Тед Тернер (толық аты-жөні – Роберт Эдвард Тернер, 1938 жылы 19 қарашада Огайо штатындағы қаласында дүниеге келген) - АҚШ медиа-магнаты, биснесмен, миллиардер. CNN (Кейбль-Ньюс-Нетуорк, яғни, Жаңалықтардың Кабельді Торабы) негізін қалаушы.
Тед Тернер | |
---|---|
Тед 2015 жылы. | |
Дүниеге келгені: | Robert Edward Turner III қараша 19, 1938 , АҚШ |
Ұлты: | америкалық |
Мансабы: | Media tycoon |
Known for | Television, , |
Net worth | ▬ $2.3 billion |
Жұбайы: | Julia Gale Nye (1960–1964) Jane Shirley Smith (1965–1988) (1991–2001) |
Балалары | Laura Lee, Robert Edward IV, Rhett, Beauregard, Jennie |
Интернет материалдары болашақ медиа-магнаттың бала күнінде барынша бедел тұтқан екі адамының бірі – өзінің әкесі, екіншісі Александр Македонский дегенді айтады. Тед бала күнінде бұзықтың бұзығы болыпты. Сонысынан күнде әкесінен таяқ жейді екен. Таяқ жегенде жай періп қалу емес, кәдімгі көкала қойдай етіп сабау. “Сен адам болмайсың”, деп әбден түңілген әкесі, әскери оқу орнындағы темірдей тәртіпке мойынсұнар ма екен дегені шығар, ақыры оны жасөспірімдерге арналған әскери академияға орналастырады. Оны бітірген соң Род-Айлендтегі Браун университетіне оқуға түсіреді. Қатал әкенің құрсаулы қолында тұрып-ақ қағынғанын қоймаған Тед басқа қалаға барып, бостандыққа шыққан соң тіпті бетімен кетеді. Университет студенттерінің арасында ішкіш, жүргіш аты шығады. Тернер туралы кітаптарда, мақалаларда оның бір кеште әбден сылқия тойып алғаннан кейін қызды-қыздымен виски бөтелкесін 10 минөттің ішінде ішіп салуға бәстесіп, бәсті жеңіп шыққаны, университеттен моральға жат қылығы үшін қуылғаны (жатақханадағы бөлмесінде бөгде әйелдің болуының өзі студентті оқудан шығаруға жетіп жатыр) жазылмай кетпейді. Айтқандай, кейбіреулердің ойлайтынындай, Америка тіпті де еркін моральдің елі емес, қайта Америка – нағыз пуритандық ел, мысалы, ондағы теледидар бағдарламаларынан біздегі бейбастықтың бірін де көрмейсіз. Тед университеттен шыққан соң әкесінің қолындағы жарнама компаниясына жұмысқа тұрады. Әкесімен арасы қанша нашар десе де Тед түптің түбінде отбасындағы ұлдың үлкені ретінде құны бірнеше миллион долларлық фирма өзіне мұраға қаларына күмән келтірмейтін. Алайда, Тед әкесінің өз компаниясын айдаладағы біреулерге сатып жібергенін ол өмірден өткенде бір-ақ біледі...
Тед Тернер: “Бизнес – соғыс”
Сонымен, жасы жиырманың төртеуіне жаңа жеткенде Тед көшеде қалғандай болады. Әкесіне тиесілі Turner Bіllboards компаниясы бәсекелес жарнама агенттігіне сатылғанда заң тұрғысынан кейбір ақаулықтар жіберілгендігі анықталысымен, бұл жұлқынып шыға келеді. Бәсекелестердің штаб-пәтері орналасқан Палм-Спрингске барып, директорлар кеңесінің жаңа төрағасына мәміле-шартты бұзуды ұсынады. Анау: “Тернер мырза, егер бірдеңеге көңіліңіз толмаса сотқа жүгініңіз”, деп мысқылдай күліп, шығарып салады. Ол университеттен қуылып, әкесіз қалып, сандалып жүрген жас жігіттің жөндемді адвокат жалдайтындай да шамасы жоқтығын білетін. Тед Тернер қазір нарықтың бір нақылына айналып кеткен “Бизнес – соғыс” деген сөзін дәл сол күні айтқан көрінеді.
Turner Bіllboards қызметкерлерінің бір тобын корпоративті этика қағидаттарының бәрін аяқасты етіп, қазіргі бастықтарына қызмет етпеуге көндіреді. “Осылай ету арқылы сіздер болашақ бастықтарыңызға қызмет етесіздер”, дейді оларға... Сонан жаңағылар ендігі шарттардың біразын Тед аяқ астынан тіркей салған жаңа фирманың атына ресімдей бастайды. Мұнан соң Тед директорлар кеңесі төрағасына барып, үзілді-кесілді талап қояды: екі аптаның ішінде компания оның бұрынғы иесінің баласына, яғни Тед Тернерге қайтып берілуі керек немесе ол Turner Bіllboards үшін аса қажет құжаттардың көзін жояды... Енді қарсы жақ шабуылға шығады. Олар дауды шешудің үш жолын ұсынады. Біріншісі – Тед Тернер компаниядан 200 мың доллар алады да, табанын жалтыратады. Екіншісі – компания мүддесін қорғайтын құны қымбат заңгерлер оны өмір бойына фирманың кіріптары етіп шығарады, бәлкім, түрмеге тықтырып тастауы да мүмкін. Үшіншісі – Тед Тернер бәсекелестеріне 200 мың доллар төлейді де, жарнама агенттігін өзіне қайтарып алады... Әрине, үшінші жолдың көкейге қонбайтыны, тек Тедті тәлкек ету үшін ұсынылғаны көзге ұрып тұрған. Ойланып-толғануға небәрі... 30 секунд беріледі.
Ақылды адам, әрине, бірінші жолды таңдар еді. Бәрінен айырылған жерінен тұп-тұтас 200 мың доллар (ол кез үшін Американың өзінде де біраз ақша) қолына түскелі тұр ғой. Даукес біреу болса екінші жолды таңдауы мүмкін. Аса ақылды болғандықтан Тернер үшінші жолды таңдаған. Жарты минөттей ойланып тұрып, “Мен сіздерге 200 мың доллар беремін, сіздер табандарыңызды жалтыратасыздар”, дейді. Аналардың келіспеске әдді қалмайды. Шартты ұсынған өздері ғой. Олар кетісімен Тернердің жанындағы жолдасына айтқан алғашқы сөзі: “Ал енді 200 мың долларды қайдан табамыз?”... Ақыры Тернер бұл мәселені ешкімнен қарызданбай-қауғаланбай-ақ шешеді: әлгі ақшаның орнына өзінің жаңа компаниясы акцияларының бір бөлігін сатады. Бақылаушы пакетінен емес, әрине. Сөйтіп, Тернер әкесінің бизнесін бір цент төлемей-ақ қайтарып алады. Жағдайы түзелісімен әлгі акцияларды қайта сатып алғаны өзінен-өзі түсінікті.
“Тернер уақыты”
Бұл – Тед Тернердің бизнес жасау әдісіндегі жүздеген мысалдардың бірі ғана. Оның келіссөз жүргізу мәнері, сөйлескен адамын сендірмей қоймайтын қуаты қайран қалдырарлық. CNN компаниясындағы топ-менеджерлердің бірі былай дейді екен: “Егер Тед күн ертең батыс жақтан шығады десе, сіз әуелде күлесіз де қоясыз. Әйтсе де ертесіне сіз табиғаттың осындай керемет құбылысын өз көзіңізбен көру үшін таң атпай оянып аласыз”. Тернердің бизнесмендігі “өркениетті” ойлау жүйесін ұстанатын өзге кәсіпкерлердің талайының түсіне де кіре қоймаған. Мысалы, телевизияда “Тернер уақыты” деп аталып кеткен тосын шешімді алайық. Теледидардағы жаңалықтар бағдарламасы, жиі берілгені жөн, қолдан келіп жатса әр сағат ішінде екі рет берілгені жөн. Сонда ол бағдарлама қай кезде басталғаны жөн? Әрине, әр сағаттың басында және ортасында. Ал Тернер басқаша ойлайды. Ол жаңалықтар бағдарламасын әр сағат басталардан 5 минут бұрынға қояды. Енді жұрттың бәрі Тернер арналарына ауысады, өйткені жұрттың бәрі ең маңызды жаңалықтар алғашқы 5-6 минөттің ішінде берілетінін біледі. Оларды көріп алып, басқа арналардың не беретінін аяғына дейін тамашалайын десе, тағы тығырыққа тіреледі: Тернер арнасының жаңа ұсынымы басталып кетеді, ол ұсынымның алғашқы 5 минөтінде тағы бір өте маңызды жаңалық беріліп қалуы мүмкін. Жаңағы жаңалықтардан кейін көрермен басқа арнаға суысып та үлгереді, басталып кеткен бағдарламада не қызық қалады деп ойлайды. Сөйтіп жүріп, көрерменнің көзі де, көңілі де жаңа “сеткаға” үйреніп алады. Оның үстіне газеттер мен журналдардағы телебағдарламалар кестесінде “Тернер уақытының” айқұлақтанып тұратыны тағы бар: Тернер жаңалықтары жеке жолға жазылады да, қалған арналар жаңалықтарының бәрі тоғытылып, бір қатарға салына салады.
Жасы қырыққа жетпей жатып Тед Тернер Америкадағы ең атақты адамдардың біріне, жолы болғыш бизнесменнің үздік үлгісіне айналып үлгерген. Бұл кезде оның қолында АҚШ оңтүстігіндегі бірқатар радиостансалар мен телекомпаниялар, “Атланта брейвз” бейсбол командасы мен “Атланта хокс” баскетбол командасы бар еді. Суреті журналдардың мұқабасынан түспейтін. Желкенді жүзумен жастай айналысқан Тед спортта да жарқын жеңістерге қол жеткізеді: “Карейджес” яхтасының капитаны ретінде 1977 жылғы әлем біріншілігін жеңіп алады. Тернердің желкен спортындағы тамаша табыстарынан оның жүрек жұтқан ерлігі де, тәуекелшіл серілігі де, кісілік өрлігі де келісті көрінеді. 1979 жылы, Ирландия жағалауындағы бір жарыста аяқ астынан қатты дауыл тұрған. Мұндайда тәжірибелі яхтсмендердің бәрі желкенін түсіре қояды. Ал Тернер желкенін жинамаған күйі жүйткігеннен жүйткіп отырып мәреге алдымен жетеді. Сол жолғы жарыста 15 спортшы опат болады. Зәресі ұшқан жолдастарының біріне Тернер: “Менің қайығымдағы жалаулар түрлі-түсті, алайда олардың арасында ақ түсті жалау жоқ”, деген. Ақ түстің жеңіліс белгісі екені мәлім. Сонан бері бизнес әлемінде де, спорт әлемінде де Тернерге Қайсар Капитан деген ат берілген.
Turner Broadcastіng Systems
Жер жүзін жаулап алуды армандаған жеңісті жолын Тед Тернер басқаша жалғастырды. 1977 жылы Тернер телевизияда шын мәніндегі революция деуге тұрарлық іске кірісті. Ол тәулік бойы жұмыс істейтін жаһандық жер серігі телеарнасын жасауды қолға алды. Бұл кезде Тернердің атағы асып, байлығы тасып тұрған. Баласының баласының баласына жететіндей ақшасы бар еді. Оның үстіне американ телеэфирінде жерді көтереді дейтін үш алып киттей , NBC, CBS деген үш алып компания билік құратын. Әйтсе де Тернер тартынған жоқ. Тартынбайтыны – мұның алдында ғана, 1976 жылы ол “супер-станция” идеясын ойлап тапқан еді. Ол идеяның мәні – телесигналдарды жер серігі арқылы бүкіл елге кабель жүйесімен тарату. Міне, 30 жылға жуық уақыттан бері адамзат аузында жүрген CNN (Кейбль-Ньюс-Нетуорк, яғни, Жаңалықтардың Кабельді Торабы) ұғымы өмірге осылайша келген. Кейіннен бұл жүйе TBS () деп аталып кетті. Тернер есімі осылайша әлем техникасының тарихына да технологиялық тамаша жаңалық иесі ретінде енді.
Владимир Солоухиннің Алепино деревнясы туралы жазбаларында бір көрші кемпірмен әңгімесі келтірілетін. “Теледидар – әлемнің терезесі”, дейді жазушы. “Терезе екені терезе ғой. Бірақ көрсеткенді ғана көрсететін терезе ғой ол”, дейді әжей. Рас айтқан. Тернердің тегеурінімен телевизия әлемдік саясаттың қуатты құралына айналды. Мадлен Олбрайттың “CNN – Қауіпсіздік Кеңесінің он алтыншы мүшесі” деген сөзі баршаға белгілі. Эдуард Шеварднадзенің АҚШ-тың Панамаға басып кіруіне наразылық нотасын алдымен CNN-ге, сонан кейін барып американ елшілігіне жіберетіні тіпті де тегін емес. 1991 жылғы АҚШ-тың Иракқа басып кіруі кезіндегі “Шөлдегі дауыл” операциясынан тікелей трансляция жасау арқылы (CNN лазерлі зымырандардың Ирак әскерінің командалық пункттерін қас-қағым сәтте жойып, американ ұшқыштары ирак танкі колонналарын жағып жіберіп жатқанын сол мезетте бүкіл әлемнің көз алдына келтіріп тұрды) Тернер айналасы бірер сағаттың ішінде Америка жұртшылығының бұл басқыншылықты айыптап жүрген адамдарының да пікірін өзгертіп жібере алды, дейді сарапшылар. Егер Никсонның кезінде CNN жұмыс істегенде америкалықтар Вьетнамнан кетпес еді дейтіндер де бар. Америка бомбалары Иракқа түсе бастаған сәтте Канада Президентінің баспасөз хатшысы АҚШ Президентінің баспасөз хатшысына телефон соғып, “Не істеп отырсыз?” дейтін көрінеді. Сөйтсе анау: “Мен де, сіз сияқты, CNN-ді көріп отырмын”, дейтін көрінеді. Шынында да, сол күндері ғана емес, сондай сын сәттердің бәрінде адамзат алдымен CNN-ге қарайды.
Вашингтоннан жақында жолданған мақаламызда CNN компаниясы 1993 жылғы қазанда Мәскеудегі Ақ үй (сол кездегі Жоғарғы Кеңестің ғимараты) атқылана бастасымен жер жаһанға тікелей трансляция беріп кеп жіберген кезде адамзат айран-асыр қалғанын жазғанбыз. “Тернер командасы осындай бір сұмдық оқиға орын аларын алдын ала біліп (білмесе – сезіп), Мәскеуге басқа бір сылтаумен келіп, Ақ үйдің қарсы бетіндегі “Украина” қонақ үйінен журналистеріне, операторына бөлмелер алып, камераларын сайлап отырған екен...”, дегенбіз. Сол күндері Ресей телеарналары әуелде тек CNN-нен сатып алған бейнетаспаларды айналдыра көрсетумен болғанын білеміз. Біз “журналистер”, “камералар” деп сәл қате жазған екенбіз. Одан беріде Тернер туралы талай ақпарат ақтарып келіп, көзіміз жетті: CNN-нің репортерлік топтары дәйім тек екі адамнан – бір репортер, бір оператордан тұрады екен. Әрине, Тернер Мәскеуге 4 адамды да іссапарға жібере алады. Мәселе қаржы үнемдеуде ғана емес. Көрермен көз алдындағы оқиғаға әлгі жалғыз камераның көзімен қарайды, әр қырынан түсірілмегендіктен репортаждың компьютер арқылы монтаждалмағанына сенеді.
Тед Тернер өз қарамағындағы медиа-құрылымдардың редакциялық саясатына ешқашан араласпайды, оны тек арналардың, газеттер мен журналдардың кіріс келтіруі ғана қызықтырады, деп жазады көптеген авторлар. Кім білсін. CNN хабарларының өзіндік бір ерекшелігі – журналистік мәтіндерде авторлық позицияның жоқтығы екендігі рас. Олар не болып, не қойғанын айтумен тынады. Баға бермейді. Мақтамайды да, даттамайды да. Соған қарап, позиция білдірілмейді деуге болар ма екен? Мәскеудегі Ақ үйдің атқылануынан берілген репортажда журналист әу баста: “Құдай-ау, мыналар қайтеді!” деген бір ауыз ғана сөз айтқан. Тегі, оның өзін де шыдамай аузынан шығарып алған. Сонан кейін камера сағаттар бойы Ақ үйді, ауық-ауық айналадағы Мәскеу панорамасын көрсетті де тұрды. Басқа ештеңе жоқ. Ештеңенің керегі де жоқ. Болды. Бітті. Ресейдің демократиясына бүкіл әлем өз бағасын беріп жатыр. Халық сайлаған Парламентті халықты басқарушылар атқылатуда деп отыр. Оның солай еместігін енді бүкіл ОРТ, НТВ, Евразия, РТР Планета, бәрі жабылып жүріп дәлелдей алмайды. Жақында Ресей мен Грузияның арасындағы әскери қақтығыс кезінде де солай болды. CNN Ресейді агрессор етіп көрсетті. Оның солай еместігін енді бүкіл Ресей дипломатиясы әлі ұзақ уақыт дәлелдейтін болады. Әйтпесе, bіztіmes. ru сайтына салынған “Как Тед Тернер CNN создавал” деген мақаласында Антон Гладченко Тернер компаниясы кейбір кадрларды Russіa Today арнасынан ұрлап алды, ал олар ақпаратты бұрмалаған еді дегенді айтады.
Тернердің бизнесмен ретіндегі тындырған ең үлкен шаруаларының бірі – спортты жаһандық феномен деңгейіне көтере алғаны. Өзі тамаша спортшы болғандықтан да Тернер жеңілістің кермек дәмін де, жеңістің керемет дәмін де жақсы сезінеді. Кәсіпкерлік кемеліне келмей тұрып-ақ ол сан түрлі спорт жарыстарының трансляциялау құқын, американ футболы бола ма, NBA матчтары бола ма бәрібір, шетінен сатып ала беретін. “Егер бүгін жарыс жоқ болса, оны ұйымдастыру керек. Телеэкран көрсете алатын ең ғажайып нәрсе – спорт”, дейді Тернер. Деп қана қоймайды, қыруар ақшасын спорт жарыстарына, тіпті стадиондар құрылысына салады. Атлантадағы Centennіal Olympіc стадионына Тернердің аты берілген. Тед Тернердің әлем спортында қалдырған ең жарқын ізі – Ізгі ниет ойындарын екі рет ұйымдастырып бергені. 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасына оның алдында совет әскерлері Ауғанстанға кірді деп капиталистік елдердің бойкот жариялағаны, одан кейінгі Лос-Анджелес Олимпиадасына КСРО бастаған социалистік елдер ерегесіп бармай қалғаны белгілі. Сөйтіп, спортты саясатқа салып, олимпиялық дәстүрлерден сырттап бара жатқан шақта Тед Тернер 1986 жылы КСРО-да совет және американ спортшыларының арасында Ізгі ниет ойындарын (Игры доброй воли) өткізу жөнінде бастама көтерді. Бастама көтеріп қана қоймады, сол Мәскеудегі, төрт жылдан кейін Сиэтлдегі ойындарға өзінің қалтасынан 70 миллион доллар жұмсады. Ойындардың жарнамасынан түсетін қаржы ол ақшаның орнын жаппайтынын біле тұрып жұмсады. Тернер үшін шығынның өзі жарнама екенін талай адам жазған. Шағын шығын – шағын жарнама. Үлкен шығын – үлкен жарнама. Үлкен жарнама үлкен кіріс болып қайтадан келеді. 1986 жылғы Ізгі ниет ойындарының жарыстары американ телевизиясының тарихындағы ең жоғары рейтингке жеткізген.
Ана бір жылы ол Ресейдің НТВ арнасына 300 миллион доллар инвестиция салмаққа, сөйтіп, акцияларының біраз бөлігін алмаққа бекінген. Әйтсе де, Грызлов бастап, Мемлекеттік Дума қостап, Тернердің бұл ниетіне тойтарыс берілген. Өзінің айтуынша, Тернер осы шаруаға кірісерде Ресейдегі сөз бостандығын құтқарып қалуға ұмтылмақ болған көрінеді. Жалпы, Тернердің үлкен идеяларды ұдайы мұрат тұтарына көп күмән келтірудің жөні жоқ. Адамзат тарихындағы ең қомақты қайырымдылық шарасын жасаған адам – Тед Тернер. Оның Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық шараларына өз қалтасынан 1 миллиард (!) доллар тарту еткенін жақында ғана (2008, 19 қараша) rіan.ru сайты жазды. Миллиард доллар деген айтуға ғана оңай, шынтуайтында, бұл миллионнан мың рет деген сөз... Forbes журналының мәліметі бойынша, 2000 жылы Тед Тернердің жеке байлығы 9,1 миллиард долларға жеткен. Сол кезде ол АҚШ-тың бай адамдарының арасында 25-ші орында тұрған еді. Тернердің өзі сол тізім елді бұзып барады деп санайды. “Бұл олардың Суперкубогы... Бар байлық бөлісуді білмейтін аз адамның қолында. Бұл олардың өздеріне де, елге де қатерлі. Жаңадан Француз революциясы жасалып, жаңадан мадам Дефарж келіп, олардың бәрін байлап-матап, бір арбамен қаланың орталық алаңына апаруы, сөйтіп бәрінің басын кесіп алуы мүмкін!”, дейді ол.
Талай жыл әлемдік экран жұлдызы Джейн Фондамен неке құрған (Тернердің бұрынғы-соңғы әйелдерінен бес баласы бар), серілігі аңызға айналған Тед Тернер жетпіске жасы толғанымен әлі жас жігіттей бабында. Жарқылдап, жұтынып тұр. “Деньги” журналының былай деп жазғаны бар: “Бір жолы ол апта ішінде үш бірдей ұлттық телевизия бағдарламаларына қатысты. Сегіз рет ұшаққа мінді. Бес жерде сөз сөйледі. Іскерлік сипатта үш таңғы ас, екі түскі ас берді. Екі баскетбол ойынына, бір кешке барды. Каннмен өткізілетін телекөпірге қатысу үшін таңғы төртте оянды...”. Жеке басының жарнамасын да ұмытпайтын сияқты. Кешегі өткен кіші Бушты “ішуді тастаған алкоголик” деп салатыны, өзінің басты бәсекелесі Руперт Мердокты бокс сайысына шақыратыны содан ба дейміз.
Бұл адам қай шаруаны қолға алса да жеріне жеткізбей тынбайды. Осыдан жиырма шақты жыл бұрын Америкада бизондар Қызыл кітапқа кіргізердей азайып кеткен болатын. Бизондардың ХVІІІ ғасырда баудай қырылғаны белгілі. Тернер осыны ойлап, БАҚ-тан түскен табысына 90-шы жылдардың аяғына қарай жер учаскелерін сатып ала бастайды, ақыры АҚШ-тағы ең жері көп адамға айналады. Қазір оның иелігінде 7,7 мың шаршы шақырым жер, соның ішінде елдегі ең үлкен ранчо – Нью-Мексико штатындағы көлемі 2,4 мың шаршы шақырым Вермехо ранчосы бар. Сөйтіп, Тернер құрып бітуге айналған бизонды аз уақыттың аясында кәдімгі жануарға, еті үшін сойылатын малға қайтадан айналдырды. Бүгінде медиа-магнаттың ранчоларында 35 мың бизон жайылып жүр. 2002 жылы Тернер Montana Grіll ресторандар торабын ашқан. Олардағы бизон етінен дайындалатын тағамдар саны 25-ке жетеді дейді.
Тед Тернер құрған телевизиялық империя – ғасырлар тоғысындағы ғажаптардың бірі. Ал енді осы ғажап қаншаға созылады? Тед Тернердің өзі CNN арнасын ашарда былай деген: “Біз эфирге адамзат қылкөпірге жеткенге дейін шыға береміз. Біз тіпті ақырзаман келгенде де жұмысымызды жалғастыра береміз, ақырзаманның қалай болғанын көрермендерге айтамыз, көрсетеміз, біздің соңғы эфиріміз сол болады! Сонан кейін біз: “Құдайым, бізді құшағыңа ал” деп мінәжат айтамыз”...
Марапаттары
Қазақстанның “Достық” орденімен марапатталған
Сыртқы сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Ted Turner |
- Ресми торабы
- Ted Turner (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
- Ted Turner on AskMen.com Мұрағатталған 26 ақпанның 2008 жылы.
- Ted Turner speaks at The Global Philanthropy Мұрағатталған 6 желтоқсанның 2008 жылы.
- The Independent: "Turner becomes largest private landowner in US" Мұрағатталған 4 шілденің 2008 жылы.
- The United Nations Foundation
- Sports Illustrated cover featuring Ted Turner Мұрағатталған 4 мамырдың 2009 жылы.
- [1] Мұрағатталған 10 желтоқсанның 2008 жылы. Ted Turner Reflects on the Time Warner/AOL Merger at Fora.Tv
- The Forbes 400 - #190 "Robert E "Ted" Turner, Forbes (17 қыркүйек 2008). Тексерілді 11 қазанның 2008.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ted Terner tolyk aty zhoni Robert Edvard Terner 1938 zhyly 19 karashada Ogajo shtatyndagy kalasynda dүniege kelgen AҚSh media magnaty bisnesmen milliarder CNN Kejbl Nyus Netuork yagni Zhanalyktardyn Kabeldi Toraby negizin kalaushy Ted TernerTed 2015 zhyly Dүniege kelgeni Robert Edward Turner III karasha 19 1938 1938 11 19 85 zhasta AҚShҰlty amerikalykMansaby Media tycoonKnown for Television Net worth 2 3 billionZhubajy Julia Gale Nye 1960 1964 Jane Shirley Smith 1965 1988 1991 2001 Balalary Laura Lee Robert Edward IV Rhett Beauregard Jennie Internet materialdary bolashak media magnattyn bala kүninde barynsha bedel tutkan eki adamynyn biri ozinin әkesi ekinshisi Alek sandr Makedonskij degendi ajtady Ted ba la kүninde buzyktyn buzygy bolypty Sonysy nan kүnde әkesinen tayak zhejdi eken Tayak zhe gende zhaj perip kalu emes kәdimgi kokala koj daj etip sabau Sen adam bolmajsyn dep әbden tүnilgen әkesi әskeri oku ornyndagy temirdej tәrtipke mojynsunar ma eken degeni shygar aky ry ony zhasospirimderge arnalgan әskeri akade miyaga ornalastyrady Ony bitirgen son Rod Ajlend tegi Braun universitetine okuga tүsiredi Қatal әkenin kursauly kolynda turyp ak kagynganyn kojmagan Ted baska kalaga baryp bostandykka shykkan son tipti betimen ketedi Universitet studentterinin arasynda ish kish zhүrgish aty shygady Terner turaly kitap tarda makalalarda onyn bir keshte әbden syl kiya tojyp algannan kejin kyzdy kyzdymen viski botelkesin 10 minottin ishinde iship saluga bәstesip bәsti zhenip shykkany universitetten moralga zhat kylygy үshin kuylgany zhatakha na dagy bolmesinde bogde әjeldin boluynyn ozi studentti okudan shygaruga zhetip zhatyr zhazyl maj ketpejdi Ajtkandaj kejbireulerdin ojlaj ty nyndaj Amerika tipti de erkin moraldin eli emes kajta Amerika na gyz puritandyk el mysaly ondagy teledidar bagdarlamalarynan bizdegi bejbastyktyn birin de kormejsiz Ted universitetten shykkan son әkesinin kolyndagy zhar nama kompaniyasyna zhumyska turady Әke simen arasy kansha nashar dese de Ted tүptin tү binde otbasyndagy uldyn үlkeni retinde kuny bir neshe million dollarlyk firma ozine mura ga kalaryna kүmәn keltir mej tin Alajda Ted әkesinin oz kompaniyasyn ajda ladagy bireulerge satyp zhibergenin ol omirden otkende bir ak biledi Ted Ter ner Biznes sogys Sonymen zhasy zhiyrmanyn torteuine zhana zhetkende Ted koshede kalgandaj bolady Әkesine tiesili Turner Billboards kompaniyasy bәsekeles zharnama agenttigine satylganda zan turgysynan kejbir akaulyktar zhiberilgendigi anyktalysymen bul zhulkynyp shyga keledi Bәsekelesterdin shtab pәteri ornalaskan Palm Springske baryp direktorlar kenesinin zhana toragasyna mәmile shartty buzudy usynady Anau Terner myrza eger birdenege koniliniz tolmasa sotka zhүgininiz dep myskyldaj kүlip shygaryp salady Ol universitetten kuylyp әkesiz kalyp sandalyp zhүrgen zhas zhigittin zhondemdi advokat zhaldaj tyn daj da shamasy zhoktygyn biletin Ted Ter ner kazir naryktyn bir nakylyna ajnalyp ket ken Biznes sogys degen sozin dәl sol kүni ajtkan korinedi Turner Billboards kyzmetkerleri nin bir tobyn korporativti etika kagidattary nyn bәrin ayakasty etip kazirgi bastyktaryna kyzmet etpeuge kondiredi Osylaj etu arkyly sizder bolashak bastyktarynyzga kyzmet ete sizder dejdi olarga Sonan zhanagylar endigi sharttardyn birazyn Ted ayak astynan tirkej salgan zhana firmanyn atyna resimdej bastaj dy Munan son Ted direktorlar kenesi toragasy na baryp үzildi kesildi talap koyady eki apta nyn ishinde kompaniya onyn buryngy iesinin bala syna yagni Ted Ternerge kajtyp berilui ke rek nemese ol Turner Billboards үshin asa kazhet ku zhat tardyn kozin zhoyady Endi karsy zhak sha buylga shygady Olar daudy sheshudin үsh zholyn usynady Birinshisi Ted Terner kompaniyadan 200 myn dollar alady da tabanyn zhaltyratady Ekinshisi kompaniya mүddesin korgajtyn kuny kymbat zangerler ony omir bojyna firmanyn kiriptary etip shygarady bәlkim tүrmege tyk ty ryp tastauy da mүmkin Үshinshisi Ted Ter ner bәsekelesterine 200 myn dollar tolejdi de zharnama agenttigin ozine kajtaryp alady Әri ne үshinshi zholdyn kokejge konbajtyny tek Ted ti tәlkek etu үshin usynylgany kozge uryp turgan Ojlanyp tolganuga nebәri 30 sekund beriledi Akyldy adam әrine birinshi zholdy tandar edi Bәrinen ajyrylgan zherinen tup tutas 200 myn dollar ol kez үshin Amerikanyn ozinde de biraz aksha kolyna tүskeli tur goj Daukes bireu bolsa ekinshi zholdy tandauy mүmkin Asa akyldy bolgandyktan Terner үshinshi zholdy tandagan Zharty minottej ojlanyp turyp Men sizderge 200 myn dollar beremin sizder tabandarynyzdy zhaltyratasyzdar dejdi Analardyn kelispeske