Электрхимия – физикалық химияның химиялық процестер нәтижесінде электр энергиясының пайда болуын және электр тогының физикалық-химиялық жүйеге тигізетін әсерін зерттейтін бөлімі. Э. иондардан құралған жүйені және олардың материалдармен жанасқан аралықта жүретін процестерді қарастырады.
18 ғ-дың орта кезінде хим. құбылыстар мен электр құбылыстарының арасында байланыстың бар екендігі байқалды. 1800 ж. А.Вольта алғаш 15 – 20 гальваний элементтерінен тізбектелген вольта бағанасын ашты. Вольта бағанасы арқылы суды сутек пен оттекке ыдыратуға, натрий, калий, стронций, т.б. элементтерді өздерінің қосылыстарынан жеке бөліп алуға, органик., бейорганик. қосылыстарды синтездеуге мүмкіндік туды. 1833 – 34 ж. М.Фарадей электролиттер арқылы электр тогы өткенде олардың ыдырайтынын және олардың ыдырау мөлшері сол заттардың хим. эквивалентіне пропорционал болатынын анықтап, өзінің заңдарын ашты (қ. Фарадей заңдары). 19 ғ-дың 2-жартысынан электр тогының ерітінділер арқылы өту механизмі зерттеле басталды. Осы саладағы көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде С.Аррениус (1883 – 87) электролиттік диссоциация теориясын құрды, бұл теория бойынша электролиттер ерітіндіде ион түрінде болады; иондар қозғалыста болғандықтан ғана ерітінді арқылы ток өтеді. Термодинамика заңдарын Э-ға қолдану арқылы гальваний тізбегіндегі электр қозғаушы күш табиғатын анықтау және оны есептеу мәселесі шешілді. 20 ғ-да электролиттердің термодинам. қасиеттері, олардың электр өткізгіштігі, т.б. қасиеттері жөнінде көптеген мәліметтер жиналды, концентрациялы және күрделі жүйелер, сусыз ерітінділер, балқыған және қатты күйдегі электролиттер зерттелді. Ерітінді және балқыған күйіндегі заттар құрамындағы бөлшектердің табиғатын зерттеу дамып, иондар қатысында жүретін реакциялар мәні дәлелденді. Осы кездегі Э-ның негізгі бағыты – электрхим. кинетиканың дамуы. Электрхим. кинетиканы зерттеу тепе-теңдік жағдайындағы металл мен ерітінді аралығындағы потенциялдар айырымын термодинамик. теңдеулермен есептеуге негізделген, мыс., токтың ерітіндіден өтуі электрод маңындағы электролит концентрациясын өзгертеді. Осыған байланысты электрод потенциялы да ток өтпестен бұрынғы потенциалмен салыстырғанда белгілі шамада өзгереді. Э-ның теор. және практик. маңызы зор. Теориялық Э-ның негізгі бөлімдері: электр өткізгіштік құбылыс және электролиттер; ерітінді мен электрод аралығындағы электрхим. реакциялар жылдамдығы; жартылай өткізгіштер Э-сы, ерітінді мен жартылай өткізгіш аралығындағы зарядты бөлшектердің әрекеттесу құбылысы туралы ілімдер. Қолданбалы Э. теор. Э. жетістіктеріне сүйеніп электрхим. өндірістердің технологиясы мен теорияларының негіздерін зерттейді. Электрхим. әдістерді пайдалану нәтижесінде Э. физ. химияның басқа бөлімдерімен, аналитик. химиямен тығыз байланысты. Мыс., электрхим. әдістер (амперометрия, полярография, кондуктометрия, потенциометрия) активтік коэффициентін, реакцияның жылу эффектісін, сондай-ақ әр түрлі жүйелердегі тепе-теңдік константасын анықтауда, т.б. кең пайдаланылады. Қазақстанда Э. мәселелерімен айналысу 1940 жылдан басталды. Мыс., М.Т. Козловский және оның шәкірттері (О.А. Сонгина, А.И. Зебрева, Л.Ф. Козин, т.б.) Э. саласында ғыл. еңбектер жазды, Д.В. Сокольский, Т.Д. Закүнбаева, Ы.І. Тойбаев, т.б. катализаторлар мен катализдік процестерді зерттеп, көптеген жаңалықтар ашты. Бүгінде Қазақстанда Э. саласында зерттеулер жүргізетін Д.В. Сокольский атынд. “Органикалық синтез және электрхимия”, Қарағандыда “Органикалық синтез және көмір химиясы” ин-ттары бар. ҚазҰУ-нің химия ф-тінде М.І. Наурызбаев, В.А. Захаров, Р.Н. Матакова, Т.З. Ахметов, Д.К. Меңдәлиева, т.б. ғалымдар металдар Э-сы және Э-лық талдау саласында зерттеулер жүргізуде.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Elektrhimiya fizikalyk himiyanyn himiyalyk procester nәtizhesinde elektr energiyasynyn pajda boluyn zhәne elektr togynyn fizikalyk himiyalyk zhүjege tigizetin әserin zerttejtin bolimi E iondardan kuralgan zhүjeni zhәne olardyn materialdarmen zhanaskan aralykta zhүretin procesterdi karastyrady 18 g dyn orta kezinde him kubylystar men elektr kubylystarynyn arasynda bajlanystyn bar ekendigi bajkaldy 1800 zh A Volta algash 15 20 galvanij elementterinen tizbektelgen volta baganasyn ashty Volta baganasy arkyly sudy sutek pen ottekke ydyratuga natrij kalij stroncij t b elementterdi ozderinin kosylystarynan zheke bolip aluga organik bejorganik kosylystardy sintezdeuge mүmkindik tudy 1833 34 zh M Faradej elektrolitter arkyly elektr togy otkende olardyn ydyrajtynyn zhәne olardyn ydyrau molsheri sol zattardyn him ekvivalentine proporcional bolatynyn anyktap ozinin zandaryn ashty k Faradej zandary 19 g dyn 2 zhartysynan elektr togynyn eritindiler arkyly otu mehanizmi zerttele bastaldy Osy saladagy koptegen zertteu zhumystarynyn nәtizhesinde S Arrenius 1883 87 elektrolittik dissociaciya teoriyasyn kurdy bul teoriya bojynsha elektrolitter eritindide ion tүrinde bolady iondar kozgalysta bolgandyktan gana eritindi arkyly tok otedi Termodinamika zandaryn E ga koldanu arkyly galvanij tizbegindegi elektr kozgaushy kүsh tabigatyn anyktau zhәne ony esepteu mәselesi sheshildi 20 g da elektrolitterdin termodinam kasietteri olardyn elektr otkizgishtigi t b kasietteri zhoninde koptegen mәlimetter zhinaldy koncentraciyaly zhәne kүrdeli zhүjeler susyz eritindiler balkygan zhәne katty kүjdegi elektrolitter zertteldi Eritindi zhәne balkygan kүjindegi zattar kuramyndagy bolshekterdin tabigatyn zertteu damyp iondar katysynda zhүretin reakciyalar mәni dәleldendi Osy kezdegi E nyn negizgi bagyty elektrhim kinetikanyn damuy Elektrhim kinetikany zertteu tepe tendik zhagdajyndagy metall men eritindi aralygyndagy potenciyaldar ajyrymyn termodinamik tendeulermen esepteuge negizdelgen mys toktyn eritindiden otui elektrod manyndagy elektrolit koncentraciyasyn ozgertedi Osygan bajlanysty elektrod potenciyaly da tok otpesten buryngy potencialmen salystyrganda belgili shamada ozgeredi E nyn teor zhәne praktik manyzy zor Teoriyalyk E nyn negizgi bolimderi elektr otkizgishtik kubylys zhәne elektrolitter eritindi men elektrod aralygyndagy elektrhim reakciyalar zhyldamdygy zhartylaj otkizgishter E sy eritindi men zhartylaj otkizgish aralygyndagy zaryadty bolshekterdin әrekettesu kubylysy turaly ilimder Қoldanbaly E teor E zhetistikterine sүjenip elektrhim ondiristerdin tehnologiyasy men teoriyalarynyn negizderin zerttejdi Elektrhim әdisterdi pajdalanu nәtizhesinde E fiz himiyanyn baska bolimderimen analitik himiyamen tygyz bajlanysty Mys elektrhim әdister amperometriya polyarografiya konduktometriya potenciometriya aktivtik koefficientin reakciyanyn zhylu effektisin sondaj ak әr tүrli zhүjelerdegi tepe tendik konstantasyn anyktauda t b ken pajdalanylady Қazakstanda E mәselelerimen ajnalysu 1940 zhyldan bastaldy Mys M T Kozlovskij zhәne onyn shәkirtteri O A Songina A I Zebreva L F Kozin t b E salasynda gyl enbekter zhazdy D V Sokolskij T D Zakүnbaeva Y I Tojbaev t b katalizatorlar men katalizdik procesterdi zerttep koptegen zhanalyktar ashty Bүginde Қazakstanda E salasynda zertteuler zhүrgizetin D V Sokolskij atynd Organikalyk sintez zhәne elektrhimiya Қaragandyda Organikalyk sintez zhәne komir himiyasy in ttary bar ҚazҰU nin himiya f tinde M I Nauryzbaev V A Zaharov R N Matakova T Z Ahmetov D K Mendәlieva t b galymdar metaldar E sy zhәne E lyk taldau salasynda zertteuler zhүrgizude Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz