Созылмалы пиелонефрит – бүйректің қуыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын созылмалы бейспецификалық инфекциялық қабыну үдерісі Пиелонефрит – кең тараған аурулардың бірі, ДДҰ мәліметтері бойынша оның кездесу жиілигі жоғарғы тыныс жолдарының жіті инфекциялық ауруларынан кейін екінші орында, ал бүйрек ауруларының арасында – бірінші орында. Статистика бойынша әр он адамның біреуі пиелонефриттен зардап шегеді. Пиелонефрит – нефрогенді гипертензияның және бүйректің созылмалы шамасыздығының басты себебінің бірі. Латентті ағымға бейімділігінен 20-25% пиелонефрит алғаш рет аутопсияда анықталады. Созылмалы пиелонефрит көбіне жіті пиелонофриттің салдарынан дамиды. Этиологиясы. Даму тегінен – пиелонофрит инфекциялық ауру. Пиелонефриттің дамуында негізгі роль атқаратын қоздырғыштар: 1.ішектік аутоинфекция (ішектің облигаттық флорасы – ішек таяқшалары, энтерококктар; ішектің дисбактериозында пайда болатын факультативтік флора – ішек таяқшасының гемолиздік түрі, протей, клебсиелла, алтынсары стафилококк, көк іріңді таяқшалар ); 2.экзоинфекция – урология, акушерлік-гинекология, реанимация бөлімшелерінде жатқан науқастарға несептік инфекцияның құралдарымен жұғуы (көбіне іріңді кокктық инфекция); 3.бактериялардың бір түрлері және микоплазмалар (әдеттегі антибактериялдық дәрмектерге төзімді); бактериялардың кейбір түрлері қолайлы жағдайда әдетті түріне айналып пиелонефритті өршітуі және өрістетуі ықтимал. Пиелонефрит дамуының бейімдеуші факторлары 1) Бактериурия (1 мл несепте микробтар мөлшерінің 1х10³ артық болуы). Бактериурияның басты себебі – шат аймағының, әсіресе үрпі маңының микробтық ластануы. Мұндай жағдай дене күтімнің жеткіліксіздігінен, мәселен жастардың жыныс қатынасының гигиеналық тәртіптерін сақтамауынан болуы мүмкін. Тұрмысқа шыққан кезде дефлорациялық циститтің дамуы және жыныс қатынасынан кейін бактериурияның көбеюі байқалады. 2) Уродинамиканың бұзылыстарына әкелетін аурулар (несеп-тас ауруы, қуықасты безінің аденомасы, нефроптоз, несепағардың стриктурасы, бүгілуі немесе сырттан басылуы, рефлюкстер, дегидратация т.б.). 3) Әйелдер несеп жолдарының жыныстық ерекшеліктері. Әйелдер уретрасының қысқалығы және кеңдігі, үрпінің артқы өтіс пен қынапқа жақындығы инфекцияның уретраға және қуыққа оңай енуіне септігін тигізеді. 4) Жүктілік және гормондық контрацепциялық заттарды қолдану. Жүктілік кезінде эстрадиолдың, прогестеронның деңгейлері жоғарылайды. Жыныс ағзаларының және несеп жолдарының эмбрионалдік даму тегі бір болғандықтан, бұлардың гиперэстрогенемияға қайтаратын жауабы ұқсас. Осыдан, жүктілік кезінде несеп жолдарының қабырғалары шамалы қалыңдап ісінеді, перистальтикасы баяулайды.Аталмыш өзгерістер және қуықтың, несепағардың жатырмен басылуы уродинамикалық бұзылыстарды туындатып, әсіресе бұрыннан келе жатқан бактериурия болса, пиелонефриттің дамуына септігін тигізеді. Гормондық контрацепциялық дәрмектердің әсері жүктіліктің әсеріне ұқсайды. Контрацепциялық дәрмектерді көп қолданған әйелдерде пиелонефрит 20 есе жиі кездеседі. 5) Қантты диабет. 6) Бұрын болып өткен интерстициялдық нефрит, мәселен дәрмектік нефропатиялар (сульфаниламидтердің, анальгетиктердің, кейбір антибиотиктердің, алькогольдің, еріткіш заттардың т.б. әсерінен болған ). Пиоелонефрит 40 жасқа дейінгі шақта - әйелдерде, ал егде және кәрілеу шақта – жиілеу еркектерде кездеседі. Әйелдерде пиелонефрит балалық шақтан немесе тұрмыс кезінен басталады. Клиникалық көрінісі. Жіті пиелонефритке қарағанда, созылмалы пиелонефриттің көрінісі, әсіресе өршуінен тыс кезінде солғын. Науқастың көбі дерттің белгілерін аңғармай жүре береді. Мұқият сұрастырудың нәтижесінде белдің оқта-текте ауыруы, кейде қызудың субфебрильді деңгейге көтерілуі, дизуриялық бұзылыстар анықталады. Сонымен қатар, инфекциялық астенияның әдеттегі белгілері болуы мүмкін – шаршағыштық, дімкәстік, жұмыс қабілетінің төмендеуі. Кейде науқас дәрігердің алдында алғаш рет артериялық гипертензия, анемия, бүйрек шамасыздығы дамығанда келеді. Негізінде, созылмалы пиелонефриттің көрінісінде басты орын алатын келесі синдромдар: несептік, поллакиуриялық, интоксикациялық, ал өзге синдромдар – анемиялық, гипертониялық және бүйрек шамасыздығы жүре пайда болады.
Дереккөздер
- «ГЕРОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕРИАТРИЯ» Бекмурзаева Э.Қ., Сейдахметова А.А., Ибрагимова Р.Б., Сейдалиева Ф.М., Садыкова Г.С., Умиралиева Г.А., Азизова А.А., Абдукаримова Ж.М., Байдуллаев Б.М., Қорғанбаева Х.Т., оқу құралы, Шымкент 2012.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sozylmaly pielonefrit bүjrektin kuystyk zhүjesinin zhәne tubulointersticiyalyk ajmagynyn basym zakymdanuymen sipattalatyn sozylmaly bejspecifikalyk infekciyalyk kabynu үderisi Pielonefrit ken taragan aurulardyn biri DDҰ mәlimetteri bojynsha onyn kezdesu zhiiligi zhogargy tynys zholdarynyn zhiti infekciyalyk aurularynan kejin ekinshi orynda al bүjrek aurularynyn arasynda birinshi orynda Statistika bojynsha әr on adamnyn bireui pielonefritten zardap shegedi Pielonefrit nefrogendi gipertenziyanyn zhәne bүjrektin sozylmaly shamasyzdygynyn basty sebebinin biri Latentti agymga bejimdiliginen 20 25 pielonefrit algash ret autopsiyada anyktalady Sozylmaly pielonefrit kobine zhiti pielonofrittin saldarynan damidy Etiologiyasy Damu teginen pielonofrit infekciyalyk auru Pielonefrittin damuynda negizgi rol atkaratyn kozdyrgyshtar 1 ishektik autoinfekciya ishektin obligattyk florasy ishek tayakshalary enterokokktar ishektin disbakteriozynda pajda bolatyn fakultativtik flora ishek tayakshasynyn gemolizdik tүri protej klebsiella altynsary stafilokokk kok irindi tayakshalar 2 ekzoinfekciya urologiya akusherlik ginekologiya reanimaciya bolimshelerinde zhatkan naukastarga neseptik infekciyanyn kuraldarymen zhuguy kobine irindi kokktyk infekciya 3 bakteriyalardyn bir tүrleri zhәne mikoplazmalar әdettegi antibakteriyaldyk dәrmekterge tozimdi bakteriyalardyn kejbir tүrleri kolajly zhagdajda әdetti tүrine ajnalyp pielonefritti orshitui zhәne oristetui yktimal Pielonefrit damuynyn bejimdeushi faktorlary 1 Bakteriuriya 1 ml nesepte mikrobtar molsherinin 1h10 artyk boluy Bakteriuriyanyn basty sebebi shat ajmagynyn әsirese үrpi manynyn mikrobtyk lastanuy Mundaj zhagdaj dene kүtimnin zhetkiliksizdiginen mәselen zhastardyn zhynys katynasynyn gigienalyk tәrtipterin saktamauynan boluy mүmkin Turmyska shykkan kezde defloraciyalyk cistittin damuy zhәne zhynys katynasynan kejin bakteriuriyanyn kobeyui bajkalady 2 Urodinamikanyn buzylystaryna әkeletin aurular nesep tas auruy kuykasty bezinin adenomasy nefroptoz nesepagardyn strikturasy bүgilui nemese syrttan basyluy reflyukster degidrataciya t b 3 Әjelder nesep zholdarynyn zhynystyk erekshelikteri Әjelder uretrasynyn kyskalygy zhәne kendigi үrpinin artky otis pen kynapka zhakyndygy infekciyanyn uretraga zhәne kuykka onaj enuine septigin tigizedi 4 Zhүktilik zhәne gormondyk kontracepciyalyk zattardy koldanu Zhүktilik kezinde estradioldyn progesteronnyn dengejleri zhogarylajdy Zhynys agzalarynyn zhәne nesep zholdarynyn embrionaldik damu tegi bir bolgandyktan bulardyn giperestrogenemiyaga kajtaratyn zhauaby uksas Osydan zhүktilik kezinde nesep zholdarynyn kabyrgalary shamaly kalyndap isinedi peristaltikasy bayaulajdy Atalmysh ozgerister zhәne kuyktyn nesepagardyn zhatyrmen basyluy urodinamikalyk buzylystardy tuyndatyp әsirese burynnan kele zhatkan bakteriuriya bolsa pielonefrittin damuyna septigin tigizedi Gormondyk kontracepciyalyk dәrmekterdin әseri zhүktiliktin әserine uksajdy Kontracepciyalyk dәrmekterdi kop koldangan әjelderde pielonefrit 20 ese zhii kezdesedi 5 Қantty diabet 6 Buryn bolyp otken intersticiyaldyk nefrit mәselen dәrmektik nefropatiyalar sulfanilamidterdin analgetikterdin kejbir antibiotikterdin alkogoldin eritkish zattardyn t b әserinen bolgan Pioelonefrit 40 zhaska dejingi shakta әjelderde al egde zhәne kәrileu shakta zhiileu erkekterde kezdesedi Әjelderde pielonefrit balalyk shaktan nemese turmys kezinen bastalady Klinikalyk korinisi Zhiti pielonefritke karaganda sozylmaly pielonefrittin korinisi әsirese orshuinen tys kezinde solgyn Naukastyn kobi derttin belgilerin angarmaj zhүre beredi Mukiyat surastyrudyn nәtizhesinde beldin okta tekte auyruy kejde kyzudyn subfebrildi dengejge koterilui dizuriyalyk buzylystar anyktalady Sonymen katar infekciyalyk asteniyanyn әdettegi belgileri boluy mүmkin sharshagyshtyk dimkәstik zhumys kabiletinin tomendeui Kejde naukas dәrigerdin aldynda algash ret arteriyalyk gipertenziya anemiya bүjrek shamasyzdygy damyganda keledi Negizinde sozylmaly pielonefrittin korinisinde basty oryn alatyn kelesi sindromdar neseptik pollakiuriyalyk intoksikaciyalyk al ozge sindromdar anemiyalyk gipertoniyalyk zhәne bүjrek shamasyzdygy zhүre pajda bolady Derekkozder GERONTOLOGIYa ZhӘNE GERIATRIYa Bekmurzaeva E Қ Sejdahmetova A A Ibragimova R B Sejdalieva F M Sadykova G S Umiralieva G A Azizova A A Abdukarimova Zh M Bajdullaev B M Қorganbaeva H T oku kuraly Shymkent 2012