«Менің атым Қожа» — 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы түсірген балалар фильмі. Режиссері — Абдолла Қарсақбаев. Сценариі Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінің желісімен жазылды.
Менің атым Қожа | |
Режиссёрі | |
---|---|
Сценарийдің авторы | |
Басты рөлдерде |
|
Операторы | |
Композиторы | |
Кинокомпания | |
Ұзақтығы | 86 мин. |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
IMDb |
Сюжеті
Фильмге өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы қазақ ауылының өмірі арқау болған. Басты кейіпкері Қожа ақылды, сонымен бірге бұзық, әкесіз өскен бала. Фильм барысында ол көп нәрсеге ұрынады. Ғашық та болады, төбелеседі де, бұзықтық та жасайды, сабақтан да қуылады, жиналыста тәртібі де қаралады, мектептен қуылуға шақ қалады. Ол тәртіпсіздіктерге кейде саналы түрде, кейде білместікпен барады. Дегенмен ол оншалық ессіз бала емес. Сондықтан болар, осы күнге дейін жұртшылықтың сүйікті кейіпкері саналады.
Фильмде қазақы ауылдағы аналық, әжелік мейірімді, пионерлер өмірін, сол заманғы қоғамдық тәртіпті сезіне аласыз.
Басқа да фактілер
Совет идеологиясы дінге қарсы болған болса да, кейбір эпизодтарда цензураны жіберіп қойған. Фильмде бас кейіпкердің әжесінің аузынан бірнеше рет «Алла» сөзі шығып, Мұхамед пайғамбардың есімі аталады. Бір диалогта ол тіпті немересіне «Қайдағы жоқ шатпағыңды тастап, «Бісміллә» деп айтшы» деп жалынады.
Қожаның рөлін ойнаған Нұрлан Санжар (киноға түскен кезде – Нұрлан Сегізбаев)— қала баласы. Ол киноға түсу мектепке бармаудың жақсы сылтауы болғанын мойындайды. "Анама бірінші сыныптан бастап «оқығым келмейді» дейтінмін. Ол мені Ленин даңғылынан 33-мектепке дейін таяқпен қуып апаратын" дейді ол.
Абдолла Қарсақбаевтың келіні Майра былай деп еске алады:
Фильм Үшқоңыр, Талғар, Түргенде және Үлкен Алматы көлінің маңында түсірілген. Көпшілік көріністерінде Қаскелең қаласының Абай атындағы мектебінің оқушылары түскен. "Лениншіл жас" газетінің 1964 жылдың 26 наурызындағы санында Абдолла Қарсақбаевтың фильмнің қалай түсірілгені жайында мақаласы шықты. Онда ол былай деп есіне алады: "Балалардың мұқтаждықтарын ескеріп отырдық. Әр 15 минут сайын үзіліс жасап, балаларды демалдырып, ойнатып отырдық. Мен де олармен қосылып ойын ойнайтын едім". Бір қызығы, Абдолла Қарсақбаев алғаш рет фильмге музыка жазуға опера және театр балетінің дирижері, 12-ші мектеп-интернатта бірге оқыған досы Нұрғиса Тілендиевті шақырды. Ол фильмнің музыкасын, соның ішінде кейін халық арасына кеңінен тараған "Саржайлау" өлеңін жазды. 2008 жылы режиссер Еркін Рақышевтің бастамасымен "Менің де атым Қожа" фильмі түсірілді. Рөлдерде: Қалықұлов Жанұзақ, Тоғызова Жеңіскүл, Рысханым Аухадиева, Ұлтуар Мырзалиева, Жұмабек Сыдықов, Меруерт Қасымбек, Медет Рысбек, Арайлым Шакерова.
Рөлдерде
- — Қожа Қадыров
- — Жанар
- Бикен Римова — Миллат
- — Сұлтан
- — Жантас
- — Дәулет
- Кененбай Қожабеков — Рахманов, мұғалім
- Қалкен Әділшінов — Ахметов, мектеп директоры
- Зағи Құрманбаева — Қожаның әжесі
- Раиса Мұхамедиярова — Хадиша Майқанова, Қожаның сынып жетекшісі
- Мәкіл Құланбаев — Қаратай
- Бәйділда Қалтаев — Сайбек
- — Жұмағұл, қойшы
- Әтейбек Жолымбетов — эпизод
- Рахметолда Сәлменов — колхозшы
- К. Жүнісова — эпизод
- Н. Дәулетқалиева — эпизод
- Б. Өткелов — эпизод
- Т. Тұрсынмұратов — эпизод
- Б. Әділшінов — эпизод
Ескерткіш
2022 жылдың 1 маусымында Астана қаласында «Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкеріне арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіш фильмдегі бас кейіпкердің айна алдында жасырын кездесу өткізетін эпизодты бейнелеген. Ескерткіш қоладан, ал тұғыр граниттен жасалған. Ескерткіштің биіктігі – 183 см. Композиция авторы – мүсінші Азамат Талапхан, идеясы авторы – Мұрат Қожамқұлов.
Дереккөздер
- 50 лет фильму «Менің атым Қожа»Мұрағатталған 8 қыркүйектің 2017 жылы.
- Елордада "Менің атым Қожа" кейіпкеріне арнап ескерткіш ашылды (1 маусым 2022).
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Menin atym Қozha 1963 zhyly Қazakfilm studiyasy tүsirgen balalar filmi Rezhisseri Abdolla Қarsakbaev Scenarii Berdibek Sokpakbaevtyn Menin atym Қozha povesinin zhelisimen zhazyldy Menin atym ҚozhaRezhissyoriAbdolla ҚarsakbaevScenarijdin avtoryBerdibek SokpakbaevBasty rolderdeBiken Rimova Kenenbaj Қozhabekov Zagi Қurmanbaeva Raisa MuhamediyarovaOperatoryMihail AranyshevKompozitoryNurgisa TilendievKinokompaniyaҚazakfilmҰzaktygy86 min Memleket KSROTiliorysshaShykkan zhyly1963IMDbID 1804605SyuzhetiFilmge otken gasyrdyn eluinshi zhyldaryndagy kazak auylynyn omiri arkau bolgan Basty kejipkeri Қozha akyldy sonymen birge buzyk әkesiz osken bala Film barysynda ol kop nәrsege urynady Ғashyk ta bolady tobelesedi de buzyktyk ta zhasajdy sabaktan da kuylady zhinalysta tәrtibi de karalady mektepten kuyluga shak kalady Ol tәrtipsizdikterge kejde sanaly tүrde kejde bilmestikpen barady Degenmen ol onshalyk essiz bala emes Sondyktan bolar osy kүnge dejin zhurtshylyktyn sүjikti kejipkeri sanalady Filmde kazaky auyldagy analyk әzhelik mejirimdi pionerler omirin sol zamangy kogamdyk tәrtipti sezine alasyz Baska da faktilerSovet ideologiyasy dinge karsy bolgan bolsa da kejbir epizodtarda cenzurany zhiberip kojgan Filmde bas kejipkerdin әzhesinin auzynan birneshe ret Alla sozi shygyp Muhamed pajgambardyn esimi atalady Bir dialogta ol tipti nemeresine Қajdagy zhok shatpagyndy tastap Bismillә dep ajtshy dep zhalynady Қozhanyn rolin ojnagan Nurlan Sanzhar kinoga tүsken kezde Nurlan Segizbaev kala balasy Ol kinoga tүsu mektepke barmaudyn zhaksy syltauy bolganyn mojyndajdy Anama birinshi synyptan bastap okygym kelmejdi dejtinmin Ol meni Lenin dangylynan 33 mektepke dejin tayakpen kuyp aparatyn dejdi ol Abdolla Қarsakbaevtyn kelini Majra bylaj dep eske alady Film Үshkonyr Talgar Tүrgende zhәne Үlken Almaty kolinin manynda tүsirilgen Kopshilik korinisterinde Қaskelen kalasynyn Abaj atyndagy mektebinin okushylary tүsken Leninshil zhas gazetinin 1964 zhyldyn 26 nauryzyndagy sanynda Abdolla Қarsakbaevtyn filmnin kalaj tүsirilgeni zhajynda makalasy shykty Onda ol bylaj dep esine alady Balalardyn muktazhdyktaryn eskerip otyrdyk Әr 15 minut sajyn үzilis zhasap balalardy demaldyryp ojnatyp otyrdyk Men de olarmen kosylyp ojyn ojnajtyn edim Bir kyzygy Abdolla Қarsakbaev algash ret filmge muzyka zhazuga opera zhәne teatr baletinin dirizheri 12 shi mektep internatta birge okygan dosy Nurgisa Tilendievti shakyrdy Ol filmnin muzykasyn sonyn ishinde kejin halyk arasyna keninen taragan Sarzhajlau olenin zhazdy 2008 zhyly rezhisser Erkin Rakyshevtin bastamasymen Menin de atym Қozha filmi tүsirildi Rolderde Қalykulov Zhanuzak Togyzova Zheniskүl Ryshanym Auhadieva Ұltuar Myrzalieva Zhumabek Sydykov Meruert Қasymbek Medet Rysbek Arajlym Shakerova Rolderde Қozha Қadyrov Zhanar Biken Rimova Millat Sultan Zhantas Dәulet Kenenbaj Қozhabekov Rahmanov mugalim Қalken Әdilshinov Ahmetov mektep direktory Zagi Қurmanbaeva Қozhanyn әzhesi Raisa Muhamediyarova Hadisha Majkanova Қozhanyn synyp zhetekshisi Mәkil Қulanbaev Қarataj Bәjdilda Қaltaev Sajbek Zhumagul kojshy Әtejbek Zholymbetov epizod Rahmetolda Sәlmenov kolhozshy K Zhүnisova epizod N Dәuletkalieva epizod B Өtkelov epizod T Tursynmuratov epizod B Әdilshinov epizodEskertkish2022 zhyldyn 1 mausymynda Astana kalasynda Menin atym Қozha filminin basty kejipkerine arnalgan eskertkish ashyldy Eskertkish filmdegi bas kejipkerdin ajna aldynda zhasyryn kezdesu otkizetin epizodty bejnelegen Eskertkish koladan al tugyr granitten zhasalgan Eskertkishtin biiktigi 183 sm Kompoziciya avtory mүsinshi Azamat Talaphan ideyasy avtory Murat Қozhamkulov Derekkozder50 let filmu Menin atym Қozha Muragattalgan 8 kyrkүjektin 2017 zhyly Elordada Menin atym Қozha kejipkerine arnap eskertkish ashyldy 1 mausym 2022