Роберт Вильгельм Бунзен (1811-1899) - алман химигі.
- бірнеше неміс университеттерінің оқытушысы;
- 1852 ж. – Гейдельбергте химия кафедрасының меңгерушісі;
- 1859 ж. неміс ғалымы Г. Кирхгоффпен бірге спектрлік анализді ашты;
- спектрдің құрылымы мен спектр алынған зат арасында байланысты анықтады;
- 1857 ж. – Р. Бунзенмен бірлесе құрастырған жанарғы жалынында әртүрлі заттардың платинадан жасалған сымның ұшында жалын түсін өзгертуін зерттеді.
Robert Bunsen | |
---|---|
| |
Туған күні, жері | 30 наурыз 1811see below , , (present-day ) |
Қайтыс болған күні, жері | 1899 ж. тамыздың 16 (88 жаста) , , (present-day ) |
Тұратын жері | Germany |
Зерттеу салалары | (career) |
Интитуттары | Polytechnic School of Kassel |
Alma mater | |
Докторлық студенттері | |
Еңбегі үшін әйгілі | Discovery of cacodyl radical; discoveries of and . Invention of the ; carbon-zinc electrochemical cell; methods of gas analysis; development of |
Негізгі марапаттары | (1860) |
Роберт Вильгельм Бунзеннің өмірі ешқандай қиындықсыз, бірқалыпты өткен еді. Бунзен еш уақытта кедейлік пен тапшылық көрмеді, ал байлыққа тіпті де қызықпады. Оны атақ та, өнер де қызықтырмады. Ол өз ғылымынан басқа еш нәрсеге көңіл аудармады. Ол Шееле немесе Дэви тәрізді өздігінен оқыған ғалым емес еді. Бунзеннің ата-анасы өз ұлдарына жақсы білім беруге тырысып бақты, сондықтан оны бала кезінен қоршаған айналасы тек қана ғылымға итермелеген еді.
Балалық шағы
Неміс қаласы Геттинген бүкіл әлемге өзінің университетімен әйгілі еді. Теңіз жағасындағы қалалар теңіз, курортты қалалар – дем алушылар есебінен өмір сүрсе, бұл қала ғылыммен күн көрген қала болатын. Роберт Бунзеннің әкесі Геттинген университетінің профессоры болған. Уақыт өте келе құрметті профессордың талантты ұлы да ғалым болатыны айдай анық еді. 1828 жылы 17 жасар Роберт гимназияны тамамдап, университетке түседі. Үш жылдан кейін ғылым докторы атағын алады. Кейін Еуропаны саяхаттау үшін сапарға аттанады. Бір жарым жылдай Бунзен қаладан-қалаға, елден-елге қиындықтарға қарамастан жол жүреді. Ол металлургиялық, химиялық, қант және т.б. көптеген зауыттарды аралайды. Көмір кеніштеріне түсіп, қарлы тауларға да шығады. Германия, Франция, Швейцария және Австрияның атақты химиктерімен танысады.
Ғылыми еңбектері
Туған Геттингенге оралғаннан кейін, жас ғалым көп ойланбастан профессорлық жолға түседі: ол университетке приват-доцент (яғни профессордың көмекшісі) ретінде орналасып, химиядан сабақ бере бастайды.
Бұл 1834 жылы болған еді. Сол кезден бастап оның барлық өмірі бір ғана тәртіппен өте бастады, бұл – лекция, зертхана, тағы да лекция, тағы да зертхана. Жиырма бес жасында оның күндері елу жасындағыдай, ал елу жасындағы күндері жетпіс жасындағы күндерінен айнымайтын еді. Таңертең ерте ол өз жұмыстарын жазып, есептеп, нәтижелерін тексеруден бастайтын. Содан кейін лекция оқуға жиналатын. Ол жерден шығып, түске дейін зертханада жұмыс істейді. Түстен кейін таныстарының бірімен серуенге шығатын да, қайтадан зертханаға оралатын. Алайда кейде Бунзенді үйреншікті қалпынан шығаратын да жағдайлар болып тұратын. Бұл ауыр дерт емес еді, өйткені Бунзен қартайған шағына дейін сырқаттанбаған. Бұл махаббат уайымы да емес еді, өйткені ол ешкімге ғашық болып көрмеген. Бұл отбасылық қиындықтар да емес еді, өйткені ол бойдақ болған, тіпті саяси жағдайлар да емес еді, өйткені ол саясаттан алыс, қоғамдық өмірден де тым қашық болатын. Әрбір ержүрек химиктің жұмысында міндетті түрде кездесетін жарылыстар мен уланулар Бунзеннің өмірін дүрліктіретін бір ғана жағдайлар еді.
Алғаш рет Бунзен «какодил» күрделі химиялық затымен жұмыстары арқылы атақты ғалым атанды. Осы алғашқы сынақтары кезіндегі жарылыста ол көзінен айырылып, улы заттар буларымен уланған еді. Бунзен химиялық анализдің керемет шебері болған. Ол әртүрлі заттар құрамын тез және дәлірек анықтаудың көптеген тың, әрі ыңғайлы тәсілдерін ойлап табудан жалықпады. Осыған байланысты оған әлемнің барлық түкпірінен жас химиктер мен студенттер келіп, оның өнеріне үйренуге асық болатын. Алайда оның ғылыми жұмысы тек қане анализ жүргізумен аяқталмады. Ол көптеген ірі жаңалықтар ашып, құндылығы олардан кем түспейтін аспаптар ойлап тапқан болатын.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Robert Vilgelm Bunzen 1811 1899 alman himigi birneshe nemis universitetterinin okytushysy 1852 zh Gejdelbergte himiya kafedrasynyn mengerushisi 1859 zh nemis galymy G Kirhgoffpen birge spektrlik analizdi ashty spektrdin kurylymy men spektr alyngan zat arasynda bajlanysty anyktady 1857 zh R Bunzenmen birlese kurastyrgan zhanargy zhalynynda әrtүrli zattardyn platinadan zhasalgan symnyn ushynda zhalyn tүsin ozgertuin zerttedi Robert BunsenTugan kүni zheri 30 nauryz 1811see below present day Қajtys bolgan kүni zheri 1899 zh tamyzdyn 16 88 zhasta present day Turatyn zheri GermanyZertteu salalary career and retirement Intituttary Polytechnic School of KasselAlma materDoktorlyk studentteriEnbegi үshin әjgili Discovery of cacodyl radical discoveries of and Invention of the carbon zinc electrochemical cell methods of gas analysis development ofNegizgi marapattary 1860 Robert Vilgelm Bunzennin omiri eshkandaj kiyndyksyz birkalypty otken edi Bunzen esh uakytta kedejlik pen tapshylyk kormedi al bajlykka tipti de kyzykpady Ony atak ta oner de kyzyktyrmady Ol oz gylymynan baska esh nәrsege konil audarmady Ol Sheele nemese Devi tәrizdi ozdiginen okygan galym emes edi Bunzennin ata anasy oz uldaryna zhaksy bilim beruge tyrysyp bakty sondyktan ony bala kezinen korshagan ajnalasy tek kana gylymga itermelegen edi Balalyk shagyNemis kalasy Gettingen bүkil әlemge ozinin universitetimen әjgili edi Teniz zhagasyndagy kalalar teniz kurortty kalalar dem alushylar esebinen omir sүrse bul kala gylymmen kүn korgen kala bolatyn Robert Bunzennin әkesi Gettingen universitetinin professory bolgan Uakyt ote kele kurmetti professordyn talantty uly da galym bolatyny ajdaj anyk edi 1828 zhyly 17 zhasar Robert gimnaziyany tamamdap universitetke tүsedi Үsh zhyldan kejin gylym doktory atagyn alady Kejin Europany sayahattau үshin saparga attanady Bir zharym zhyldaj Bunzen kaladan kalaga elden elge kiyndyktarga karamastan zhol zhүredi Ol metallurgiyalyk himiyalyk kant zhәne t b koptegen zauyttardy aralajdy Komir kenishterine tүsip karly taularga da shygady Germaniya Franciya Shvejcariya zhәne Avstriyanyn atakty himikterimen tanysady Ғylymi enbekteriTugan Gettingenge oralgannan kejin zhas galym kop ojlanbastan professorlyk zholga tүsedi ol universitetke privat docent yagni professordyn komekshisi retinde ornalasyp himiyadan sabak bere bastajdy Bul 1834 zhyly bolgan edi Sol kezden bastap onyn barlyk omiri bir gana tәrtippen ote bastady bul lekciya zerthana tagy da lekciya tagy da zerthana Zhiyrma bes zhasynda onyn kүnderi elu zhasyndagydaj al elu zhasyndagy kүnderi zhetpis zhasyndagy kүnderinen ajnymajtyn edi Tanerten erte ol oz zhumystaryn zhazyp eseptep nәtizhelerin tekseruden bastajtyn Sodan kejin lekciya okuga zhinalatyn Ol zherden shygyp tүske dejin zerthanada zhumys istejdi Tүsten kejin tanystarynyn birimen seruenge shygatyn da kajtadan zerthanaga oralatyn Alajda kejde Bunzendi үjrenshikti kalpynan shygaratyn da zhagdajlar bolyp turatyn Bul auyr dert emes edi ojtkeni Bunzen kartajgan shagyna dejin syrkattanbagan Bul mahabbat uajymy da emes edi ojtkeni ol eshkimge gashyk bolyp kormegen Bul otbasylyk kiyndyktar da emes edi ojtkeni ol bojdak bolgan tipti sayasi zhagdajlar da emes edi ojtkeni ol sayasattan alys kogamdyk omirden de tym kashyk bolatyn Әrbir erzhүrek himiktin zhumysynda mindetti tүrde kezdesetin zharylystar men ulanular Bunzennin omirin dүrliktiretin bir gana zhagdajlar edi Bunzen bas tasy Algash ret Bunzen kakodil kүrdeli himiyalyk zatymen zhumystary arkyly atakty galym atandy Osy algashky synaktary kezindegi zharylysta ol kozinen ajyrylyp uly zattar bularymen ulangan edi Bunzen himiyalyk analizdin keremet sheberi bolgan Ol әrtүrli zattar kuramyn tez zhәne dәlirek anyktaudyn koptegen tyn әri yngajly tәsilderin ojlap tabudan zhalykpady Osygan bajlanysty ogan әlemnin barlyk tүkpirinen zhas himikter men studentter kelip onyn onerine үjrenuge asyk bolatyn Alajda onyn gylymi zhumysy tek kane analiz zhүrgizumen ayaktalmady Ol koptegen iri zhanalyktar ashyp kundylygy olardan kem tүspejtin aspaptar ojlap tapkan bolatyn