әddi kalmajdy Shartty usyngan ozderi goj Olar ketisimen Ternerdin zha nyn dagy zholdasyna ajtkan algashky sozi Al endi 200 myn dollardy kajdan tabamyz Akyry Ter ner bul mәseleni eshkimnen karyz danbaj kaugalanbaj ak sheshedi әlgi akshanyn ornyna ozinin zhana kompaniyasy akciyalarynyn bir boligin satady Bakylaushy pake tinen emes әrine Sojtip Terner әkesinin biznesin bir cent tole mej ak kajtaryp alady Zhagdajy tүzelisimen әlgi akciyalardy kajta satyp algany ozinen ozi tүsinikti Ter ner uakyty Bul Ted Ternerdin biznes zhasau әdisindegi zhүzdegen mysal dardyn biri gana Onyn kelissoz zhүrgizu mәneri sojlesken adamyn sendirmej kojmajtyn kuaty kaj ran kaldyrarlyk CNN kompa niyasyndagy top menedzherlerdin biri bylaj dejdi eken Eger Ted kүn erten batys zhak tan shygady dese siz әuelde kүlesiz de koya syz Әjtse de ertesine siz tabigattyn osyndaj keremet kubylysyn oz kozinizben koru үshin tan atpaj oyanyp alasyz Ternerdin biz nesmendigi orkenietti ojlau zhүje sin ustanatyn ozge kә sip ker lerdin tala jy nyn tүsine de kire koj magan Mysaly televiziyada Ter ner uakyty dep ata lyp ket ken to syn she shimdi alajyk Te le di dardagy zhana lyk tar bagdarla ma sy zhii berilgeni zhon koldan kelip zhat sa әr sagat ishinde eki ret berilgeni zhon Sonda ol bag dar lama kaj kezde bastalgany zhon Әrine әr sagat tyn basynda zhәne or tasynda Al Terner bas kasha ojlajdy Ol zhanalyktar bagdar la masyn әr sagat basta lar dan 5 minut bu ryn ga koyady Endi zhurt tyn bәri Terner arnalaryna auy sady ojt keni zhurttyn bәri en manyzdy zhana lyk tar algashky 5 6 mi nottin ishinde beri le tinin biledi Olardy ko rip alyp baska ar na lardyn ne beretinin ayagyna dejin tamasha la jyn dese tagy ty gy rykka tireledi Ter ner arna synyn zhana usynymy bastalyp ketedi ol usynymnyn al gashky 5 minotinde tagy bir ote ma nyzdy zhanalyk berilip ka luy mүm kin Zhanagy zhanalyktardan kejin ko rermen baska arnaga suysyp ta үl geredi bas talyp ketken bag dar lamada ne kyzyk kalady dep oj lajdy Sojtip zhүrip korer men nin kozi de konili de zhana set kaga үjrenip alady Onyn үstine gazetter men zhurnaldardagy tele bagdarla malar kestesinde Terner uakyty nyn ajku laktanyp tu ra tyny tagy bar Terner zhanalyk tary zheke zholga zhazylady da kalgan arnalar zhanalyk tarynyn bәri togytylyp bir katarga sa lyna salady Zhasy kyrykka zhetpej zhatyp Ted Terner Amerikadagy en atak ty adamdardyn birine zholy bol gysh biznesmennin үzdik үlgisine ajna lyp үlgergen Bul kezde onyn ko lynda AҚSh ontүsti gin degi birkatar radiostansalar men telekompaniya lar Atlanta brejvz bejsbol koman dasy men Atlanta hoks basketbol koman dasy bar edi Sureti zhurnal dardyn mukabasynan tүspejtin Zhelkendi zhүzumen zhastaj ajnalyskan Ted sportta da zharkyn zhenis terge kol zhetkizedi Karejdzhes yahtasynyn kapi tany retinde 1977 zhylgy әlem birinshiligin zhenip alady Ternerdin zhelken sportyndagy tamasha tabystarynan onyn zhүrek zhutkan erligi de tәue kelshil seriligi de kisilik orligi de kelisti korinedi 1979 zhyly Irlan diya zhagalauyndagy bir zharysta ayak astynan katty dauyl turgan Mundajda tәzhi ribeli yahtsmen derdin bәri zhelkenin tүsire koyady Al Terner zhelkenin zhinamagan kүji zhүjt kigennen zhүjtkip otyryp mәrege aldymen zhetedi Sol zholgy zharysta 15 sportshy opat bolady Zәresi ushkan zhol dastarynyn birine Ter ner Menin kajygym dagy zhalaular tүrli tүsti alajda olardyn arasyn da ak tүsti zhalau zhok degen Ak tүstin zhenilis belgisi ekeni mәlim Sonan beri biznes әleminde de sport әleminde de Ter nerge Қajsar Kapitan degen at berilgen Turner Broadcasting SystemsZher zhүzin zhaulap aludy armandagan zhenisti zholyn Ted Terner bas kasha zhalgastyrdy 1977 zhyly Terner tele vi ziya da shyn mәnindegi revolyuciya deuge turarlyk iske kiristi Ol tәulik bojy zhumys istejtin zhaһandyk zher serigi telearnasyn zhasaudy kolga aldy Bul kezde Ternerdin atagy asyp bajlygy tasyp turgan Balasynyn balasy nyn balasyna zhetetindej ak shasy bar edi Onyn үstine amerikan teleefirinde zherdi koteredi dejtin үsh alyp kittej NBC CBS degen үsh alyp kompaniya bilik kuratyn Әjtse de Terner tartyn gan zhok Tartynbajtyny munyn aldynda gana 1976 zhyly ol super stanciya ideyasyn ojlap tapkan edi Ol ideyanyn mәni telesignaldardy zher serigi arkyly bүkil elge kabel zhүjesimen taratu Mine 30 zhylga zhuyk uakyttan beri adamzat auzynda zhүrgen CNN Kejbl Nyus Netuork yagni Zhanalyktardyn Kabeldi Toraby ugymy omirge osylajsha kelgen Kejinnen bul zhүje TBS dep atalyp ketti Terner esimi osylajsha әlem tehnikasynyn tari hyna da tehnologiyalyk tamasha zhanalyk iesi retinde endi Vladimir Solouhinnin Alepino derevnyasy turaly zhazbalarynda bir korshi kempirmen әngimesi keltiriletin Teledidar әlemnin terezesi dejdi zhazushy Tereze ekeni tereze goj Birak korset kendi gana korsetetin tereze goj ol dejdi әzhej Ras ajtkan Ternerdin tegeurinimen televiziya әlemdik sayasattyn kuatty kuralyna ajnaldy Mad len Olbrajttyn CNN Қauipsizdik Kenesinin on altynshy mүshesi degen sozi barshaga belgili Eduard Shevardnadzenin AҚSh tyn Panamaga basyp kiruine narazylyk notasyn aldymen CNN ge sonan kejin baryp amerikan elshiligine zhibe retini tipti de tegin emes 1991 zhylgy AҚSh tyn Irakka basyp kirui kezindegi Sholdegi dauyl operaciyasynan tikelej translyaciya zhasau arkyly CNN lazerli zymyrandardyn Irak әskerinin komandalyk punktterin kas kagym sәtte zhojyp amerikan ushkyshtary irak tanki kolonnalaryn zhagyp zhiberip zhatkanyn sol mezette bүkil әlemnin koz aldyna keltirip turdy Terner ajnalasy birer sagattyn ishinde Amerika zhurtshylygynyn bul baskynshylykty ajyptap zhүrgen adamdarynyn da pikirin ozgertip zhibere aldy dejdi sarapshylar Eger Niksonnyn kezinde CNN zhumys istegende amerikalyktar Vetnamnan ketpes edi dejtinder de bar Amerika bombalary Irakka tүse bastagan sәtte Kanada Pre zidentinin baspasoz hatshysy AҚSh Prezidentinin baspasoz hatshysyna telefon sogyp Ne istep otyr syz dejtin korinedi Sojtse anau Men de siz siyakty CNN di korip otyrmyn dejtin korinedi Shy nynda da sol kүnderi gana emes sondaj syn sәtterdin bәrinde adam zat aldymen CNN ge karajdy Vashingtonnan zhakynda zhol dangan makala myzda CNN kompa niyasy 1993 zhylgy kazanda Mәs keudegi Ak үj sol kezdegi Zhogargy Ke nes tin gimaraty at ky lana bas tasymen zher zhaһanga tikelej translyaciya berip kep zhibergen kezde adam zat ajran asyr kalga nyn zhazganbyz Ter ner komandasy osyn daj bir sumdyk okiga oryn alaryn aldyn ala bilip bil mese sezip Mәs keuge bas ka bir syl tau men ke lip Ak үj din karsy betindegi Uk raina konak үji nen zhurna listerine operato ryna bolme ler alyp kamerala ryn sajlap otyrgan eken de gen biz Sol kүnderi Resej tele ar nalary әuelde tek CNN nen sa typ al gan bejne tas palardy ajnaldyra kor setu men bolganyn bilemiz Biz zhurna lister ka meralar dep sәl kate zhazgan ekenbiz Odan beride Terner turaly talaj akparat aktaryp ke lip kozimiz zhetti CNN nin re por terlik toptary dәjim tek eki adam nan bir repor ter bir opera tordan turady eken Әrine Terner Mәskeuge 4 adamdy da issaparga zhibere ala dy Mәsele karzhy үnem deude gana emes Ko rermen koz al dyn dagy okigaga әlgi zhal gyz ka me ranyn ko zimen karajdy әr kyry nan tүsirilme gen dikten repor tazh dyn kompyuter arky ly montazhdalmaganyna senedi Ted Terner oz karamagyndagy media kurylym dardyn redakciyalyk sayasatyna eshkashan aralas pajdy ony tek arnalardyn gazetter men zhurnal dar dyn kiris keltirui gana kyzyktyrady dep zhaza dy koptegen avtorlar Kim bilsin CNN habarlary nyn ozindik bir ereksheligi zhurnalistik mәtin derde avtorlyk poziciyanyn zhoktygy ekendigi ras Olar ne bolyp ne kojganyn ajtumen tynady Baga bermejdi Maktamajdy da dattamajdy da Sogan karap poziciya bildirilmejdi deuge bolar ma eken Mәskeudegi Ak үjdin atkylanuynan berilgen re por tazhda zhurnalist әu basta Қudaj au mynalar kajtedi degen bir auyz gana soz ajtkan Tegi onyn ozin de shydamaj auzynan shygaryp algan Sonan kejin kamera sagattar bojy Ak үjdi auyk auyk ajnaladagy Mәskeu panoramasyn korsetti de turdy Baska eshtene zhok Eshtenenin keregi de zhok Boldy Bitti Resejdin demokratiyasyna bүkil әlem oz bagasyn berip zhatyr Halyk sajlagan Parla mentti halykty baskarushylar atkylatuda dep otyr Onyn solaj emestigin endi bүkil ORT NTV Evraziya RTR Planeta bәri zhabylyp zhүrip dәlel dej almajdy Zhakynda Resej men Gruziyanyn arasyndagy әskeri kaktygys kezinde de solaj boldy CNN Resejdi agressor etip korsetti Onyn solaj emestigin endi bүkil Resej diplomatiyasy әli uzak uakyt dәleldejtin bolady Әjtpese biztimes ru sajtyna salyngan Kak Ted Terner CNN sozda val degen makalasynda Anton Gladchenko Terner kom paniyasy kejbir kadrlardy Russia Today arna synan urlap aldy al olar akparatty burmalagan edi degendi ajtady Ternerdin biznesmen retindegi tyndyrgan en үlken sharualarynyn biri sportty zhaһandyk fenomen dengejine kotere algany Өzi tamasha sport shy bolgandyktan da Terner zhenilistin ker mek dәmin de zhenistin keremet dәmin de zhaksy sezi nedi Kәsipkerlik kemeline kelmej turyp ak ol san tүrli sport zharystarynyn translyaciyalau ku kyn amerikan futboly bola ma NBA matchtary bola ma bәribir shetinen satyp ala beretin Eger bүgin zharys zhok bolsa ony ujymdastyru kerek Teleekran korsete alatyn en gazhajyp nәrse sport dejdi Terner Dep kana kojmajdy kyruar akshasyn sport zharystaryna tipti stadiondar kurylysyna salady Atlantadagy Centennial Olympic stadionyna Ternerdin aty berilgen Ted Ternerdin әlem sportynda kaldyrgan en zharkyn izi Izgi niet ojyndaryn eki ret ujymdastyryp bergeni 1980 zhylgy Mәskeu Olimpiadasyna onyn aldynda sovet әskerleri Auganstanga kirdi dep kapitalistik elderdin bojkot zhariyalagany odan kejingi Los Andzheles Olimpiadasyna KSRO bastagan socialistik elder eregesip barmaj kalgany belgili Sojtip sportty sayasat ka salyp olimpiyalyk dәstүrlerden syrttap bara zhatkan shakta Ted Terner 1986 zhyly KSRO da sovet zhәne amerikan sportshylary nyn arasynda Izgi niet ojyndaryn Igry dob roj voli otkizu zhoninde bastama koterdi Basta ma koterip kana kojmady sol Mәskeudegi tort zhyldan kejin Sietldegi ojyndarga ozinin kalta sy nan 70 mil lion dollar zhumsady Ojyndar dyn zharnama synan tүsetin karzhy ol akshanyn ornyn zhappajtynyn bile turyp zhumsady Terner үshin shygynnyn ozi zharnama ekenin talaj adam zhazgan Shagyn shygyn shagyn zharnama Үlken shygyn үlken zharnama Үlken zharnama үlken kiris bolyp kajtadan keledi 1986 zhylgy Izgi niet ojyndarynyn zharystary amerikan televiziyasynyn tarihyndagy en zhoga ry rejtingke zhetkizgen Ana bir zhyly ol Resejdin NTV arnasyna 300 million dollar investiciya salmakka sojtip akciyalarynyn biraz boligin almakka bekingen Әjtse de Gryzlov bastap Memlekettik Duma kostap Ternerdin bul nietine tojtarys berilgen Өzinin ajtuynsha Terner osy sharuaga kiriserde Resejdegi soz bostandygyn kutkaryp kaluga umtylmak bolgan korinedi Zhalpy Ter nerdin үlken ideyalardy udajy murat tutaryna kop kүmәn keltirudin zhoni zhok Adamzat tari hyn dagy en komakty kajyrymdylyk sharasyn zhasagan adam Ted Terner Onyn Birikken Ұlttar Ұjymynyn gumanitarlyk sharalaryna oz kaltasynan 1 milliard dollar tartu etkenin zhakynda gana 2008 19 karasha rian ru sajty zhazdy Milliard dollar degen ajtuga gana onaj shyntuajtynda bul millionnan myn ret degen soz Forbes zhurnalynyn mәlimeti bojynsha 2000 zhyly Ted Ternerdin zheke bajlygy 9 1 milliard dollarga zhetken Sol kezde ol AҚSh tyn baj adamdarynyn arasynda 25 shi orynda turgan edi Terner din ozi sol tizim eldi buzyp barady dep sanajdy Bul olardyn Super kubogy Bar bajlyk boli sudi bilmejtin az adamnyn kolynda Bul olardyn ozderine de elge de katerli Zhanadan Francuz revolyuciyasy zhasalyp zhanadan madam Defarzh kelip olardyn bәrin bajlap matap bir arbamen kalanyn ortalyk alanyna aparuy sojtip bәrinin basyn kesip aluy mүmkin dejdi ol Talaj zhyl әlemdik ekran zhuldyzy Dzhejn Fondamen neke kurgan Ternerdin buryngy son gy әjelderinen bes balasy bar seriligi anyzga ajnalgan Ted Terner zhetpiske zhasy tolganymen әli zhas zhigittej babynda Zharkyldap zhutynyp tur Dengi zhurnalynyn bylaj dep zhazgany bar Bir zholy ol apta ishinde үsh birdej ulttyk televiziya bagdarlamalaryna katysty Segiz ret ushakka mindi Bes zherde soz sojledi Iskerlik sipat ta үsh tangy as eki tүski as berdi Eki bas ket bol ojynyna bir keshke bardy Kannmen ot kiziletin telekopirge katysu үshin tangy tortte oyandy Zheke basynyn zharnamasyn da umyt paj tyn siyakty Keshegi otken kishi Bushty ishudi tastagan alkogolik dep salatyny ozinin basty bәsekelesi Rupert Merdokty boks sajysyna shakyratyny sodan ba dejmiz Bul adam kaj sharuany kolga alsa da zherine zhetkizbej tynbajdy Osydan zhiyrma shakty zhyl buryn Amerikada bizondar Қyzyl kitapka kir gizerdej azajyp ketken bolatyn Bizon dar dyn HVIII gasyrda baudaj kyrylgany belgili Ter ner osyny ojlap BAҚ tan tүsken tabysyna 90 shy zhyldardyn ayagyna karaj zher uchas kelerin satyp ala bastajdy akyry AҚSh tagy en zheri kop adamga ajnalady Қazir onyn ieli ginde 7 7 myn sharshy shakyrym zher sonyn ishinde eldegi en үlken rancho Nyu Mek siko shta tyndagy kolemi 2 4 myn sharshy shakyrym Vermeho ranchosy bar Sojtip Terner kuryp bituge aj nalgan bizondy az uakyt tyn ayasynda kәdimgi zha nuarga eti үshin sojy la tyn malga kajtadan ajnaldyrdy Bүginde me dia magnattyn ran cho larynda 35 myn bizon zhajy lyp zhүr 2002 zhyly Terner Montana Grill restorandar torabyn ashkan Olardagy bizon eti nen dajyndalatyn tagamdar sany 25 ke zhetedi dejdi Ted Terner kurgan televiziyalyk imperiya gasyrlar togysyndagy gazhaptardyn biri Al endi osy gazhap kanshaga sozylady Ted Ternerdin ozi CNN arnasyn asharda bylaj degen Biz efirge adamzat kylkopirge zhetkenge dejin shyga beremiz Biz tipti akyrzaman kelgende de zhumysymyzdy zhalgastyra beremiz akyrzamannyn kalaj bolga nyn korermenderge ajtamyz korsetemiz bizdin son gy efirimiz sol bolady Sonan kejin biz Қu dajym bizdi kushagyna al dep minәzhat ajtamyz MarapattaryҚazakstannyn Dostyk ordenimen marapattalganSyrtky siltemelerOrtakkorda bugan katysty media sanaty bar Ted TurnerResmi toraby Ted Turner agyl Internet Movie Database sajtynda Ted Turner on AskMen com Muragattalgan 26 akpannyn 2008 zhyly Ted Turner speaks at The Global Philanthropy Muragattalgan 6 zheltoksannyn 2008 zhyly The Independent Turner becomes largest private landowner in US Muragattalgan 4 shildenin 2008 zhyly The United Nations Foundation Sports Illustrated cover featuring Ted Turner Muragattalgan 4 mamyrdyn 2009 zhyly 1 Muragattalgan 10 zheltoksannyn 2008 zhyly Ted Turner Reflects on the Time Warner AOL Merger at Fora TvThe Forbes 400 190 Robert E Ted Turner Forbes 17 kyrkүjek 2008 Tekserildi 11 kazannyn 2008