Хасен Оралтай (1933 - 2010) - жасаған , , тарихшы, публицист, түрік, қазақ, ағылшын, неміс т. б. тілдерде жазылған еңбектердің авторы. Алаш сыйлы лауреаты (1994), Түркістан қазақ-түрік халықаралық университетінің құрметті профессоры (1994).
Керей тайпасының Жәнтекей руынан шыққан.
Қазақ халқының тарихына, этнографиясына, әдебиетіне, саясат мәселелеріне арналған түрік тілінде жазылған «Қазақ түріктері» (Измир, 1961), «Ұлы түрікші Мағжан Жұмабайұлы» (Измир, 1965), «Шығыс Түркістан тарихындағы басты мәселелер» (Стамбул, 1975), «Коммунизммен шайқас» (Измир, 1965) кітаптары шыққан. Мәжит Айтбаевтың «Абылай» дастанын және өлеңдерін (1971), тұңғыш рет «Қазақша-түрікше сөздік» бастырды. Түрік халықтарының тарихи тағдырына арналған материалдар жарияланатын «Биік Түркелі» журналын (17 сан) өз қаржысына шығарып тұрды (1962-1986). Стамбулда 1973 ж. басылған «Алаш» кітабында қазақ халқының ғасырларға созылған ұлт азаттық қозғалысына шолу жасады, әсіресе, Алаш қозғалысына, Алаш Орда партиясына, Алаш өкіметіне дұрыс баға берді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, X. Досмұхамедов, М. Шоқаев, А. Бірімжанов, Ә. Ермеков, О. Қарашев, М. Жұмабаев, Р. Мәрсеков, Т. Рысқұлов, С. Асфендияров, Н. Төреқұлов, О. Жандосов, С. Қожановтың т. б. Шығыс Түркістаннан шыққан қазақ зиялыларының өмірбаяны, қоғамдық қызметі көрсетілді. Абай дәстүрлерінің Алаш азаматтары шығармаларында тамыр жаюын жан- жақты баяндады. Қытайдағы зорлықшы өкіметтің тепкісіне көнбей азаттық үшін алысқан қазақтардың үлкен бір азапты көшін (1947-54) Тибет, Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға бастап барған әйгілі батыр, өз әкесі туралы «Арыстан туған Қалибек Хакім» («Жұлдыз», 1993, № 7) шығармасын жазды. Желтоқсанның (1986) қанды оқиғасы тұсында Xасекең дүние жүзіне дабыл қағып, жазықсыз қараланған қазақ ұлтын қорғау туралы үн көтеріп, қоғамдық ойды ұйымдастырды, сөз сөйледі, мақалалар, кітап жазды. Сол тарихи «1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары» еңбегі түрік тілінен аударылып, қазақша жарияланды («Жұлдыз», 1992, № 2). Мюнхендегі «Азаттық» радиосында қызмет істеген (1967 жылдан) Х. дүниежүзі қазақтарына тарих, қоғам, заман туралы ақиқатты жеткізуге көп еңбек сіңіріп, ұлы Абай көздеген ұлттық сананы, еркіндік мұраттарын қалыптастыруға үлес қосты.
Сәуірдің 14-і күні Мюнхендегі үйінде журналист-зерттеушi, халықаралық "Алаш” сыйлығының иегерi Хасен Оралтай 77 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Хасен Оралтай 1988-1995 жылдары Азаттық радиосының қазақ бөліміне басшылық еткен болатын. Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында дүниеге келген Хасен Оралтай өткен жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде еркіндікке жетуді армандаған қазақтың үлкен тобын Шығыс Түркістаннан алып шығып, небір «тар жол тайғақ кешу» арқылы Батысқа бастаған халық батыры Қалибек Хакімнің ұлы. Кейін Хасен Оралтай әкесінің Шығыс Түркістандағы қазақтарды қытай коммунистерінің шеңгелінен құтқарудағы қиындықтары мен еркіндік жолындағы күресі жайлы өмір шежіресін «Елім-айлап өткен өмір» деген кітабында баяндаған. Азаттық радиосы арысынан айрылған Хадиже бәйбішеге қазаның арты қайырлы болсын деп көңіл айтып, хабарласқан болатын:
«Қазан айының 15-інен бері қатерлі ісік дертімен ауырып жатып қалды. Германиялық дәрігерлер оның денсаулығын әбден зерттеді, жақсы болады деген еді. Бірақ рак ауруы миына, жүрегіне дейін әсер етіп, жағдайы төмендеп кетті» - деп күрсіне әңгімеледі Хадиже Оралтай.
