Ошаған (Agrimonia) – раушангүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдіктер.
Ошаған | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Agrimonia eupatoria | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
15 түрі белгілі |
Қазақстанда тау баурайларында, жазғытұрым су жайылған жерлерде, жол жиегінде, бақтарда, қарағайлы және жаңғақты ормандардың арасында өсетін 2 түрі (азия Ошағаны және түкті Ошаған) кездеседі. Олардың биіктігі 25 – 140 см. Тамыры жуан, сабағы тік өседі, оның сыртын безді түк жапқан. Жапырағының үстінгі беті жасыл түсті, ал астыңғы беті – сұрғылт жасыл түсті, шеттері тегіс емес. Қауырсын тәрізді тақ жапырақтарының жиегі тілімделіп келген, олар сабаққа қарама-қарсы орналасады. Тостағанша, күлте жапырақшаларының саны – бесеуден. Сары түсті, бес тілімді гүлдері ұзын шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – сыртын ширатылған қыл жапқан жаңғақша. Жемісі піскенде адамның киіміне және жануарлардың жүніне жабысады. Ошағанның құрамында илік және бояғыш (сары түсті) заттар бар. Сондай-ақ, oшаған дәрілік өсімдіктерге жатады.
Дәрілік қасиеті
Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін (ірі сабағынан басқасып) гүлдеген кезінде жинап алады. Құрамында йод және пигменттер, аскорбин қышқылы алкалоидтер бар. Халық арасында бұл өсімдікпен жемсау ауруын, дизентерияны, қуық ауруларын, жұтқыншақ бездерінің қабынуын емдейді. Орта Азия халықтары медицинасында жас өсімдіктің сөлін алып, бронх демікпесін, геморройды емдейді.
Қытай халық медицинасында өсімдікті тер шығаратын және дененің ыстығын басатын, нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде қолданады. Тұқымымен есекжемді емдейді, улы жәндіктер шағып алғанда да ем үшін қолданады. Жапырағы мен жемісін сал ауруларын емдеуге пайдаланады.
Табиғатта таралуы
Ошаған республикамыздың оңтүстігінде далалы желерде, өзен жағалауларында өсетін жабайы бұталардың арасында, орман шеттерінде, ескі мал қораларының және тұрғын үйлердің маңайында кездеседі. Дәрілік шикізат ретінде жер бетіндегі бөлігі жиналады.
Химиялық құрамы
Олардың құрамында эфир майлары, илік заттар, пигменттер, ащы заттар, К витамині және органикалық қышқылдар болады.
Қолданылуы
Халық емшілері малдың асқазан – ішек, өт жолдары мен бауырының қабынуына қарсы қолданған. Ошағанның тұнбасын балмен араластырып бауыры, өті ауыратын малға ішкізсе, олар тез оңалады, азыққа тәбеті артады. Аузы уылған кезде ошағанның тұнбасымен шайса, тез жазылады.
Дәрілік шөптің ұүнтақталған 70 грамы бір литр қайнап тұрған суға салынып, 15 – 20 минут тұндырылады. Асқазан – ішек жолы қабынған, тірілей салмағы 50 – 60 кг бұзауға азықтандырардан 30 минут бұрын күніне үш рет 150 – 200 грамнан ішкізіледі. Ал қозыға ішкізу дозасы – 30 – 50 мл.
Дереккөздер
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
- Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. - Алматы: Қайнар, 1988. - 248б.
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // ошаған — "Қайнар", 1988. — Б. 32-33. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Oshagan Agrimonia raushangүldiler tukymdasyna zhatatyn kopzhyldyk osimdikter OshaganAgrimonia eupatoriaDүniesi ӨsimdikterBolimi Gүldi osimdikterTaby Қos zharnaktylar unranked Saby Tukymdasy RosaceaeTajpasy Kishi tajpasy Tegi Agrimonia ex Karl Linnejtүrleri15 tүri belgili Қazakstanda tau baurajlarynda zhazgyturym su zhajylgan zherlerde zhol zhieginde baktarda karagajly zhәne zhangakty ormandardyn arasynda osetin 2 tүri aziya Oshagany zhәne tүkti Oshagan kezdesedi Olardyn biiktigi 25 140 sm Tamyry zhuan sabagy tik osedi onyn syrtyn bezdi tүk zhapkan Zhapyragynyn үstingi beti zhasyl tүsti al astyngy beti surgylt zhasyl tүsti shetteri tegis emes Қauyrsyn tәrizdi tak zhapyraktarynyn zhiegi tilimdelip kelgen olar sabakka karama karsy ornalasady Tostagansha kүlte zhapyrakshalarynyn sany beseuden Sary tүsti bes tilimdi gүlderi uzyn shashak gүlshogyryna toptalgan Mausym shilde ajlarynda gүldep zhemis salady Zhemisi syrtyn shiratylgan kyl zhapkan zhangaksha Zhemisi piskende adamnyn kiimine zhәne zhanuarlardyn zhүnine zhabysady Oshagannyn kuramynda ilik zhәne boyagysh sary tүsti zattar bar Sondaj ak oshagan dәrilik osimdikterge zhatady Dәrilik kasietiDәri zhasau үshin osimdiktin zher үstindegi boligin iri sabagynan baskasyp gүldegen kezinde zhinap alady Қuramynda jod zhәne pigmentter askorbin kyshkyly alkaloidter bar Halyk arasynda bul osimdikpen zhemsau auruyn dizenteriyany kuyk aurularyn zhutkynshak bezderinin kabynuyn emdejdi Orta Aziya halyktary medicinasynda zhas osimdiktin solin alyp bronh demikpesin gemorrojdy emdejdi Қytaj halyk medicinasynda osimdikti ter shygaratyn zhәne denenin ystygyn basatyn nerv zhүjesin tynyshtandyratyn dәri retinde koldanady Tukymymen esekzhemdi emdejdi uly zhәndikter shagyp alganda da em үshin koldanady Zhapyragy men zhemisin sal aurularyn emdeuge pajdalanady Tabigatta taraluyOshagan respublikamyzdyn ontүstiginde dalaly zhelerde ozen zhagalaularynda osetin zhabajy butalardyn arasynda orman shetterinde eski mal koralarynyn zhәne turgyn үjlerdin manajynda kezdesedi Dәrilik shikizat retinde zher betindegi boligi zhinalady Himiyalyk kuramyOlardyn kuramynda efir majlary ilik zattar pigmentter ashy zattar K vitamini zhәne organikalyk kyshkyldar bolady ҚoldanyluyHalyk emshileri maldyn askazan ishek ot zholdary men bauyrynyn kabynuyna karsy koldangan Oshagannyn tunbasyn balmen aralastyryp bauyry oti auyratyn malga ishkizse olar tez onalady azykka tәbeti artady Auzy uylgan kezde oshagannyn tunbasymen shajsa tez zhazylady Dәrilik shoptin uүntaktalgan 70 gramy bir litr kajnap turgan suga salynyp 15 20 minut tundyrylady Askazan ishek zholy kabyngan tirilej salmagy 50 60 kg buzauga azyktandyrardan 30 minut buryn kүnine үsh ret 150 200 gramnan ishkiziledi Al kozyga ishkizu dozasy 30 50 ml DerekkozderҚazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Қazak enciklopediyasy Қazakstannyn dәrilik osimdikteri Iskendirov Әbish Almaty Қazakstan 1982 188 bet Pajdaly osimdikterdi mal dәrigerliginde koldanu Almaty Қajnar 1988 248b Shәripbaev N Maldyn tynys alu mүshelerinin aurularyn emdeu үshin koldanylatyn dәrilik osimdikter oshagan Қajnar 1988 B 32 33 Pajdaly osimdikterdi mal dәrigerliginde koldanu 5700 taralym ISBN 5 629 00074 5