama zhalpy bilim beretin mektepter үshin zhana үlgidegi okulyktar men oku әdistemelik kuraldar zhasaudy maksat etedi Tilderdi koldanu men damytudyn memlekettik bagdarlamasy tilderdi okytudyn tүpnuska bagdarlamalary men zhana tehnologiyasyn dajyndaudy kazak tilin okytudy tiimdi zhүrgizuge bajlanysty okulyktar audiokoru kompyuterlik bagdarlamalar shygarudy kozdejdi Ekologiyalyk bilim beru bagdarlamasy respublikalyk bilim beru zhәne baska kurylymdarynda үzdiksiz ekol bilim berudi damytu men үjlestirudi maksat etken ҚR da 1998 2000 zh kәmeletke tolmagandar arasynda kukyk buzushylyktyn aldyn alu zhonindegi keshendi bagdarlama t b bagdarlamalar bar 1919 20 zh Orynborda Ordada Semejde agartu instituttary 1920 zh karashada Tүrkistan memlekettik universiteti kejinnen Orta Aziya universiteti ashyldy Bul universitet Orta Aziya men Қazakstan үshin kadr dayarlaudyn negizgi ortalygyna ajnaldy Onyn zhanynda kazak zhastaryn okytatyn arnauly bolimder boldy 1920 zh Ordada Bokej halyk agartu isi bolimshesinde Bokej agartu instituty ashyldy 1921 zh Orynborda kejin Қyzylordaga koshirildi zhәne Vernyjda Қazak halyk agartu instituttary ashyldy Bul zhyldary Resej men Өzbekstannyn zhogary oku oryndaryndagy kazakstandyk studentter sany zhyl sajyn osip otyrdy 1926 zh 2 shildede Tashkenttegi Қazak agartu instituty pedagogikalyk in t dep ataldy Қazakstandagy algashky zhogary oku orny Қazak pedagogikalyk instituty 1928 zh Almaty kalasynda ashyldy 1929 zh Almaty maldәrigerlik instituty 1930 zh Қazak auyl sharuashygy instituty 1931 zh Қazak medicinalyk instituty 1932 zh Oral pedagogikalyk instituty ashyldy 1932 zh respublikanyn 6 zhogary oku orynynda 2 myn student okydy olardyn 40 5 y kazak zhastary edi 1934 zh Қazak memlekettik universiteti zhәne Tau ken metallurgiya instituty ashyldy 1941 zh respublikanyn halyk sh nda zhumys istejtin kәsibi mamandardyn 52 3 myn adam zhogary bilimdisi 16 8 myn adam yagni 32 2 boldy 1940 41 oku zhyly respublikanyn 20 oku ornynda 10419 student okydy 1950 60 zh Aktobe Aktau Taraz Қostanaj Kokshetau Өskemen Pavlodar Petropavl Akmola kazirgi Astana kalalarynda pedagogika Oral men Akmolada auyl sharuashygy Aktobe Қaragandy Semej Akmolada medicina instituttary Almatyda Almaty halyk sh instituty kazirgi Қazak ekonomika universiteti Қaragandyda politehnikalyk zhәne koop Pavlodarda industr Өskemende kurylys zhol Akmolada inzh zhol kurylys Tarazda gidromeliorativtik kurylys zhәne tehnol in ttar ashyldy 1972 zh Қaragandy memlekettik universiteti Arkalyk Taldykorgan pedagogikalyk instituttary ashyldy 1986 87 oku zhylynda Қazakstannyn 55 zhogary oku orynynda 274 myn student okydy 2000 2001 oku zhylynda eldegi 47 memlekettik zhogary oku orydaryndagy studentter sany 267 447 boldy Zhogargy bilim berudin damuyZhogary dengejdegi mamandar dayarlau bilim beru gylym men mәdenietti damytuda үlken zhumystar atkaryp otyrgan segiz memlekettik zhogary oku ornyna 2001 zh 5 shildede ҚR Prezidentinin Zharlygymen erekshe mәrtebe berildi Olar Әl Farabi atyndagy Қazak ulttyk universiteti L N Gumilev atyndagy