Туркiстан Шаяны (Astacus kesslerі) – шаянтәрізділер класына, он аяқты шаяндар отрядына, тұқымдасына жататын түр. Түркістан облысындағы Қайнар, Бөріжар, Талас (жоғ. ағысында) өзендерінде, Бөріжар су қоймасында кездеседі. Бұрын Сырдария өз-нің ағысын реттегенге дейін, оның жайылма көлдерінде көп тараған болатын. Негізінен өзендердің құлама жағалауларының қуыстарын, тастардың астын мекендейді. Дене мөлшері аса үлкен емес. Карапаксының (шаянның баскөкірек қалқанының) пішіні созылыңқы, жұмыртқа тәрізді. Баскөкірегі тегіс не төмпешіктермен жабылған. Кеудесінің алдыңғы жүру аяқтарының ұшында үлкен қысқышы бар, ол жемтігін ұстауға, оны жұлуға, жауынан қорғануға және денесін тазартуға арналған. Аталықтарының қысқышы қысқа және жалпақ болады. Құрсағы ұзын, аяқтары жүзіп жүруіне жарамайды. Аналықтары жұмыртқаларын құрсақ аяқтарына жабыстырып, ұрпақтары дамып шыққанша өзімен алып жүреді. Аталықтарының құр-сақ аяқтарының 1 – 2 жұбы шағылыс мүшесіне айналған. Дара жыныстылар, іштей ұрықтанады. Аналықтары ұрықтанған уылдырықтарын (200 – 300 аралығында) маусым айына дейін өзімен алып жүреді. Дамуы метаморфозбен өтеді. Көбеюі күзге келеді. Туркiстан Шаяны – өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түр ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Turkistan Shayany Astacus kessleri shayantәrizdiler klasyna on ayakty shayandar otryadyna tukymdasyna zhatatyn tүr Tүrkistan oblysyndagy Қajnar Borizhar Talas zhog agysynda ozenderinde Borizhar su kojmasynda kezdesedi Buryn Syrdariya oz nin agysyn rettegenge dejin onyn zhajylma kolderinde kop taragan bolatyn Negizinen ozenderdin kulama zhagalaularynyn kuystaryn tastardyn astyn mekendejdi Dene molsheri asa үlken emes Karapaksynyn shayannyn baskokirek kalkanynyn pishini sozylynky zhumyrtka tәrizdi Baskokiregi tegis ne tompeshiktermen zhabylgan Keudesinin aldyngy zhүru ayaktarynyn ushynda үlken kyskyshy bar ol zhemtigin ustauga ony zhuluga zhauynan korganuga zhәne denesin tazartuga arnalgan Atalyktarynyn kyskyshy kyska zhәne zhalpak bolady Қursagy uzyn ayaktary zhүzip zhүruine zharamajdy Analyktary zhumyrtkalaryn kursak ayaktaryna zhabystyryp urpaktary damyp shykkansha ozimen alyp zhүredi Atalyktarynyn kur sak ayaktarynyn 1 2 zhuby shagylys mүshesine ajnalgan Dara zhynystylar ishtej uryktanady Analyktary uryktangan uyldyryktaryn 200 300 aralygynda mausym ajyna dejin ozimen alyp zhүredi Damuy metamorfozben otedi Kobeyui kүzge keledi Turkistan Shayany ote sirek kezdesetin zhojylyp bara zhatkan tүr retinde korgauga alynyp Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engizilgen Siltemeler Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet