Табандылық — адамның ұнамды ерік-жігер сапаларының бірі. Табандылық — қиыншылықтар мен кедергілерге қарамастан мақсатқа қалайда жетуге бағытталған еріктік қасиет. Табандылық баланы мектепке дейінгі жастан бастап-ақ шамасы жететіндей тапсырмаларды аяғына дейін орындай білуге, өзінің мінез-құлқын алдағы нәтижеге бағындыру, кейде тікелей, сол сәттік ниеттілікке қарама-қарсы әрекет жасауға дайын болып мақсатты нәтижеге жетуге тәрбиелеу негізінде жетіледі. Табандылық қасиеттерін кемелдендіруде, бұл тұрғыдағы тәрбиеде мәнді мақсаттар және тапсырылған іс үшін жауапкершілік пен борыштылықты ұғынудың маңызды мәні бар. Табандылық — көптеген ішкі-сыртқы қиыншылық пен кедергілерге қарамастан алдына қойған мақсатына жетуден көрінетін ерекшелік. Мұндай кісі ылғи да қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда кездесетін небір ауыртпалыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп, мақсатына жетіп отырады. Осындай жағдайда оның ерік-жігері бұрынғыдан да бетер шыңдала, әкетіле түседі. Бұған екі аяғынан бірдей айырылса да, әскери ұшқыш қызметіне қайта оралған Совет Одағының батыры пен кешегі азамат соғысында екі қолынан айырылған жас қазақ жауынгері Мыңбай Тұрсыновтың өмірі жақсы мысал бола алады. Соңғысы ауруханада жатқанда бақайымен жазу жазды, аузымен қыл қаламды тістеп сурет салды, елге келгесін шалғымен шөп те шапты, жеміс бағын да өсірді, мәшине жүргізуді үйренді, совхозда есепші болды. Кейін өз басынан кешкен осы қиыншылықтарын "Өліммен беттескенде" (1965) дейтін кітабында баяндады. Осы мысалда табандылық, тек тепсе темір үзетін, қол-аяғы балғадай, жеті мүшесі сау адамдарда ғана кездесетін қасиет емес, қандай қиын жағдайда да жан аямай тіршілік ете, еңбек етуді ерекше сүйе білетін адамдардың қасиеті екендігі байқалады. Табандылық кісі таңдамайды, тілесе кім болсын, айқын мақсаты бар, еңбексүйгіш, іске мейірлене, құлшына кіріскен адамның бойына даритын қасиет.
Дереккөздер
- Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tabandylyk adamnyn unamdy erik zhiger sapalarynyn biri Tabandylyk kiynshylyktar men kedergilerge karamastan maksatka kalajda zhetuge bagyttalgan eriktik kasiet Tabandylyk balany mektepke dejingi zhastan bastap ak shamasy zhetetindej tapsyrmalardy ayagyna dejin oryndaj biluge ozinin minez kulkyn aldagy nәtizhege bagyndyru kejde tikelej sol sәttik niettilikke karama karsy әreket zhasauga dajyn bolyp maksatty nәtizhege zhetuge tәrbieleu negizinde zhetiledi Tabandylyk kasietterin kemeldendirude bul turgydagy tәrbiede mәndi maksattar zhәne tapsyrylgan is үshin zhauapkershilik pen boryshtylykty ugynudyn manyzdy mәni bar Tabandylyk koptegen ishki syrtky kiynshylyk pen kedergilerge karamastan aldyna kojgan maksatyna zhetuden korinetin erekshelik Mundaj kisi ylgi da kazhymaj talmaj әreket etip osy zholda kezdesetin nebir auyrtpalykka tozip olardy birinen son birin zhenip maksatyna zhetip otyrady Osyndaj zhagdajda onyn erik zhigeri buryngydan da beter shyndala әketile tүsedi Bugan eki ayagynan birdej ajyrylsa da әskeri ushkysh kyzmetine kajta oralgan Sovet Odagynyn batyry pen keshegi azamat sogysynda eki kolynan ajyrylgan zhas kazak zhauyngeri Mynbaj Tursynovtyn omiri zhaksy mysal bola alady Songysy auruhanada zhatkanda bakajymen zhazu zhazdy auzymen kyl kalamdy tistep suret saldy elge kelgesin shalgymen shop te shapty zhemis bagyn da osirdi mәshine zhүrgizudi үjrendi sovhozda esepshi boldy Kejin oz basynan keshken osy kiynshylyktaryn Өlimmen betteskende 1965 dejtin kitabynda bayandady Osy mysalda tabandylyk tek tepse temir үzetin kol ayagy balgadaj zheti mүshesi sau adamdarda gana kezdesetin kasiet emes kandaj kiyn zhagdajda da zhan ayamaj tirshilik ete enbek etudi erekshe sүje biletin adamdardyn kasieti ekendigi bajkalady Tabandylyk kisi tandamajdy tilese kim bolsyn ajkyn maksaty bar enbeksүjgish iske mejirlene kulshyna kirisken adamnyn bojyna darityn kasiet DerekkozderZhantanu ataularynyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2006 384 bet ISBN 9965 409 98 6Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet