Эргономика (гр. ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән. “Адам – машина (техника‚ бұйым)”‚ “адам – орта” жүйелеріндегі байланыстарды оңтайлы шешу стратегиясын айқындайды. Адам‚ машина және орта күрделі бүтін ретінде қаралуға тиіс екенін‚ мұнда адам жетекші рөл атқаратынын мойындайды. “Адам – машина – орта” кешенін ұтымды жоспарлап‚ енгізу үшін адам мен машинаның үйлесімділігін ескеретін эргономик. талаптарды қамтамасыз ету керек‚ олар: биофизикалық үйлесімділік – машина‚ басқару органдары және адам (оператор) талап етілетін күш-жігер‚ қуат‚ басқару әрекеттерінің жылдамдығы‚ дәлдігі‚ қарқыны тұрғысынан бір-біріне сай келуге тиіс; антрометрикалық үйлесімділік – адамның антропол. (бойы‚ жасы‚ салмағы‚ т.б.) және физиол. ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды ұйымдастырылған жұмыс орнын жасау; техникалық-эстетикалық үйлесімділік – машинаның тартымдылығын қамтамасыз ету. Эргономикалық талаптар адам мен техника арасындағы атқарымдарды бөлу мен келісуге‚ әрекет үдерістеріне (еңбектің сапасына‚ қауырттығына‚ т.б.)‚ әрекет құралдарына (жұмыс орнының жабдығына‚ басқару органдарына‚ т.б.)‚ әрекет жағдайына (микроахуалға‚ шуылға‚ дірілге‚ т.б.) жатады. Олар техниканы жасап‚ өндіріске енгізудің барлық сатыларында ескерілуге тиіс. Белгіленген талаптарға сай келетін эргономик. көрсеткіштер бұйымның жекелеген түрлерін пайдаланудың қолайлылығы мен қауіпсіздігін сипаттауға мүмкіндік береді‚ еңбектің мазмұнын байытып‚ тартымдылығын жақсартуға‚ өнімділігін арттыруға‚ адамның күш-қуатын‚ денсаулығын жұмыс істеу қабілетін сақтауға септігін тигізеді.
Дереккөздер
- Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/ профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ergonomika gr ergon zhumys nomos zan enbek kuraldary men үderisterin ontajlandyru arkyly enbekke kolajly zhagdaj zhasau maksatymen adamdy adamdar tobyn zhәne onyn kazirgi zamangy ondiristin enbek үderisterine katysuyn zerdelejtin gylymi pәn Adam mashina tehnika bujym adam orta zhүjelerindegi bajlanystardy ontajly sheshu strategiyasyn ajkyndajdy Adam mashina zhәne orta kүrdeli bүtin retinde karaluga tiis ekenin munda adam zhetekshi rol atkaratynyn mojyndajdy Adam mashina orta keshenin utymdy zhosparlap engizu үshin adam men mashinanyn үjlesimdiligin eskeretin ergonomik talaptardy kamtamasyz etu kerek olar biofizikalyk үjlesimdilik mashina baskaru organdary zhәne adam operator talap etiletin kүsh zhiger kuat baskaru әreketterinin zhyldamdygy dәldigi karkyny turgysynan bir birine saj keluge tiis antrometrikalyk үjlesimdilik adamnyn antropol bojy zhasy salmagy t b zhәne fiziol erekshelikterin eskere otyryp utymdy ujymdastyrylgan zhumys ornyn zhasau tehnikalyk estetikalyk үjlesimdilik mashinanyn tartymdylygyn kamtamasyz etu Ergonomikalyk talaptar adam men tehnika arasyndagy atkarymdardy bolu men kelisuge әreket үderisterine enbektin sapasyna kauyrttygyna t b әreket kuraldaryna zhumys ornynyn zhabdygyna baskaru organdaryna t b әreket zhagdajyna mikroahualga shuylga dirilge t b zhatady Olar tehnikany zhasap ondiriske engizudin barlyk satylarynda eskeriluge tiis Belgilengen talaptarga saj keletin ergonomik korsetkishter bujymnyn zhekelegen tүrlerin pajdalanudyn kolajlylygy men kauipsizdigin sipattauga mүmkindik beredi enbektin mazmunyn bajytyp tartymdylygyn zhaksartuga onimdiligin arttyruga adamnyn kүsh kuatyn densaulygyn zhumys isteu kabiletin saktauga septigin tigizedi DerekkozderҚarzhy ekonomika sozdigi Almaty ҚR Bilim zhәne gylym ministrliginin Ekonomika instituty Ziyatker ZhShS 2007 ISBN 978 601 215 003 2 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 X tom O D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0 Oryssha kazaksha tүsindirme zhalpy sozdik Kolik professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2006 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz