Асфендиар сұлтанның ұлы Сейітжафар тұрғылықты халқы арасынан ұзақ жылдар бойы жергілікті отарлық әкімшілікте қызмет етіп, орыс әскерінің жоғарғы офицерлік құрамына іліккен, полковник шеніне қол жеткізген көзі ашық, сауатты адамдардың қатарына кірді. Сейітжафар 1845 жылы Орынбор әскери округының Орал облысында дүниеге келген.
Сейітжафардың өмірбаянында келтірілген мәліметтерге сенетін болсақ, ол 1856 жылы Орынбор және Самара генерал-губернаторы А.А. Катениннің талап етуі бойынша «басқа қазақ сұлтандарына үлгі ету мақсатында» Орынбор қаласындағы жергілікті облыстық басқарманың жанынан қазақ сұлтандарының балаларын орыс сауатына үйрету үшін арнайы ұйымдастырылған мектепке оқуға түседі. Қайраткердің өмірбаянындағы аты аталып отырған оқу орны тарихта Орынбор шекаралық комиссиясының жанындағы қазақ мектебі атауымен белгілі.
1850 жылы 22 тамызда салтанатты түрде ашылған бұл мектепте бастапқы кезеңде 30 балаға орын ұйымдастырылды. Мектепке оқуға қабылданған қазақ балалары толықтай жергілікті отарлық билік орнының қазына қаржысына білім алды. Дегенмен, 1844 жылы 14 маусымда жарияланған «Орынбор қырғыздарын басқару туралы ережеге» сәйкес мектепке ата-анасының қаржысына оқитын балаларды қабылдауға да рұқсат етілді. Жалпы алғанда мектептің жылдық шығындары қазақ халқынан алынатын түтін салығының есебінен өтелді. Мектепте 7-жылдық оқу курсы бар 4 сынып қызмет етті: бастапқы үш сыныпта екі жыл және төртінші сыныпта бір жыл. Мектепті аяқтап жатқан түлектерді әрбір екі жыл сайын шығарып отыру көзделді. «Ереже» бойынша Орынбор шекаралық комиссияның жанындағы мектепке «барлық қазақтардың, әсіресе үкіметке қызметі сіңген және адалдығымен көзге түскен адамдардың балалары» оқуға қабылдау ұйғарылды. Осы «Ережеде» көрсетілгендей, мектепті ұйымдастырудағы басты мақсат – «қазақтардың арасында орыс тілі мен орыс сауатын таратумен қатар, билеуші сұлтандардың және дистанция бастықтары жанынан шекаралық басқару бойынша іс жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау» болып белгіленді.
1849 жылы Орынбор әскери губернаторы генерал В.А. Обручевтің құрастырып шыққан «Мектеп туралы ережені» іске асырудың «Нұсқауларына» сәйкес қазақ мектебінің мақсаты, оқытылатын пәндердің тізімі және оларға арналған оқу бағдарламалары, мұғалімдерге қатысты қойылатын талаптар, сондай-ақ басқа да ұйымдастырушылық мәселелер анықталды. Оқу бағдарламасында қазақ балаларына келесідей пәндер бойынша білім беру көзделді: 1) Мұсылман діні («Закон магометанский»); 2) Орыс тілі: оқу, сауатты жазу және грамматика негіздері; 3) Арифметика және есептер бойынша шығару тәсілдері; 4) Жергілікті тіл (Татар тілі); 5) Тергеулерді жүргізудің, орыс және татар тілдерінде іс қағаздарын құрастырудың тәртібі; 6) Гимнастика.
Бастапқы кезеңде оқу процесінде мектеп бірқатар қиындықтарды бастан кешірді. Оқуға қабылданған 30 тәрбиеленушінің орыс тілін нашар білуі салдарынан оқу үлгерімі төмен деңгейде болды. Осы жағдай келесі оқу жылында мектеп басшылығын дайындық сыныптарын ашуға итермеледі. Осы жаңадан ашылған дайындық сыныбына Сейітжафар Асфендиарұлы 1856 жылы қабылданып, оны бір жыл ішінде үздік аяқтап шыққан соң, мектептің 1-ші негізгі сыныбына өткізіледі. Сейітжафармен қатар бұл сыныпта 26 белді қазақ сұлтандары мен билердің балалары тәлім алды. Сейітжафар мектепте білім алып отырған уақытта аталған оқу орнына бақылаушы міндетін атқарған коллеждік ассесор Дыньков тұрақты түрде Орынбор шекаралық комиссияның басшылығына мектептің және онда тәрбиеленіп жатқан оқушылардың жағдайы туралы баяндамаларды жолдап тұруға міндетті болды. 1864 жылы маусым айында мектептің толық курсын аяқтаған Сейітжафар Асфендиарұлы бітіру куәлігіне қол жеткізді. Бітіруші сыныпта оқыған 25 оқушының ішінен тек 13-і ғана ақырғы сынақтардан сүрінбей өткен болса, олардың ішінде Б. Наурызбаев, Б. Орынбаев, С. Нұрмұхамедов және С. Асфендиаров үздік нәтиже көрсетті. 1864 жылы 12 тамызда Орынбор қазақтары басқармасының отырысында қазақ мектебін үздік аяқтаған түлектерді мемлекеттік қызметке алу туралы мәселе қаралды. Осы отырыста мектеп қабырғасында оқыған жылдары өз тәртібімен, білім деңгейімен көзге түсе білген оқушыларды әр түрлі дәрежедегі қызметтерге алу шешімі қабылданып, Орынбор және Самара генерал-губернаторының басқармасына арнайы ұсыныс даярланды. 1864 жылы 10 қыркүйекте Орынбор және Самара генерал-губернаторының басқармасы бұл ұсынысты қарастырып, қазақ мектебінің түлектерін Б. Наурызбаевты және С. Нұрмұхамедовты облыстық басқарманың қарауына жіберу, Б. Орынбаевты және С. Асфендиаровты мектепте жаңадан оқуға қабылданған оқушыларға сабақ беру үшін репетиторлық қызметке алу, Ә. Түлкібаевты Кіші Орданың орта бөлігі билеушісінің және Ә. Бесғалиевті Кіші Орданың орта бөлігі билеушісінің көмекшілеріне үлестіру туралы қаулы шығарды. Өзі аяқтап шыққан мектепте еңбек еткен жылдары Сейітжафар өзінің ұстазы болған башқұрт ағартушысы Мірсалих Бекчуринмен тығыз араласа бастайды. Көп ұзамай, 1864 жылы 1 мамырда Сейітжафар Орынбор облыстық басқарманың штаттық аудармашысы ретінде мемлекеттік қызметке қабылданып, бұл мекемеде үш жыл бойы қызмет етеді. Осы уақыт ішінде ынталы еңбегімен танылған Сейітжафар 1865 жылы 18 тамызда зауряд-хорунжий шеніне қол жеткізеді.
Дереккөздер
- «Шығыс жұлдыздары» энциклопедиясы, «Фолиант» баспасы, Астана,2-ші том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Asfendiar sultannyn uly Sejitzhafar turgylykty halky arasynan uzak zhyldar bojy zhergilikti otarlyk әkimshilikte kyzmet etip orys әskerinin zhogargy oficerlik kuramyna ilikken polkovnik shenine kol zhetkizgen kozi ashyk sauatty adamdardyn kataryna kirdi Sejitzhafar 1845 zhyly Orynbor әskeri okrugynyn Oral oblysynda dүniege kelgen Sejitzhafardyn omirbayanynda keltirilgen mәlimetterge senetin bolsak ol 1856 zhyly Orynbor zhәne Samara general gubernatory A A Kateninnin talap etui bojynsha baska kazak sultandaryna үlgi etu maksatynda Orynbor kalasyndagy zhergilikti oblystyk baskarmanyn zhanynan kazak sultandarynyn balalaryn orys sauatyna үjretu үshin arnajy ujymdastyrylgan mektepke okuga tүsedi Қajratkerdin omirbayanyndagy aty atalyp otyrgan oku orny tarihta Orynbor shekaralyk komissiyasynyn zhanyndagy kazak mektebi atauymen belgili 1850 zhyly 22 tamyzda saltanatty tүrde ashylgan bul mektepte bastapky kezende 30 balaga oryn ujymdastyryldy Mektepke okuga kabyldangan kazak balalary tolyktaj zhergilikti otarlyk bilik ornynyn kazyna karzhysyna bilim aldy Degenmen 1844 zhyly 14 mausymda zhariyalangan Orynbor kyrgyzdaryn baskaru turaly erezhege sәjkes mektepke ata anasynyn karzhysyna okityn balalardy kabyldauga da ruksat etildi Zhalpy alganda mekteptin zhyldyk shygyndary kazak halkynan alynatyn tүtin salygynyn esebinen oteldi Mektepte 7 zhyldyk oku kursy bar 4 synyp kyzmet etti bastapky үsh synypta eki zhyl zhәne tortinshi synypta bir zhyl Mektepti ayaktap zhatkan tүlekterdi әrbir eki zhyl sajyn shygaryp otyru kozdeldi Erezhe bojynsha Orynbor shekaralyk komissiyanyn zhanyndagy mektepke barlyk kazaktardyn әsirese үkimetke kyzmeti singen zhәne adaldygymen kozge tүsken adamdardyn balalary okuga kabyldau ujgaryldy Osy Erezhede korsetilgendej mektepti ujymdastyrudagy basty maksat kazaktardyn arasynda orys tili men orys sauatyn taratumen katar bileushi sultandardyn zhәne distanciya bastyktary zhanynan shekaralyk baskaru bojynsha is zhүrgizumen ajnalysatyn mamandardy dayarlau bolyp belgilendi 1849 zhyly Orynbor әskeri gubernatory general V A Obruchevtin kurastyryp shykkan Mektep turaly erezheni iske asyrudyn Nuskaularyna sәjkes kazak mektebinin maksaty okytylatyn pәnderdin tizimi zhәne olarga arnalgan oku bagdarlamalary mugalimderge katysty kojylatyn talaptar sondaj ak baska da ujymdastyrushylyk mәseleler anyktaldy Oku bagdarlamasynda kazak balalaryna kelesidej pәnder bojynsha bilim beru kozdeldi 1 Musylman dini Zakon magometanskij 2 Orys tili oku sauatty zhazu zhәne grammatika negizderi 3 Arifmetika zhәne esepter bojynsha shygaru tәsilderi 4 Zhergilikti til Tatar tili 5 Tergeulerdi zhүrgizudin orys zhәne tatar tilderinde is kagazdaryn kurastyrudyn tәrtibi 6 Gimnastika Bastapky kezende oku procesinde mektep birkatar kiyndyktardy bastan keshirdi Okuga kabyldangan 30 tәrbielenushinin orys tilin nashar bilui saldarynan oku үlgerimi tomen dengejde boldy Osy zhagdaj kelesi oku zhylynda mektep basshylygyn dajyndyk synyptaryn ashuga itermeledi Osy zhanadan ashylgan dajyndyk synybyna Sejitzhafar Asfendiaruly 1856 zhyly kabyldanyp ony bir zhyl ishinde үzdik ayaktap shykkan son mekteptin 1 shi negizgi synybyna otkiziledi Sejitzhafarmen katar bul synypta 26 beldi kazak sultandary men bilerdin balalary tәlim aldy Sejitzhafar mektepte bilim alyp otyrgan uakytta atalgan oku ornyna bakylaushy mindetin atkargan kollezhdik assesor Dynkov turakty tүrde Orynbor shekaralyk komissiyanyn basshylygyna mekteptin zhәne onda tәrbielenip zhatkan okushylardyn zhagdajy turaly bayandamalardy zholdap turuga mindetti boldy 1864 zhyly mausym ajynda mekteptin tolyk kursyn ayaktagan Sejitzhafar Asfendiaruly bitiru kuәligine kol zhetkizdi Bitirushi synypta okygan 25 okushynyn ishinen tek 13 i gana akyrgy synaktardan sүrinbej otken bolsa olardyn ishinde B Nauryzbaev B Orynbaev S Nurmuhamedov zhәne S Asfendiarov үzdik nәtizhe korsetti 1864 zhyly 12 tamyzda Orynbor kazaktary baskarmasynyn otyrysynda kazak mektebin үzdik ayaktagan tүlekterdi memlekettik kyzmetke alu turaly mәsele karaldy Osy otyrysta mektep kabyrgasynda okygan zhyldary oz tәrtibimen bilim dengejimen kozge tүse bilgen okushylardy әr tүrli dәrezhedegi kyzmetterge alu sheshimi kabyldanyp Orynbor zhәne Samara general gubernatorynyn baskarmasyna arnajy usynys dayarlandy 1864 zhyly 10 kyrkүjekte Orynbor zhәne Samara general gubernatorynyn baskarmasy bul usynysty karastyryp kazak mektebinin tүlekterin B Nauryzbaevty zhәne S Nurmuhamedovty oblystyk baskarmanyn karauyna zhiberu B Orynbaevty zhәne S Asfendiarovty mektepte zhanadan okuga kabyldangan okushylarga sabak beru үshin repetitorlyk kyzmetke alu Ә Tүlkibaevty Kishi Ordanyn orta boligi bileushisinin zhәne Ә Besgalievti Kishi Ordanyn orta boligi bileushisinin komekshilerine үlestiru turaly kauly shygardy Өzi ayaktap shykkan mektepte enbek etken zhyldary Sejitzhafar ozinin ustazy bolgan bashkurt agartushysy Mirsalih Bekchurinmen tygyz aralasa bastajdy Kop uzamaj 1864 zhyly 1 mamyrda Sejitzhafar Orynbor oblystyk baskarmanyn shtattyk audarmashysy retinde memlekettik kyzmetke kabyldanyp bul mekemede үsh zhyl bojy kyzmet etedi Osy uakyt ishinde yntaly enbegimen tanylgan Sejitzhafar 1865 zhyly 18 tamyzda zauryad horunzhij shenine kol zhetkizedi Derekkozder Shygys zhuldyzdary enciklopediyasy Foliant baspasy Astana 2 shi tom