Миокард инфаркті - тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы. Миокард инфарктісімен сырқаттанатын науқастардың саны 1000 адамға шаққанда 2,87 – 3,08% - ын құрайды. ЖИА –ның бұл түрі көбіне 40-тан асқан шақта дамиды және 50-56 жас аралығында бұл аурумен сырқаттану едәуір жиілейді. Ер адамдар әйелдерден 5-2 есе жиі ауырады. Соңғы кезде миокард инфарктісінің жиілігі екі есе көбеюге жақындаған.
Этиологиясы.
Миокард инфарктісінің негізгі себебі – тәж артерияларының стеноздаушы артеросклерозы. Миокард инфаркті дамуының тікелей себептері:
1) тромбоздың салдарынан тәж артериясының окклюзиясы;
2) артеросклероз түймедағының арасында қан құйылып ісінуінен тәж артериясының бітелуі;
3) критикалық стеноз нәтижесінде тәж артериясының түйілуі;
4) тәж артериясының критикалық стенозы кезінде миокардтың оттегіге сұранысының күрт артуы (мәселен ауыр дене қызметінен симпатоадренал жүйесі белсенділігінің аса жоғарылауынан).
Аталған тікелей себептермен бірге миокард инфарктісінің дамуында келесі бейімдеуші факторлардың маңызы зор: тәж артерияларының тармақаралық коллатеральдік байланыстарының жеткіліксіздігі, қанның тромбтар түзу қасиетінің артуы, микроциркуляциялық бұзылыстар.
Миокард инфарктінің клиникасы
Ангиноздық түрі ангиноздық статустан – төстің немесе жүрек тұсындағы ауыру ұстамасынан басталады. Көбіне ауырсынудың сипаты аса қатаң салмақ батқандай, кеудені жыртқандай немесе ашытып күйдірілгендей болып сезіледі. Ауырсыну сол қолға, иыққа, сол жауырынға, мойынның сол жақ бетіне, жақтың сол жартысына тарайды. Нитроглицериннен жеңілдік болмайды. Ауырсыну стенокардияға қарағанда ұзаққа созылады, мысалы бірнеше сағатқа. Ұстама кезінде науқасты өлім үрейі билеп, салқын тер басады.
Астмалық түрі – ауырсынусыз, бірден жүрек астмасынан басталады. Миокард инфарктінің мұндай бастамасы жүректе бірнеше постинфаркттық тыртығы немесе диффузды кардиосклерозы бар қарт адамдарға және папиллярлық бұлшықеттің некрозына тән. Науқас ентігіп ортопноэ күйінде болады. Өкпеде алдымен ұсақ көпіршікті, кейін орта және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар, алыстан естілетін сырылды тыныс пайда болады. Өкпе артериясында 1 тонның акценті естіледі. Шулы сырылды тынысты кейде жүрек тондарын естіртпейді. Миокард инфарктісінің астмалық түрі өте ауыр болғандықтан, көбіне өлімге алып келеді.
Аритмиялық түрі – пароксизмдік ырғақ бұзылысынан (жыбыр аритмиясынан, атриовентрикулалық блокададан) басталады. Мұндай жағдай өткізгіштік жүйесінің некрозға немесе ишемияға ұшырауынан болады.
Абдоминальдік түрі - бұл түрінде ауырсыну эпигастрий, кіндік, мықын және қабырғаасты аймақтарында орналасады. Сондықтан науқас ауырсынуды іш қуысы ағзаларының патологиясымен байланыстырады. Клиникалық көрінісі асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруына, панкреатитке, жіті холециститке, аппендицитке ұқсайды. Диагноз қате қойылғанда науқас хирургиялық емге алынуы ықтимал. Сырқаттың белгілерін сұрыптағанда ауырсынудың іш қуысында басым орналасқанымен, оның көкет күмбезінен жоғары, яғни кеуде қуысында таралуын ескерген жөн.
Диспепсиялық түрі. Абдоминальдік түрінен айрықша, инфарктінің бұл түрінде іш қуысында ауырсыну болмайды. Басты белгісі – тағамдық интоксикацияға ұқсас, диспепсиялық бұзылыстар жүрек айнуы, құсу. Бұл нұсқа мезентериялық артериялардың атеросклерозы және асқорыту жолдарының қосымша аурулары бар қарт науқастарда кездеседі.
Коллапстық түрі. Миокард инфаркті жіті тамыр шамасыздығынан басталады, артериялық және көктамырлық қысымдар күрт төмендейді, науқастың әлі құрып тер басады, терісі бозарады, есі кіресілі – шығасылы болады, ағыл - тегіл терлейді, көктамырлары айқын болмайды. Әрі қарай диурез азаяды және микроциркуляциялық бұзылыстар аса көлемді некроздың дамуында кездеседі.
Церебральдік түрі. Миокард инфаркті неврологиялық белгілерден басталады. Оның белгілері ми қанайналымы бұзылысының көрінісіне ұқсайды. Миокард инфарктінің бұл түрі ауыр церебральдік атеросклерозы бар науқастарда байқалады.
Шеткері (перифериялық) түрі. Бұл түрінде жүрек тұсында, төс маңында, тіпті кеуде сарайында ауырсыну болмайды. Ауырсыну иррадиация аймақтарында ғана (иықта, жақта, мойында т.б.) сезіледі. Ауырсыну деңгейі әртүрлі, бірақ көбіне айтарлықтай емес. Инфарктінің бұл түрі көбіне ауыр атеросклерозға шалдыққан егде, қарт адамдарға тән.
Симптомсыз мылқау түрі. Миокард инфаркті жасырын дамиды. Көрінісінде себепсіз әлсіздік, бастың аздап ауыруы мен айналуы, шамалы ентікпе, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, АҚ құбылысы, субфебрильдік қызба байқалуы мүмкін. Науқас өз жағдайын жағымсыз ауа райымен, салқындаумен байланыстырып, бұл белгілерге мән берместен жүре береді. Симптомсыз миокард инфаркті кездейсоқ тексерілгенде немесе ЭКГ-да қалған тыртықтану өзгерістерімен анықталады. Миокард инфарктісінің симптомсыз түрі кенет өлім себебінің бірі болып табылады.
Оң қарыншаның жіті шамасыздығымен дамитын түрі. Миокард инфаркті оң қарыншаның жіті шамасыздығынан басталады. Бұл жағдайда оң қабырғаасты өткір ауырады, бауыр тез ұлғаяды, жүрек айнуы, құсу байқалады және 18-20 сағаттан кейін ісіну пайда болады. Оң қарыншалық инфаркт кеуденің оң жартысынан түсірілген кеуде тіркемелерінде анықталады.
Тотальді жүрек шамасыздығымен дамитын түрі. Миокард инфарктінің бұл түрінде ауырсыну болмайды. Сол және оң қарыншаның көлемі қатар некрозға ұшырауынан іркіліс екі шеңберде бір уақытта дамиды. Сол қарынша шамасыздығы жүрек астмасы және өкпенің ісінуімен, оң қарынша шамасыздығы үлкен шенбердегі дамитын жіті іркіліспен (бауырдың тез ұлғайып, қатты ауырсынуы, жүрек айнуы, құсу т.б.) білінеді.
Шартты түрде миокард инфарктісінің астмалық, коллапстық, церебральдік, диспепсиялық, аритмиялық, симптомсыз және оң қарыншаның жіті шамасыздығымен, тотальді жүрек шамасыздығымен дамитын түрлері жатады. Инфаркттің типті түріне қарағанда бұлардың барысы ауыр және өлімге жиі алып келеді. Өлімнің жиілігі бір жағынан кеселдің уақтылы анықталмай, науқастың ауруханаға кеш түсуінен де болады.
Миокард инфарктінің ауырсынусыз түрлері көбіне жас ұлғайған шақта, жүйелі атеросклероздың ауыр түрінде, миокард инфарктімен бірнеше рет ауырған адамдарда, ЖИА артериялық гипертониямен, қантты диабетпен қатар жүргенде, яғни ауырсынуға сезімталдық төмендеген жағдайларда дамиды. Бұдан басқа барысына қарай миокард инфарктісінің рецидивтеуші, созылыңқы және қайталамалы түрлерін айырады. Рецидивтеуші миокард инфаркті – инфаркттің өткір және өткірлеу кезеңдерінде (3-4 апта ішінде) жаңа некроз ошақтарының дамуымен сипатталады. Егер жаңа некроз ошақтары 8 аптадан (бұрынғы инфаркт тыртықталғаннан) кейін пайда болса, оны қайталамалы миокард инфаркті деп атайды. Миокард инфарктінің созылыңқы барысы – некроз ошағындағы репарация үдерісінің баяу жүруінен болады. Бұл жағдайда зертханалық, ЭКГ – лық көрсеткіштердің динамикасы қалыңқы келеді. Инфаркттің барысы ұзарып, науқастың сауығуы көпке созылады. Мұндай барыс әлсіреген, қосымша аурулары, ауыр стеноздаушы коронаросклерозы бар кәрі адамдарға тән.
Миокард инфарктінің негізгі клиникалық синдромдары:
1. Ангинальдік синдром.
2. Ошақты ЭКГ-лық өзгерістер синдромы.
3. Резорбциялық-некроздық миокард инфарктін дәлелдейтін басты синдром. Бұл синдром некроз ошағынан бөлінген заттардың қанға өтуінен және асептикалық қабынудан болады.
Оның басты белгілері:
•дене қызуының 37-38 оС шамасына дейін биіктеуі;
•нейтрофильдік лейкоцитоз;
•5-7-ші күндерде лейкоцитоздың төмендеуінен және ЭТЖ-ның жоғарылауынан болатын қайшылық белгісі;
•кардиомиоциттердің өлуін көрсететін зертханалық белгілердің болуы. Кардиомиоциттер некрозының маркерлеріне бірқатар ферменттер – аспартатаминотрансфераза, лактатдегидрогеназа, креатинфосфокиназа, гликогенфосфорилаза және миозин, миоглобин, Т,І кардиотропониндер жатады. Ферменттердің қандағы концентрациясы, некроздың көлеміне, инфаркт басталуынан кейін қан алу уақытына және некроз ошағынан ферменттердің шайылып шығу жылдамдығына тәуелді.
Миокард инфарктімен ауру жиілігі сырқат адамның жасы ұлғайған сайын артады. Н.А.Мазурдың мәліметіне сүйенсек, 1000 адамға шаққанда миокард инфарктімен ауыру 30-39 жаста 0,76% болса, 60-64 жас аралығында 17,1% деңгейінде болады. Егде жастағы адамдарда атеросклероз үдерісінің үдеуімен қатар тамыр қабырғаларының, жүрек бұлшықетінің, қанның реологиялық қасиеттерінің, гемодинамикалық, нейрогуморальдық регуляцияның өзгеріске ұшырауы миокард инфарктінің пайда болуына себеп болатын факторлар. Сонымен бірге, жас ұлғаюына байланысты адаптациялық – компенсаторлық өзгерістер баяулап, қартаю үдерісіне байланысты басқа да аурулардың белең алуы себеп болуы мүмкін. Жас ұлғая келе ерлер мен әйелдер арасында миокард инфарктімен ауру жиілігінің ара қатынасы жақындай бастайды. Егде және қарт адамдарда миокард инфаркті ауруы анамнезінде ұзақ стенокардия негізінде, сонымен бірге қысқа ғана коронарлық анамнезде кездесуі мүмкін.
Миокард инфарктінің 80% клиникалық көрінісінде егде және қарт адамдарда ауырсыну синдромымен көрініс береді. Бірақ осы жастағы адамдарда жасына байланысты ауырсыну сезімталдағын сезу жоғарылығы өзгеруіне байланысты ауырсыну синдромы анық байқалмайды.
Егде адамдар миокард инфарктімен ауырғандағы бір ерекшелігі «қанайналымның тоталды шамасыздығы» көрініс беріп, 30 – 35% өлімге әкеледі. Кардиогенді шок тек ауырсыну синдромында ғана емес, миокард инфарктінің ауырсынусыз түрінде, жүрек ырғағының күрделі бұзылысында кездеседі. Бұл түрі 70 жастан асқан әйел науқастар миокард инфарктімен қайталап ауырғанда, артериалдық гипертензияда байқалады.
Миокард инфарктінің емі:
-ауырсыну синдромын тоқтату: нитроглицерин пероралды спрей, немесе сублингвалды таблетка түрінде қолданылады;
-морфин 4-6 мг көктамырға жіберіледі, қажет жағдайда қосымша әр 5 минутта 4 мг-нан 1-3 рет салынады. Осы препаратқа альтернативті дәрі оксидон 3-5 мг көктамырға жіберіледі;
-қандағы оксигенация жетімсіздігіне оттегі ингаляциясы қолданылады;
-ауырсыну синдромын азайту мақсатында бета - адреноблокаторлар көктамырға жіберіледі;
-ацетилсалицил қышқылын 250 мг шайнату керек;
-гепарин көктамырға жіберіледі;
-миокард инфаркті жүрек шамасыздығына әкелген жағдайда ангиотензин түзуші ферменттердің ингибиторлары беріледі.
Дереккөздер
- «ГЕРОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕРИАТРИЯ» Бекмурзаева Э.Қ., Сейдахметова А.А., Ибрагимова Р.Б., Сейдалиева Ф.М., Садыкова Г.С., Умиралиева Г.А., Азизова А.А., Абдукаримова Ж.М., Байдуллаев Б.М., Қорғанбаева Х.Т., оқу құралы, Шымкент 2012.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Miokard infarkti tәzh arteriyasy miokardtyn ottegige muktazhdygyn kamtamasyz ete almauynan damityn miokardtyn ishemiyalyk nekrozy Miokard infarktisimen syrkattanatyn naukastardyn sany 1000 adamga shakkanda 2 87 3 08 yn kurajdy ZhIA nyn bul tүri kobine 40 tan askan shakta damidy zhәne 50 56 zhas aralygynda bul aurumen syrkattanu edәuir zhiilejdi Er adamdar әjelderden 5 2 ese zhii auyrady Songy kezde miokard infarktisinin zhiiligi eki ese kobeyuge zhakyndagan Etiologiyasy Miokard infarktisinin negizgi sebebi tәzh arteriyalarynyn stenozdaushy arterosklerozy Miokard infarkti damuynyn tikelej sebepteri 1 trombozdyn saldarynan tәzh arteriyasynyn okklyuziyasy 2 arteroskleroz tүjmedagynyn arasynda kan kujylyp isinuinen tәzh arteriyasynyn bitelui 3 kritikalyk stenoz nәtizhesinde tәzh arteriyasynyn tүjilui 4 tәzh arteriyasynyn kritikalyk stenozy kezinde miokardtyn ottegige suranysynyn kүrt artuy mәselen auyr dene kyzmetinen simpatoadrenal zhүjesi belsendiliginin asa zhogarylauynan Atalgan tikelej sebeptermen birge miokard infarktisinin damuynda kelesi bejimdeushi faktorlardyn manyzy zor tәzh arteriyalarynyn tarmakaralyk kollateraldik bajlanystarynyn zhetkiliksizdigi kannyn trombtar tүzu kasietinin artuy mikrocirkulyaciyalyk buzylystar Miokard infarktinin klinikasyAnginozdyk tүri anginozdyk statustan tostin nemese zhүrek tusyndagy auyru ustamasynan bastalady Kobine auyrsynudyn sipaty asa katan salmak batkandaj keudeni zhyrtkandaj nemese ashytyp kүjdirilgendej bolyp seziledi Auyrsynu sol kolga iykka sol zhauyrynga mojynnyn sol zhak betine zhaktyn sol zhartysyna tarajdy Nitroglicerinnen zhenildik bolmajdy Auyrsynu stenokardiyaga karaganda uzakka sozylady mysaly birneshe sagatka Ұstama kezinde naukasty olim үreji bilep salkyn ter basady Astmalyk tүri auyrsynusyz birden zhүrek astmasynan bastalady Miokard infarktinin mundaj bastamasy zhүrekte birneshe postinfarkttyk tyrtygy nemese diffuzdy kardiosklerozy bar kart adamdarga zhәne papillyarlyk bulshykettin nekrozyna tәn Naukas entigip ortopnoe kүjinde bolady Өkpede aldymen usak kopirshikti kejin orta zhәne iri kopirshikti ylgaldy syryldar alystan estiletin syryldy tynys pajda bolady Өkpe arteriyasynda 1 tonnyn akcenti estiledi Shuly syryldy tynysty kejde zhүrek tondaryn estirtpejdi Miokard infarktisinin astmalyk tүri ote auyr bolgandyktan kobine olimge alyp keledi Aritmiyalyk tүri paroksizmdik yrgak buzylysynan zhybyr aritmiyasynan atrioventrikulalyk blokadadan bastalady Mundaj zhagdaj otkizgishtik zhүjesinin nekrozga nemese ishemiyaga ushyrauynan bolady Abdominaldik tүri bul tүrinde auyrsynu epigastrij kindik mykyn zhәne kabyrgaasty ajmaktarynda ornalasady Sondyktan naukas auyrsynudy ish kuysy agzalarynyn patologiyasymen bajlanystyrady Klinikalyk korinisi askazan men on eki eli ishektin zhara auruyna pankreatitke zhiti holecistitke appendicitke uksajdy Diagnoz kate kojylganda naukas hirurgiyalyk emge alynuy yktimal Syrkattyn belgilerin suryptaganda auyrsynudyn ish kuysynda basym ornalaskanymen onyn koket kүmbezinen zhogary yagni keude kuysynda taraluyn eskergen zhon Dispepsiyalyk tүri Abdominaldik tүrinen ajryksha infarktinin bul tүrinde ish kuysynda auyrsynu bolmajdy Basty belgisi tagamdyk intoksikaciyaga uksas dispepsiyalyk buzylystar zhүrek ajnuy kusu Bul nuska mezenteriyalyk arteriyalardyn aterosklerozy zhәne askorytu zholdarynyn kosymsha aurulary bar kart naukastarda kezdesedi Kollapstyk tүri Miokard infarkti zhiti tamyr shamasyzdygynan bastalady arteriyalyk zhәne koktamyrlyk kysymdar kүrt tomendejdi naukastyn әli kuryp ter basady terisi bozarady esi kiresili shygasyly bolady agyl tegil terlejdi koktamyrlary ajkyn bolmajdy Әri karaj diurez azayady zhәne mikrocirkulyaciyalyk buzylystar asa kolemdi nekrozdyn damuynda kezdesedi Cerebraldik tүri Miokard infarkti nevrologiyalyk belgilerden bastalady Onyn belgileri mi kanajnalymy buzylysynyn korinisine uksajdy Miokard infarktinin bul tүri auyr cerebraldik aterosklerozy bar naukastarda bajkalady Shetkeri periferiyalyk tүri Bul tүrinde zhүrek tusynda tos manynda tipti keude sarajynda auyrsynu bolmajdy Auyrsynu irradiaciya ajmaktarynda gana iykta zhakta mojynda t b seziledi Auyrsynu dengeji әrtүrli birak kobine ajtarlyktaj emes Infarktinin bul tүri kobine auyr aterosklerozga shaldykkan egde kart adamdarga tәn Simptomsyzmylkautүri Miokard infarkti zhasyryn damidy Korinisinde sebepsiz әlsizdik bastyn azdap auyruy men ajnaluy shamaly entikpe tәbettin tomendeui ujkynyn buzyluy AҚ kubylysy subfebrildik kyzba bajkaluy mүmkin Naukas oz zhagdajyn zhagymsyz aua rajymen salkyndaumen bajlanystyryp bul belgilerge mәn bermesten zhүre beredi Simptomsyz miokard infarkti kezdejsok tekserilgende nemese EKG da kalgan tyrtyktanu ozgeristerimen anyktalady Miokard infarktisinin simptomsyz tүri kenet olim sebebinin biri bolyp tabylady On karynshanyn zhiti shamasyzdygymen damityn tүri Miokard infarkti on karynshanyn zhiti shamasyzdygynan bastalady Bul zhagdajda on kabyrgaasty otkir auyrady bauyr tez ulgayady zhүrek ajnuy kusu bajkalady zhәne 18 20 sagattan kejin isinu pajda bolady On karynshalyk infarkt keudenin on zhartysynan tүsirilgen keude tirkemelerinde anyktalady Totaldi zhүrek shamasyzdygymen damityn tүri Miokard infarktinin bul tүrinde auyrsynu bolmajdy Sol zhәne on karynshanyn kolemi katar nekrozga ushyrauynan irkilis eki shenberde bir uakytta damidy Sol karynsha shamasyzdygy zhүrek astmasy zhәne okpenin isinuimen on karynsha shamasyzdygy үlken shenberdegi damityn zhiti irkilispen bauyrdyn tez ulgajyp katty auyrsynuy zhүrek ajnuy kusu t b bilinedi Shartty tүrde miokard infarktisinin astmalyk kollapstyk cerebraldik dispepsiyalyk aritmiyalyk simptomsyz zhәne on karynshanyn zhiti shamasyzdygymen totaldi zhүrek shamasyzdygymen damityn tүrleri zhatady Infarkttin tipti tүrine karaganda bulardyn barysy auyr zhәne olimge zhii alyp keledi Өlimnin zhiiligi bir zhagynan keseldin uaktyly anyktalmaj naukastyn auruhanaga kesh tүsuinen de bolady Miokard infarktinin auyrsynusyz tүrleri kobine zhas ulgajgan shakta zhүjeli aterosklerozdyn auyr tүrinde miokard infarktimen birneshe ret auyrgan adamdarda ZhIA arteriyalyk gipertoniyamen kantty diabetpen katar zhүrgende yagni auyrsynuga sezimtaldyk tomendegen zhagdajlarda damidy Budan baska barysyna karaj miokard infarktisinin recidivteushi sozylynky zhәne kajtalamaly tүrlerin ajyrady Recidivteushi miokard infarkti infarkttin otkir zhәne otkirleu kezenderinde 3 4 apta ishinde zhana nekroz oshaktarynyn damuymen sipattalady Eger zhana nekroz oshaktary 8 aptadan buryngy infarkt tyrtyktalgannan kejin pajda bolsa ony kajtalamaly miokard infarkti dep atajdy Miokard infarktinin sozylynky barysy nekroz oshagyndagy reparaciya үderisinin bayau zhүruinen bolady Bul zhagdajda zerthanalyk EKG lyk korsetkishterdin dinamikasy kalynky keledi Infarkttin barysy uzaryp naukastyn sauyguy kopke sozylady Mundaj barys әlsiregen kosymsha aurulary auyr stenozdaushy koronarosklerozy bar kәri adamdarga tәn Miokard infarktinin negizgi klinikalyk sindromdary 1 Anginaldik sindrom 2 Oshakty EKG lyk ozgerister sindromy 3 Rezorbciyalyk nekrozdyk miokard infarktin dәleldejtin basty sindrom Bul sindrom nekroz oshagynan bolingen zattardyn kanga otuinen zhәne aseptikalyk kabynudan bolady Onyn basty belgileri dene kyzuynyn 37 38 oS shamasyna dejin biikteui nejtrofildik lejkocitoz 5 7 shi kүnderde lejkocitozdyn tomendeuinen zhәne ETZh nyn zhogarylauynan bolatyn kajshylyk belgisi kardiomiocitterdin oluin korsetetin zerthanalyk belgilerdin boluy Kardiomiocitter nekrozynyn markerlerine birkatar fermentter aspartataminotransferaza laktatdegidrogenaza kreatinfosfokinaza glikogenfosforilaza zhәne miozin mioglobin T I kardiotroponinder zhatady Fermentterdin kandagy koncentraciyasy nekrozdyn kolemine infarkt bastaluynan kejin kan alu uakytyna zhәne nekroz oshagynan fermentterdin shajylyp shygu zhyldamdygyna tәueldi Miokard infarktimen auru zhiiligi syrkat adamnyn zhasy ulgajgan sajyn artady N A Mazurdyn mәlimetine sүjensek 1000 adamga shakkanda miokard infarktimen auyru 30 39 zhasta 0 76 bolsa 60 64 zhas aralygynda 17 1 dengejinde bolady Egde zhastagy adamdarda ateroskleroz үderisinin үdeuimen katar tamyr kabyrgalarynyn zhүrek bulshyketinin kannyn reologiyalyk kasietterinin gemodinamikalyk nejrogumoraldyk regulyaciyanyn ozgeriske ushyrauy miokard infarktinin pajda boluyna sebep bolatyn faktorlar Sonymen birge zhas ulgayuyna bajlanysty adaptaciyalyk kompensatorlyk ozgerister bayaulap kartayu үderisine bajlanysty baska da aurulardyn belen aluy sebep boluy mүmkin Zhas ulgaya kele erler men әjelder arasynda miokard infarktimen auru zhiiliginin ara katynasy zhakyndaj bastajdy Egde zhәne kart adamdarda miokard infarkti auruy anamnezinde uzak stenokardiya negizinde sonymen birge kyska gana koronarlyk anamnezde kezdesui mүmkin Miokard infarktinin 80 klinikalyk korinisinde egde zhәne kart adamdarda auyrsynu sindromymen korinis beredi Birak osy zhastagy adamdarda zhasyna bajlanysty auyrsynu sezimtaldagyn sezu zhogarylygy ozgeruine bajlanysty auyrsynu sindromy anyk bajkalmajdy Egde adamdar miokard infarktimen auyrgandagy bir ereksheligi kanajnalymnyn totaldy shamasyzdygy korinis berip 30 35 olimge әkeledi Kardiogendi shok tek auyrsynu sindromynda gana emes miokard infarktinin auyrsynusyz tүrinde zhүrek yrgagynyn kүrdeli buzylysynda kezdesedi Bul tүri 70 zhastan askan әjel naukastar miokard infarktimen kajtalap auyrganda arterialdyk gipertenziyada bajkalady Miokard infarktinin emi auyrsynu sindromyn toktatu nitroglicerin peroraldy sprej nemese sublingvaldy tabletka tүrinde koldanylady morfin 4 6 mg koktamyrga zhiberiledi kazhet zhagdajda kosymsha әr 5 minutta 4 mg nan 1 3 ret salynady Osy preparatka alternativti dәri oksidon 3 5 mg koktamyrga zhiberiledi kandagy oksigenaciya zhetimsizdigine ottegi ingalyaciyasy koldanylady auyrsynu sindromyn azajtu maksatynda beta adrenoblokatorlar koktamyrga zhiberiledi acetilsalicil kyshkylyn 250 mg shajnatu kerek geparin koktamyrga zhiberiledi miokard infarkti zhүrek shamasyzdygyna әkelgen zhagdajda angiotenzin tүzushi fermentterdin ingibitorlary beriledi Derekkozder GERONTOLOGIYa ZhӘNE GERIATRIYa Bekmurzaeva E Қ Sejdahmetova A A Ibragimova R B Sejdalieva F M Sadykova G S Umiralieva G A Azizova A A Abdukarimova Zh M Bajdullaev B M Қorganbaeva H T oku kuraly Shymkent 2012