Пифагоршылдық — дүниенің мәні сандық қатынастарда деген принципке сүйенген философиялық ілім. Ежелгі грек философы, математик әрі астроном Пифагордан бастау алған Пифагоршылдық ілімі әуелде ауызша (жасырын) тараған. Пифагоршылдық доктринасын жазбаша түрде алғаш баяндаған Филолай болды. Б.з.б. 5 ғасырда Пифагоршылдық бірте-бірте Сократ, Платон философиясымен ұштасты.
Пифагоршылдық идеялары б.з.б. 1 ғасырда неопифогоризмнің дамуына негіз болды. Пифагоршылдар ғарыш қарама-қайшылыққа толы дей отырып, олардың 10 жұбын атап көрсетеді. Олар: шектілік пен шексіздік, тақ пен жұп, жалқы және жалпы, оң және теріс, еркек пен әйел, тыныштық пен қозғалыс, түзу мен қисық, жарық пен түнек, жақсы мен жаман, квадрат пен көпқырлылық. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы — шектілік пен шексіздік. Шекті денелер геометрия арқылы бізге мәлім болса, шексіздік — танымның мүмкіндік шеңберінен тыс, сондықтан оны тек ойша шамалауға болады. Пифагоршылдық өкілдері стихияның өзінен гөрі оның формасына ерекше мән беріп, арифметика-геометрия құрылымын акустика және астрономиямен байланыстыра қараған. Пифагоршылдыққа негіз болған сан жөніндегі ілім бойынша санды құдірет тұтып, әлемді сандар жүйесі деп, заттар мен адамды, рухани дүниені санға балап, өнердің өзін сандық қатынастар үйлесімділігі ретінде дәріптейді. Пифагоршылдықта әр санға өзіндік мән беретін (бірлік, бөлінбейтін тұтастық — абсолют, екілік — ұшы-қиыры жоқ шексіздік, үштік — осы шексіздіктің алғашқы формаға ие болуы, төрттік — осы үштік форманың денелік сипатқа ие болуының бастамасы, т.б.) ерекше арифметикалық жүйе қалыптасады. Ертеректегі пифагоршылдар өлшемі әр түрлі металл пластинкалармен немесе түрлі деңгейде су толтырылған ыдыстарды бақылау арқылы квартаға (4/3), квинтаға (3/2) және октаваға (2/1) сандық қатынастардың тән екенін анықтаған. Олардың түсінігінше, аспан әлеміндегі он сфераның әрқайсысы материалдық құрылымның қалпына, олардың құрамындағы денелердің геометрия формаларының өзгешелігіне қарай өзіне тән дыбыс таратады. Пифагоршылдық антик. мәнде аскеттілікті уағыздап, жан саулығы мен тән саулығын тіледі. Жан мен тән ұдайы музыкалық әсерді қажет етіп, үнемі терең ойға шомып, болмыстың ең жоғары шегінен асқақ ләззат алуы қажет деп дәріптеп, философия мистика мен музыканы, медицинаны бір тұрғыда қарады.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Pifagorshyldyk dүnienin mәni sandyk katynastarda degen principke sүjengen filosofiyalyk ilim Ezhelgi grek filosofy matematik әri astronom Pifagordan bastau algan Pifagorshyldyk ilimi әuelde auyzsha zhasyryn taragan Pifagorshyldyk doktrinasyn zhazbasha tүrde algash bayandagan Filolaj boldy B z b 5 gasyrda Pifagorshyldyk birte birte Sokrat Platon filosofiyasymen ushtasty Rafael Santi Pifagor Pifagorshyldyk ideyalary b z b 1 gasyrda neopifogorizmnin damuyna negiz boldy Pifagorshyldar garysh karama kajshylykka toly dej otyryp olardyn 10 zhubyn atap korsetedi Olar shektilik pen sheksizdik tak pen zhup zhalky zhәne zhalpy on zhәne teris erkek pen әjel tynyshtyk pen kozgalys tүzu men kisyk zharyk pen tүnek zhaksy men zhaman kvadrat pen kopkyrlylyk Osylardyn ishindegi en manyzdysy shektilik pen sheksizdik Shekti deneler geometriya arkyly bizge mәlim bolsa sheksizdik tanymnyn mүmkindik shenberinen tys sondyktan ony tek ojsha shamalauga bolady Pifagorshyldyk okilderi stihiyanyn ozinen gori onyn formasyna erekshe mәn berip arifmetika geometriya kurylymyn akustika zhәne astronomiyamen bajlanystyra karagan Pifagorshyldykka negiz bolgan san zhonindegi ilim bojynsha sandy kudiret tutyp әlemdi sandar zhүjesi dep zattar men adamdy ruhani dүnieni sanga balap onerdin ozin sandyk katynastar үjlesimdiligi retinde dәriptejdi Pifagorshyldykta әr sanga ozindik mәn beretin birlik bolinbejtin tutastyk absolyut ekilik ushy kiyry zhok sheksizdik үshtik osy sheksizdiktin algashky formaga ie boluy torttik osy үshtik formanyn denelik sipatka ie boluynyn bastamasy t b erekshe arifmetikalyk zhүje kalyptasady Erterektegi pifagorshyldar olshemi әr tүrli metall plastinkalarmen nemese tүrli dengejde su toltyrylgan ydystardy bakylau arkyly kvartaga 4 3 kvintaga 3 2 zhәne oktavaga 2 1 sandyk katynastardyn tәn ekenin anyktagan Olardyn tүsiniginshe aspan әlemindegi on sferanyn әrkajsysy materialdyk kurylymnyn kalpyna olardyn kuramyndagy denelerdin geometriya formalarynyn ozgesheligine karaj ozine tәn dybys taratady Pifagorshyldyk antik mәnde askettilikti uagyzdap zhan saulygy men tәn saulygyn tiledi Zhan men tәn udajy muzykalyk әserdi kazhet etip үnemi teren ojga shomyp bolmystyn en zhogary sheginen askak lәzzat aluy kazhet dep dәriptep filosofiya mistika men muzykany medicinany bir turgyda karady Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VII tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet