Сәжде (араб. ساجد - бас ию, бағыну, жерге маңдай қою) - намазда немесе Аллаға құлшылық ниетімен маңдайын, мұрнын жерге тигізу және дұға тілеу. Намаздағы сәжденің рәміздік мәні жайлы Абай : "Сәжделер әуелі жерден жаратылғанына ықырары (сеніп, мойындауы), екіншісі - және жерге қайтпағанына ықырары, бас көтермек және тіріліп, сұрау бермегіне ықырарының ишараты" деп Сәждені иманның шарттарының біріне сенудің ишараты ретінде қарастырады. Намаздағы парыз болған Сәжде жайлы Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) "Сәжде маңдай, екі қол, екі аяқ ұшы яғни жеті сүйек үстіне сәжде етумен әмір тілейді" (Тажриди Сариһ, II том, 847) деген хадисі бар. Сәжде отырғаннан соң орындалады. Сәжде алдында қол, аяқ құбылаға қаратылады. Басты шарт беттің көрінбей қалуы және маңдайдың жерге тиюі. Сәждеде "субаһана раббиял Алла - аса ұлық, даратып тәрбиелеуші Алла тағала - пәк" деген дұға оқылады. Сәжде мөлшері аз дегенде үш рет аталмыш дұғаны оқығандағыдай уақыт болу керек. "Сәһу" Сәждесі - намазда парыз кешіктірілгенде немесе уәжіптердің бірі тәркі етілгенде жасалады. "Тіләуәт" Сәждесі - Құран Кәрімдегі "сәжде аяттарын" оқыған немесе естіген кезде жасалады.
- "Қазақстан" Ұлттық энциклопедиясы, 7 том, Алматы 2005
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sәzhde arab ساجد bas iyu bagynu zherge mandaj koyu namazda nemese Allaga kulshylyk nietimen mandajyn murnyn zherge tigizu zhәne duga tileu Namazdagy sәzhdenin rәmizdik mәni zhajly Abaj Sәzhdeler әueli zherden zharatylganyna ykyrary senip mojyndauy ekinshisi zhәne zherge kajtpaganyna ykyrary bas kotermek zhәne tirilip surau bermegine ykyrarynyn isharaty dep Sәzhdeni imannyn sharttarynyn birine senudin isharaty retinde karastyrady Namazdagy paryz bolgan Sәzhde zhajly Muhammed pajgambardyn g s Sәzhde mandaj eki kol eki ayak ushy yagni zheti sүjek үstine sәzhde etumen әmir tilejdi Tazhridi Sariһ II tom 847 degen hadisi bar Sәzhde otyrgannan son oryndalady Sәzhde aldynda kol ayak kubylaga karatylady Basty shart bettin korinbej kaluy zhәne mandajdyn zherge tiyui Sәzhdede subaһana rabbiyal Alla asa ulyk daratyp tәrbieleushi Alla tagala pәk degen duga okylady Sәzhde molsheri az degende үsh ret atalmysh dugany okygandagydaj uakyt bolu kerek Sәһu Sәzhdesi namazda paryz keshiktirilgende nemese uәzhipterdin biri tәrki etilgende zhasalady Tilәuәt Sәzhdesi Қuran Kәrimdegi sәzhde ayattaryn okygan nemese estigen kezde zhasalady Қazakstan Ұlttyk enciklopediyasy 7 tom Almaty 2005