Хасен Оралтайдың Түркияда тұратын немере қарындасы, халықаралық саясат ғылымының докторы Мәриям Хакім марқұмның өмірлік жолындағы ұстанымы жайлы былай дейді:
«Хасен Оралтайдың өмірі "елім” деп еңіреген едігелер тарихын жазумен өтті. Ағамыз XX-шы ғасырда Шығыс Түркістан аталатын қазақ жерінде ел үшін, жер үшін, қазақ үшін жүргізілген арпалыс пен қазақтың еркіндікке деген талпынысының нәтижесінде шет елдерге, Батысқа босып барған қазақтардың өмір шежіресін жазған-ды. Хасен Оралтай ғұмырын алты Алаштың ұлтшыл зиялыларының тарихы мен Қазақстанның бүкіл көкейтескен маңызды мәселелерін жазып жариялауға арнады.
Хасен Оралтайдың жазушылық, өз білгенінше тарихшылық ролі алдымен Шығыс Түркістан қазақтарының Ұлт азаттық күресін қолына қалам алып, алғашқы қарлығаш болып әлемге жариялаудан басталады. Осыдан жарты ғасыр бұрын (1961) алғашқы кітабы "Еркіндік Жолында. Шығыс Түркістан Қазақ Түріктері” еңбегі Түркияның Ізмір қаласында баспадан шықты. Өмірінің соңғы кезеңіне дейін әрі өзі жазған, әрі өзі ұйымдастырған еңбектердің барлығының көздеген мақсаты - қазаққа пайдалы, қазаққа қатысты, қазақтың өткені мен келешегі үшін өзекті мәселелерге арналды».
1954-1967 жылдары Түркияда тұрған Хасен Оралтай ұлт-азаттық жолында күрескен алаш азаматтарының ұранымен газет, журнал, кiтап шығарумен айналысты. 1968 жылдан Мюнхендегі Азаттық радиосына қызметке келген Хасен Оралтай 1988 жылдан бастап 1995 жылға дейін Азаттықтың қазақ бөлімін басқарған.
1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының советтік жүйеге қарсы көтерілісі туралы күллі әлемге Азаттық радиосы алғашқы болып жар салған еді. Кейін Хасен Оралтай қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісі жайында Батыс баспасөзінде жарық көрген түрлі мақала, деректерді жинақтап кітап етіп басып шығара отырып, сол еңбекте советтік Қазақстандағы алғашқы толқу турасында өзіндік баға да берген болатын.
Хасен Оралтай Азаттыққа қызмет еткен 27 жылда советтік бұғаудағы қазақтың өзекті мәселелерін ұдайы көтерумен болды. Қазақстан халқына еркін де бейтарап ақпарат жеткізуге тырысты.
Бұл тұрғыда Мәриям Хакім:
«Қазақ үшін бойын кернеген ой-пікірін жеріне жеткізе айтып, сөзі жеткенше қалам сермеп, тарихта қалдыруға тырысқан жан еді. Азаттық радиосында жұмыс істеген кезден бұрын да, кейін де, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, қазақтың өзекті мәселелерінің жаршысы мен жыршысы жұмысын атқаруға талпынды»,-дейді.
Хасен Оралтай ұлттың мүддесін қорғау жолында өз ұстаным-сенімдерін ашық танытқанда шен алуды, пайда табуды көздемеген еді деп еске алады Мәриям Хакім.
Хасен Оралтайдың бүкіл ғұмыры жат жұртта өткенімен, ол жүрегі әрдайым «қазақ» деп соққан, әрбір сөзіне «қазақ аман болсын» деген тілегін қосып отыратын қазақ ұлтының шын жанашыры бола білген еді.
Хасен Оралтай 2007 жылы Қазақстан Журналистика академиясының БАҚ саласындағы жалпыұлттық «Алтын самұрық» мәртебелі сыйлығымен марапатталды.
Алаш рухын асқақтатып өмір сүрген Хасен Оралтайдың тұтас ғұмыры әкесінің басынан кешкен қанды күндердің жалғасындай елім деп еңіреп өтті дейді Азаттық радиосына пікірін білдірген Еуразия халықаралық жазушылар одағының мүшесі, «Жас қазақ үні» газеті бас редакторының орынбасары Жәди Шәкен. Ол:
"2008 жылы Еуропа қазақтары көші тарихының көсемдерінің бірі, Алаш ардақтысы Қалибек Хакімнің 100 жылдық мерейтойының Алматыда аталуына да көп еңбек сіңірді. Әрі осы Халықаралық конференция негізінде 2009 жылы «Білім» баспасынан «Қалибек Хакім туралы естеліктер» атты кітап шығаруға атсалысты. Алаш рухын асқақтатушылардың соңғы тұяқтарының бірі болған Хасен Оралтайдың тұтас өмірі әкесінің басынан өткен қанды күндердің жалғасындай елім деп еңіреп өтті. Жатқан жеріңіз жаннат, топырағыңыз торқа болсын, аяулы аға!",-деген жүрекжарды сөздерін айтты Азаттық радиосына.
Дереккөздер
- Гималай асқан көш Түркияға қалай келді? Alashainasy.kz.
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Hasen Oraltaj 1933 2010 zhasagan tarihshy publicist tүrik kazak agylshyn nemis t b tilderde zhazylgan enbekterdin avtory Alash syjly laureaty 1994 Tүrkistan kazak tүrik halykaralyk universitetinin kurmetti professory 1994 Kerej tajpasynyn Zhәntekej ruynan shykkan Қazak halkynyn tarihyna etnografiyasyna әdebietine sayasat mәselelerine arnalgan tүrik tilinde zhazylgan Қazak tүrikteri Izmir 1961 Ұly tүrikshi Magzhan Zhumabajuly Izmir 1965 Shygys Tүrkistan tarihyndagy basty mәseleler Stambul 1975 Kommunizmmen shajkas Izmir 1965 kitaptary shykkan Mәzhit Ajtbaevtyn Abylaj dastanyn zhәne olenderin 1971 tungysh ret Қazaksha tүrikshe sozdik bastyrdy Tүrik halyktarynyn tarihi tagdyryna arnalgan materialdar zhariyalanatyn Biik Tүrkeli zhurnalyn 17 san oz karzhysyna shygaryp turdy 1962 1986 Stambulda 1973 zh basylgan Alash kitabynda kazak halkynyn gasyrlarga sozylgan ult azattyk kozgalysyna sholu zhasady әsirese Alash kozgalysyna Alash Orda partiyasyna Alash okimetine durys baga berdi Ә Bokejhanov A Bajtursynov M Tynyshbaev M Dulatov Zh Dosmuhamedov X Dosmuhamedov M Shokaev A Birimzhanov Ә Ermekov O Қarashev M Zhumabaev R Mәrsekov T Ryskulov S Asfendiyarov N Torekulov O Zhandosov S Қozhanovtyn t b Shygys Tүrkistannan shykkan kazak ziyalylarynyn omirbayany kogamdyk kyzmeti korsetildi Abaj dәstүrlerinin Alash azamattary shygarmalarynda tamyr zhayuyn zhan zhakty bayandady Қytajdagy zorlykshy okimettin tepkisine konbej azattyk үshin alyskan kazaktardyn үlken bir azapty koshin 1947 54 Tibet Үndistan Pәkistan arkyly Tүrkiyaga bastap bargan әjgili batyr oz әkesi turaly Arystan tugan Қalibek Hakim Zhuldyz 1993 7 shygarmasyn zhazdy Zheltoksannyn 1986 kandy okigasy tusynda Xaseken dүnie zhүzine dabyl kagyp zhazyksyz karalangan kazak ultyn korgau turaly үn koterip kogamdyk ojdy ujymdastyrdy soz sojledi makalalar kitap zhazdy Sol tarihi 1986 zhylgy 17 18 zheltoksandagy Қazakstan okigalary enbegi tүrik tilinen audarylyp kazaksha zhariyalandy Zhuldyz 1992 2 Myunhendegi Azattyk radiosynda kyzmet istegen 1967 zhyldan H dүniezhүzi kazaktaryna tarih kogam zaman turaly akikatty zhetkizuge kop enbek sinirip uly Abaj kozdegen ulttyk sanany erkindik murattaryn kalyptastyruga үles kosty Sәuirdin 14 i kүni Myunhendegi үjinde zhurnalist zertteushi halykaralyk Alash syjlygynyn iegeri Hasen Oraltaj 77 zhasynda auyr naukastan kajtys boldy Hasen Oraltaj 1988 1995 zhyldary Azattyk radiosynyn kazak bolimine basshylyk etken bolatyn Shygys Tүrkistannyn Tarbagataj ajmagynda dүniege kelgen Hasen Oraltaj otken zhiyrmasynshy gasyrdyn orta sheninde erkindikke zhetudi armandagan kazaktyn үlken tobyn Shygys Tүrkistannan alyp shygyp nebir tar zhol tajgak keshu arkyly Batyska bastagan halyk batyry Қalibek Hakimnin uly Kejin Hasen Oraltaj әkesinin Shygys Tүrkistandagy kazaktardy kytaj kommunisterinin shengelinen kutkarudagy kiyndyktary men erkindik zholyndagy kүresi zhajly omir shezhiresin Elim ajlap otken omir degen kitabynda bayandagan Azattyk radiosy arysynan ajrylgan Hadizhe bәjbishege kazanyn arty kajyrly bolsyn dep konil ajtyp habarlaskan bolatyn Қazan ajynyn 15 inen beri katerli isik dertimen auyryp zhatyp kaldy Germaniyalyk dәrigerler onyn densaulygyn әbden zerttedi zhaksy bolady degen edi Birak rak auruy miyna zhүregine dejin әser etip zhagdajy tomendep ketti dep kүrsine әngimeledi Hadizhe Oraltaj Hasen Oraltajdyn Tүrkiyada turatyn nemere karyndasy halykaralyk sayasat gylymynyn doktory Mәriyam Hakim markumnyn omirlik zholyndagy ustanymy zhajly bylaj dejdi Hasen Oraltajdyn omiri elim dep eniregen edigeler tarihyn zhazumen otti Agamyz XX shy gasyrda Shygys Tүrkistan atalatyn kazak zherinde el үshin zher үshin kazak үshin zhүrgizilgen arpalys pen kazaktyn erkindikke degen talpynysynyn nәtizhesinde shet elderge Batyska bosyp bargan kazaktardyn omir shezhiresin zhazgan dy Hasen Oraltaj gumyryn alty Alashtyn ultshyl ziyalylarynyn tarihy men Қazakstannyn bүkil kokejtesken manyzdy mәselelerin zhazyp zhariyalauga arnady Hasen Oraltajdyn zhazushylyk oz bilgeninshe tarihshylyk roli aldymen Shygys Tүrkistan kazaktarynyn Ұlt azattyk kүresin kolyna kalam alyp algashky karlygash bolyp әlemge zhariyalaudan bastalady Osydan zharty gasyr buryn 1961 algashky kitaby Erkindik Zholynda Shygys Tүrkistan Қazak Tүrikteri enbegi Tүrkiyanyn Izmir kalasynda baspadan shykty Өmirinin songy kezenine dejin әri ozi zhazgan әri ozi ujymdastyrgan enbekterdin barlygynyn kozdegen maksaty kazakka pajdaly kazakka katysty kazaktyn otkeni men keleshegi үshin ozekti mәselelerge arnaldy 1954 1967 zhyldary Tүrkiyada turgan Hasen Oraltaj ult azattyk zholynda kүresken alash azamattarynyn uranymen gazet zhurnal kitap shygarumen ajnalysty 1968 zhyldan Myunhendegi Azattyk radiosyna kyzmetke kelgen Hasen Oraltaj 1988 zhyldan bastap 1995 zhylga dejin Azattyktyn kazak bolimin baskargan 1986 zhylgy zheltoksandagy kazak zhastarynyn sovettik zhүjege karsy koterilisi turaly kүlli әlemge Azattyk radiosy algashky bolyp zhar salgan edi Kejin Hasen Oraltaj kazak zhastarynyn Zheltoksan koterilisi zhajynda Batys baspasozinde zharyk korgen tүrli makala derekterdi zhinaktap kitap etip basyp shygara otyryp sol enbekte sovettik Қazakstandagy algashky tolku turasynda ozindik baga da bergen bolatyn Hasen Oraltaj Azattykka kyzmet etken 27 zhylda sovettik bugaudagy kazaktyn ozekti mәselelerin udajy koterumen boldy Қazakstan halkyna erkin de bejtarap akparat zhetkizuge tyrysty Bul turgyda Mәriyam Hakim Қazak үshin bojyn kernegen oj pikirin zherine zhetkize ajtyp sozi zhetkenshe kalam sermep tarihta kaldyruga tyryskan zhan edi Azattyk radiosynda zhumys istegen kezden buryn da kejin de karlygashtyn kanatymen su sepkendej bolsa da kazaktyn ozekti mәselelerinin zharshysy men zhyrshysy zhumysyn atkaruga talpyndy dejdi Hasen Oraltaj ulttyn mүddesin korgau zholynda oz ustanym senimderin ashyk tanytkanda shen aludy pajda tabudy kozdemegen edi dep eske alady Mәriyam Hakim Hasen Oraltajdyn bүkil gumyry zhat zhurtta otkenimen ol zhүregi әrdajym kazak dep sokkan әrbir sozine kazak aman bolsyn degen tilegin kosyp otyratyn kazak ultynyn shyn zhanashyry bola bilgen edi Hasen Oraltaj 2007 zhyly Қazakstan Zhurnalistika akademiyasynyn BAҚ salasyndagy zhalpyulttyk Altyn samuryk mәrtebeli syjlygymen marapattaldy Alash ruhyn askaktatyp omir sүrgen Hasen Oraltajdyn tutas gumyry әkesinin basynan keshken kandy kүnderdin zhalgasyndaj elim dep enirep otti dejdi Azattyk radiosyna pikirin bildirgen Euraziya halykaralyk zhazushylar odagynyn mүshesi Zhas kazak үni gazeti bas redaktorynyn orynbasary Zhәdi Shәken Ol 2008 zhyly Europa kazaktary koshi tarihynyn kosemderinin biri Alash ardaktysy Қalibek Hakimnin 100 zhyldyk merejtojynyn Almatyda ataluyna da kop enbek sinirdi Әri osy Halykaralyk konferenciya negizinde 2009 zhyly Bilim baspasynan Қalibek Hakim turaly estelikter atty kitap shygaruga atsalysty Alash ruhyn askaktatushylardyn songy tuyaktarynyn biri bolgan Hasen Oraltajdyn tutas omiri әkesinin basynan otken kandy kүnderdin zhalgasyndaj elim dep enirep otti Zhatkan zheriniz zhannat topyragynyz torka bolsyn ayauly aga degen zhүrekzhardy sozderin ajtty Azattyk radiosyna DerekkozderGimalaj askan kosh Tүrkiyaga kalaj keldi Alashainasy kz Abaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet