Жауын-шашын өте аз түсетін климат жағдайында қалыптасатын ландшафтың яғни жердің кедір-бұдырының бір түрі. Шөлде түсетін жауын-шашын мөлшерінен булану шамасы 7 – 30 есе артық болады. Шөл топырағы және грунтына қарай: ертедегі аллювийлік жазықтың борпылдақ жыныс қабаттары үстінде қалыптасқан құмды Шөл гипстелген құрылымды үстірт пен тау алды жазығындағы малтатасты және құмды-малтатасты Шөл; үстірттегі және тау алды жазығындағы гипстелген қиыршық тасты Шөл; аласа таулар және ұсақ шоқылардағы тастақты Шөл; жамылғысы сәл карбонатты саздақты жердегі саздақты Шөл; тау етегі жазығындағы ллссті Шөл; тау алды жазығы мен өзендердің ескі атырауларындағы саздақты тақыр Шөл; тұзды мергелдік және сазды аласа таулы өңірдегі саздақты-шөладырлы Шөл; тұзды құмтөбелер және теңіз жағалауындағы сортаң Шөл болып бөлінеді. Құрлықтың ішкі бөлігінде орналасу жағдайына қарай құрлықтық (Гоби, Такла-Макан, т.б.) және құрлықтардың батыс жағалауларында орналасқан жағалаулық (Атакама, Намиб, т.б.) Шөлдерге бөлінеді. Геогр. орнына қарай тропиктік, субтропиктік, қоңыржай белдеу және Арктика мен Антарктида (арктиктик Шөл немесе мұз Шөлі) Шөлдері болып бөлінеді; тауларда Шөл (суық биіктаулық Шөл) биіктік ландшафт белдеуін құрайды. Негізінен Шөлдердегі бұлтсыз ашық күндер саны 197 – 295 шамасында. Жазы ыстық. Қоңыржай белдеулік Шөлде шілденің орташа температурасы 22 – 32С; ең жоғары температурасы 50С; тропиктік және субтропиктік белдеулер Шөлдерінде 30 – 38С. Солттүстік Америкадағы Ажал аңғарында ауа температурасы 56,7 С-қа дейін көтеріледі. Шөлдегі топырақ беті кейде 90 С-қа дейін қызады. Жылдық жауын-шашын мөлшісі 175 – 200 мм; Такла-Макан Шөліндегі орташа мөлшісі 9 мм шамасында. Судың булануы, жерге сіңу шығыны көп болғандықтан, Шөлден өтетін кейбір өзендер сағасына жетпей тартылып қалады. Топырақ қабатындағы ылғалдың тапшы болуына байланысты Шөлдің өсімдік жамылғысы негізінен кедей, тек қуаңшылыққа бейімделген өсімдіктер өседі. Шөптесін өсімдіктен эфемерлер және эфемероидтар көп тараған. Субтропиктік және тропиктік, құрлықтың ішкі бөліктеріндегі Шөлдерде, әсіресе Африка, Арабия Шөлдерінде суккуленттер, ксерофиттік бұталар және көп жылдық шөптер өседі. Солттұстік Америка және Австрия субтропиктік Шөлдеріндегі өсімдік жамылғысы басқа Шөлдерге қарағанда түрлерге бай келеді. Шөл жануарлары өзін қоршаған географиялық ортаның қатал жағдайына бейімделген. Қосаяқ, кесіртке, жылан, құм сарышұнақтары, құм тасбақалары, қарақұйрық, ақбөкен, т.б. мекендейді. Дүние жүзіндегі ең ірі шөл – Сахара. Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі шөлді аймақтар: Мырзашөл, Қарақұм, Қызылқұм, Бетпақдала. Шөлдің ландшафтысы Жер шарының 19%-нда, Қазақстан жерінің 44%-нда қалыптасқан; Шөл белдемі.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhauyn shashyn ote az tүsetin klimat zhagdajynda kalyptasatyn landshaftyn yagni zherdin kedir budyrynyn bir tүri Sholde tүsetin zhauyn shashyn molsherinen bulanu shamasy 7 30 ese artyk bolady Shol topyragy zhәne gruntyna karaj ertedegi allyuvijlik zhazyktyn borpyldak zhynys kabattary үstinde kalyptaskan kumdy Shol gipstelgen kurylymdy үstirt pen tau aldy zhazygyndagy maltatasty zhәne kumdy maltatasty Shol үstirttegi zhәne tau aldy zhazygyndagy gipstelgen kiyrshyk tasty Shol alasa taular zhәne usak shokylardagy tastakty Shol zhamylgysy sәl karbonatty sazdakty zherdegi sazdakty Shol tau etegi zhazygyndagy llssti Shol tau aldy zhazygy men ozenderdin eski atyraularyndagy sazdakty takyr Shol tuzdy mergeldik zhәne sazdy alasa tauly onirdegi sazdakty sholadyrly Shol tuzdy kumtobeler zhәne teniz zhagalauyndagy sortan Shol bolyp bolinedi Қurlyktyn ishki boliginde ornalasu zhagdajyna karaj kurlyktyk Gobi Takla Makan t b zhәne kurlyktardyn batys zhagalaularynda ornalaskan zhagalaulyk Atakama Namib t b Sholderge bolinedi Geogr ornyna karaj tropiktik subtropiktik konyrzhaj beldeu zhәne Arktika men Antarktida arktiktik Shol nemese muz Sholi Sholderi bolyp bolinedi taularda Shol suyk biiktaulyk Shol biiktik landshaft beldeuin kurajdy Negizinen Sholderdegi bultsyz ashyk kүnder sany 197 295 shamasynda Zhazy ystyk Қonyrzhaj beldeulik Sholde shildenin ortasha temperaturasy 22 32S en zhogary temperaturasy 50S tropiktik zhәne subtropiktik beldeuler Sholderinde 30 38S Solttүstik Amerikadagy Azhal angarynda aua temperaturasy 56 7 S ka dejin koteriledi Sholdegi topyrak beti kejde 90 S ka dejin kyzady Zhyldyk zhauyn shashyn molshisi 175 200 mm Takla Makan Sholindegi ortasha molshisi 9 mm shamasynda Sudyn bulanuy zherge sinu shygyny kop bolgandyktan Sholden otetin kejbir ozender sagasyna zhetpej tartylyp kalady Topyrak kabatyndagy ylgaldyn tapshy boluyna bajlanysty Sholdin osimdik zhamylgysy negizinen kedej tek kuanshylykka bejimdelgen osimdikter osedi Shoptesin osimdikten efemerler zhәne efemeroidtar kop taragan Subtropiktik zhәne tropiktik kurlyktyn ishki bolikterindegi Sholderde әsirese Afrika Arabiya Sholderinde sukkulentter kserofittik butalar zhәne kop zhyldyk shopter osedi Solttustik Amerika zhәne Avstriya subtropiktik Sholderindegi osimdik zhamylgysy baska Sholderge karaganda tүrlerge baj keledi Shol zhanuarlary ozin korshagan geografiyalyk ortanyn katal zhagdajyna bejimdelgen Қosayak kesirtke zhylan kum saryshunaktary kum tasbakalary karakujryk akboken t b mekendejdi Dүnie zhүzindegi en iri shol Sahara Қazakstan men Ortalyk Aziyadagy iri sholdi ajmaktar Myrzashol Қarakum Қyzylkum Betpakdala Sholdin landshaftysy Zher sharynyn 19 nda Қazakstan zherinin 44 nda kalyptaskan Shol beldemi