Euraziya ulttyk universiteti Қazak ulttyk agrarlyk universiteti Қ I Sәtbaev atyndagy Қazak ulttyk tehnikalyk universiteti S Zh Aspandiyarov atyndagy Қazak ulttyk medicinalyk universiteti T Қ Zhүrgenov atyndagy Қazak ulttyk oner akademiyasy Қurmangazy atyndagy Қazak ulttyk konservatoriyasy Қazak ulttyk muzyka akademiyasy Bularmen katar respublikada 35 memlekettik zhogary oku orny bar Olar Akmola memlekettik medicinalyk akademiyasy Akmola agrarlyk universiteti Aktau memlekettik universiteti Aktobe memlekettik universiteti Almaty tehnol universiteti Atyrau munaj zhәne gaz instituty Atyrau universiteti Arkalyk memlekettik pedagogikalyk instituty Shygys Қazakstan memlekettik universiteti Shygys Қazakstan memlekettik tehnikalyk universiteti Zhezkazgan universiteti Zhetisu memlekettik universiteti Batys Қazakstan memlekettik medicinalyk akademiyasy Batys Қazakstan memlekettik universiteti Қazak kolik zhәne kommunikaciya akademiyasy Қazak memlekettik sport zhәne turizm akademiyasy Қazak memlekettik zan akademiyasy Қazak memlekettik kyzdar pedagogikalyk instituty Қazak halykaralyk katynastar zhәne әlem tilderi universiteti Қaragandy memlekettik medicinalyk akademiyasy Қaragandy memlekettik tehnikalyk universiteti Қaragandy memlekettik universiteti Қaragandy metallurgiya instituty Kokshetau memlekettik universiteti Қostanaj memlekettik universiteti Қyzylorda memlekettik universiteti halykaralyk kazakalatүrik universiteti Pavlodar memlekettik universiteti Rudnyj industr iyalyk instituty Solt Қazakstan memlekettik universiteti Semej memlekettik medicina akademiyasy Semej memlekettik universiteti Taraz memlekettik universiteti Ontүstik Қazakstan memlekettik medicinalyk akademiyasy Ontүstik Қazakstan memlekettik universiteti ҚR Қorganys min nin әskeri oku oryndary Қazakstannyn Қaruly Kүshteri үshin komandalyk inzh tehnikalyk zhәne arnauly mamandyktar bojynsha kadrlar dayarlau zhәne olardyn biliktiligin arttyru maksatyn kozdejdi ҚR әskeri oku oryndaryna ҚR Қaruly Kүshterinin Әskeri akademiyasy Aktobe zhogary әskeri aviac uchilishesi Azamattyk aviaciya akademiyasy zhanyndagy әskeri f t ҚR Қorganys min nin kadet korpusy Zhas ulan respublikalyk mektebi zhogary oku oryndary zhanyndagy әskeri kafedralardagy oficerler kuramyn dayarlau zhәne kajta dayarlau kurstary zhatady Algashky memlekettik emes zhogary oku oryndary Қazakstannyn tәuelsizdigi zhariyalangannan kejin gana pajda boldy Өzinin on zhyldyk damuy barysynda zhogary kәsibi bilim berudin memlekettik emes sektory zhalpy bilim beru zhүjesinde eleuli rol atkara bastady 2001 zhyldyn basynda elde zhogary kәsibi bilimdi mamandar dayarlauga memlekettik licenziya algan 121 memlekettik emes zhogary oku orny boldy SiltemelerҚazakstan Respublikasynyn bilim zhәne gylymi ministrligi Muragattalgan 27 kyrkүjektin 2017 zhyly Y Altynsarin atyndagy ulttyk bilim akademiyasy Muragattalgan 12 mausymnyn 2021 zhyly Nazarbaev Ziyatkerlik mektepteri derbes bilim beru ujymy Muragattalgan 6 mamyrdyn 2021 zhyly Nazarbaev Ziyatkerlik mektepteri konferenciyalary men seminarlary