Мусғаб ибн Ұмәйр(Арабша: مصعب بن عمير т.ж. 585, қ.б.ж. 625) — Мұхаммед пайғамбардың туысы, көкелерінен. Меккенің ең бай, әл-ауқатты адамдарынан болған. Мұхаммед пайғамбар ол жайлы былай дейді: “Меккеде Мусғаб ибн Үмәйрден әдемі киінетін, сымбатты әрі байлыққа кенелген жасөспірімді көрген емеспін”
Мусғаб ибн Ұмәйр | |
مصعب بن عمير | |
Туған күні: | |
---|---|
Туған жері: | Мекке |
Қайтыс болған уақыты: | |
Қайтыс болған жері: | Ухуд, Сауд Арабиясы |
Әкесі: | Умайр ибн Хашим |
Анасы: | Хинас бинт Малик |
Жұбайы: | Хамна бинт Жахш |
Шайқастары: | Бәдір шайқасы, Ухуд шайқасы |
Шығармасы Уикиқайнарда. |
Толық есімі
Мусғаб ибн Ұмәйр ибн Һишам ибн Абдуманаф ибн Абдулдар ибн Қусай ибн Киләб ибн Марра әл-Құрайши әл-Бәдри, араб.: مصعب بن عمير بن هاشم بن عبد مناف بن عبد الدار بن قصي بن كلاب بن مرة القرشي البدري
Исламға дейінгі өмірі
Ол мұсылман болмай тұрып Меккенің ең шырайлы, жас та сыйлы тұлғаларының бірі еді. Отбасындағы бір дегені екі етпей орындалатын, ең сүйікті еркесі болатын. Анасы оны шыттай киіндіріп, үстіне жұпар аңқыған хош иісті әтір бүркетін. Меккеліктер де көктен түскендей көркем жігітке таң-тамаша болып қарасатын.
Мұсылман болуы
Осындай қызығарлық өмір ішінде балқып-шалқып жүрген кезінде, бір күні Пайғамбардың уағыздаған діні жайлы хабарлар құлағына жетті. Қызығушылықпен Пайғамбарға барды. Нұр Пайғамбардың аузынан шыққан тамаша лебіздер әне-міне дегенше жүрегін баурап, иман нұры кеудесіне сәуле болып құйылды. Ол осылай мұсылман болды. Қараңғылықтың бұғауынан сырылып иман кәусарының шырын дәмін алған ол, айналасындағылардан тартынғандықтан мұсылмандығын жария етпеді. Намаздарын да жасырын оқып жүрді.
Алайда жасырынып намаз оқуы ұзаққа созылмады. Күндердің күнінде мүшріктердің біреуі оның намаз оқығанын байқап қойып, әке-шешесіне жеткізеді. Осы кезден бастап Мусғабтың өміріне түпкілікті өзгеріс енді. Оны жақсы көріп құрмет тұтатын мүшріктер, тек Исламды қабылдағаны үшін оған әр түрлі қысым мен қиындықтар көрсете бастады. Абақтыға да қамады. Содан кейін ол бір топ мұсылманмен бірге Эфиопияға һижрет етті. Ол жақта біраз уақыт болып, туған жеріне қайта оралды. Алайда ештеңе өзгермей таз қалпында қалыпты. Жанұясы мен жақындары оған бұрынғыша дұшпан күйінде қала берді.
Мусғаб туралы пайғамбардың айтқандары
Пайғамбар бір күні сахабаларымен әңгімелесіп отырған кезде Мусғаб ибн Ұмәйр қастарына келіп сәлем береді. Пайғамбар Мусғабтың сәлемін алғаннан соң: “Жер жүзінің бүкіл адамдарын өзгерте алатын Аллаһқа мадақ! Мына жас адамды көріп тұрсыңдар ма? Бұрын әке-шешесінің ең сүйіктісі еді. Аллаһқа және Елшісіне деген сүйіспеншілігі әке-шешесінен басым түсті. Ол Аллаһ пен Расулын таңдады”, – деді.
Тағы бір реті келгенде оның сүйек кеміріп отырғанын көрген Пайғамбар жанындағы сахабаларға қарап: “Мына адамды көріп тұрсыздар ғой. Әке-шешесі оған ең дәмді тағамдарды бергеннің өзінде оларды тастап, бізбен бірге аштыққа көнді” – деп, оның жанкештілігін атап айтқан еді.
Алғашқы елші
кейін Ислам тез қанат жайып тарала бастаған кезде, жаңадан мұсылман болғандар өздеріне Құран тағылымдарын үйрететін ұстаз сұрады. Пайғамбарымыз олардың бұл өтінішін қабыл алды. Пайғамбарымыздың бір ерекшелігі – адамды дұрыс таңдауда қабілеті зор басшы болатын. Ол ақылына көркі сай, жұмсақ тілді, байыпты да биязы Мусғабты бұл іске лайық көреді. Хазірет Әбу Бәкір, Омар, Әли сынды сахабалардың болғанына қарамастан, Аллаһ елшісінің Мусғабты таңдауы – оның зор қабілеттілігінің белгісі. Осылайша Мұсғаб Мәдинадағы алғашқы Исламды уағыздаушы болды.
Мусғабтың уағызымен мұсылман болған сахабалар
Мәдинадағы танымал адамдардың көпшілігі Мусғаб ибн Ұмәйрдің уағыздауымен Исламды қабылдады. Олардың арасында
- Үсәйд ибн Хүдәйр,
- Сағд ибн Убәдә,
- Сағд ибн Муаз сияқты атақты сахабалар бар еді.
Мусғабтың дүниеден өтуі
Пайғамбарымыз Ислам туын Мусғабқа ұстатады. Ұрыстың шешуші сәтінде, мұсылмандардың шегінгендерін көріп мына аятты оқиды:
“Мұхаммед – ол пайғамбар. Одан бұрын да пайғамбарлар келген еді. Енді ол өлсе немесе өлтірілсе, сендер соғысты тастап қашасыңдар ма?”
Ұрыста тұрыс жоқ. Мусғабқа қырғидай төнген Ибн Қәймә деген мүшрік оның ту ұстаған қолын шауып түсіреді. Туды екінші қолына ауыстырып үлгірген Мусғаб ол қолын да сақтап қала алмады. Екі қолы да қырқылып түскен Мусғаб туды аузымен қағып алып, кеудесінде ұстап тұруға тырысты. Басқа бір сахаба жетіп келіп туды алады. Бұл – періште еді. Мусғабтың бейнесіне кіріп шайқасты жалғастырды. Оны көрген Пайғамбарымыз “Мусғаб!” деп дауыстағанда ол “Мен Мусғаб емеспін, ей, Расулаллаһ!” деп жауап берді. Мусғаб ибн Ұмәйрдің шейіт болғанын сол кезде аңғарған Аллаһ расулы көз жасын тыя алмай, мына аятты оқыды:
“Мүминдердің арасында ( бірге болатындықтарына) Аллаһқа берген сөздерінде шынайы болған қаншамасы бар. Олардың кейбіреулері берген уәделерінде толық тұрып шейіт болды. Кейбіреулері де осындай жақсылықты күтуде. Олар уәделерінен таймады”
Даңқты сахаба Мусғаб қырық жасында шейіт болды. Бір кездері үлде мен бүлдеге оранып дәулетті ғұмыр кешкен сахаба Мусғабқа ақыретке көшкен кезде үстіне жабатын кішкене бір құрым матадан басқа кебін табылмайды… Басына тартса, аяғына жетпей, аяғына тартса, басына жетпей кебіндеуге келмеген-ді. Аллаһ үшін бүкіл асылын пида еткен Мусғаб табысуға ерекше ынтық Жаратушысына осылайша қанат қақты.
Мусғабтың анасына айтқан сөзі
“Анашым, мен Мұхаммедтің дінін ұстанамын. Ол – Аллаһ тағаланың жіберген хақ діні. Менің өздеріңізге деген сүйіспеншілігімді жақсы білесіз. Мен сенген Аллаһқа және елшісіне сіз де сеніңіз. Мұны шын жүректен қалаймын, анашым”. (Мусғаб ибн Ұмәйр)
Дереккөздер
- Ибн Сағд, Табақат әл-Кубра, Бейрут 1960, III, 116
- Саңлақ сахабалар. Алау Әділбаев. Алматы-2010ж. 188-бет.
- Саңлақ сахабалар. Алау Әділбаев. Алматы-2010ж. 189-бет.
- Саңлақ сахабалар. Алау Әділбаев. Алматы-2010ж. 189-бет.
- Табақат, 3:116.
- Саңлақ сахабалар. Алау Әділбаев. Алматы-2010ж. 190-бет.
- Құран Кәрім “Али Имран” сүресі, 144 аят.
- Табақат, 3:121.
- Құран Кәрім “Ахзаб” сүресі, 23 аят.
- Бухари, жанаиз, 27.
- Саңлақ сахабалар. Алау Әділбаев. Алматы-2010 ж. 188-бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Musgab ibn Ұmәjr Arabsha مصعب بن عمير t zh 585 k b zh 625 Muhammed pajgambardyn tuysy kokelerinen Mekkenin en baj әl aukatty adamdarynan bolgan Muhammed pajgambar ol zhajly bylaj dejdi Mekkede Musgab ibn Үmәjrden әdemi kiinetin symbatty әri bajlykka kenelgen zhasospirimdi korgen emespin Musgab ibn Ұmәjrمصعب بن عميرTugan kүni 585 0585 Tugan zheri MekkeҚajtys bolgan uakyty 625 0625 Қajtys bolgan zheri Uhud Saud ArabiyasyӘkesi Umajr ibn HashimAnasy Hinas bint MalikZhubajy Hamna bint ZhahshShajkastary Bәdir shajkasy Uhud shajkasyShygarmasy Uikikajnarda Tolyk esimiMusgab ibn Ұmәjr ibn Һisham ibn Abdumanaf ibn Abduldar ibn Қusaj ibn Kilәb ibn Marra әl Қurajshi әl Bәdri arab مصعب بن عمير بن هاشم بن عبد مناف بن عبد الدار بن قصي بن كلاب بن مرة القرشي البدري Islamga dejingi omiriOl musylman bolmaj turyp Mekkenin en shyrajly zhas ta syjly tulgalarynyn biri edi Otbasyndagy bir degeni eki etpej oryndalatyn en sүjikti erkesi bolatyn Anasy ony shyttaj kiindirip үstine zhupar ankygan hosh iisti әtir bүrketin Mekkelikter de kokten tүskendej korkem zhigitke tan tamasha bolyp karasatyn Musylman boluyOsyndaj kyzygarlyk omir ishinde balkyp shalkyp zhүrgen kezinde bir kүni Pajgambardyn uagyzdagan dini zhajly habarlar kulagyna zhetti Қyzygushylykpen Pajgambarga bardy Nur Pajgambardyn auzynan shykkan tamasha lebizder әne mine degenshe zhүregin baurap iman nury keudesine sәule bolyp kujyldy Ol osylaj musylman boldy Қarangylyktyn bugauynan syrylyp iman kәusarynyn shyryn dәmin algan ol ajnalasyndagylardan tartyngandyktan musylmandygyn zhariya etpedi Namazdaryn da zhasyryn okyp zhүrdi Alajda zhasyrynyp namaz okuy uzakka sozylmady Kүnderdin kүninde mүshrikterdin bireui onyn namaz okyganyn bajkap kojyp әke sheshesine zhetkizedi Osy kezden bastap Musgabtyn omirine tүpkilikti ozgeris endi Ony zhaksy korip kurmet tutatyn mүshrikter tek Islamdy kabyldagany үshin ogan әr tүrli kysym men kiyndyktar korsete bastady Abaktyga da kamady Sodan kejin ol bir top musylmanmen birge Efiopiyaga һizhret etti Ol zhakta biraz uakyt bolyp tugan zherine kajta oraldy Alajda eshtene ozgermej taz kalpynda kalypty Zhanuyasy men zhakyndary ogan buryngysha dushpan kүjinde kala berdi Musgab turaly pajgambardyn ajtkandaryPajgambar bir kүni sahabalarymen әngimelesip otyrgan kezde Musgab ibn Ұmәjr kastaryna kelip sәlem beredi Pajgambar Musgabtyn sәlemin algannan son Zher zhүzinin bүkil adamdaryn ozgerte alatyn Allaһka madak Myna zhas adamdy korip tursyndar ma Buryn әke sheshesinin en sүjiktisi edi Allaһka zhәne Elshisine degen sүjispenshiligi әke sheshesinen basym tүsti Ol Allaһ pen Rasulyn tandady dedi Tagy bir reti kelgende onyn sүjek kemirip otyrganyn korgen Pajgambar zhanyndagy sahabalarga karap Myna adamdy korip tursyzdar goj Әke sheshesi ogan en dәmdi tagamdardy bergennin ozinde olardy tastap bizben birge ashtykka kondi dep onyn zhankeshtiligin atap ajtkan edi Algashky elshikejin Islam tez kanat zhajyp tarala bastagan kezde zhanadan musylman bolgandar ozderine Қuran tagylymdaryn үjretetin ustaz surady Pajgambarymyz olardyn bul otinishin kabyl aldy Pajgambarymyzdyn bir ereksheligi adamdy durys tandauda kabileti zor basshy bolatyn Ol akylyna korki saj zhumsak tildi bajypty da biyazy Musgabty bul iske lajyk koredi Haziret Әbu Bәkir Omar Әli syndy sahabalardyn bolganyna karamastan Allaһ elshisinin Musgabty tandauy onyn zor kabilettiliginin belgisi Osylajsha Musgab Mәdinadagy algashky Islamdy uagyzdaushy boldy Musgabtyn uagyzymen musylman bolgan sahabalar Mәdinadagy tanymal adamdardyn kopshiligi Musgab ibn Ұmәjrdin uagyzdauymen Islamdy kabyldady Olardyn arasynda Үsәjd ibn Hүdәjr Sagd ibn Ubәdә Sagd ibn Muaz siyakty atakty sahabalar bar edi Musgabtyn dүnieden otuiPajgambarymyz Islam tuyn Musgabka ustatady Ұrystyn sheshushi sәtinde musylmandardyn shegingenderin korip myna ayatty okidy Muhammed ol pajgambar Odan buryn da pajgambarlar kelgen edi Endi ol olse nemese oltirilse sender sogysty tastap kashasyndar ma Ұrysta turys zhok Musgabka kyrgidaj tongen Ibn Қәjmә degen mүshrik onyn tu ustagan kolyn shauyp tүsiredi Tudy ekinshi kolyna auystyryp үlgirgen Musgab ol kolyn da saktap kala almady Eki koly da kyrkylyp tүsken Musgab tudy auzymen kagyp alyp keudesinde ustap turuga tyrysty Baska bir sahaba zhetip kelip tudy alady Bul perishte edi Musgabtyn bejnesine kirip shajkasty zhalgastyrdy Ony korgen Pajgambarymyz Musgab dep dauystaganda ol Men Musgab emespin ej Rasulallaһ dep zhauap berdi Musgab ibn Ұmәjrdin shejit bolganyn sol kezde angargan Allaһ rasuly koz zhasyn tyya almaj myna ayatty okydy Mүminderdin arasynda birge bolatyndyktaryna Allaһka bergen sozderinde shynajy bolgan kanshamasy bar Olardyn kejbireuleri bergen uәdelerinde tolyk turyp shejit boldy Kejbireuleri de osyndaj zhaksylykty kүtude Olar uәdelerinen tajmady Dankty sahaba Musgab kyryk zhasynda shejit boldy Bir kezderi үlde men bүldege oranyp dәuletti gumyr keshken sahaba Musgabka akyretke koshken kezde үstine zhabatyn kishkene bir kurym matadan baska kebin tabylmajdy Basyna tartsa ayagyna zhetpej ayagyna tartsa basyna zhetpej kebindeuge kelmegen di Allaһ үshin bүkil asylyn pida etken Musgab tabysuga erekshe yntyk Zharatushysyna osylajsha kanat kakty Musgabtyn anasyna ajtkan sozi Anashym men Muhammedtin dinin ustanamyn Ol Allaһ tagalanyn zhibergen hak dini Menin ozderinizge degen sүjispenshiligimdi zhaksy bilesiz Men sengen Allaһka zhәne elshisine siz de seniniz Muny shyn zhүrekten kalajmyn anashym Musgab ibn Ұmәjr DerekkozderIbn Sagd Tabakat әl Kubra Bejrut 1960 III 116 Sanlak sahabalar Alau Әdilbaev Almaty 2010zh 188 bet Sanlak sahabalar Alau Әdilbaev Almaty 2010zh 189 bet Sanlak sahabalar Alau Әdilbaev Almaty 2010zh 189 bet Tabakat 3 116 Sanlak sahabalar Alau Әdilbaev Almaty 2010zh 190 bet Қuran Kәrim Ali Imran sүresi 144 ayat Tabakat 3 121 Қuran Kәrim Ahzab sүresi 23 ayat Buhari zhanaiz 27 Sanlak sahabalar Alau Әdilbaev Almaty 2010 zh 188 bet