Орақ, Қолорақ – егін немесе шөп оруға арналған құрал.
Пайда болуы мен пішіні
Адам баласы өнім өндіре бастаған неолит дәуірінде пайда болған. Алғашқыда микролит тастар таңдап алынғанда, ағашқа немесе сүйекке ұзына бойына орнатылып, қара маймен бекітілген. Онымен жабайы дәнді дақылдар немесе қолдан өсірілген егін орылды. Қола және темір дәуірлерінде орақ металдан жасалды. Ол кездегі орақ сәл ғана иілген, шағын болды. Уақыт өте келе көлемі үлкейіп, жетілдірілді.
Орақтың жарты ай тәрізді доғалданып темірден жасалған негізгі бөлігі – басы және ағаштан жасалған сабы болады. Орақты қолорақ деп те атай береді. Дәстүрлі қазақы ортада орақты әркім өзінің шаруашалық қажетіне қарай тиісті мөлшерде ауылдағы ұстаға арнайы тапсырыспен жасатып алды. Дегенмен, орақтың көшпелі ортада ежелден қалыптасқан өзіндік қалпы болды: жарты ай пошымды басының ұзындығы бір жарым қарыс, жалпақтығы екі елі шамасында, сабы бір қарыстай болып келеді. Кейбіреуінің жүзі араның жүзі сияқты жасалды.
Совет дәуірінде қазақ ауылдарында орақтың фабрикада жасалған нұсқалары қолданысқа енді.
Қолдану барысы
Орақпен егін орғанда сол қолмен егіннің шетінен шақтап уысқа қыса ұстап, оң қолдағы орақты сабақтың сыртынан салып, өзіне қарай тартып кесіп отырады. Егінді еңкейіп жүріп оруға да болады. Дегенмен, мұндай тәсіл адамның белін талдырып жіберетіндіктен орақшы бір тізерлей отырып орғанды қолайлы көреді. Қолорақпен орылған егінді бір жерге топтап шетінен баулайды. Сондай-ақ, қолорақ егіннің арам шөбі мен малға шөп дайындауға да пайдаланылды. Қолорақтың белорақ деп аталатын түрлері де бар.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969;
- Хозяйство казахов на рубеже XIX-XX веков. Материалы к историко-этнографическому атласу. Алма-Ата: Наука, 1980;
- ҚӘТС. 9-том. Алматы: Арыс, 2008;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Orak Қolorak egin nemese shop oruga arnalgan kural Қolorak ҚR ҰM korynan Temirden zhasalgan basy dogaldanyp kelip ushyna karaj sүjirlengen Sondaj ak ol stanokpen zhonylgan zhumyr agash sappen saptalgan Қoloraktyn zhalpy uzyndygy 63 sm sabynyn uzyndygy 13 sm Pajda boluy men pishiniҚolorak ҚR ҰM korynan Ұzyndygy 47 5 sm temir basy zhatagandau iiligen ara zhүzdi agash sapty orak tүri de bar Bunyn aldyngysynan ereksheligi saby zhumyr agashtan zhonylyp koldan saptalgan Orak basy bosamas үshin saptyn mojyny kursaulanyp eki zhany shegemen tojtarylyp bekitilgen Adam balasy onim ondire bastagan neolit dәuirinde pajda bolgan Algashkyda mikrolit tastar tandap alynganda agashka nemese sүjekke uzyna bojyna ornatylyp kara majmen bekitilgen Onymen zhabajy dәndi dakyldar nemese koldan osirilgen egin oryldy Қola zhәne temir dәuirlerinde orak metaldan zhasaldy Ol kezdegi orak sәl gana iilgen shagyn boldy Uakyt ote kele kolemi үlkejip zhetildirildi Oraktyn zharty aj tәrizdi dogaldanyp temirden zhasalgan negizgi boligi basy zhәne agashtan zhasalgan saby bolady Orakty kolorak dep te ataj beredi Dәstүrli kazaky ortada orakty әrkim ozinin sharuashalyk kazhetine karaj tiisti molsherde auyldagy ustaga arnajy tapsyryspen zhasatyp aldy Degenmen oraktyn koshpeli ortada ezhelden kalyptaskan ozindik kalpy boldy zharty aj poshymdy basynyn uzyndygy bir zharym karys zhalpaktygy eki eli shamasynda saby bir karystaj bolyp keledi Kejbireuinin zhүzi aranyn zhүzi siyakty zhasaldy Sovet dәuirinde kazak auyldarynda oraktyn fabrikada zhasalgan nuskalary koldanyska endi Қoldanu barysyOrakpen egin organda sol kolmen eginnin shetinen shaktap uyska kysa ustap on koldagy orakty sabaktyn syrtynan salyp ozine karaj tartyp kesip otyrady Egindi enkejip zhүrip oruga da bolady Degenmen mundaj tәsil adamnyn belin taldyryp zhiberetindikten orakshy bir tizerlej otyryp organdy kolajly koredi Қolorakpen orylgan egindi bir zherge toptap shetinen baulajdy Sondaj ak kolorak eginnin aram shobi men malga shop dajyndauga da pajdalanyldy Қoloraktyn belorak dep atalatyn tүrleri de bar Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VII tom ҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterArgynbaev H Қazaktyn mal sharuashylygy zhajynda etnografiyalyk ocherk Almaty Ғylym 1969 Hozyajstvo kazahov na rubezhe XIX XX vekov Materialy k istoriko etnograficheskomu atlasu Alma Ata Nauka 1980 ҚӘTS 9 tom Almaty Arys 2008 ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan