Нұғыман Залиев (5.5.1889 жыл, , Қамыс-Самар уезі, Жаңақала (Сетекбай-тоғай) а. - 15.2.1938 жыл, Ақтөбе) - алғашқы халық мұғалімдерінің бірі, қоғам қайраткері.
Тегі — Байұлына жататын масқар руының жәдік бөлімі. Әкесі Зал Асанұлы орта шаруалы, мұсылманша сауатты кісі болған.
Өмірбаяны
- Әкесінен оқып, сауатын ашқаннан кейін Қамыс-Самар бастауыш қазақ-орыс мектебін (1898-1902)
- Орда қалалық орыс-қазақ Романов училищесін, училище жанындағы педогогикалық курсты бітірді (1905).
- Сол жылы Қазан мұғалімдер семинариясының тындаушылары, жерлестері М.Сәрсембиев,С.Меңдешевтің ақылымен Қазан мұғалімдер семинариясына қазына есебінен 20 сом стипендиямен оқуға қабылданды. Осында жұріп И.Қашқынбаев, Ғ.Бердиев, Ә. Иманбаев сияқты қазақ студенттерімен, М.Уахитов, Н.Никольский, В.Охотников тәрізді татар, чуаш, мары ұлты өкілдерімен бірге Алафузов фабрикасы жанынан құрылған РСДРП ұйымының оқушылар ұясына кіргені үшін 1906-07 жылы полицияның жасырын бақылауына ілінді.
- Семинарияны 1909 жылы бітіргеннен кейін Ғұмар Қараш, Ғ.Мұсағалиев сияқты белгілі ағартушылар ашқан мектебінде (қазіргі Казталов ауданындағы Қараоба маңында) жағырафия, тіршіліктану пәндерінен сабақ берді.
- бастаған халық мұғалімдері тобы ұйымдастырған жартылай бейресми «Халық мұғалімдері қоғамыньң» жұмысына қатысты. 1911 жылы. Астрахан, Қазан қаласынан келген полиция қызметкерлері саяси сенімсіз адам ретінде үйіне тінту жүргізді. Хан ордасында 1911 жылы Е.Бұйрин, Ғұмар Қараштардың ұйытқы болуымен жарық көрген түбегейлі демократиялық бағыттағы «Қазақстан» газетін шығаруға қатысты.
- 1916 жылы қазақ жігіттерін тыл жұмысына алу дүрбелеңі тұсында , М.Сәрсенбиндермен бірге жұмысшы жасақтарына адам алуды шаруа жағдайына байланысты шегере тұруды талап етті. Сол жылы тамыз айында Хан ордасына келген Астрахан губерниясының губернаторы Соколовскийдің қабылдауына Меңдешевпен бірге кіріп, жағдайы төмен, күнкөрісі қиын отбасынан шыққан жігіттерге жеңілдік жасауды сұрады. Патшаның маусым жарлығына (1916) наразылығы үшін губернатор бұйрығымен Меңдешев екеуі бірге тұтқындалып, Астрахан түрмесіне қамалды.
- Абақтыдан 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін шығып, Бөкей өңіріндегі Залиев төңкеріске қызу араласты.
- 1918 жылы 28 қазанда РК(б)П мүшелігіне кандидат, 1919 жылы 28 қазанда мүше болды. 1918 жылы.өткен Бөкей облысы Кеңесі 1-съезінің, Бөкей өңірі мұғалімдерінің 1- және 2-съезінің делегаты
- 1919 жылы қаңтардан Бөкей облысы атқару комитетінің жанындағы халық ағарту бөлімінің төралқа мүшесі, осы бөлім жанындағы ұлттық мектептер секциясыньң мүшесі. Сол жылғы тамызда Меңдешевтің орнына халық ағарту бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
- 1920 жылы қаңтарда Ақтөбеде өткен қазақ қызметкерлері конференциясына Бөкей коммунистері атынан қатысқан делегат. Бөкей облысы 4-съезінде 1-Бүкілқазақ Кеңестер Құрылтай съезіне делегат болып сайланды.
- Қазақтың тұңғыш 297 педогогикалық басылымы «Мұғалім» журналының (1919, Орда) авторы.
- 1920 жылы Қамыс-Самар уездік атқару комитетінің төрағасы.
- 1922 жылы. 2-Өлкелік Бүкілқазақ конференциясында ҚАКСР халық ағарту комиссариатының төрағасы, кейін Кеңестердің 3-4 съездерінде ОАК-іне мұше болды. Шалғай ауыл-аудандарда мектеп ашу, мектеп жүйесін оқулықтармен, әдістемелік құралдармен жабдықтау, қазақша оқу құралдарын шығару ісін ұйымдастырды. В.Ленин шығармаларын қазақ тіліне аудару жөніндегі мемлекетік. комиссияның төрағасы болды.
- 1924 жылы Гурьев уездік РК(б)П комитетінің хатшысы
- 1925 жылы ақпанда уездік атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Атырау жерінде мұнай, борат кәсіпшілігін, балық және мал шаруашылығын өркендетуге елеулі үлес қосты. Осында алғашқы мойынсеріктер, қосшы одақтарын ұйымдастыру, мәдени-ағарту саласын жолға қою ісі де оның есімімен байланысты. 1925-26 жылы Гурьев-Доссор тар табанды теміржолы басшылығымен салынды.
- 1927 жылы сәуірде Орал губерниясының атқару комитетіне төраға болып жоғарылатылды.
- 1930-35 жылы Қостанай, Ақтөбе губерниясының Халық ағарту басқармаларының бастығы.
- 1936-37 жылы Орынбордағы қазақ мұғалімдер курсының директоры.
- 1937 ж. 22 қыркүйекте ІІХК органдары тарапынан тұтқындалып, 1938 ж. 15 ақпанда КСРО Жоғарғы соты Әскери коллегиясы «үштігінің» қаулысымен Ақтөбе қаласында 57 адамдық топпен бірге атылды. Бейіті Ақтөбе қаласынан 25 шақырым жердегі Түйетөбе мекенінде.
Отбасы
Соңыңда Нариман, Манал есімді ұл-қыз қалды. Зайыбы Аппақ Нұғыманньң Зеленов ауданындағы туысы Залиев Дәулеткерейді сағалап барған, 1938 жылы қайтыс болды. Балалары жетімдер үйінде өсті. Нариман Ұлы Отан соғысында қаза тапты, қызы Манал ҚазПИ-ді (Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті) бітірді, өмір бойы Алматы қаласында жалғызілікті өмір сүріп, 1982 ж. қайтыс болды.
Дереккөздер
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Nugyman Zaliev 5 5 1889 zhyl Қamys Samar uezi Zhanakala Setekbaj togaj a 15 2 1938 zhyl Aktobe algashky halyk mugalimderinin biri kogam kajratkeri Tegi Bajulyna zhatatyn maskar ruynyn zhәdik bolimi Әkesi Zal Asanuly orta sharualy musylmansha sauatty kisi bolgan ӨmirbayanyӘkesinen okyp sauatyn ashkannan kejin Қamys Samar bastauysh kazak orys mektebin 1898 1902 Orda kalalyk orys kazak Romanov uchilishesin uchilishe zhanyndagy pedogogikalyk kursty bitirdi 1905 Sol zhyly Қazan mugalimder seminariyasynyn tyndaushylary zherlesteri M Sәrsembiev S Mendeshevtin akylymen Қazan mugalimder seminariyasyna kazyna esebinen 20 som stipendiyamen okuga kabyldandy Osynda zhurip I Қashkynbaev Ғ Berdiev Ә Imanbaev siyakty kazak studentterimen M Uahitov N Nikolskij V Ohotnikov tәrizdi tatar chuash mary ulty okilderimen birge Alafuzov fabrikasy zhanynan kurylgan RSDRP ujymynyn okushylar uyasyna kirgeni үshin 1906 07 zhyly policiyanyn zhasyryn bakylauyna ilindi Seminariyany 1909 zhyly bitirgennen kejin Ғumar Қarash Ғ Musagaliev siyakty belgili agartushylar ashkan mektebinde kazirgi Kaztalov audanyndagy Қaraoba manynda zhagyrafiya tirshiliktanu pәnderinen sabak berdi bastagan halyk mugalimderi toby ujymdastyrgan zhartylaj bejresmi Halyk mugalimderi kogamynn zhumysyna katysty 1911 zhyly Astrahan Қazan kalasynan kelgen policiya kyzmetkerleri sayasi senimsiz adam retinde үjine tintu zhүrgizdi Han ordasynda 1911 zhyly E Bujrin Ғumar Қarashtardyn ujytky boluymen zharyk korgen tүbegejli demokratiyalyk bagyttagy Қazakstan gazetin shygaruga katysty 1916 zhyly kazak zhigitterin tyl zhumysyna alu dүrbeleni tusynda M Sәrsenbindermen birge zhumysshy zhasaktaryna adam aludy sharua zhagdajyna bajlanysty shegere turudy talap etti Sol zhyly tamyz ajynda Han ordasyna kelgen Astrahan guberniyasynyn gubernatory Sokolovskijdin kabyldauyna Mendeshevpen birge kirip zhagdajy tomen kүnkorisi kiyn otbasynan shykkan zhigitterge zhenildik zhasaudy surady Patshanyn mausym zharlygyna 1916 narazylygy үshin gubernator bujrygymen Mendeshev ekeui birge tutkyndalyp Astrahan tүrmesine kamaldy Abaktydan 1917 zhyly Akpan tonkerisinen kejin shygyp Bokej onirindegi Zaliev tonkeriske kyzu aralasty 1918 zhyly 28 kazanda RK b P mүsheligine kandidat 1919 zhyly 28 kazanda mүshe boldy 1918 zhyly otken Bokej oblysy Kenesi 1 sezinin Bokej oniri mugalimderinin 1 zhәne 2 sezinin delegaty 1919 zhyly kantardan Bokej oblysy atkaru komitetinin zhanyndagy halyk agartu boliminin toralka mүshesi osy bolim zhanyndagy ulttyk mektepter sekciyasynn mүshesi Sol zhylgy tamyzda Mendeshevtin ornyna halyk agartu boliminin mengerushisi bolyp tagajyndaldy 1920 zhyly kantarda Aktobede otken kazak kyzmetkerleri konferenciyasyna Bokej kommunisteri atynan katyskan delegat Bokej oblysy 4 sezinde 1 Bүkilkazak Kenester Қuryltaj sezine delegat bolyp sajlandy Қazaktyn tungysh 297 pedogogikalyk basylymy Mugalim zhurnalynyn 1919 Orda avtory 1920 zhyly Қamys Samar uezdik atkaru komitetinin toragasy 1922 zhyly 2 Өlkelik Bүkilkazak konferenciyasynda ҚAKSR halyk agartu komissariatynyn toragasy kejin Kenesterdin 3 4 sezderinde OAK ine mushe boldy Shalgaj auyl audandarda mektep ashu mektep zhүjesin okulyktarmen әdistemelik kuraldarmen zhabdyktau kazaksha oku kuraldaryn shygaru isin ujymdastyrdy V Lenin shygarmalaryn kazak tiline audaru zhonindegi memleketik komissiyanyn toragasy boldy 1924 zhyly Gurev uezdik RK b P komitetinin hatshysy 1925 zhyly akpanda uezdik atkaru komitetinin toragasy bolyp sajlandy Atyrau zherinde munaj borat kәsipshiligin balyk zhәne mal sharuashylygyn orkendetuge eleuli үles kosty Osynda algashky mojynserikter kosshy odaktaryn ujymdastyru mәdeni agartu salasyn zholga koyu isi de onyn esimimen bajlanysty 1925 26 zhyly Gurev Dossor tar tabandy temirzholy basshylygymen salyndy 1927 zhyly sәuirde Oral guberniyasynyn atkaru komitetine toraga bolyp zhogarylatyldy 1930 35 zhyly Қostanaj Aktobe guberniyasynyn Halyk agartu baskarmalarynyn bastygy 1936 37 zhyly Orynbordagy kazak mugalimder kursynyn direktory 1937 zh 22 kyrkүjekte IIHK organdary tarapynan tutkyndalyp 1938 zh 15 akpanda KSRO Zhogargy soty Әskeri kollegiyasy үshtiginin kaulysymen Aktobe kalasynda 57 adamdyk toppen birge atyldy Bejiti Aktobe kalasynan 25 shakyrym zherdegi Tүjetobe mekeninde OtbasySonynda Nariman Manal esimdi ul kyz kaldy Zajyby Appak Nugymannn Zelenov audanyndagy tuysy Zaliev Dәuletkerejdi sagalap bargan 1938 zhyly kajtys boldy Balalary zhetimder үjinde osti Nariman Ұly Otan sogysynda kaza tapty kyzy Manal ҚazPI di Abaj atyndagy Қazak Ұlttyk Pedagogika Universiteti bitirdi omir bojy Almaty kalasynda zhalgyzilikti omir sүrip 1982 zh kajtys boldy DerekkozderBatys Қazakstan oblysy Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2002 ISBN 9965 607 02 8 Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz