Сармат мәдениеті— ерте темір дәуірінде Қазақстанның батыс өлкелері мен Оңт. Орал далаларын мекендеген көшпелі тайпалар қалдырған түрлі археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Жалпы “сармат” атауы көне грек жазба деректерінен жеткен шартты ұғым, ал сарматтар осы тарихи деректер бойынша шығыстан келіп, Қара т. скифтері патшалығын талқандаған тайпалар ретінде танымал. Археол. зерттеулер Сармат мәдениетіжайлы, яғни тайпалардың жерлеу ғұрпы, заттық мәдениеті, өнері жайлы құнды деректер берді. Ғыл. қорытындылар бойынша, мәдениеттің өмір сүрген уақыты б.з.б. 7 — 6 ғ-лар мен б.з. 4 ғ. арасын алып жатқан өте үлкен мерзімді қамтиды. Даму барысындағы ерекшеліктерді ескере отырып, ғалымдар осы өте ұзақ мерзімді “ерте сармат” (немесе прохоров мәдениеті), “орта сармат”, “соңғы сармат” деп аталатын үш кезеңге бөлді. Бат. Қазақстаннан Қара т., Орт. Еуропаға дейінгі аралықта тараған, жүздеп саналатын обаларды қазу, олардан алынған деректерді зерттеу, сараптауда М.И. Ростовцев, Б.Н. Граков, К.Ф. Смирнов, М.Г. Мошкова, Б.Ф. Железчиков, М.Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов, А.Х. Пшеничнюк, С.Ю. Гуцалов еңбектерінің маңызы зор. Сармат мәдениетінің алғаш қанат жайып қалыптасқан аумағы Еділден шығысқа қарай орналасқан өлкелер. Ғыл. пайымдаулар бойынша, осы жерлерде, ең алдымен, Ор мен Елек өзендері алқаптарында, Жайық далаларында ерте Сармат мәдениеті (б.з.б. 7 — 6 ғ-лар мен 1 ғ. аралығы) қалыптасқан. Бесоба, Сынтас сияқты қорымдардан алынған деректер осы кезең жайлы құнды мәліметтер берді, сондай-ақ қазір зерттеліп жатқан Қырықоба үлкен қорымы (Батыс Қазақстан облысы) маңызды нысандар қатарына кіреді. Археол. зерттеулерде ерте сармат кезеңіне жататын семсер, қанжар, жебе сияқты қару түрлерінің, ат әбзелдерінің, түбі дөңес қыш көзелердің, айналар мен тас құрбандық ыдыстардың, аң стилімен сомдалған бұйымдардың тұрақты сипаттамалары жасалған. Зерттеушілер заттық мәдениет пен жерлеу ғұрпының басты ерекшеліктерін алға тарта отырып, ерте Сармат мәдениетінің қалыптасуына жергілікті дәстүрлермен қоса Арал, Төм. Сырдария сақтарының да маңызды ықпалы болғанын атап көрсетті. Б.з.б. 1 ғ-дан бастап 4 ғ-ға дейінгі аралықты орта және соңғы Сармат мәдениеті ескерткіштері алып жатыр. Сармат тайпаларының үлкен бөлігінің батысқа жылжыған уақытымен сәйкес келетін бұл кезеңдердің ескерткіштері шашырай таралып, аз табылған және біршама өзгерістерге ұшыраған. Мәдениет дамуының соңына қарай орын алған тарихи оқиғаларға байланысты кейінгі Сармат ескерткіштерінде ғұн ықпалы басым. Сармат дәуіріне жататын, бірақ классик. Сармат мәдениеті үлгісінен өзіндік ерекшеліктері бар кейбір ескерткіштер Арал мен Каспий аралығында ашылды (мыс., Дықылтас, қорымдары, Қызылүйік ғибадатханасы). Кейінгі зерттеулер барысында туындап отырған күрделі мәселелердің бірі — Сармат мәдениеті мен “дах-массагет” атауымен байланыстырылатын ескерткіштердің арасын анықтау болып табылады.
Пайдаланылған cілтемелер
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sarmat mәdenieti erte temir dәuirinde Қazakstannyn batys olkeleri men Ont Oral dalalaryn mekendegen koshpeli tajpalar kaldyrgan tүrli arheologiyalyk eskertkishter zhiyntygy Zhalpy sarmat atauy kone grek zhazba derekterinen zhetken shartty ugym al sarmattar osy tarihi derekter bojynsha shygystan kelip Қara t skifteri patshalygyn talkandagan tajpalar retinde tanymal Arheol zertteuler Sarmat mәdenietizhajly yagni tajpalardyn zherleu gurpy zattyk mәdenieti oneri zhajly kundy derekter berdi Ғyl korytyndylar bojynsha mәdeniettin omir sүrgen uakyty b z b 7 6 g lar men b z 4 g arasyn alyp zhatkan ote үlken merzimdi kamtidy Damu barysyndagy erekshelikterdi eskere otyryp galymdar osy ote uzak merzimdi erte sarmat nemese prohorov mәdenieti orta sarmat songy sarmat dep atalatyn үsh kezenge boldi Bat Қazakstannan Қara t Ort Europaga dejingi aralykta taragan zhүzdep sanalatyn obalardy kazu olardan alyngan derekterdi zertteu saraptauda M I Rostovcev B N Grakov K F Smirnov M G Moshkova B F Zhelezchikov M Қadyrbaev Zh Қurmankulov A H Pshenichnyuk S Yu Gucalov enbekterinin manyzy zor Sarmat mәdenietinin algash kanat zhajyp kalyptaskan aumagy Edilden shygyska karaj ornalaskan olkeler Ғyl pajymdaular bojynsha osy zherlerde en aldymen Or men Elek ozenderi alkaptarynda Zhajyk dalalarynda erte Sarmat mәdenieti b z b 7 6 g lar men 1 g aralygy kalyptaskan Besoba Syntas siyakty korymdardan alyngan derekter osy kezen zhajly kundy mәlimetter berdi sondaj ak kazir zerttelip zhatkan Қyrykoba үlken korymy Batys Қazakstan oblysy manyzdy nysandar kataryna kiredi Arheol zertteulerde erte sarmat kezenine zhatatyn semser kanzhar zhebe siyakty karu tүrlerinin at әbzelderinin tүbi dones kysh kozelerdin ajnalar men tas kurbandyk ydystardyn an stilimen somdalgan bujymdardyn turakty sipattamalary zhasalgan Zertteushiler zattyk mәdeniet pen zherleu gurpynyn basty erekshelikterin alga tarta otyryp erte Sarmat mәdenietinin kalyptasuyna zhergilikti dәstүrlermen kosa Aral Tom Syrdariya saktarynyn da manyzdy ykpaly bolganyn atap korsetti B z b 1 g dan bastap 4 g ga dejingi aralykty orta zhәne songy Sarmat mәdenieti eskertkishteri alyp zhatyr Sarmat tajpalarynyn үlken boliginin batyska zhylzhygan uakytymen sәjkes keletin bul kezenderdin eskertkishteri shashyraj taralyp az tabylgan zhәne birshama ozgeristerge ushyragan Mәdeniet damuynyn sonyna karaj oryn algan tarihi okigalarga bajlanysty kejingi Sarmat eskertkishterinde gun ykpaly basym Sarmat dәuirine zhatatyn birak klassik Sarmat mәdenieti үlgisinen ozindik erekshelikteri bar kejbir eskertkishter Aral men Kaspij aralygynda ashyldy mys Dykyltas korymdary Қyzylүjik gibadathanasy Kejingi zertteuler barysynda tuyndap otyrgan kүrdeli mәselelerdin biri Sarmat mәdenieti men dah massaget atauymen bajlanystyrylatyn eskertkishterdin arasyn anyktau bolyp tabylady Pajdalanylgan ciltemelerҚazak Enciklopediyasy 7 tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet