Сөйленіс – тілдің жергілікті ерекшелігі.
Тіл білімінде жергілікті ерекшеліктерді қамту аумағы мен тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады, оларды диалектология ғылымы зерттейді. Диалектіге қарағанда сөйленістің қамтитын аясы шағын (бірнеше аудан не облыс), көбіне бірнеше сөйленіс бір диалектінің құрамына енеді. Қазақ тіліндегі сөйленістер 1950 жылдардың 2-жартысынан зерттеле бастады. Қазақ диалектілерінің өз ішінде сөйленістерге бөлінетіні туралы алғаш А.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Ж.Досқараев еңбектерінде айтылған. Қазақ диалектологтарының кейбірі “айтылым” (С.Омарбеков), екінші бірі (Ә.Нұрмағамбетов) “сөйленіс” деп атауды ұсынған. Әр географиялық аймақтың табиғи ерекшелігіне, әр өлке халқының өзіндік әдет-ғұрпына, жергілікті кәсіп түріне байланысты туындаған алуан түрлі сөйленістер бар.
Мысалы, оңт-тегі мақта шаруашына қатысты шитті мақта, жүйек, ақай, қоза, қозапая; Сыр өлкесіндегі қауынның түрлері мен одан жасалатын тағамдарға қатысты әңгелек, торлама, күләбі, патсайы қауын, ұн қауын, қант қауын, басыбалды, шыртылдақ, қауын ішек, қауынқұрт, қақ; Арал теніз жағалауындағы халық тілінде қолданылатын сүген, қаяз, тыран сияқты балық аттары; Маңғыстау өлкесінде жер бедерінің ылди-өрі, ой-қырына қатысты айтылатын ағас, жалас, қапы, қобыс, үдек, жығары, далда, үрпек, тұран, күп, үспе, арпа, т.б. сөздер бар. Мұндай нақтылы бір өлке халқы ғана шұғылданатын кәсіп төңірегінде қолданылатын сөздер сөйленіс ретінде қарастырылады. Мұндай сөздердің көбі айтыла келе әдеби тіл лексикасынан орын алады. Қазақ тіліндегі сөйленістерді жергілікті халықтық (өзге тілдің әсерінен тыс), ауыспалы (екі диалектілік аумақ аралығында қалыптасқан ішкі ауыспалы сөйленіс және шекаралық аудандарда өзге тілдің әсері байқалатын сыртқы ауыспалы сөйленіс), аралас (қостілділік сипаты басым диаспораның тілі) секілді түрлерге жіктеуге болады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sojlenis tildin zhergilikti ereksheligi Til biliminde zhergilikti erekshelikterdi kamtu aumagy men tildik materialdyn kolemine karaj dialekt sojlenis terminderi koldanylady olardy dialektologiya gylymy zerttejdi Dialektige karaganda sojlenistin kamtityn ayasy shagyn birneshe audan ne oblys kobine birneshe sojlenis bir dialektinin kuramyna enedi Қazak tilindegi sojlenister 1950 zhyldardyn 2 zhartysynan zerttele bastady Қazak dialektilerinin oz ishinde sojlenisterge bolinetini turaly algash A Amanzholov N Sauranbaev Zh Doskaraev enbekterinde ajtylgan Қazak dialektologtarynyn kejbiri ajtylym S Omarbekov ekinshi biri Ә Nurmagambetov sojlenis dep ataudy usyngan Әr geografiyalyk ajmaktyn tabigi ereksheligine әr olke halkynyn ozindik әdet gurpyna zhergilikti kәsip tүrine bajlanysty tuyndagan aluan tүrli sojlenister bar Mysaly ont tegi makta sharuashyna katysty shitti makta zhүjek akaj koza kozapaya Syr olkesindegi kauynnyn tүrleri men odan zhasalatyn tagamdarga katysty әngelek torlama kүlәbi patsajy kauyn un kauyn kant kauyn basybaldy shyrtyldak kauyn ishek kauynkurt kak Aral teniz zhagalauyndagy halyk tilinde koldanylatyn sүgen kayaz tyran siyakty balyk attary Mangystau olkesinde zher bederinin yldi ori oj kyryna katysty ajtylatyn agas zhalas kapy kobys үdek zhygary dalda үrpek turan kүp үspe arpa t b sozder bar Mundaj naktyly bir olke halky gana shugyldanatyn kәsip tonireginde koldanylatyn sozder sojlenis retinde karastyrylady Mundaj sozderdin kobi ajtyla kele әdebi til leksikasynan oryn alady Қazak tilindegi sojlenisterdi zhergilikti halyktyk ozge tildin әserinen tys auyspaly eki dialektilik aumak aralygynda kalyptaskan ishki auyspaly sojlenis zhәne shekaralyk audandarda ozge tildin әseri bajkalatyn syrtky auyspaly sojlenis aralas kostildilik sipaty basym diasporanyn tili sekildi tүrlerge zhikteuge bolady DerekkozderҚazak enciklopediyasy