Электрондық теория
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары қышқылдық-негіздік әрекеттесулерді түсіндіретін теорияларды екіге бөліп саралауға болатындай еді. Бір топ теориялар қышқылдық-негіздік әре-кеттесуді протонның ауысуымен, яғни қатысуымен байланыстыра қараса, енді біразы оны еске алмай жаңа үстанымдар ұсынды. Солардың қатарына коваленттік байланыс теориясының авторы америкалық ғалым Дж. Льюис ұсынған қышқылдық-негіздік әре-кеттесудің электрондық теориясы жатады.
Электрондық теория бойынша негіз деп химиялық байланыс түзуге электрон жүбын беретін донор атомы бар затты, ал қышқыл деп сол электрон жұбын қабылдайтын акцептор атомы бар затты айтады. Қышқылдық-негіздік әрекеттесу, түптеп келгенде, электрон жүбының донордан акцепторға ауысып, ортақ ковалентті байланыс түзуімен түсіндіріледі. Олай болса, электрондық теория бойынша қышқылдық-негіздік реакцияларға донорлы-акцептор-лы байланыс түзетін әрекеттесулердің бәрі де жатады. Мысалы,
- NH3+BF3 ↔ NH3:BF3
Донор - негіз аммиакты акцептор - қышкыл бор фториді бейтараптайды. Бүл реакция протондық теория негізінде түсіндіріле алмайды. Шындығында аммиакты бор фторидімен индикатор қатысуында бейтараптауға болады. Өкінішке орай, электрондық теорияның жетімсіздіктері де, кемшіліктері де көп-ақ. Ол бүрыннан қалыптасқан НСl, H2S04 тәрізді қышқылдардың қытшқылдық қасиетін дәлелдей алмайды, үйткені олардың қүрамында электрон жүбы жетпей түрған атомдар жоқ, сондықтан олар өзіне электрон жұбын қосып ала алмайды. Электрондық теория сутекті қышқылдардың ішінен тек электрон жүбы жетімсіз аз ғана заттарды (Н3В03, Аl(ОН)3) қышқылдар қатарына жатқызады. Теория қышқыл мен негіздің күшін өлшейтін жолды да ұсынбайды, көптеген заттардыц қышқылдық-негіздік табиғатын дәл болжай алмайды. Моселен, SnBr4 қышқылдык қасиет көрсетеді, ал қүрылысы бойынша алсақ, қалайы атомының сыртында 8 электронды октет қабаты болғандықтан ешбір қышқ-ылдық қасиет көрсететін жөні жоқ сияқты. Бүл электрондық теорияның қышқылдар мен негіздер туралы ілімге қосары аз көрінгенімен одан туындайтын ғылыми копшілікке кеңінен таныс жүмсақ және қатты қышқылдар мен негіздердің әрекеттесу теориясын қалаған канадалық ғалым Пирсон пробле-малардыц шешімін табуға қолданды.
Дереккөздер
1.Нұрахметов Н.Н., Ташенов Ә.К. Бейметалдар химиясы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК “Дәуір”, 2011.–432 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Elektrondyk teoriya Өtken gasyrdyn zhiyrmasynshy zhyldary kyshkyldyk negizdik әrekettesulerdi tүsindiretin teoriyalardy ekige bolip saralauga bolatyndaj edi Bir top teoriyalar kyshkyldyk negizdik әre kettesudi protonnyn auysuymen yagni katysuymen bajlanystyra karasa endi birazy ony eske almaj zhana үstanymdar usyndy Solardyn kataryna kovalenttik bajlanys teoriyasynyn avtory amerikalyk galym Dzh Lyuis usyngan kyshkyldyk negizdik әre kettesudin elektrondyk teoriyasy zhatady Elektrondyk teoriya bojynsha negiz dep himiyalyk bajlanys tүzuge elektron zhүbyn beretin donor atomy bar zatty al kyshkyl dep sol elektron zhubyn kabyldajtyn akceptor atomy bar zatty ajtady Қyshkyldyk negizdik әrekettesu tүptep kelgende elektron zhүbynyn donordan akceptorga auysyp ortak kovalentti bajlanys tүzuimen tүsindiriledi Olaj bolsa elektrondyk teoriya bojynsha kyshkyldyk negizdik reakciyalarga donorly akceptor ly bajlanys tүzetin әrekettesulerdin bәri de zhatady Mysaly NH3 BF3 NH3 BF3 Donor negiz ammiakty akceptor kyshkyl bor ftoridi bejtaraptajdy Bүl reakciya protondyk teoriya negizinde tүsindirile almajdy Shyndygynda ammiakty bor ftoridimen indikator katysuynda bejtaraptauga bolady Өkinishke oraj elektrondyk teoriyanyn zhetimsizdikteri de kemshilikteri de kop ak Ol bүrynnan kalyptaskan NSl H2S04 tәrizdi kyshkyldardyn kytshkyldyk kasietin dәleldej almajdy үjtkeni olardyn kүramynda elektron zhүby zhetpej tүrgan atomdar zhok sondyktan olar ozine elektron zhubyn kosyp ala almajdy Elektrondyk teoriya sutekti kyshkyldardyn ishinen tek elektron zhүby zhetimsiz az gana zattardy N3V03 Al ON 3 kyshkyldar kataryna zhatkyzady Teoriya kyshkyl men negizdin kүshin olshejtin zholdy da usynbajdy koptegen zattardyc kyshkyldyk negizdik tabigatyn dәl bolzhaj almajdy Moselen SnBr4 kyshkyldyk kasiet korsetedi al kүrylysy bojynsha alsak kalajy atomynyn syrtynda 8 elektrondy oktet kabaty bolgandyktan eshbir kyshk yldyk kasiet korsetetin zhoni zhok siyakty Bүl elektrondyk teoriyanyn kyshkyldar men negizder turaly ilimge kosary az koringenimen odan tuyndajtyn gylymi kopshilikke keninen tanys zhүmsak zhәne katty kyshkyldar men negizderdin әrekettesu teoriyasyn kalagan kanadalyk galym Pirson proble malardyc sheshimin tabuga koldandy Derekkozder1 Nurahmetov N N Tashenov Ә K Bejmetaldar himiyasy Okulyk Almaty ZhShS RPBK Dәuir 2011 432 bet