Соя (Glycіne) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік туысы, бұршақ дәнді, майлы дақыл. Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның ылғалды тропикалық және субтропик. жерлерінде 10 түрі, Қазақстанда 1 ғана түрі – екпе соя (қытайбұршақ) өседі. Биіктігі 40 – 100 см, жапырағы күрделі, үш құлақты келеді, гүлі ұсақ, ақ не күлгін түсті. Сабағы ірі, тік. Жемісі – бұршақ. Сояның дәнінде 24 – 45% белок, 20 – 32% көміртек, 13 – 37% май, D, B, E витаминдері бар. Соя жылу, жарық, ылғал сүйгіш өсімдік, тұқымы 10 – 11С-та көктейді, 5 – 7 см тереңдікке кең қатарлы тәсілмен себіледі. Вегетац. кезеңі 75 – 200 күн. Айқас тозаңданады. Қарашірігі мол қара топырақты жерде жақсы өседі, ал қышқыл, сор, батпақты топырақтарда нашар өседі. Соя ұнынан сүт, сүзбе, айран және кондитер тағамдары дайындалады, тазартылған майын тағамға пайдаланады. Соя белогынан жасанды талшық, пластмасса, желім алынады. Сояның майы сыр, бояу, сабын, маргарин жасауда, тоқыма өнеркәсібінде және медицинада қолданылады. Сондай-ақ соя – құнарлы мал азығы, шөбінің құрамында 36,4% шикі протеин, 6,5% май, 32,4% азотсыз заттар, 5,2% клетчатка, ал 100 кг шөбінде 51% мал азықтық өлшем болады. Соядан пішен, жарма, сүрлем, күнжара, т.б. дайындалады. Картоп, жүгері, жаздық бидай, т.б. дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Оны малға көк балауса түрінде беру, сүрлемге қосу үшін жүгері және қонақ жүгерімен араластырып егеді. Республикада Аврора, Гибридная-670, Волгоградка-1, Қазақстандық-200, Эврика-357, т.б. сорттары аудандастырылған. Негізінен, Алматы облысының суармалы егіншілігінде өсіріледі. Қазақстандағы соя егісінің жалпы көлемі 25,6 мың га, әр га-дан орта есеппен 14,5 ц өнім алынады.
Пайдаланған сілтеме
- Қазақ энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Soya Glycine burshak tukymdasyna zhatatyn bir zhyldyk shoptesin osimdik tuysy burshak dәndi majly dakyl Afrika men Ontүstik Shygys Aziyanyn ylgaldy tropikalyk zhәne subtropik zherlerinde 10 tүri Қazakstanda 1 gana tүri ekpe soya kytajburshak osedi Biiktigi 40 100 sm zhapyragy kүrdeli үsh kulakty keledi gүli usak ak ne kүlgin tүsti Sabagy iri tik Zhemisi burshak Soyanyn dәninde 24 45 belok 20 32 komirtek 13 37 maj D B E vitaminderi bar Soya zhylu zharyk ylgal sүjgish osimdik tukymy 10 11 S ta koktejdi 5 7 sm terendikke ken katarly tәsilmen sebiledi Vegetac kezeni 75 200 kүn Ajkas tozandanady Қarashirigi mol kara topyrakty zherde zhaksy osedi al kyshkyl sor batpakty topyraktarda nashar osedi Soya unynan sүt sүzbe ajran zhәne konditer tagamdary dajyndalady tazartylgan majyn tagamga pajdalanady Soya belogynan zhasandy talshyk plastmassa zhelim alynady Soyanyn majy syr boyau sabyn margarin zhasauda tokyma onerkәsibinde zhәne medicinada koldanylady Sondaj ak soya kunarly mal azygy shobinin kuramynda 36 4 shiki protein 6 5 maj 32 4 azotsyz zattar 5 2 kletchatka al 100 kg shobinde 51 mal azyktyk olshem bolady Soyadan pishen zharma sүrlem kүnzhara t b dajyndalady Kartop zhүgeri zhazdyk bidaj t b dakyldar үshin zhaksy algy dakyl Ony malga kok balausa tүrinde beru sүrlemge kosu үshin zhүgeri zhәne konak zhүgerimen aralastyryp egedi Respublikada Avrora Gibridnaya 670 Volgogradka 1 Қazakstandyk 200 Evrika 357 t b sorttary audandastyrylgan Negizinen Almaty oblysynyn suarmaly eginshiliginde osiriledi Қazakstandagy soya egisinin zhalpy kolemi 25 6 myn ga әr ga dan orta eseppen 14 5 c onim alynady Pajdalangan siltemeҚazak enciklopediyasy