Ядролық реакция – атом ядросының элементар бөлшектермен немесе басқа бір атом ядросымен әсерлесуі кезінде түрленуі. Әдетте ядролық реакцияға 4 бөлшек қатынасады: оның екеуі бастапқы бөлшек болып есептеледі де, ал қалған екеуі ядролық реакцияның нәтижесінде түзіледі. Реакция кезінде түзілген бөлшектің саны кейде 2-ден артық болуы да мүмкін. Лабораториялық жағдайда ядролық реакция нысана ретінде алынған ауыр атом ядросымен (не бөлшекпен) атқылау арқылы жүргізіледі. Ядролық реакция химиялық реакцияларға ұқсас және оның жазылуы (өрнектің сол жақ бөлшегінде реакцияға қатысатын бөлшектер, ал оң жақ бөлігінде реакция нәтижесінде түзілетін бөлшектер): а+Ав+В, мұндағы а – атқылайтын бөлшек (не ядро), А – нысана ядро, в– ұшып шыққан бөлшек (не ядро), В – реакция нәтижесінде түзілген соңғы ядро (ядро-өнім). Реакцияның толық теңдеуінде реакцияға қатысатын және реакция нәтижесінде түзілетін ядролардың зарядтары мен массалық сандары да көрсетіледі. Ядролық реакцияны жазудың төмендегідей қысқа түрі де пайдаланылады: А (а, в) В, мұнда бастапқы нысана ядро мен соңғы ядро таңбасының арасындағы жақша ішінде алдымен атқылаушы бөлшектің, содан кейін оның қасына реакция кезінде ұшып шығатын бөлшектің таңбасы көрсетілген. Мысалы, лабораториялық жағдайында Э.Резерфорд жүзеге асырған алғашқы ядролық реакция (альфа-бөлшектермен атқыланған азот ядросының түрлену реакциясы) төмендегіше жазылады: немесе қысқаша: 14N(α, р)17О, мұндағы α-бөлшек (42N), ал р–протон (11Н).
Атқылайтын бөлшектен (не ядромен) (α) нысана ядроның төмендегідей құбылыстар байқалуы мүмкін:
- [а+А>а+А немесе А (а, а)А] кезінде өзара әсерлесетін ядролардың не құрамы, не ішкі энергиясы, не олардың басқа да сипатталамалары өзгермейді, тек серпімді соққы заңына сәйкес кинетикалық энергия бөлшектер (не ядролар) арасында қайта бөлінеді.
- [а+А> а‘+А* немесе А (а, а‘) А* ] кезінде өзара әсерлесетін ядролардың құрамы өзгермейді, бірақ атқылайтын бөлшектің кинетикалық энергиясының белгілі бір бөлігі нысана ядроны қоздыруға жұмсалады. Реакция теңдеуінде қозған ядро бастапқы ядро сияқты А таңбасы арқылы белгіленеді де, оның жоғары оң жақ бұрышына жұлдызша таңбасы қойылады; ал кинетикалық энергиясының белгілі бір бөлігін жоғалтқан бөлшек не ядро атқылайтын бөлшек сияқты α таңбасы арқылы белгіленіп, оның жоғары оң жақ бұрышына штрих таңбасы қойылады.
- Ядролық реакция [а+Ав+В немесе А(а,в)В] кезінде өзара әсерлесетін ядролардың ішкі қасиеттері мен құрамы өзгереді немесе элементар бөлшектер бір-біріне түрленеді.
Ядролық реакциялардың ықтималдығы эффективтік көлденең кимамен сипатталады. Көбіне ядролық реакциялардың ықтималдығы ядролық реакция шығымымен (яғни белгілі бір нысанадағы ядролық түрленулер санының осы нысанаға түскен атқылайтын бөлшектер санына қатынасы) сипатталады. Ядролық реакциялардың эффективтік көлденең қимасының атқылайтын бөлшектердің энергиясына тәуелділігін сипаттайтын функция ядролық реакциялардың қозу функциясы деп аталады. Ядролық реакция сондай-ақ жылудық эффект арқылы да сипатталады. Жылулық эффект – ядролық реакцияға қатысатын және ядролық реакция нәтижесінде түзілетін ядролардың тыныштық массаларының айырмасына тең. Ол энергетикалық. бірлікпен (көбіне МэВ) өрнектеледі. Егер жылулық эффект оң болса, онда ядролық реакция энергияны сыртқа шығара отырып жүреді. Мұнда ядролық реакция ядролық реакция деп аталады. Егер жылулық эффект теріс болса, онда ядролық реакцияның жүру үшін реакцияға қатысатын ядролардың салыстырмалы қозғалысының энергиясы жылулық эффектіден кем болуға тиіс. Ядролық реакциялардың маңызды сипаттамаларның бірі – ядролық түрлену нәтижесінде пайда болған бөлшектердің шығу бұрышы мен энергиясы бойынша тарала бөлінуі. Ядролық реакциялар әдетте атқылайтын бөлшектердің (не ядролардың) табиғатына қарай жүктеледі: мысалы, нейтрондар, протондар, , α-бөлшектер, көп зарядты (ауыр) иондар, γ-кванттар әсерінен болатын ядролық реакциялар. Реакциялардың кейбір түрі түрлену сипатына қарай жүктеледі: мысалы, кулондық қозу (ядро энергиясының атқылайтын бөлшектерінің электрстатикалық өрісі әсерінен артуы), атом ядросының бөлшектенуі, т.б.
Энергияның, импульстың, қозғалыс мөлшері моментінің сақталу заңдары ядролық реакциялардың кейбір сипаттамасы (жылулық эффект, т.б.) жөнінде болжам жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен ядролық реакциялардың дәлірек сипаттамаларын (мысалы, әр түрлі ядролық реакциялардың эффективтік көлденең қимасы, т.б.) анықтау үшін ядролық реакциялар теориясы падаланылады. Ядролық реакциялардың қазіргі теориясының негізін 20 ғ-дың 30-жылдары Н.Бор қалаған. Оның ұсынған тұжырымына сәйкес ядролық реакция (а+АвВ) екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде реакцияға қатысатын ядролардың бірігуі нәтижесінде жаңа қозған ядро (С*) пайда болады. Ол аралық немесе құранды ядро (а+А+С*) деп аталады. Екінші кезеңде қозған аралық ядро кәдімгі радиоактивті ыдырау тәрізді (бұл жағдайдағы айырмашылық: ыдырайтын негізгі күйдегі ядро емес, күшті қозған күйдегі ядро) ыдырайды (С*в+В). Көп жағдайда аралық өмір сүру уақыты, атқылайтын бөлшектің нысана ядро өлшемімен (10–12 – 10–13 см) шамалас қашықтық ұшып өтуіне кететін уақытынан бірнеше есе артық болады. Сөйтіп ядролардың бірігу моменті мен ядролық реакция өнімдерінің түзілу моментерінің арасы біраз уақытқа созылатындықтан, атқылайтын бөлшектің таситын энергиясы аралық ядро нуклондарының арасында бірнеше рет қайта бөлінеді. Бұл жағдай ядролық реакцияның екінші кезеңі, ядролық реакцияның бірінші кезеңінің ерекшеліктеріне тәуелсіз екендігін және ол аралық ядроның қасиеттерімен ғана анықталатындығын көрсетеді. Атқылаушы бөлшектердің энергиясы төмен жағдайдағы ядролық реакциялардың ішінде нейтрондардың әсерінен болатын ядролық реакциялар жиі байқалады. Атқылаушы бөлшектердің энергиясы орташа және үлкен болған жағдайда нейтрондар көбіне серпімсіз шашырайды. Ал аса жоғары энергиясы бар бөлшектердің әсерлесуі кезінде мезондар, гиперондар тәрізді элементар бөлшектер де пайда болады. Әр түрлі энергиясы бар бөлшектердің әсерінен пайда болған ядролық реакцияларды зерттеу – атом ядросының құрылысы мен қасиеттерін зерттеудегі маңызды фактор. Жеңіл ядролардың реакцияларын зерттеу жұмысы басқарылатын термоядролық реакцияларды іс жүзіне асыруға көмектеседі. Ал ядролардың бөліну процесін зерттеу ядролық энергетиканың дамуында маңызды рөл атқарады. Ядролық реакторларда алынатын ядролық реакциялар – радиоктивті изотоптардың негізгі көзі.
Түзу ядролық реакция
Түзу ядролық реакция - ұшушы бөлшек энергияны барлык ядро нысанаға емес, осы ядродағы жеке нуклонға немесе нуклондар тобына беретін ядролык реакциялар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақ энциклопедиясы, 10 - том
- Шпольский Э.В., Атомная физика, т. 2, 4 изд., М., 1974.
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Yadrolyk reakciya atom yadrosynyn elementar bolshektermen nemese baska bir atom yadrosymen әserlesui kezinde tүrlenui Әdette yadrolyk reakciyaga 4 bolshek katynasady onyn ekeui bastapky bolshek bolyp esepteledi de al kalgan ekeui yadrolyk reakciyanyn nәtizhesinde tүziledi Reakciya kezinde tүzilgen bolshektin sany kejde 2 den artyk boluy da mүmkin Laboratoriyalyk zhagdajda yadrolyk reakciya nysana retinde alyngan auyr atom yadrosymen ne bolshekpen atkylau arkyly zhүrgiziledi Yadrolyk reakciya himiyalyk reakciyalarga uksas zhәne onyn zhazyluy ornektin sol zhak bolsheginde reakciyaga katysatyn bolshekter al on zhak boliginde reakciya nәtizhesinde tүziletin bolshekter a A v V mundagy a atkylajtyn bolshek ne yadro A nysana yadro v ushyp shykkan bolshek ne yadro V reakciya nәtizhesinde tүzilgen songy yadro yadro onim Reakciyanyn tolyk tendeuinde reakciyaga katysatyn zhәne reakciya nәtizhesinde tүziletin yadrolardyn zaryadtary men massalyk sandary da korsetiledi Yadrolyk reakciyany zhazudyn tomendegidej kyska tүri de pajdalanylady A a v V munda bastapky nysana yadro men songy yadro tanbasynyn arasyndagy zhaksha ishinde aldymen atkylaushy bolshektin sodan kejin onyn kasyna reakciya kezinde ushyp shygatyn bolshektin tanbasy korsetilgen Mysaly laboratoriyalyk zhagdajynda E Rezerford zhүzege asyrgan algashky yadrolyk reakciya alfa bolshektermen atkylangan azot yadrosynyn tүrlenu reakciyasy tomendegishe zhazylady nemese kyskasha 14N a r 17O mundagy a bolshek 42N al r proton 11N Atkylajtyn bolshekten ne yadromen a nysana yadronyn tomendegidej kubylystar bajkaluy mүmkin a A gt a A nemese A a a A kezinde ozara әserlesetin yadrolardyn ne kuramy ne ishki energiyasy ne olardyn baska da sipattalamalary ozgermejdi tek serpimdi sokky zanyna sәjkes kinetikalyk energiya bolshekter ne yadrolar arasynda kajta bolinedi a A gt a A nemese A a a A kezinde ozara әserlesetin yadrolardyn kuramy ozgermejdi birak atkylajtyn bolshektin kinetikalyk energiyasynyn belgili bir boligi nysana yadrony kozdyruga zhumsalady Reakciya tendeuinde kozgan yadro bastapky yadro siyakty A tanbasy arkyly belgilenedi de onyn zhogary on zhak buryshyna zhuldyzsha tanbasy kojylady al kinetikalyk energiyasynyn belgili bir boligin zhogaltkan bolshek ne yadro atkylajtyn bolshek siyakty a tanbasy arkyly belgilenip onyn zhogary on zhak buryshyna shtrih tanbasy kojylady Yadrolyk reakciya a A v V nemese A a v V kezinde ozara әserlesetin yadrolardyn ishki kasietteri men kuramy ozgeredi nemese elementar bolshekter bir birine tүrlenedi Yadrolyk reakciyalardyn yktimaldygy effektivtik koldenen kimamen sipattalady Kobine yadrolyk reakciyalardyn yktimaldygy yadrolyk reakciya shygymymen yagni belgili bir nysanadagy yadrolyk tүrlenuler sanynyn osy nysanaga tүsken atkylajtyn bolshekter sanyna katynasy sipattalady Yadrolyk reakciyalardyn effektivtik koldenen kimasynyn atkylajtyn bolshekterdin energiyasyna tәueldiligin sipattajtyn funkciya yadrolyk reakciyalardyn kozu funkciyasy dep atalady Yadrolyk reakciya sondaj ak zhyludyk effekt arkyly da sipattalady Zhylulyk effekt yadrolyk reakciyaga katysatyn zhәne yadrolyk reakciya nәtizhesinde tүziletin yadrolardyn tynyshtyk massalarynyn ajyrmasyna ten Ol energetikalyk birlikpen kobine MeV ornekteledi Eger zhylulyk effekt on bolsa onda yadrolyk reakciya energiyany syrtka shygara otyryp zhүredi Munda yadrolyk reakciya yadrolyk reakciya dep atalady Eger zhylulyk effekt teris bolsa onda yadrolyk reakciyanyn zhүru үshin reakciyaga katysatyn yadrolardyn salystyrmaly kozgalysynyn energiyasy zhylulyk effektiden kem boluga tiis Yadrolyk reakciyalardyn manyzdy sipattamalarnyn biri yadrolyk tүrlenu nәtizhesinde pajda bolgan bolshekterdin shygu buryshy men energiyasy bojynsha tarala bolinui Yadrolyk reakciyalar әdette atkylajtyn bolshekterdin ne yadrolardyn tabigatyna karaj zhүkteledi mysaly nejtrondar protondar a bolshekter kop zaryadty auyr iondar g kvanttar әserinen bolatyn yadrolyk reakciyalar Reakciyalardyn kejbir tүri tүrlenu sipatyna karaj zhүkteledi mysaly kulondyk kozu yadro energiyasynyn atkylajtyn bolshekterinin elektrstatikalyk orisi әserinen artuy atom yadrosynyn bolshektenui t b Yadrolyk raketty kozgaltkysh testileu stendinde Energiyanyn impulstyn kozgalys molsheri momentinin saktalu zandary yadrolyk reakciyalardyn kejbir sipattamasy zhylulyk effekt t b zhoninde bolzham zhasauga mүmkindik beredi Degenmen yadrolyk reakciyalardyn dәlirek sipattamalaryn mysaly әr tүrli yadrolyk reakciyalardyn effektivtik koldenen kimasy t b anyktau үshin yadrolyk reakciyalar teoriyasy padalanylady Yadrolyk reakciyalardyn kazirgi teoriyasynyn negizin 20 g dyn 30 zhyldary N Bor kalagan Onyn usyngan tuzhyrymyna sәjkes yadrolyk reakciya a A v V eki kezennen turady birinshi kezende reakciyaga katysatyn yadrolardyn birigui nәtizhesinde zhana kozgan yadro S pajda bolady Ol aralyk nemese kurandy yadro a A S dep atalady Ekinshi kezende kozgan aralyk yadro kәdimgi radioaktivti ydyrau tәrizdi bul zhagdajdagy ajyrmashylyk ydyrajtyn negizgi kүjdegi yadro emes kүshti kozgan kүjdegi yadro ydyrajdy S v V Kop zhagdajda aralyk omir sүru uakyty atkylajtyn bolshektin nysana yadro olshemimen 10 12 10 13 sm shamalas kashyktyk ushyp otuine ketetin uakytynan birneshe ese artyk bolady Sojtip yadrolardyn birigu momenti men yadrolyk reakciya onimderinin tүzilu momenterinin arasy biraz uakytka sozylatyndyktan atkylajtyn bolshektin tasityn energiyasy aralyk yadro nuklondarynyn arasynda birneshe ret kajta bolinedi Bul zhagdaj yadrolyk reakciyanyn ekinshi kezeni yadrolyk reakciyanyn birinshi kezeninin erekshelikterine tәuelsiz ekendigin zhәne ol aralyk yadronyn kasietterimen gana anyktalatyndygyn korsetedi Atkylaushy bolshekterdin energiyasy tomen zhagdajdagy yadrolyk reakciyalardyn ishinde nejtrondardyn әserinen bolatyn yadrolyk reakciyalar zhii bajkalady Atkylaushy bolshekterdin energiyasy ortasha zhәne үlken bolgan zhagdajda nejtrondar kobine serpimsiz shashyrajdy Al asa zhogary energiyasy bar bolshekterdin әserlesui kezinde mezondar giperondar tәrizdi elementar bolshekter de pajda bolady Әr tүrli energiyasy bar bolshekterdin әserinen pajda bolgan yadrolyk reakciyalardy zertteu atom yadrosynyn kurylysy men kasietterin zertteudegi manyzdy faktor Zhenil yadrolardyn reakciyalaryn zertteu zhumysy baskarylatyn termoyadrolyk reakciyalardy is zhүzine asyruga komektesedi Al yadrolardyn bolinu procesin zertteu yadrolyk energetikanyn damuynda manyzdy rol atkarady Yadrolyk reaktorlarda alynatyn yadrolyk reakciyalar radioktivti izotoptardyn negizgi kozi Tүzu yadrolyk reakciyaTүzu yadrolyk reakciya ushushy bolshek energiyany barlyk yadro nysanaga emes osy yadrodagy zheke nuklonga nemese nuklondar tobyna beretin yadrolyk reakciyalar Pajdalanylgan әdebietter Қazak enciklopediyasy 10 tom Shpolskij E V Atomnaya fizika t 2 4 izd M 1974 Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Fizika Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar S Torajgyrov atyndagy Pavlodar memlekettik universiteti 2006 ISBN 9965 808 88 0 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet