Медеу бөгеті — тасқынға тосқауыл мақсатында жасалған ғимарат; Алматы қаласынан оңтүстік бағытта 15 км, Іле Алатауының Медеу шатқалында ( 1750 м биіктікте).
Алматы қаласының ішімен ағып өтетін Кіші Алматы мен Үлкен Алматы өзендерінде ауық-ауық тасқындар болып тұрады. Мұндай 1888, 1889, 1918 ж. қайталанды. 1921 ж. 8-шілдедегі лай тасқыны қалаға жалпы көлемі 1,5 млн. м3 тас пен құм-топырақ алып келіп, қалаға зор нұқсан келтірді. Бұдан кейін де бірнеше рет тасқын қайталанды. Осындай қауіпті тасқындырдан Алматы қаласынан қорғаудың кешенді жобасын жасаумен “Гидропроект” институты айналысты. Дүниежүзілік тәжірибеде теңдесі жоқ, лай-тас ағынынан қорғайтын үлкен көлемдегі инжинерлі ғимарат жобасы кеңінен талқыланды. КСРО ҰА-ның президиумы 1966 ж. Медеу шатқалын бөгеу жобасын бекітті. Сол жылдың 21 қазанында жобаны іске асыру мақсатында 1-қопарылыс, 1967 ж. 14 сәуірде 2-қопарылыс жасалды. Оған жалпы салмағы 8723 т қопарғыш заттар жұмсалды. Қопарылыс нәтижесінде көлемі 5 млн. м3 тау жыныстары шатқалға бағытталып құлатылып, биікт. 107 м, ені 400 м-дей (6,2 млн. м3 су сиятын) бөгет жасалды. Бөгет 1972 ж. пайдалануға берілді. Медеу бөгеті Алматы қаласын 1973 ж. 15 шілдедегі өте қауіпті тасқыннан қорғап қалды. Тасқыннан кейін бөгет беріктігін арттыра түсу және бастапқы жобалық мөлшердегі сыйымдылығын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде 1974 ж. бөгеттің биіктігі 125 метрге, ал табанының жалпақтығы шамамен 600 метрге, жалпы көлемі 6 млн. м3-ден астам тасқынға тосқауыл болатын дәрежеге қайта келтірілді. 1980 ж. бөгеттің биіктігі 150 метрге, ені 800 метрге, сыйымдылығы 12,6 млн. м3-ге дейін жеткізілді. Медеу бөгетін салу мәселесіне академик Н.В. Мельников, профессор Г.И. Покровский, техника ғылымының докторлары М.М. Докучаев, Г.П. Демидюк, тағыда басқа ғалымдар қатысып, басшылық жасады. Медеу бөгетін жасауда пайдаланылған қопарылыс өзіне дейін дүниежүзілік тәжірибеде бұрын-соңды іске асырылмаған, бейбіт мақсаттағы ең ірі қопарылыс болды.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Medeu bogeti taskynga toskauyl maksatynda zhasalgan gimarat Almaty kalasynan ontүstik bagytta 15 km Ile Alatauynyn Medeu shatkalynda 1750 m biiktikte Medeu bogeti Almaty kalasynyn ishimen agyp otetin Kishi Almaty men Үlken Almaty ozenderinde auyk auyk taskyndar bolyp turady Mundaj 1888 1889 1918 zh kajtalandy 1921 zh 8 shildedegi laj taskyny kalaga zhalpy kolemi 1 5 mln m3 tas pen kum topyrak alyp kelip kalaga zor nuksan keltirdi Budan kejin de birneshe ret taskyn kajtalandy Osyndaj kauipti taskyndyrdan Almaty kalasynan korgaudyn keshendi zhobasyn zhasaumen Gidroproekt instituty ajnalysty Dүniezhүzilik tәzhiribede tendesi zhok laj tas agynynan korgajtyn үlken kolemdegi inzhinerli gimarat zhobasy keninen talkylandy KSRO ҰA nyn prezidiumy 1966 zh Medeu shatkalyn bogeu zhobasyn bekitti Sol zhyldyn 21 kazanynda zhobany iske asyru maksatynda 1 koparylys 1967 zh 14 sәuirde 2 koparylys zhasaldy Ogan zhalpy salmagy 8723 t kopargysh zattar zhumsaldy Қoparylys nәtizhesinde kolemi 5 mln m3 tau zhynystary shatkalga bagyttalyp kulatylyp biikt 107 m eni 400 m dej 6 2 mln m3 su siyatyn boget zhasaldy Boget 1972 zh pajdalanuga berildi Medeu bogeti Almaty kalasyn 1973 zh 15 shildedegi ote kauipti taskynnan korgap kaldy Taskynnan kejin boget beriktigin arttyra tүsu zhәne bastapky zhobalyk molsherdegi syjymdylygyn kalpyna keltiru zhumystary kolga alyndy Sonyn nәtizhesinde 1974 zh bogettin biiktigi 125 metrge al tabanynyn zhalpaktygy shamamen 600 metrge zhalpy kolemi 6 mln m3 den astam taskynga toskauyl bolatyn dәrezhege kajta keltirildi 1980 zh bogettin biiktigi 150 metrge eni 800 metrge syjymdylygy 12 6 mln m3 ge dejin zhetkizildi Medeu bogetin salu mәselesine akademik N V Melnikov professor G I Pokrovskij tehnika gylymynyn doktorlary M M Dokuchaev G P Demidyuk tagyda baska galymdar katysyp basshylyk zhasady Medeu bogetin zhasauda pajdalanylgan koparylys ozine dejin dүniezhүzilik tәzhiribede buryn sondy iske asyrylmagan bejbit maksattagy en iri koparylys boldy DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet