Мәулен Балақайұлы Балақаев (1907 жылғы қазанның 7-сінде Түркістанның маңындағы Шаға ауылы – 1995 жылғы қарашаның 15-і, Түркістан қаласы) — қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы (1951), профессор (1952), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңерген ғылыми қайраткері (1963).
Мәулен Балақаев | |
Мәулен Балақайұлы Балақаев | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны | |
Ғылыми дәрежесі | филология ғылымдарының докторы |
Ғылыми атағы | |
Альма-матер | Қазақ педагогикалық институты |
Марапаттары |
Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1933). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. кафедра меңгерушісі (1937–41), Шет тілдері институтының директоры (1941–42). Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінде кеңесші-референт (1943–1945), ғалым-хатшысы (1946–63), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1952–75), ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ғылым Академиясында (1945–59, 1975–87) бөлім меңгерушісі, ғылым кеңесші (1987–95) болды. Балақайұлытың ғылыми-зерттеген еңбектері қазақ тілі ғылымының грамматика, емле, терминология, тіл мәдениеті, стилистика тәрізді өзекті мәселелеріне арналған. Балақайұлы орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене ат салысты.
Балақайұлы 150-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 20-ға жуық кітаптар мен моногр. зерттеулердің авторы. Балақайұлытың «Жай сөйлем синтаксисі» деген доктор диссертациясы тіл білімі тарихындағы жаңалық ретінде жоғары бағаланды; әсіресе, «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы – синтаксистің салаларын ғылым тұрғыда жүйелеп, оның құрылымдық қызметін терең зерттеген еңбек. Балақайұлы «Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің негізгі типтері» деген монографиясында синтаксистің дербес саласы ретінде сөз тіркесін алғаш зерттеді. Еңбектерінің бірқатары қазақ әдеби тілінің дамуы мен көркем әдебиет тілін зерттеу мәселелеріне арналған. «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» деген монографиясы үшін Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986) атағы берілді.
Өмірбаяны
1929 жылы Шымкенттегі педагогтық техникумды бітірді. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында аудандық білім беру бөлімінде инспектор, кейін соның жетекшісі болып қызмет атқарды.
1931 жылы Алматыдағы Қазақ педагогтық институтына түсті. Студент кезінде-ақ сол институтта қазақ тілінен сабақ беріп, жаңа термин сөздерді жасап шығаруға, қазақ мектептеріне арналған оқулықтар және оқу құралдарын жазуға атсалысып жүрді.
1934 жылдан бастап алдымен Ленинград мемлекеттік тарих, пәлсапа, әдебиет және тілтану мемлекет институтының, сосын Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқи бастады. Ленинград Шығыс институтының редакторлар мен аудармашылар курстарында қазақ тілінен сонымен қатар сабақ беріп жүрді. Аспирантураны тәмамдаған соң Қазақстанның жоғары оқу орындары мен зерттеу институттарында жұмыс істеді; Коммунистік журналистика институтында кафедра меңгерушісі, Алматы шет тілдері институтының директоры қызметтерін атқарды.
1942 жылы «Қазақ тіліндегі көмекші сөздер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1942-1943 жылдары Қызыл Әскердің қатарында қызмет атқарды. ҚазКСР Министрлер кеңесінің аппаратында референт және кеңесші болып жұмыс істеді, С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде сабақ берді.
1945 жылдан бастап ҚазКСР Ғылымдар Академиясында тұрақты еңбек ете бастады, қазіргі қазақ тілі бөлімін, 1959 жылдан ҚазКСР Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімін басқарды.
1950 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелері» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.
1951 жылы оған филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді, 1952 жылдан бастап профессор.
1958 жылы Қазақ КСР Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
Ғылыми еңбегі
Өз еңбектерінде Балақаев қазақ тілінің синтаксисі, стилистикасы мәселелерімен айналысқан. Қазақ тіліндегі негізгі сөз тіркестері және қазақ әдеби тілінің тарихымен де шұғылданған. Алғашқылардың бірі болып қазақ көркем әдебиетінің тілін зерттеумен айналыса бастаған. Жоғары оқу орындарына арналған «Қазіргі қазақ тілі (Синтаксис)» оқулығының, «Қазақ әдеби тілінің тарихы» оқу құралының авторларының бірі болып табылады. Орта мектептерге арналған оқулықтарымен ол ерекше белгілі. Қазақ лексикографиясына да оның сіңірген еңбегі қомақты, ол 2 томдық Орыс-қазақ сөздігінің, «Орфографиялық сөздіктің» авторлары мен редакторларының бірі..
Шығармалары
- Қазіргі қазақ тілі: лексика, фонетика, грамматика, А., 1954, 1966, 1971, 1996 (телавт.);
- Современный казахский язык: Синтаксис словосочетания и простого предложения, А.-А., 1959;
- Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері, А., 1965;
- Қазақ тілінің стилистикасы, А., 1966 (телавт.);
- Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. 2-том, А., 1967;
- Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1968 (телавт.);
- Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту, А., 1989;
- Қазақ тіл білімінің мәселелері, А., 2008.
Әдебиеттану
- Аралбаев Ж., Сарыбаев Ш., О жизни и творчестве профессора М.Б.Балакаева, «Известия АН КазССР, Серия филологическая», 1977, № 4;
- Сыздыкова Р., Сарыбаев Ш., Маулен Балакаевич Балакаев, «Советская тюркология», 1987, № 6.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mәulen Balakajuly Balakaev 1907 zhylgy kazannyn 7 sinde Tүrkistannyn manyndagy Shaga auyly 1995 zhylgy karashanyn 15 i Tүrkistan kalasy kazak tiltanushysy kornekti galym filologiya gylymdarynyn doktory 1951 professor 1952 Қazakstan Ғylym Akademiyasynyn korrespondent mүshesi 1958 Қazak KSR inin enbek sinergen gylymi kajratkeri 1963 Mәulen BalakaevMәulen Balakajuly BalakaevTugan kүni7 kazan 1907 1907 10 07 Tugan zheriShaga Tүrkistan oblysyҚajtys bolgan kүni15 karasha 1995 1995 11 15 88 zhas Қajtys bolgan zheriTүrkistan Tүrkistan oblysy ҚazakstanAzamattygy KSRO ҚazakstanҒylymi ayasyTүrkitanuZhumys ornyҚazak ulttyk universitetiҒylymi dәrezhesifilologiya gylymdarynyn doktoryҒylymi atagyҚR ҰҒA korrespondent mүshesiAlma materҚazak pedagogikalyk institutyMarapattary Қazak pedagogikalyk institutyn bitirgen 1933 2 dүniezhүzilik sogyska katyskan kafedra mengerushisi 1937 41 Shet tilderi institutynyn direktory 1941 42 Қazak KSR i Min Kenesinde kenesshi referent 1943 1945 galym hatshysy 1946 63 ҚazMU da kafedra mengerushisi 1952 75 uzak zhyldar bojy Қazakstan Ғylym Akademiyasynda 1945 59 1975 87 bolim mengerushisi gylym kenesshi 1987 95 boldy Balakajulytyn gylymi zerttegen enbekteri kazak tili gylymynyn grammatika emle terminologiya til mәdenieti stilistika tәrizdi ozekti mәselelerine arnalgan Balakajuly orta mektepterge zhogary oku oryndaryna arnalgan okulyktar men oku kuraldaryn zhazuga belsene at salysty Balakajuly 150 den asa gylymi enbektin onyn ishinde 20 ga zhuyk kitaptar men monogr zertteulerdin avtory Balakajulytyn Zhaj sojlem sintaksisi degen doktor dissertaciyasy til bilimi tarihyndagy zhanalyk retinde zhogary bagalandy әsirese Қazirgi kazak tili okulygy sintaksistin salalaryn gylym turgyda zhүjelep onyn kurylymdyk kyzmetin teren zerttegen enbek Balakajuly Қazak tilindegi soz tirkesinin negizgi tipteri degen monografiyasynda sintaksistin derbes salasy retinde soz tirkesin algash zerttedi Enbekterinin birkatary kazak әdebi tilinin damuy men korkem әdebiet tilin zertteu mәselelerine arnalgan Қazak әdebi tili zhәne onyn normalary degen monografiyasy үshin Shokan Uәlihanov atyndagy syjlyk laureaty 1986 atagy berildi Өmirbayany1929 zhyly Shymkenttegi pedagogtyk tehnikumdy bitirdi Zhambyl oblysynyn Mojynkum audanynda audandyk bilim beru boliminde inspektor kejin sonyn zhetekshisi bolyp kyzmet atkardy 1931 zhyly Almatydagy Қazak pedagogtyk institutyna tүsti Student kezinde ak sol institutta kazak tilinen sabak berip zhana termin sozderdi zhasap shygaruga kazak mektepterine arnalgan okulyktar zhәne oku kuraldaryn zhazuga atsalysyp zhүrdi 1934 zhyldan bastap aldymen Leningrad memlekettik tarih pәlsapa әdebiet zhәne tiltanu memleket institutynyn sosyn Leningrad memlekettik universitetinin aspiranturasynda oki bastady Leningrad Shygys institutynyn redaktorlar men audarmashylar kurstarynda kazak tilinen sonymen katar sabak berip zhүrdi Aspiranturany tәmamdagan son Қazakstannyn zhogary oku oryndary men zertteu instituttarynda zhumys istedi Kommunistik zhurnalistika institutynda kafedra mengerushisi Almaty shet tilderi institutynyn direktory kyzmetterin atkardy 1942 zhyly Қazak tilindegi komekshi sozder takyrybynda kandidattyk dissertaciya korgady 1942 1943 zhyldary Қyzyl Әskerdin katarynda kyzmet atkardy ҚazKSR Ministrler kenesinin apparatynda referent zhәne kenesshi bolyp zhumys istedi S M Kirov atyndagy Қazak Memlekettik universitetinde sabak berdi 1945 zhyldan bastap ҚazKSR Ғylymdar Akademiyasynda turakty enbek ete bastady kazirgi kazak tili bolimin 1959 zhyldan ҚazKSR Til bilimi institutynyn til mәdenieti bolimin baskardy 1950 zhyly Қazirgi kazak tilindegi zhaj sojlem sintaksisinin negizgi mәseleleri takyryby bojynsha doktorlyk dissertaciya korgady 1951 zhyly ogan filologiya gylymdarynyn doktory gylymi dәrezhesi berildi 1952 zhyldan bastap professor 1958 zhyly Қazak KSR Ғylymdar Akademiyasynyn korrespondent mүshesi bolyp sajlandy Ғylymi enbegiӨz enbekterinde Balakaev kazak tilinin sintaksisi stilistikasy mәselelerimen ajnalyskan Қazak tilindegi negizgi soz tirkesteri zhәne kazak әdebi tilinin tarihymen de shugyldangan Algashkylardyn biri bolyp kazak korkem әdebietinin tilin zertteumen ajnalysa bastagan Zhogary oku oryndaryna arnalgan Қazirgi kazak tili Sintaksis okulygynyn Қazak әdebi tilinin tarihy oku kuralynyn avtorlarynyn biri bolyp tabylady Orta mektepterge arnalgan okulyktarymen ol erekshe belgili Қazak leksikografiyasyna da onyn sinirgen enbegi komakty ol 2 tomdyk Orys kazak sozdiginin Orfografiyalyk sozdiktin avtorlary men redaktorlarynyn biri ShygarmalaryҚazirgi kazak tili leksika fonetika grammatika A 1954 1966 1971 1996 telavt Sovremennyj kazahskij yazyk Sintaksis slovosochetaniya i prostogo predlozheniya A A 1959 Қazak til mәdenietinin mәseleleri A 1965 Қazak tilinin stilistikasy A 1966 telavt Қazak tili grammatikasy Sintaksis 2 tom A 1967 Қazak әdebi tilinin tarihy A 1968 telavt Til mәdenieti zhәne kazak tilin okytu A 1989 Қazak til biliminin mәseleleri A 2008 ӘdebiettanuAralbaev Zh Sarybaev Sh O zhizni i tvorchestve professora M B Balakaeva Izvestiya AN KazSSR Seriya filologicheskaya 1977 4 Syzdykova R Sarybaev Sh Maulen Balakaevich Balakaev Sovetskaya tyurkologiya 1987 6 Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 II tom Otyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz