Перикард (лат. pericardium) немесе үлпершек — жүректі сыртынан қаптап, оның бірқалыпты қызметін қамтамасыз ететін сыртқы сірлі қабық туындысы.
Перикард қызметі
Перикард бірнеше қызмет атқарады:
- Жүрек пен оның ірі тамырларын көкірек орталығына бекітіп, белгілі жағдайда ұстап тұрады;
- Жүректі жарақаттанудан және оған өкпе тіндерінен, көкірек орталығынан микробтардың өтуінен сақтандырады;
- Диастола кезінде жүректің тым артық керіліп кетуінен сақтандырады;
- Маңызды рефлексогендік орын болып есептеледі. Онда жүрек соғуының күші мен жиілігін реттеуге қатысатын көптеген механо- және хеморецепторлар бар. Перикардтың бүліністерінде қанайналым жеткіліксіздігіне әкелетін көптеген дерттік рефлекстер пайда болуы мүмкін. Перикард қуысында кеуде қуысындағыдай теріс қысым болады. Жоғарғы және төменгі қуыс көктамырларда, оң жүрекше қуысында диастола кезінде қан қысымы перикард қуысындағы қысымнан су бағанасы бойынша 4-6 см ғана артық. Сондықтан перикард қуысында қысымның тіпті азда болса көтерілуі оң жүрекке қанның ағып келуін қиындатады. Мұндай жағдайлар перикард қуысында сұйықтықтың жиналуынан болады. Ол:
- Жүрек қалтасының қабынуында (экссудациялық перикардит);
- Су мен тұздардың алмасуы бұзылғанда, қанда нәруыздар азайғанда (гидроперикардиум);
- Перикард қуысына қан құйылғанда (гемоперикардиум) т.б. жағдайларда кездеседі.
Перикард бұзылысы
Перикард қуысына сұйық тез және баяу жиналуы мүмкін. Тез жиналуы жарақаттанудан немесе миокард инфаркты нәтижесінде жүрек жыртылу кездерінде болатын қан құйылудың әсерінен немесе гидроперикардиум тез дамығанда байқалады. Перикард нашар созылатындығынан оның қуысында қысым көтеріледі де, жүретің диастола кезіндегі кеңуіне бөгет жасайды, тез дамитын жүрек тығындалысы пайда болады. Бұл кезде жүрек қуыстарының қанға толуы азаяды, систолалық қан көлемі мен артериялық қысым төмендейді, веналық қысым котеріледі.
Дереккөздер
- "Патофизиология" Әділман Нұрмахамбетұлы 2000 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Perikard lat pericardium nemese үlpershek zhүrekti syrtynan kaptap onyn birkalypty kyzmetin kamtamasyz etetin syrtky sirli kabyk tuyndysy Perikard kyzmetiPerikard birneshe kyzmet atkarady Zhүrek pen onyn iri tamyrlaryn kokirek ortalygyna bekitip belgili zhagdajda ustap turady Zhүrekti zharakattanudan zhәne ogan okpe tinderinen kokirek ortalygynan mikrobtardyn otuinen saktandyrady Diastola kezinde zhүrektin tym artyk kerilip ketuinen saktandyrady Manyzdy refleksogendik oryn bolyp esepteledi Onda zhүrek soguynyn kүshi men zhiiligin retteuge katysatyn koptegen mehano zhәne hemoreceptorlar bar Perikardtyn bүlinisterinde kanajnalym zhetkiliksizdigine әkeletin koptegen derttik reflekster pajda boluy mүmkin Perikard kuysynda keude kuysyndagydaj teris kysym bolady Zhogargy zhәne tomengi kuys koktamyrlarda on zhүrekshe kuysynda diastola kezinde kan kysymy perikard kuysyndagy kysymnan su baganasy bojynsha 4 6 sm gana artyk Sondyktan perikard kuysynda kysymnyn tipti azda bolsa koterilui on zhүrekke kannyn agyp keluin kiyndatady Mundaj zhagdajlar perikard kuysynda sujyktyktyn zhinaluynan bolady Ol Zhүrek kaltasynyn kabynuynda ekssudaciyalyk perikardit Su men tuzdardyn almasuy buzylganda kanda nәruyzdar azajganda gidroperikardium Perikard kuysyna kan kujylganda gemoperikardium t b zhagdajlarda kezdesedi Perikard buzylysyPerikard kuysyna sujyk tez zhәne bayau zhinaluy mүmkin Tez zhinaluy zharakattanudan nemese miokard infarkty nәtizhesinde zhүrek zhyrtylu kezderinde bolatyn kan kujyludyn әserinen nemese gidroperikardium tez damyganda bajkalady Perikard nashar sozylatyndygynan onyn kuysynda kysym koteriledi de zhүretin diastola kezindegi kenuine boget zhasajdy tez damityn zhүrek tygyndalysy pajda bolady Bul kezde zhүrek kuystarynyn kanga toluy azayady sistolalyk kan kolemi men arteriyalyk kysym tomendejdi venalyk kysym koteriledi Derekkozder Patofiziologiya Әdilman Nurmahambetuly 2000 zhyl Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet