Қазақстанда ұлттық аза тұту күндері ірі қайғылы оқиғалардың салдарынан қаза тапқандар немесе қайтыс болған мемлекет қайраткерлері үшін қайғы-қасіретті еске алу үшін атап өтіледі.
Ұлттық аза тұту Қазақстан Президентінің Жарлығымен жарияланады. Ұлттық аза тұту жариялауға қандай оқиғалар әкелетіні туралы белгіленген жалпы тәртіп жоқ, президент қайғылы оқиғаның қоғамдық маңыздылығына сүйене отырып шешім қабылдайды.
Оқиғалар
№ | Дата | Оқиға | Құрбандар | Дереккөз |
---|---|---|---|---|
1 | 21 қыркүйек 2006 | Ленин атындағы шахтадағы жарылыс және өрт | 41 | |
2 | 13 қаңтар 2008 | Абай шахтасындағы жарылыс және өрт | 30 | |
3 | 16 наурыз 2010 | Қызылағаш оқиғасы | 45 | |
4 | 5 маусым 2012 | Арқанкерген оқиғасы | 15 | |
5 | 27 желтоқсан 2012 | Шымкент қаласының маңындағы әуе апаты | 27 | |
6 | 31 қаңтар 2013 | Алматы маңында болған Bombardier CRJ 200 әуе апаты | 21 | |
7 | 9 маусым 2016 | Ақтөбедегі лаңкестік | 7 | |
8 | 28 желтоқсан 2019 | Bek Air ұшақ апаты | 13 | |
9 | 13 шілде 2020 | Қазақстандағы COVID-19 пандемиясы | 13 848 | |
10 | 29 тамыз 2021 | Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстар | 13 | |
11 | 10 қаңтар 2022 | Қаңтар оқиғасы | 242 | |
12 | 12 маусым 2023 | Абай облысындағы өрт | 14 | |
13 | 29 қазан 2023 | Костенко шахтасындағы апат | 46 |
Ленин шахтасындағы жарылыс (2006)
2006 жылдың 20 қыркүйегінде Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада болған техноген апаты. Метанның жарылуынан 41 кенші қаза тапты, жеті жұмысшы зардап шекті.
8:56-да шахтада 368 адам болған кезде жарылыс болған. Жарылыс толқыны төрт жарым шақырымды қамтыды. Бір тәулік ішінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің денесін жер бетіне көтерді. Кейінірек қаралы күн жарияланды.
Шахта ішінде желдету құбырларын ауыстыру кезінде қауіпсіздік техникасы бұзылған. Оқиғадан соң апатқа кінәлі 6 жұмысшы сотталды.
Абай шахтасындағы жарылыс (2008)
Метан жарылысы 400 метр тереңдікте болды. Осы уақытта шахтада 191 адам болған. Жарылыстан кейін Лавада өрт шықты. Қайғылы оқиға 30 адамның өмірін қиды. 161 шахтер жер бетіне шығарылды, оның ішінде 14 адам түрлі дәрежедегі күйік алып, жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
Кінәлілердің қатарында үш инженер-техникалық қызметкер болған. Үш күн аза тұту жарияланды.
Қызылағаштағы су тасқыны (2010)
12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылды. Қазақстан тарихындағы ең жойқын су тасқыны. Алматы облысының Қызылағаш ауылынан наурыздың 11-нен 12-не қараған түні болған оқиға. Бар болғаны 18 минуттың ішінде ауылды топан су басып, 45 адам қайтыс болды. Биіктігі бес метрден асатын су бір түнде бейбіт ауылдың тас-талқанын шығарды. Апатты оқиға қылмыс ретінде танылып, ауыл әкімі, су қойма басшысы мен аудандық және облыстық төтенше жағдайлар бөлім басшылары қамауға алынды.
300 адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, 1000-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. 146 үй толығымен бұзылды, 251 үй қирап, 42 үй зақымдалды. Аза тұту 16 наурызда жарияланды.
Арқанкерген қырғыны (2012)
28 мамырда "Арқанкерген" шекара қызметінде 14 шекарашы мен қорықшы қаза тапты. Қылмыстың жасалуына жалғыз тірі қалған сарбаз - Владислав Челах кінәлі деп танылды. Қайғылы оқиғадан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 5 маусымында жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. 2012 жылдың желтоқсанында Челах өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол Қостанай облысы Жітіқара қаласының маңындағы "Қара бүркіт" ерекше режимдегі колониясында жазасын өтеп жатыр.
Шымкент маңындағы ұшақ апаты (2012)
2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында Ан-72 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортында 27 адам болған, барлығы қаза тапты. Олардың ішінде 7 адам – экипаж мүшесі, 20-сы – шекарашы. Қаза болғандардың ішінде ҰҚК Шекара қызметінің басшысы Тұрғанбек Стамбеков болды.
Әуе апатына Шымкент әуежайының диспетчері кінәлі деп танылды. Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматыдағы ұшақ апаты (2013)
2013 жылы 29 қаңтарда Көкшетаудан Алматыға бағыт алған Scat компаниясына тиесілі Canadair CL-600-2B19 әуе кемесі DV760 жоспарлы ішкі рейсін орындау кезінде апатқа ұшырады. Оқиға Алматы маңындағы Қызылту ауылына жақын жерде болды. Апат салдарынан 21 адам қайтыс болды. Олардың қатарында 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апатқа ұшқыштардың қателігі себеп болды деп аталды.
Ақтөбедегі лаңкестік (2016)
Террорлық акт салдарынан лаңкестердің қолынан 8 адам қаза тапты. Антитеррорлық операция кезінде 18 қылмыскердің көзі жойылды. 25 адамнан тұратын содырлар тобы "Паллада" және "Пантера" қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасап, одан әрі ҚР Ұлттық ұланының №6655 әскери бөліміне шабуыл жасады.
Құқық қорғау органдары лаңкестікке тікелей қатысы бар тоғыз адамды және дайындалып жатқан қылмысты хабарламағаны үшін тағы 18 адамды, сондай-ақ екі адам жасырғаны үшін ұсталды.
Террорлық актіге қатысушы жеті адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Екі адам 25 жыл және 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен 29 сотталушының барлығы ауыр, аса ауыр құқық бұзушылық жасағаны үшін, жеке адамға, меншікке қарсы, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырудың әр түрлі мерзіміне сотталды.
Алматы маңындағы ұшақ апаты (2019)
2019 жылы 27 желтоқсанда таңғы уақытта Алматы әуежайы маңында таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Астанаға бет алған әуе кемесі ұшу барысында бетон қоршауды бұзып, екі қабатты нысанға соғылды. Ресми мәлімет бойынша 13 адам қайтыс болды.
Әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына төрт миллион теңге беріледі. Басқа да зардап шеккендерге көмек берілетіні де айтылды.
COVID-19 пандемиясы (2020)
2020 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені COVID-19 коронавирусының салдарынан қайтыс болғандар үшін ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Жамбыл облысындағы жарылыс (2021)
Жамбыл облысы Байзақ ауданында 26 тамыз күні сағат 19:00-де әскери бөлімнің оқ-дәрілер сақталған қоймасынан өрт шықты. 28349 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасындағы өрт басталды. 13 адам мерт болып, 98 адам жарақат алған. Жарылыс ошағына жақын ауылдардан 100-деген адам эвакуацияланды. Қоймадағы оқ-дәрілердің кейбірі дәл осындай жарылыс болған Арыс қаласынан әкелінгені белгілі болды.
- 2021 жылғы 29 тамызда ел Президентінің Жарлығымен Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Қаңтар оқиғасы (2022)
Елдің бірнеше қаласында болған бейбіт ереуілдің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, 238 адам қаза тапты. Жаппай тәртіпсіздік бойынша 1205 адам сотталып, 1095 адамға рақымшылық жасалды. Қайғылы жағдай кезінде 19 қызметкер қайтыс болып, 3 мыңнан аса полиция және әскери қызметкер жарақат алған.
- Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні болатынын жариялады
Абай облысындағы өрт (2023)
Абай облысындағы өрт - найзағайдың екі разряды нәтижесінде "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында басталған ірі табиғи апат. Оқиға 8 маусымда сағат 12:03-те Батпаев орманшылығының 66-шы тоқсанында, Семей қаласынан 25 шақырым қашықтықта болды.Оқиға барысында 14 адам қаза тапты
- Қазақстанда 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Костенко шахтасындағы жарылыс (2023)
Костенко шахтасындағы апат — 2023 жылы 28 қазанда Қарағанды облысының Костенко шахтасында болған жарылыс пен өрт. Болжам бойынша, лавада газ метанының жарылысы орын алған. Шахтада апат болған кезде 252 адам болды, 208 кенші жер бетіне шығарылды. 46 адам қаза болды
Дереккөздер
- Девять национальных трауров за годы Независимости – хронология трагедий в Казахстане. Тексерілді, 27 қыркүйек 2020.
- Токаев объявил 29 августа днём общенационального траура: вчера, 11:31 - новости на Tengrinews.kz
- В Казахстане объявили общенациональный траур (орыс.).(қолжетпейтін сілтеме)
- Касым-Жомарт Токаев объявил 12 июня Днем общенационального траура - el.kz (орыс.) (11 июня 2023).
- aikyn.kz Ертең – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні (қаз.). Тексерілді, 28 қазан 2023.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazakstanda ulttyk aza tutu kүnderi iri kajgyly okigalardyn saldarynan kaza tapkandar nemese kajtys bolgan memleket kajratkerleri үshin kajgy kasiretti eske alu үshin atap otiledi Ұlttyk aza tutu Қazakstan Prezidentinin Zharlygymen zhariyalanady Ұlttyk aza tutu zhariyalauga kandaj okigalar әkeletini turaly belgilengen zhalpy tәrtip zhok prezident kajgyly okiganyn kogamdyk manyzdylygyna sүjene otyryp sheshim kabyldajdy Okigalar Data Okiga Қurbandar Derekkoz1 21 kyrkүjek 2006 Lenin atyndagy shahtadagy zharylys zhәne ort 412 13 kantar 2008 Abaj shahtasyndagy zharylys zhәne ort 303 16 nauryz 2010 Қyzylagash okigasy 454 5 mausym 2012 Arkankergen okigasy 155 27 zheltoksan 2012 Shymkent kalasynyn manyndagy әue apaty 276 31 kantar 2013 Almaty manynda bolgan Bombardier CRJ 200 әue apaty 217 9 mausym 2016 Aktobedegi lankestik 78 28 zheltoksan 2019 Bek Air ushak apaty 139 13 shilde 2020 Қazakstandagy COVID 19 pandemiyasy 13 84810 29 tamyz 2021 Zhambyl oblysyndagy әskeri bolimdegi zharylystar 1311 10 kantar 2022 Қantar okigasy 24212 12 mausym 2023 Abaj oblysyndagy ort 1413 29 kazan 2023 Kostenko shahtasyndagy apat 46Lenin shahtasyndagy zharylys 2006 2006 zhyldyn 20 kyrkүjeginde Қaragandy oblysynyn Shahtinsk kalasyndagy Lenin atyndagy shahtada bolgan tehnogen apaty Metannyn zharyluynan 41 kenshi kaza tapty zheti zhumysshy zardap shekti 8 56 da shahtada 368 adam bolgan kezde zharylys bolgan Zharylys tolkyny tort zharym shakyrymdy kamtydy Bir tәulik ishinde kaza tapkandar men zardap shekkenderdin denesin zher betine koterdi Kejinirek karaly kүn zhariyalandy Shahta ishinde zheldetu kubyrlaryn auystyru kezinde kauipsizdik tehnikasy buzylgan Okigadan son apatka kinәli 6 zhumysshy sottaldy Abaj shahtasyndagy zharylys kurbandaryna arnalgan eskertkishAbaj shahtasyndagy zharylys 2008 Metan zharylysy 400 metr terendikte boldy Osy uakytta shahtada 191 adam bolgan Zharylystan kejin Lavada ort shykty Қajgyly okiga 30 adamnyn omirin kidy 161 shahter zher betine shygaryldy onyn ishinde 14 adam tүrli dәrezhedegi kүjik alyp zharakattarymen auruhanaga zhatkyzyldy Kinәlilerdin katarynda үsh inzhener tehnikalyk kyzmetker bolgan Үsh kүn aza tutu zhariyalandy Қyzylagashtagy 2010 zhylgy su taskyny memorialyҚyzylagashtagy su taskyny 2010 12 nauryzga karagan tүni Қyzylagash su kojmasyndagy boget buzyldy Қazakstan tarihyndagy en zhojkyn su taskyny Almaty oblysynyn Қyzylagash auylynan nauryzdyn 11 nen 12 ne karagan tүni bolgan okiga Bar bolgany 18 minuttyn ishinde auyldy topan su basyp 45 adam kajtys boldy Biiktigi bes metrden asatyn su bir tүnde bejbit auyldyn tas talkanyn shygardy Apatty okiga kylmys retinde tanylyp auyl әkimi su kojma basshysy men audandyk zhәne oblystyk totenshe zhagdajlar bolim basshylary kamauga alyndy 300 adam tүrli dәrezhedegi zharakat alyp 1000 ga zhuyk adam kauipsiz zherge koshirildi 146 үj tolygymen buzyldy 251 үj kirap 42 үj zakymdaldy Aza tutu 16 nauryzda zhariyalandy Arkankergen kyrgyny 2012 28 mamyrda Arkankergen shekara kyzmetinde 14 shekarashy men korykshy kaza tapty Қylmystyn zhasaluyna zhalgyz tiri kalgan sarbaz Vladislav Chelah kinәli dep tanyldy Қajgyly okigadan kejin Nursultan Nazarbaev 2012 zhyldyn 5 mausymynda zhalpyulttyk aza tutu kүnin zhariyalady 2012 zhyldyn zheltoksanynda Chelah omir bojyna bas bostandygynan ajyryldy Ol Қostanaj oblysy Zhitikara kalasynyn manyndagy Қara bүrkit erekshe rezhimdegi koloniyasynda zhazasyn otep zhatyr Shymkent manyndagy ushak apaty 2012 2012 zhyly 25 zheltoksanda Shymkent manynda An 72 әskeri ushagy apatka ushyrady Onyn bortynda 27 adam bolgan barlygy kaza tapty Olardyn ishinde 7 adam ekipazh mүshesi 20 sy shekarashy Қaza bolgandardyn ishinde ҰҚK Shekara kyzmetinin basshysy Turganbek Stambekov boldy Әue apatyna Shymkent әuezhajynyn dispetcheri kinәli dep tanyldy Ol tort zhylga bas bostandygynan ajyryldy Almatydagy ushak apaty 2013 Apattyn saldary 2013 zhyly 29 kantarda Kokshetaudan Almatyga bagyt algan Scat kompaniyasyna tiesili Canadair CL 600 2B19 әue kemesi DV760 zhosparly ishki rejsin oryndau kezinde apatka ushyrady Okiga Almaty manyndagy Қyzyltu auylyna zhakyn zherde boldy Apat saldarynan 21 adam kajtys boldy Olardyn katarynda 16 zholaushy men 5 ekipazh mүshesi bolgan Apatka ushkyshtardyn kateligi sebep boldy dep ataldy Aktobedegi lankestik 2016 Terrorister shabuyl zhasagan 6655 әskeri bolimnin BӨP Terrorlyk akt saldarynan lankesterdin kolynan 8 adam kaza tapty Antiterrorlyk operaciya kezinde 18 kylmyskerdin kozi zhojyldy 25 adamnan turatyn sodyrlar toby Pallada zhәne Pantera karu zharak dүkenderine shabuyl zhasap odan әri ҚR Ұlttyk ulanynyn 6655 әskeri bolimine shabuyl zhasady Қukyk korgau organdary lankestikke tikelej katysy bar togyz adamdy zhәne dajyndalyp zhatkan kylmysty habarlamagany үshin tagy 18 adamdy sondaj ak eki adam zhasyrgany үshin ustaldy Terrorlyk aktige katysushy zheti adam omir bojyna bas bostandygynan ajyryldy Eki adam 25 zhyl zhәne 22 zhylga bas bostandygynan ajyryldy Sot үkimimen 29 sottalushynyn barlygy auyr asa auyr kukyk buzushylyk zhasagany үshin zheke adamga menshikke karsy sondaj ak kogamdyk kauipsizdikke kogamdyk tәrtipke karsy kinәli dep tanylyp bas bostandygynan ajyrudyn әr tүrli merzimine sottaldy Almaty manyndagy ushak apaty 2019 2019 zhyly 27 zheltoksanda tangy uakytta Almaty әuezhajy manynda tanerten Bek Air әue kompaniyasynyn Fokker 100 ushagy kulady Ұshak bortynda 93 zholaushy men 5 ekipazh mүshesi bolgan Astanaga bet algan әue kemesi ushu barysynda beton korshaudy buzyp eki kabatty nysanga sogyldy Resmi mәlimet bojynsha 13 adam kajtys boldy Әue apatynan kaza tapkandardyn otbasyna tort million tenge beriledi Baska da zardap shekkenderge komek beriletini de ajtyldy COVID 19 pandemiyasy 2020 2020 zhylgy 8 shildede Қazakstan Prezidenti Қasym Zhomart Tokaev 13 shildeni COVID 19 koronavirusynyn saldarynan kajtys bolgandar үshin ulttyk aza tutu kүni dep zhariyalady Zhambyl oblysyndagy zharylys 2021 Zhambyl oblysy Bajzak audanynda 26 tamyz kүni sagat 19 00 de әskeri bolimnin ok dәriler saktalgan kojmasynan ort shykty 28349 әskeri boliminin ok dәri kojmasyndagy ort bastaldy 13 adam mert bolyp 98 adam zharakat algan Zharylys oshagyna zhakyn auyldardan 100 degen adam evakuaciyalandy Қojmadagy ok dәrilerdin kejbiri dәl osyndaj zharylys bolgan Arys kalasynan әkelingeni belgili boldy 2021 zhylgy 29 tamyzda el Prezidentinin Zharlygymen Қazakstanda ulttyk aza tutu kүni bolyp zhariyalandyҚantar okigasy 2022 Eldin birneshe kalasynda bolgan bejbit ereuildin sony zhappaj tәrtipsizdikke ulasyp 238 adam kaza tapty Zhappaj tәrtipsizdik bojynsha 1205 adam sottalyp 1095 adamga rakymshylyk zhasaldy Қajgyly zhagdaj kezinde 19 kyzmetker kajtys bolyp 3 mynnan asa policiya zhәne әskeri kyzmetker zharakat algan Қasym Zhomart Tokaev 10 kantardy Zhalpyulttyk aza tutu kүni bolatynyn zhariyaladyAbaj oblysyndagy ort 2023 Abaj oblysyndagy ort najzagajdyn eki razryady nәtizhesinde Semej ormany memlekettik orman tabigi rezervatynda bastalgan iri tabigi apat Okiga 8 mausymda sagat 12 03 te Batpaev ormanshylygynyn 66 shy toksanynda Semej kalasynan 25 shakyrym kashyktykta boldy Okiga barysynda 14 adam kaza tapty Қazakstanda 12 mausym zhalpyulttyk aza tutu kүni bolyp zhariyalandy Kostenko shahtasyndagy zharylys 2023 Kostenko shahtasyndagy apat 2023 zhyly 28 kazanda Қaragandy oblysynyn Kostenko shahtasynda bolgan zharylys pen ort Bolzham bojynsha lavada gaz metanynyn zharylysy oryn algan Shahtada apat bolgan kezde 252 adam boldy 208 kenshi zher betine shygaryldy 46 adam kaza boldyDerekkozderDevyat nacionalnyh traurov za gody Nezavisimosti hronologiya tragedij v Kazahstane Tekserildi 27 kyrkүjek 2020 Tokaev obyavil 29 avgusta dnyom obshenacionalnogo traura vchera 11 31 novosti na Tengrinews kz V Kazahstane obyavili obshenacionalnyj traur orys kolzhetpejtin silteme Kasym Zhomart Tokaev obyavil 12 iyunya Dnem obshenacionalnogo traura el kz orys 11 iyunya 2023 aikyn kz Erten Қazakstanda zhalpyulttyk aza tutu kүni kaz Tekserildi 28 kazan 2023