Нюрнберг процесі – Фашистік Германияның басты әскери қылмыскерлер тобына қарсы сот процесі.
Нюрнберг қаласында (Германия) 1945 жылдың 20 қарашасынан 1946 жылдың 1 қазанына дейінгі аралықта өтті. Нюрнберг процесін одақтастардың (КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция) 1945 жылы 8 тамызда Лондон қаласындағы келісімінің негізінде құрылған Халықаралық әскери трибуналы жүргізді. Әрбір мемлекет трибуналдың мүшесі мен оның орынбасарын тағайындады: КСРО-дан И.Т. Никитченко, А.Ф. Волков, АҚШ-тан Фрэнсис Биддл, Джон Дж. Паркер; Ұлыбританиядан лорд-сот (трибунал төрағасы), , Франциядан Анри де Вабр, . Процесс бір мезгілде төрт тілде (оның ішінде неміс тілінде де) жүргізілді. Сотқа Германияның жоғарғы шенді саяси және әскери қызметкерлері: Г.Геринг, Р.Гесс, И. фон Риббентроп, В.Кейтель, Э.Кальтенбруннер, А.Розенберг, Г.Франк, В.Фрик, Ю.Штрейхер, В.Функ, К.Дениц, Э.Редер, Б. фон Ширах, Ф.Заукель, А.Йодль, А.Зейс-Инкварт, А.Шпеер, К. фон Нейрат, Г.Фриче, Г.Шахт, Р.Лей (процесс басталғанға дейін асылып өлді), Г.Крупп (жазылмайтын науқас деп танылып, ісі тоқтатылды), М.Борман (сырттай сотталды) және Ф. фон Папен тартылды. Олардың бәріне бейбітшілік пен адамзатқа қарсы (әскери тұтқындарды және бейбіт халықты қырып-жою, қоғамдық және жеке меншік мүлікті талан-таражға салу, құлдық еңбек жүйесін орнату, т.б.) қастандық ұйымдастырып, оны жүзеге асырғаны мен аса ауыр әскери қылмыстар жасағандығы жөнінде айып тағылды.
Сонымен бірге Германияның Ұлтшыл-социалистік партиясының басшылық құрамын, шабуылдаушы (СА) және күзет отрядтарын (СС), қауіпсіздік қызметін (СД), мемлекеттік құпия полицияны (гестапо), империялық үкімет пен бас штабты қылмысты ұйымдар деп тану мәселесі де қаралды. Процесс барысында 403 ашық сот мәжілісі өткізіліп, айыпкерлер мен 116 куәгер тыңдалды, 5 мыңнан аса жазбаша айыптаулар мен құжаттық дәлелдер (негізінен герман министрліктері мен әкімшіліктерінің, бас штабтың, әскери концерндер мен банктердің ресми құжаттары) қарастырылып, зерттелді. Процесс стенограммасының орыс тіліндегі мәтіні 39 том немесе 20228 бет болды.
Трибунал жанынан тергеу жүргізіп, тағылған айыптарды қуаттау мен процесс барысындағы іс-әрекеттерді үйлестіру мақсатымен Бас айыптаушылар комитеті құрылды: оған КСРО-дан – Р.А. Руденко, АҚШ-тан – Роберт Х.Джексон, Ұлыбританиядан – Хартли Шоукросс, Франциядан – Франсуа де Монтон (1946 жылы қаңтарынан Огюст Шампетье де Риб) бекітілді. 1946 жылы 30 қыркүйек – 1 қазан күндері үкім жарияланды. Сотқа тартылғандардың бәрі (Шахт, Фриче, Папеннен басқалары) айыпты деп танылып, оларға әр түрлі жазалар белгіленді. Геринг, Риббентроп, Кейтель, Кальтенбруннер, Розенберг, Франк, Фрик, Штрейхер, Заукель, Йодль, Зейс-Инкварт және Борман (сырттай) өлім жазасына (дарға асу арқылы) кесілді. Гесс, Функ пен Редер өмірлік тұтқын, Ширах пен Шпеер 20 жылға, Нейрат 15 жылға, Дениц 10 жылға сотталды. Трибунал СС, гестапо, СД мен фашистік партияның басшылық құрамын қылмысты ұйымдар деп таныды. КСРО өкілі И.Т. Никитченко үш қылмыскерді ақтап, гитлершіл үкіметті, оның бас штабын қылмысты ұйымдар деп танудан бас тартқан трибунал шешіміне қарсылық білдіріп, ерекше пікірін мәлімдеді. Сотталғандардың өздеріне кешірім жасау жөніндегі өтініштерін Бақылау Кеңесі қабылдамады. 1946 жылы 16 қазанға қараған түні үкім орындалды. Нюрнберг процесінде тарихта бірінші рет агрессия адамзатқа қарсы жасалған аса ауыр қылмыс ретінде танылды. Трибунал жарғысы мен үкімде баяндалған халықаралық құқық қағидалары БҰҰ Бас Ассамблеясының 1946 жылы 11 желтоқсандағы қарарымен бекітілді.
Дереккөздер
- Нюрнбергский процесс над главными немецкими военными преступниками, Сб. материалов, т. 1-7, М., 1957 – 61
- Полторак А.И., Нюрнбергский процесс, М., 1966
- Ни давности, ни забвения. По материалам Нюрнбергского процесса, М., 1983
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Nyurnberg procesi Fashistik Germaniyanyn basty әskeri kylmyskerler tobyna karsy sot procesi Nyurnberg procesi bolgan gimarat Nyurnberg kalasynda Germaniya 1945 zhyldyn 20 karashasynan 1946 zhyldyn 1 kazanyna dejingi aralykta otti Nyurnberg procesin odaktastardyn KSRO AҚSh Ұlybritaniya Franciya 1945 zhyly 8 tamyzda London kalasyndagy kelisiminin negizinde kurylgan Halykaralyk әskeri tribunaly zhүrgizdi Әrbir memleket tribunaldyn mүshesi men onyn orynbasaryn tagajyndady KSRO dan I T Nikitchenko A F Volkov AҚSh tan Frensis Biddl Dzhon Dzh Parker Ұlybritaniyadan lord sot tribunal toragasy Franciyadan Anri de Vabr Process bir mezgilde tort tilde onyn ishinde nemis tilinde de zhүrgizildi Sotka Germaniyanyn zhogargy shendi sayasi zhәne әskeri kyzmetkerleri G Gering R Gess I fon Ribbentrop V Kejtel E Kaltenbrunner A Rozenberg G Frank V Frik Yu Shtrejher V Funk K Denic E Reder B fon Shirah F Zaukel A Jodl A Zejs Inkvart A Shpeer K fon Nejrat G Friche G Shaht R Lej process bastalganga dejin asylyp oldi G Krupp zhazylmajtyn naukas dep tanylyp isi toktatyldy M Borman syrttaj sottaldy zhәne F fon Papen tartyldy Olardyn bәrine bejbitshilik pen adamzatka karsy әskeri tutkyndardy zhәne bejbit halykty kyryp zhoyu kogamdyk zhәne zheke menshik mүlikti talan tarazhga salu kuldyk enbek zhүjesin ornatu t b kastandyk ujymdastyryp ony zhүzege asyrgany men asa auyr әskeri kylmystar zhasagandygy zhoninde ajyp tagyldy Sonymen birge Germaniyanyn Ұltshyl socialistik partiyasynyn basshylyk kuramyn shabuyldaushy SA zhәne kүzet otryadtaryn SS kauipsizdik kyzmetin SD memlekettik kupiya policiyany gestapo imperiyalyk үkimet pen bas shtabty kylmysty ujymdar dep tanu mәselesi de karaldy Process barysynda 403 ashyk sot mәzhilisi otkizilip ajypkerler men 116 kuәger tyndaldy 5 mynnan asa zhazbasha ajyptaular men kuzhattyk dәlelder negizinen german ministrlikteri men әkimshilikterinin bas shtabtyn әskeri koncernder men bankterdin resmi kuzhattary karastyrylyp zertteldi Process stenogrammasynyn orys tilindegi mәtini 39 tom nemese 20228 bet boldy Tribunal zhanynan tergeu zhүrgizip tagylgan ajyptardy kuattau men process barysyndagy is әreketterdi үjlestiru maksatymen Bas ajyptaushylar komiteti kuryldy ogan KSRO dan R A Rudenko AҚSh tan Robert H Dzhekson Ұlybritaniyadan Hartli Shoukross Franciyadan Fransua de Monton 1946 zhyly kantarynan Ogyust Shampete de Rib bekitildi 1946 zhyly 30 kyrkүjek 1 kazan kүnderi үkim zhariyalandy Sotka tartylgandardyn bәri Shaht Friche Papennen baskalary ajypty dep tanylyp olarga әr tүrli zhazalar belgilendi Gering Ribbentrop Kejtel Kaltenbrunner Rozenberg Frank Frik Shtrejher Zaukel Jodl Zejs Inkvart zhәne Borman syrttaj olim zhazasyna darga asu arkyly kesildi Gess Funk pen Reder omirlik tutkyn Shirah pen Shpeer 20 zhylga Nejrat 15 zhylga Denic 10 zhylga sottaldy Tribunal SS gestapo SD men fashistik partiyanyn basshylyk kuramyn kylmysty ujymdar dep tanydy KSRO okili I T Nikitchenko үsh kylmyskerdi aktap gitlershil үkimetti onyn bas shtabyn kylmysty ujymdar dep tanudan bas tartkan tribunal sheshimine karsylyk bildirip erekshe pikirin mәlimdedi Sottalgandardyn ozderine keshirim zhasau zhonindegi otinishterin Bakylau Kenesi kabyldamady 1946 zhyly 16 kazanga karagan tүni үkim oryndaldy Nyurnberg procesinde tarihta birinshi ret agressiya adamzatka karsy zhasalgan asa auyr kylmys retinde tanyldy Tribunal zhargysy men үkimde bayandalgan halykaralyk kukyk kagidalary BҰҰ Bas Assambleyasynyn 1946 zhyly 11 zheltoksandagy kararymen bekitildi DerekkozderNyurnbergskij process nad glavnymi nemeckimi voennymi prestupnikami Sb materialov t 1 7 M 1957 61 Poltorak A I Nyurnbergskij process M 1966 Ni davnosti ni zabveniya Po materialam Nyurnbergskogo processa M 1983Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet