Тұрғыт Өзал (13 қазан 1927, қаласы, Түркия – 17 сәуір 1993, Ыстамбұл) – Түркияның саяси қайраткері.
Тұрғыт Өзал Turgut Özal | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
9 қараша 1989 жылы — 1993 жылы | ||||
Премьер-Министр | ||||
Ізашары | ||||
Ізбасары | ||||
| ||||
13 желтоқсан 1983 жылы — 31 қазан 1989 жылы | ||||
Президент | ||||
Ізашары | ||||
Ізбасары | ||||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | ||||
Білімі | ||||
Мамандығы | Инженер-электротехник | |||
Діні | Ислам суннизм | |||
Дүниеге келуі | 13 қазан 1927 Малатия, Түркия | |||
Қайтыс болуы | 17 сәуір 1993 (65 жас) Анкара, Түркия | |||
Жұбайы | Айхан Иналла (1952); (1954 жылдан) Семра Өзал (1934) | |||
Балалары | ұлы Ахмет (1955), қыздары Зейнеп (1956) жəне Эфе (1967) | |||
Қолтаңбасы | ||||
Марапаттары | ||||
өңдеу |
Биография
1950 жылы Ыстамбұл техникалық университетін бітірген. 1952 жылы АҚШ-қа оқуға жіберіліп, онда экономика саласы бойынша білім алды. 1953 жылы Түркияға оралған соң Электр жүйелері басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 1961 – 1962 жылы әскери борышын Ұлттық қорғаныс министрлігінің ғылым анықтама кеңесінің мүшесі ретінде өтеді.
Саяси қызметінің басталуы
1962 – 1982 жылы премьер-министр кеңсесіндегі техника мамандар құрылымының мүшесі, премьер-министрдің кеңесшісі, Мемлекеттік жоспарлау мекемесінде кеңесші, Экономика үйлестіру мекемесінің төрағасы, Дүниежүзілік банкте кеңесші, премьер-министрдің экономикалық істерге жауапты көмекшісі болды. 1982 жылы “Анаватан” атты саяси партия құрып, сол жылы өткен парламент сайлауында осы партияның жеңіске ие болуына қол жеткізді. Соның нәтижесінде Түркияның 19-премьер-министрі болып сайланып, ел экономикасына шетел инвестициясын тарту және туризм саласын дамыту бағытындағы іс-шараларды жүзеге асыра бастады. Ол өз кезегінде ел экономикасының артуына игі ықпалын тигізді. 1987 жылғы сайлауда “Анаватан” партиясы тағы да жеңіске жетіп, Тұрғыт Өзал премьер-министр болып қайта сайланды.
Президенттік
1989 жылы Түркия парламенті Тұрғыт Өзалды президент етіп сайлады. Осылайша ол Түркияның 8-президенті болды. Тұрғыт Өзал Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жаңа құрылған тәуелсіз түркі мемлекеттерінің әлемдік қауымдастықта танылуына өзіндік үлес қосты.
Қазақстанмен қатынастары
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанда Тұрғыт Өзал оны алғаш таныған қайраткер болды. Ол 1993 жылы Қазақстанға арнайы сапармен келіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылуына қолдау жасады. Алматы қаласындағы көшелердің біріне оның есімі берілген.
Өзалдың нақыл сөздері
Менiң шенеулiгiм өз iсiн бiледi.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Turgut Özal |
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Turgyt Өzal 13 kazan 1927 kalasy Tүrkiya 17 sәuir 1993 Ystambul Tүrkiyanyn sayasi kajratkeri Turgyt Өzal Turgut OzalLauazymyTu Tүrkiya prezidenti Tu9 karasha 1989 zhyly 1993 zhylyPremer MinistrIzasharyIzbasaryTu13 zheltoksan 1983 zhyly 31 kazan 1989 zhylyPrezidentIzasharyIzbasaryӨmirbayanyPartiyasyBilimiMamandygyInzhener elektrotehnikDini Islam sunnizmDүniege kelui 13 kazan 1927 1927 10 13 Malatiya TүrkiyaҚajtys boluy 17 sәuir 1993 1993 04 17 65 zhas Ankara TүrkiyaZhubajy Ajhan Inalla 1952 1954 zhyldan Semra Өzal 1934 Balalary uly Ahmet 1955 kyzdary Zejnep 1956 zhene Efe 1967 ҚoltanbasyMarapattaryondeu Biografiya1950 zhyly Ystambul tehnikalyk universitetin bitirgen 1952 zhyly AҚSh ka okuga zhiberilip onda ekonomika salasy bojynsha bilim aldy 1953 zhyly Tүrkiyaga oralgan son Elektr zhүjeleri baskarmasy toragasynyn orynbasary bolyp kyzmet atkardy 1961 1962 zhyly әskeri boryshyn Ұlttyk korganys ministrliginin gylym anyktama kenesinin mүshesi retinde otedi Sayasi kyzmetinin bastaluy1962 1982 zhyly premer ministr kensesindegi tehnika mamandar kurylymynyn mүshesi premer ministrdin kenesshisi Memlekettik zhosparlau mekemesinde kenesshi Ekonomika үjlestiru mekemesinin toragasy Dүniezhүzilik bankte kenesshi premer ministrdin ekonomikalyk isterge zhauapty komekshisi boldy 1982 zhyly Anavatan atty sayasi partiya kuryp sol zhyly otken parlament sajlauynda osy partiyanyn zheniske ie boluyna kol zhetkizdi Sonyn nәtizhesinde Tүrkiyanyn 19 premer ministri bolyp sajlanyp el ekonomikasyna shetel investiciyasyn tartu zhәne turizm salasyn damytu bagytyndagy is sharalardy zhүzege asyra bastady Ol oz kezeginde el ekonomikasynyn artuyna igi ykpalyn tigizdi 1987 zhylgy sajlauda Anavatan partiyasy tagy da zheniske zhetip Turgyt Өzal premer ministr bolyp kajta sajlandy Prezidenttik1989 zhyly Tүrkiya parlamenti Turgyt Өzaldy prezident etip sajlady Osylajsha ol Tүrkiyanyn 8 prezidenti boldy Turgyt Өzal Kenes Odagy ydyragannan kejin zhana kurylgan tәuelsiz tүrki memleketterinin әlemdik kauymdastykta tanyluyna ozindik үles kosty Қazakstanmen katynastaryҚazakstan oz tәuelsizdigin zhariyalaganda Turgyt Өzal ony algash tanygan kajratker boldy Ol 1993 zhyly Қazakstanga arnajy saparmen kelip Қozha Ahmet Yasaui kesenesine ziyarat etti Tүrkistan kalasyndagy Halykaralyk kazak tүrik universitetinin ashyluyna koldau zhasady Almaty kalasyndagy koshelerdin birine onyn esimi berilgen Өzaldyn nakyl sozderiMenin sheneuligim oz isin biledi Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Turgut OzalDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom