Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) (Internatіonal Labour Organіzatіon, ILO) — үкіметті, кәсіпкерлер мен еңбекшілерді тең құқықтар негізінде біріктірген халықаралық ұйым. ХЕҰ еңбек қатынастарының халықар. нормаларын және олардың орындалуын бақылау рәсімдерін әзірлейді. 1919 ж. Версаль шарты бойынша Ұлттар лигасының құрамдас бөлігі ретінде құрылған. 1939 — 1945 ж. 2-дүниежүз. соғыс кезеңінде штаб-пәтері Монреальда (Канада) орналасты. 1944 ж. мамырда Филадельфияда өткен Бас конференцияда ХЕҰ-ның соғыстан кейінгі кезеңге арналған мақсаттарын айқындайтын мәлімдеме қабылданды. 1946 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы ХЕҰ мен БҰҰ арасындағы келісімді бекітіп, ұйымды өзінің мамандандырылған мекемесі ретінде таныды. Женевада (Швейцария) орналасқан. КСРО 1934 — 1940 ж. ХЕҰ-на мүше болды, 1954 ж. қайта кірді. 1969 ж. ХЕҰ-на бейбітшілік сыйлығы берілді. ХЕҰ-ның іргелі ұстанымы: еңбек тауар емес; сөз бостандығы мен бірігу бостандығы — тұрақты ілгерілеудің қажетті шарттары; кез келген жердегі қайыршылық — жалпы әл-ауқатқа төнген қатер. ХЕҰ-ның жарғы бойынша мақсаты: әлеум. әділеттілік, яғни нәсіліне, сеніміне немесе жынысына қарамастан барлық адамдардың өзінің материалдық игілігін жүзеге асыруға және еркіндік пен қадір-қасиетті сақтау, экон. тұрақтылық пен тең мүмкіндіктер жағдайында рухани дамуға құқықтары негізінде жалпыға бірдей және баянды бейбітшілікке қол жеткізу. ХЕҰ жұмыспен толық қамтамасыз етуге, тұрмыс деңгейін көтеруге, еңбек қауіпсіздігіне, еңбекшілердің денсаулығын сақтауға, адамның негізгі құқықтарының сақталуына жәрдемдеседі, экон. және әлеум. бағдарламалардың орындалуын, кәсіпкерлер мен еңбекшілердің арасындағы ынтымақтастыққа септігін тигізеді. Осы мақсатпен ХЕҰ еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсартудың халықар. саясаты мен бағдарламасын әзірлейді, еңбек қатынастарының бірлесу еркіндігі, ұйымдасу құқығын қорғау, мәжбүрлі еңбекке тыйым салу, еңбекпен айналысудағы кемсітушілік, еңбекақыдағы тең құқылық, жалақы кепілдігі, келімсек еңбекшілердің құқықтары, әлеум. қамсыздандырудың ең төмен нормалары, еңбек инспекциясы, аналарды қорғау, ақы төленетін демалыс, жалданбалы қызметтер сияқты салаларда халықар. стандарттарды белгілейтін конвенциялар мен ұсыныстар қабылдайды. ХЕҰ конвенциясын бекіткен мемлекет оның ережелерін іске асыруға және Халықар. еңбек бюросына (ХЕБ) оның орындалғаны туралы тұрақты есеп беріп тұруға міндеттенеді. ХЕҰ-ның басшы органдары — Халықар. еңбек конференциясы, әкімшілік кеңес, ХЕБ.
Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Halykaralyk enbek ujymy HEҰ International Labour Organization ILO үkimetti kәsipkerler men enbekshilerdi ten kukyktar negizinde biriktirgen halykaralyk ujym HEҰ enbek katynastarynyn halykar normalaryn zhәne olardyn oryndaluyn bakylau rәsimderin әzirlejdi 1919 zh Versal sharty bojynsha Ұlttar ligasynyn kuramdas boligi retinde kurylgan 1939 1945 zh 2 dүniezhүz sogys kezeninde shtab pәteri Monrealda Kanada ornalasty 1944 zh mamyrda Filadelfiyada otken Bas konferenciyada HEҰ nyn sogystan kejingi kezenge arnalgan maksattaryn ajkyndajtyn mәlimdeme kabyldandy 1946 zh BҰҰ Bas Assambleyasy HEҰ men BҰҰ arasyndagy kelisimdi bekitip ujymdy ozinin mamandandyrylgan mekemesi retinde tanydy Zhenevada Shvejcariya ornalaskan KSRO 1934 1940 zh HEҰ na mүshe boldy 1954 zh kajta kirdi 1969 zh HEҰ na bejbitshilik syjlygy berildi HEҰ nyn irgeli ustanymy enbek tauar emes soz bostandygy men birigu bostandygy turakty ilgerileudin kazhetti sharttary kez kelgen zherdegi kajyrshylyk zhalpy әl aukatka tongen kater HEҰ nyn zhargy bojynsha maksaty әleum әdilettilik yagni nәsiline senimine nemese zhynysyna karamastan barlyk adamdardyn ozinin materialdyk igiligin zhүzege asyruga zhәne erkindik pen kadir kasietti saktau ekon turaktylyk pen ten mүmkindikter zhagdajynda ruhani damuga kukyktary negizinde zhalpyga birdej zhәne bayandy bejbitshilikke kol zhetkizu HEҰ zhumyspen tolyk kamtamasyz etuge turmys dengejin koteruge enbek kauipsizdigine enbekshilerdin densaulygyn saktauga adamnyn negizgi kukyktarynyn saktaluyna zhәrdemdesedi ekon zhәne әleum bagdarlamalardyn oryndaluyn kәsipkerler men enbekshilerdin arasyndagy yntymaktastykka septigin tigizedi Osy maksatpen HEҰ enbek pen turmys zhagdajyn zhaksartudyn halykar sayasaty men bagdarlamasyn әzirlejdi enbek katynastarynyn birlesu erkindigi ujymdasu kukygyn korgau mәzhbүrli enbekke tyjym salu enbekpen ajnalysudagy kemsitushilik enbekakydagy ten kukylyk zhalaky kepildigi kelimsek enbekshilerdin kukyktary әleum kamsyzdandyrudyn en tomen normalary enbek inspekciyasy analardy korgau aky tolenetin demalys zhaldanbaly kyzmetter siyakty salalarda halykar standarttardy belgilejtin konvenciyalar men usynystar kabyldajdy HEҰ konvenciyasyn bekitken memleket onyn erezhelerin iske asyruga zhәne Halykar enbek byurosyna HEB onyn oryndalgany turaly turakty esep berip turuga mindettenedi HEҰ nyn basshy organdary Halykar enbek konferenciyasy әkimshilik kenes HEB Siltemeler Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tom Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet