Мына мақаланы не бөлімін Сабыр Омарұлы Рахимов дегенмен біріктіруге ұсынылған. () |
Сабыр Омарқұлұлы Рақымов(1902-1945) - Ұлы Отан соғысының даңқты батыры, Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан тұңғыш генерал. С.Рақымов 1925-1927 жылдары Орталық Азияда басмашыларға қарсы соғыс қимылдарына қатысып ерлік көрсеткен, жауынгерлік орденмен марапатталған.
Әскердегі қызметі
Ол Ұлы Отан соғысына 1941 жылы маусымда майор шенінде, мотоатқыштар полкі командирінің орынбасары ретінде кіріседі. Белоруссия, Смоленск жеріндегі ауыр қорғаныс шайқастарына қатысып, жараланып 4-5 ай госпитальда емделеді. Емделіп шыққан соң 56-шы армияның 1149-шы атқыштар полкінің командирі болып ұрысқа қатысады. 1941-1942 жылдары Оңтүстік майданның құрамында Ростов, Таганрог үшін шайқастарға қатысады. 1942 жылдың басында екінші рет жараланып төрт ай емделеді. Госпитальдан шыққан соң полковник шенінде 56-шы армияның құрамындағы 395-шы атқыштар дивизияның командирінің орынбасары, кешікпей командирі етіп тағайындалып, 1942-1943 жылдары оңтүстік өңірдегі, Солтүстік Кавказдағы ұрыстарға қатысады. 1943 жылы көктемде С.Рақымовқа «генерал-майор» атағы беріліп, К.Е.Ворошилов атындағы Бас Штаб академиясына оқуға жіберіледі.
Оқуын аяқтаған соң 1944-1945 жылдары 37-шы гвардиялық дивизияның командирі ретінде Шығыс Пруссия, Польша жеріндегі ұрыстарға қатысып талантты командир ретінде көзге түседі. 1945 жылы 26 наурызда Польша жеріндегі шайқаста Сабыр Рақымов қаза табады. Өзбектер мәйітін Ташкентке әкеліп Кафанов атындағы паркке жерлеп, кейін ескерткішін орнатады. 1965 жылы 6 мамырда КСРО билігінің шешімімен оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
С.Рақымов жауынгерлік ерліктері үшін Ленин орденімен, 4 мәрте жауынгерлік Қызыл Ту орденімен (бір ескеретін жәй, Ұлы Отан соғысына дейін мұндай орденмен 4 мәрте Кеңес елінің әйгілі қолбасшысы К.Блюхер ғана марапатталған болатын), 2-ші дәрежелі Суворов, 2-ші дәрежелі Кутузов орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Кеңес елінің маршалы А.Гречко қазақ генералының әскери талантын жоғары бағалаған. И.В.Сталиннің өзі Солтүстік Кавказды фашист басқыншыларынан азат етудегі ерлігі мен әскери шеберлігіне тәнті болып Рақымовты «темір тегеурінді генерал» деп бағалаған. 1966 жылы Польша мемлекеті жаңа жасалған кемеге С.Рақымов атын береді. Кеңес елінде бейнесі кескінделген почта конверті де шығарылады.
Дереккөздер
- Қазақ Совет Энциклопедиясы,5 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Myna makalany ne bolimin Sabyr Omaruly Rahimov degenmen biriktiruge usynylgan Sabyr Omarkululy Rakymov 1902 1945 Ұly Otan sogysynyn dankty batyry Қazakstan men Ortalyk Aziyadan shykkan tungysh general S Rakymov 1925 1927 zhyldary Ortalyk Aziyada basmashylarga karsy sogys kimyldaryna katysyp erlik korsetken zhauyngerlik ordenmen marapattalgan Әskerdegi kyzmetiOl Ұly Otan sogysyna 1941 zhyly mausymda major sheninde motoatkyshtar polki komandirinin orynbasary retinde kirisedi Belorussiya Smolensk zherindegi auyr korganys shajkastaryna katysyp zharalanyp 4 5 aj gospitalda emdeledi Emdelip shykkan son 56 shy armiyanyn 1149 shy atkyshtar polkinin komandiri bolyp uryska katysady 1941 1942 zhyldary Ontүstik majdannyn kuramynda Rostov Taganrog үshin shajkastarga katysady 1942 zhyldyn basynda ekinshi ret zharalanyp tort aj emdeledi Gospitaldan shykkan son polkovnik sheninde 56 shy armiyanyn kuramyndagy 395 shy atkyshtar diviziyanyn komandirinin orynbasary keshikpej komandiri etip tagajyndalyp 1942 1943 zhyldary ontүstik onirdegi Soltүstik Kavkazdagy urystarga katysady 1943 zhyly koktemde S Rakymovka general major atagy berilip K E Voroshilov atyndagy Bas Shtab akademiyasyna okuga zhiberiledi Okuyn ayaktagan son 1944 1945 zhyldary 37 shy gvardiyalyk diviziyanyn komandiri retinde Shygys Prussiya Polsha zherindegi urystarga katysyp talantty komandir retinde kozge tүsedi 1945 zhyly 26 nauryzda Polsha zherindegi shajkasta Sabyr Rakymov kaza tabady Өzbekter mәjitin Tashkentke әkelip Kafanov atyndagy parkke zherlep kejin eskertkishin ornatady 1965 zhyly 6 mamyrda KSRO biliginin sheshimimen ogan Kenes Odagynyn Batyry atagy beriledi S Rakymov zhauyngerlik erlikteri үshin Lenin ordenimen 4 mәrte zhauyngerlik Қyzyl Tu ordenimen bir eskeretin zhәj Ұly Otan sogysyna dejin mundaj ordenmen 4 mәrte Kenes elinin әjgili kolbasshysy K Blyuher gana marapattalgan bolatyn 2 shi dәrezheli Suvorov 2 shi dәrezheli Kutuzov ordenimen Қyzyl Zhuldyz ordenimen birneshe medaldarmen marapattalgan Kenes elinin marshaly A Grechko kazak generalynyn әskeri talantyn zhogary bagalagan I V Stalinnin ozi Soltүstik Kavkazdy fashist baskynshylarynan azat etudegi erligi men әskeri sheberligine tәnti bolyp Rakymovty temir tegeurindi general dep bagalagan 1966 zhyly Polsha memleketi zhana zhasalgan kemege S Rakymov atyn beredi Kenes elinde bejnesi keskindelgen pochta konverti de shygarylady DerekkozderҚazak Sovet Enciklopediyasy 5 tom