Әзімбаев Тұрдымұрат 1923 жылы 24 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының Бесабдал ауылында қазіргі Қошқарата округінде туған.
![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdmEyc3ZZeTlqTnk5UU1UQTJNRGMyT0MweE9UbDRNalkyTG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
Шанышқылы тайпасының Бесуыл руынан шыққан.
Еңбекжолы
Сондағы Калинин (қазіргі Нұрғиса Тілендиев) атындағы мектептің жеті сыныбын 1939 жылы бітіріп Капланбектегі зооветтехникумда, соңынан сондағы педагогикалық училищеде білімін жалғастырған.
Еңбек жолын 1941 жылы Калинин атындағы мектепте мұғалімдіктен бастаған. Сол мектептен 1942 жылы наурыз айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылады. 1942 ж. шілде айына дейін Алматыда әскери дайындықтан өтіп, сол жерден Ұлы Отан соғысына аттанады. Соғыста Украина майданында 51-армияның 346-атқыштар дивизиясына қарасты 1168 полкта барлаушы қызметін атқарады. Генерал Д.И.Станкевский басқарған 346-шы атқыштар дивизиясы құрамында жауға қарсы соғысқан Тұрдымұрат аға Қырымды азат етуде үлкен ерлік көрсетеді. Ол туралы тек сол бір отты, қанды Сиваш плацдармындағы өліммен беттескен әрбір минөт өмір жайлы жазылған «Мы вернулись, Севастополь», «Верность памяти», «Позвала отчизна в бой» атты кітаптар сыр шертеді. Бұл кітаптардың барлығы Украинада, Қырымда басылып шыққан.
Ондағы көрсеткен ерлігімен 2 рет «За отвагу» медалімен және жауынгерлік «Қызыл ту» орденімен марапатталды. 1943 жылы Қырымды алудағы аса жоғары ерлігі ескеріліп Кеңестер Одағының Батыры атағына ұсынылады. Ол материал диспансериядан өтіп 4 Украина майданының штабына барғанда жоғарыға жіберілмей қалып қояды.
Тұрдымұрат Әзімбаев 1944 жылы тамыз айында ауыр жараланып елге оралған соң Бесабдал ауылдық кеңесінде хатшы, одан Шымкент мұғалімдер даярлайтын институтты, Алматы педагогикалық институтын үздік бітіріп, бірнеше мектептерде директор, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, ауылдық, аудандық партия кеңестерінде қызмет атқарды. 1978 жылы зейнетке шыққан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін өмірінің соңына дейін (2009 ж.) атқарады.
Марапаттамалары
Көп жылғы еңбегі ескеріліп Сарыағаш ауданының «Құрметті азаматы» және Шымкент облыстық атқару комитетінің мақтау қағаздарымен 3 мәрте марапатталды. Бүкілодақтық ардагерлер кеңесінің «Құрмет белгісімен» және Қазақстан Республикасының ардагерлер кеңесінің мақтау қағазымен 3 рет марапатталды. Қазақстан Оқу министрлігінің «Халық-ағарту ісінің үздік мұғалімі» белгісімен, 1995 жылы Қазақстан Республикасының «Отан» орденімен, 1999 жылы «Астана» медалімен, ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай «Қазақстан 10 жыл» медалімен және тағы да басқа 19 медальмен марапатталған.
Тұрдымұрат Әзімбаев бірнеше рет аудандық кеңес депутаты, облыстық және аудандық партия комитеттерінің бірнеше рет пленум мүшесі болып сайланған. Т. Әзімбаев отбасында 5 ұл мен 5 қыз өсіріп-тәрбиелеген. Барлығы да жоғары білімді, қоғамның әр саласында қызмет атқарып келеді. 27 немере, 25 шөбере көрген қадірлі ата.
Дереккөздер
- Мекембай Омарұлы [1] = Шаңышқылы шежіресі / А.Ирисбаев — Ташкент: Езувчи, 2000. — 232 б. — 1000 таралым. — ISBN 5-8255-0662-4.
1. ↑http://www.velchel.ru/
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әzimbaev Turdymurat 1923 zhyly 24 sәuir kүni Ontүstik Қazakstan oblysynyn Keles audanynyn Besabdal auylynda kazirgi Қoshkarata okruginde tugan Әzimbaev Turdymurat Shanyshkyly tajpasynyn Besuyl ruynan shykkan EnbekzholySondagy Kalinin kazirgi Nurgisa Tilendiev atyndagy mekteptin zheti synybyn 1939 zhyly bitirip Kaplanbektegi zoovettehnikumda sonynan sondagy pedagogikalyk uchilishede bilimin zhalgastyrgan Enbek zholyn 1941 zhyly Kalinin atyndagy mektepte mugalimdikten bastagan Sol mektepten 1942 zhyly nauryz ajynda Kenes Armiyasy kataryna shakyrylady 1942 zh shilde ajyna dejin Almatyda әskeri dajyndyktan otip sol zherden Ұly Otan sogysyna attanady Sogysta Ukraina majdanynda 51 armiyanyn 346 atkyshtar diviziyasyna karasty 1168 polkta barlaushy kyzmetin atkarady General D I Stankevskij baskargan 346 shy atkyshtar diviziyasy kuramynda zhauga karsy sogyskan Turdymurat aga Қyrymdy azat etude үlken erlik korsetedi Ol turaly tek sol bir otty kandy Sivash placdarmyndagy olimmen bettesken әrbir minot omir zhajly zhazylgan My vernulis Sevastopol Vernost pamyati Pozvala otchizna v boj atty kitaptar syr shertedi Bul kitaptardyn barlygy Ukrainada Қyrymda basylyp shykkan Ondagy korsetken erligimen 2 ret Za otvagu medalimen zhәne zhauyngerlik Қyzyl tu ordenimen marapattaldy 1943 zhyly Қyrymdy aludagy asa zhogary erligi eskerilip Kenester Odagynyn Batyry atagyna usynylady Ol material dispanseriyadan otip 4 Ukraina majdanynyn shtabyna barganda zhogaryga zhiberilmej kalyp koyady Turdymurat Әzimbaev 1944 zhyly tamyz ajynda auyr zharalanyp elge oralgan son Besabdal auyldyk kenesinde hatshy odan Shymkent mugalimder dayarlajtyn institutty Almaty pedagogikalyk institutyn үzdik bitirip birneshe mektepterde direktor audandyk oku boliminin mengerushisi auyldyk audandyk partiya kenesterinde kyzmet atkardy 1978 zhyly zejnetke shykkan son audandyk ardagerler kenesinin toragasy kyzmetin omirinin sonyna dejin 2009 zh atkarady MarapattamalaryKop zhylgy enbegi eskerilip Saryagash audanynyn Қurmetti azamaty zhәne Shymkent oblystyk atkaru komitetinin maktau kagazdarymen 3 mәrte marapattaldy Bүkilodaktyk ardagerler kenesinin Қurmet belgisimen zhәne Қazakstan Respublikasynyn ardagerler kenesinin maktau kagazymen 3 ret marapattaldy Қazakstan Oku ministrliginin Halyk agartu isinin үzdik mugalimi belgisimen 1995 zhyly Қazakstan Respublikasynyn Otan ordenimen 1999 zhyly Astana medalimen ҚR tәuelsizdigine 10 zhyl toluyna oraj Қazakstan 10 zhyl medalimen zhәne tagy da baska 19 medalmen marapattalgan Turdymurat Әzimbaev birneshe ret audandyk kenes deputaty oblystyk zhәne audandyk partiya komitetterinin birneshe ret plenum mүshesi bolyp sajlangan T Әzimbaev otbasynda 5 ul men 5 kyz osirip tәrbielegen Barlygy da zhogary bilimdi kogamnyn әr salasynda kyzmet atkaryp keledi 27 nemere 25 shobere korgen kadirli ata DerekkozderMekembaj Omaruly 1 Shanyshkyly shezhiresi A Irisbaev Tashkent Ezuvchi 2000 232 b 1000 taralym ISBN 5 8255 0662 4 1 http www velchel ru