Отыз жылдай уақытта жүргізілген терең барлау жұмыстарының нәтижесінде Маңғыстау өте ірі мұнай мен газ қоры бар өлкеге айналды. Облыста 59 мұнай-газ кен орындары игерілуде, олардың 40-ы «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінің меншігінде болса, 18-і «Маңғыстаумұнайгазгеология» бірлестігінде. Тек бір кен орны (Қаражанбас) – «Қаражанбастермнефть» мұнай-газ өндіру басқармасына (МГӨБ) қарайды. Мұнай-газ кен орындарының ашылуын төмендегі кестеден көруге болады:
![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdlkyOXRiVzl1Y3k5MGFIVnRZaTh5THpJeEx5VkVNQ1U1UXlWRU1DVkNNQ1ZFTWlWQk15VkVNaVU1TXlWRU1TVTRRaVZFTVNVNE1TVkVNU1U0TWlWRU1DVkNNQ1ZFTVNVNE0xOGxSREFsUWtJbFJEQWxRa1VsUkRBbFFqTWxSREFsUWtVbFJERWxPRElsUkRBbFFqZ2xSREFsUWpFbFJERWxPVFl1YW5Cbkx6SXlNSEI0TFNWRU1DVTVReVZFTUNWQ01DVkVNaVZCTXlWRU1pVTVNeVZFTVNVNFFpVkVNU1U0TVNWRU1TVTRNaVZFTUNWQ01DVkVNU1U0TTE4bFJEQWxRa0lsUkRBbFFrVWxSREFsUWpNbFJEQWxRa1VsUkRFbE9ESWxSREFsUWpnbFJEQWxRakVsUkRFbE9UWXVhbkJuLmpwZw==.jpg)
Мұнай-газ кен орындары көмірсутектер түріне қарай төмендегідей болып бөлшектенеді: мұнай-газ кен орындары – 23, мұнай кен орындары – 22, газ кен орындары – 14. Кестеден көрсетілгендей кен орындардың басым көпшілігі Оңтүстік Маңғыстауда (41 кен орны) және соған сәйкес мұнай мен газдың алынатын қорлары да (бүкіл облыс қорының 66,5%-ы) осы аймақта. Оңтүстік Маңғыстауға Өзен – Жетібай, Жазыгүрлі, Қарақия мұнай-газ зоналары қарайды. Келесі орында Бозащы түбегі, онда 8 кен орны (қордың 29,8%-ы бар, 3-орында – Үстіртте 4 кен орны қордың 2,5%-ы), соңғы орында Оңтүстік Каспий маңы аймағы, 6 кен орны (қордың 1,2%-ы) бар. Маңғыстау мұнай-газ кен орындары бұрынғы Одақтың кен орындары сияқты қордың мөлшеріне қарай өте ірі (қоры 300 млн. т-дан астам), ірі (қоры 30 – 300 млн. т), орташа (10 – 30 млн.т) және уақ (10 млн. т-ға дейін) болып бөлінеді. Кен орындары қорының мөлшеріне қарай бөлінуін төмендегі кестеден көруге болады.
Ірі кен орындары қорының пайыздық мөлшері: Қаламқас (14,2% қоры бар), Жетібай (13,6%), (7,5%), (6,2 %),Теңге (3,2 %), (2,0 %), (1,4 %), (1,2 %), Асар (0,8 %). Маңғыстауда мұнай-газ кен орындары палеоген тобынан бастап палеозой дәуіріне дейінгі шөгінділерінде табылғанын келесі кестеден көруге болады.
Кен орындарының көпшілігі юра мен бор дәуірінің тау жыныстарынан табылған (59,3%), сонан кейінгі орынды юра мен триас (27,1%) түзілімдеріне беруге болады.
Ең ескі дәуір палеозойда мұнай көзі кен орнында гранит тау жыныстарымен байланысты болса, Елеместе – карбонит теңіз шөгінділерінде табылды.
Қазір триас дәуіріндегі өндірістік мұнай мен газ қорлары тек Оңтүстік Маңғыстау алаңдарынан табылып отыр. Триастың әрбір үш бөлімшелерінде құнарлы қабаттар барлығы дәлелденді. Олардың ішінде орта триастың мұнайлылығы мен газдылығы, басқа бөлімдермен салыстырғанда едәуір басым. Осы құнарлы қабаттарда мұнай мен газ кендері ұсақ кеуекті тау жыныстары коллекторларында орналасқан. Триастың құнарлы қабаттары 2900 – 4400 м тереңдікте кездеседі.
Маңғыстау облысының отын қоры ресурсы және оның басым бөлігі юра қабаттарымен байланысты. Оңтүстік Маңғыстау немесе Бозащы, Солтүстік Үстірт және Оңтүстік Каспий маңы аймақтарындағы табылған мұнай-газ кен орындарының көпшілігі юраның құнарлы қабаттарымен байланысты. Олардың тереңдігі әрбір тектоник. зоналарда әр түрлі: Бозащыда 360 м тереңдікте кездессе, Оңтүстік Маңғыстаудың кейбір алаңдарында 2000 м-ден астам тереңдікте кездеседі. Бұл өлшемдердің тек қана сол қабаттардың тереңдігінде ғана емес, олар кейде сол юра қабатының қалыңдығына да байланысты. Оңтүстік Маңғыстауда ол қабаттардың жалпы қалыңд. 1000 м-ден асса, ал Бозащыда ол өлшем 3 – 4 есеге кемиді, яғни олардың қалыңд. 250 – 350 м-ден аспайды. Ал Қаражанбас кен орнының орталық бөлігінде тіпті бұл түзілімдердің қалыңдығы мүлде азаяды. Оңтүстік Маңғыстауда юра шөгінділерінде 13 құнарлы қабат бар.
Олардың ю-1 қабаты жоғарғы юраның бөлігіне қараса, орталық бөлімшеде ю-2-ден бастап ю-12 қабатқа дейін, яғни 11 құнарлы қабат бар, ал ең тереңдегі төменгі бөлімінде тек ю-13 қабат белгіленді. Осы құнарлы қабаттардың қалыңдығы орта есеппен 40 – 75 м шамасында, олар бір-бірінен тығыз және қатты, қалыңд. 10 – 12 м-ден 20 – 25 м-лік сазды тұнбалармен бөлінеді де, мұнай-газ немесе су кендерінің жасақталуына қолайлы жағдай жасайды. Бозащыда құнарлы юра қабаттары осы кезеңнің тек қана орталық бөлімімен байланысты. Осы юра тұнбаларындағы мұнай-газ және жер асты су кен көздері құмтас қабаттарынан орын алады. Соңғылардың ұсақ кеуектігі 13%-дан 36% арасында.
Бор құнарлы қабаттардың қасиеті юра тұнбаларындағы құнарлы қабаттардың қасиетіне сәйкес. Бор қабаттарындағы ашылған кен орындары неокомнан (Бозащы) сеноман (Өзен) кезеңіне дейінгі аралықтағы қалыптасқан түзілімдермен байланысты. Олардың ұсақ кеуектігі 23 – 29% аралығында. Оңтүстік Маңғыстаудағы юра қабаттарының мұнайы аса сапалы, сирек кездесетін, ерекше мұнай +35 – +37С-тың өзінде ұйи бастайтын, төрттен бірі парафинді мұнай жер қойнауында қабаттар қысымымен сұйық күйде сақталғанымен, жер бетіне шыға қоюлана бастайды. Өйткені оның құрамында шайыр мөлшері көбірек, күкіртті қосындылары аз, метанды көміртектері басым. Тығыздығы 0,84 – 0,88. Оның құрамында 15% бензин бар. Бозащы мұнайлары Оңтүстік Маңғыстау мұнайларының құрамынан бөлектеу. Олар күкіртті (2,5%-ға дейін), парафин қоспалары аз (3,6%-ға дейін), асфальт пен шайыр қоспаларының көптігінен (14,8 – 29,9%) тығыздығы жоғары (0,89 – 0,94). Бозащы мұнайы суыққа төзімді (–17 – 27С-та қатады), құрамында ванадий тотықтары кездеседі.
Триас қабаттарының мұнайы тек қана өзіне сәйкес Оңтүстік Маңғыстау мен Бозащыдағы юра қабаттарындағы мұнай қасиеттеріне ұқсамайтын ерекшеліктері бар. Олардың тығыздығы жеңілдеу (0,81 – 0,86), күкіртсіз, кейде күкірт қоспалары аз (1,3%-ға дейін), парафинді (27,8%), асфальт пен шайыр қосындылары онша көп емес (11,80 дейін), жоғарғы температурада (+38 – +400 дейін) қоюланады.
Мұнай өндіру Маңғыстауда «Маңғыстаумұнай» бірлестігінің құрылуымен байланысты (қазіргі «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігі). Осы уақытта ММГ өндірістік бірлестігі қарауында 38 әр түрлі басқармалар мен зауыттары бар мемл. мекемені құрады. Бірлестіктің құрамына осы кәсіпорындардан басқа Қазақтың ғылыми.-зерттеу және жобалау мұнай институты (ҚазҒЗЖМИ) қарайды.
«Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігінің өсу жолындағы басты кезеңдері: 1964 ж. «Маңғыстаумұнай» бірлестігі құрамында Жаңаөзенде «Өзен» мұнай өндірістік басқармасы құрылды (бастығы – , бас инженері – , бас геологы – ).
1964 ж. 19 – 22 мамырда Шевченко қаласыннда (қазіргі Ақтау) мұнайшылар мен мұнай барлаушылардың Бүкілодақтық ғылыми-технологиялық конференциясы болып, Маңғыстау байлығын игеру туралы аса маңызды мәселе қаралды. Оған бұрынғы Одақтың әрбір бірлестіктерінен, ғылыми-зерттеулер институттарының өкілдері қатысты. 10 маусымда уақытша тапсырылған Өзен – Маңғыстау – Мақат т. ж-мен алғашқы Өзен мұнайы Атырау мұнай өндеу зауытына жіберілді. Ақтау – Өзен электр желісі (ЛЭП – 110 кВт) және Сауысқан – Өзен тұщы су құбыры пайдалануға берілді.
1966 ж. мамыр айында Жетібай мұнай өндіру басқармасы құрылды (бастығы , бас инж. , бас геолог ). Сол жылы 10 шілдеде Өзен кен орнынан тұңғыш рет 1 млн. т «қара алтын» өндірілді. Ұз. 140 км болатын Өзен – Жетібай – Ақтау мұнай құбыры пайдалануға берілді. Осы құбыр арқылы Оңтүстік Маңғыстау мұнайы Ақтаудағы теңіз порты арқылы тасымалдануға мүмкіндік алды. Жаңаөзен – Ақтау автомобиль жолы іске қосылды.
1967 ж. ұз. 1500 км болатын дүниежүзілік маңызы бар трансконтиненттік Өзен – Атырау – Самара мұнай құбырларының салынуы басталды. Келесі жылы Жетібай мен Өзен кен орындарынан газды өндіру басталды әрі осы кен орындарында алғашқы газ-лифтмұнай өндіру әдісі қолданыла бастады.
1969 ж. Өзен – Атырау – Самара мұнай құбырының бірінші кезегі – ұзындығы. 711 км болатын Өзен – Атырау аралығы іске қосылды.
1970 ж. Өзен кен орнында құнарлы қабаттарға ыссы су айдайтын дүние жүзінде алғашқы рет тәжірибелі-өндірістік қондырғы өндіріске берілді. Теңге газ кен орнынан өнім өндіру басталды. Мұнда ерекше қондырғылар арқылы газды төм. жылылықпен тазарту қаралды. Бұрынғы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу мұнай институтының Маңғыстаудағы лабораториясының негізімен Ақтау қаласында Қазақтың ғылыми-зерттеу және жобалау мұнай институтының ғылыми бөлімі ашылды.
1971 ж. Жаңаөзен қаласын тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатымен Түйесу – Жаңаөзен су құбыры салына бастады. Теңге кен орнынан (1972) өндірістік газ өндіру басталып, Орта Азия – Орталық газ құбырымен тасымалдау іске қосылды. Өзен – Бейнеу газ құбыры өндіріске қабылданып алынды. Мұнай өндірісінде телемеханизацияландыру басталды. Қазақстанда бірінші «Маңғыстаугазөндіру» басқармасы құрылды. Оңтүстік Жетібай мұнай-газ кен орны ашылды.
1973 ж. республиканың тұңғыш газ өңдеу зауыты іске қосылып, Маңғыстауда 0,5 млрд. м3 газды айырып-өңдеу мүмкіндігіне қол жетті. Өзен кен орнының Қарамандыбас бөлігінде мұнай өндіру басталды. Жер асты қабаттарының қысымын өсіру үшін Жетібай кен орнында мұнай қабаттарына теңіз суын айдау басталды. Оңтүстік Жетібай, Асар кен орындары және Бектұрлы мұнай-газ кен орнында мұнай өндіру (1974) іске қосылды. 1975 ж. Өзен кен орнында өндірістік мұнай ісінде алғаш рет мұнай кендеріне термальдық суды өндірумен қатар үлкен қысыммен айдап құнарлы қабаттарды суландыру ісі жүзеге асырылды. Бірлестік бойынша жылдық мұнай өндіру деңгейі ең жоғарғы көрсеткішке – 16343,6 мың т-ға жетті.
Жетібай кен орнында газды төменгі температурамен тазалау қондырғысы іске қосылып, Жетібайдан Өзендегі газ өңдеу зауытына дейін газ және конденсат құбырлары өндіріске тапсырылды. және газ кен орындары ашылды. 1976 ж. Оңтүстік Жетібайда газ конденсатты кендер пайдалануға беріліп, триас қабаттарынан газ өндірілді. 1977 ж. «Өзенмұнайөндіру» басқармасы «Өзенмұнайгаз» өндірістік басқармасы деп өзгертілді. институты Өзен кен орнының барлық мұнай кендерін өндіруін қарастырған жоба жасады. Кен қабаттарына ыстық су айдау тәулігіне 1400 м3 жылдамдықпен жер асты жандыру қондырғысы жұмыс істей бастады. Бірлестік бойынша ең жоғарғы жылдық газ өнімі 3,74 млрд.м3-ге жетті.
1978 ж. жер асты ыстық су айдау мақсатымен су қайнату қондырғылары (УВАГ-2 және ПТБ-10) бар пештер өңдіріске қосылды. Шығыс Жетібай мұнай кен орны іске қосылды. Газ конденсатты Терістік Ракуш кен орны ашылып іске қосылып, 53 шақырымдық мұнай құбыры салынып, мұнай мен газ өз қысымымен Жетібайдағы мұнай дайындау қондырғысына түсе бастады.
1979 ж. Құнарлы мұнай қабаттарының қысыммен көтеруге арналған жер асты су айдаудың термальдық-сатылы суландыру әдісі өндіріске қосылып, газ конденсатты Тамды кен орны ашылды. Сол жылы 2 наурызда «Комсомол» мұнай-газ өндіру басқармасы (бастығы , бас инженері , бас геологы , осындағы алғашқы мұнай өндіру цехының басшысы ) құрылды. мұнай құбыры, 277 шақырымдық Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау жоғарғы вольтты электр жүйесі өндіріске қосылды. Қаламқас кен орнында газды төменгі температуралық әдіспен тазалайтын қондырғылар іске қосыла бастады.
1980 ж. Қаражанбас кен орнында өндірістік пайдалану жұмыстары басталды. Қаламқаста жер асты су айдау жұмыстары жүргізіліп, кен орнында мұнай өндірудің жинақты мөлш. 1,0 млн-ға жетті. Оймаша мұнай-газ кен орны ашылып, ол 1981 ж. мұнай бере бастады, Қазақстанда тұңғыш рет гранит тау жыныстарында мұнай кені барлығы дәлелденді. Қаражанбас кен орнында полимерлік ерітінділер айдау жұмыстары басталды. Ұзындығы 30 км болатын Каспий теңізінің толқынды суларынан қорғаныс бөгеттері салынды. Қызылқұм тұщы су кен орнынан су өндіру үшін Қияқты өндіру бөлімшесі іске қосылды.
1982 ж. Қаламқас кен орнында өндіріс орындарын телемеханизациялау және өндіргіш су айдайтын ұңғымаларды жабысқақ-серпінді қоспалармен өндеу жұмыстары басталды. Тасболат және Батыс Теңге мұнай-газ конденсатты кен орындары пайдалануға қосылып алғашқы мұнай берді. Сол жылы Шынжыр мұнай қоры ашылды.
1983 ж. Өзен кен орнында қабаттық қысымды қолдау (ҚҚҚ) жүйесінде қабатқа су айдау толық орын алды, су айдау көлемі тәулігіне 150 мың м3-ге жетті. Шығыс Жетібайда мұнай өндіру әдісі толықтай газ-лифт жүйесіне ауысты. Бозащыда теңіз суын жинақтау қондырғысы тұрғызылып, Қаламқас – Қаражанбас су құбыры жасалды. Полиакриламидтік қоспаларды құнарлы қабаттарға айдау жұмысы өндірістік-тәжірибе түрінде басталды. 1984 ж. Өзен кен орнында кен қабаттарын алаңдық және мәнерлі суландыру жұмыстары қолға алынды. Асар кен орны газ-лифттік әдіспен мұнай өндіруге толық көшті. Солтүстік Қарақия мұнай және Солтүстік-батыс Жетібай мұнай-газ кен орындары ашылды.
1985 ж. Өзен кен орнында жинақты мұнай өндіру деңгейі 200 млн. т-ға жетті. Ақтас мұнай қоры пайдалануға қосылды. Каменистое мұнай және Сәрсенбай, Пионер газ кен орындары ашылды. Бір жылдан кейін Өзен кен орнында қабаттарды циклдық суландыру енгізіле бастады. Қаражанбас кен орны жаңадан құрылған тәжірибелі-экспериментті «Қаражанбастерммұнай» мұнай-газ өндіру басқармасына (ТЭ МГӨБ) берілді. Шығыс Нармаул мұнай-газ кен орны ашылды.
1987 ж. Бұрмаша, Алатөбе мұнай кен орындары пайдалануға қосылып, мұнай бере бастады. Құнарлы қабаттарды қолдау мақсатымен Қаламқас кендеріне Еділ суын пайдаланды.
1988 ж. «Жетібаймұнайгаз» өндіру басқармасы құрылғаннан бері жинақты мұнай өнімі 50 млн. т-ға жетті. Солтүстік Қарақия мұнай кен орны пайдалануға берілді. Солтүстік Придорожное, Солтүстік Қарамандыбас мұнай және Жарты, Мақат, Шығыс Өзен, Оңтүстік-шығыс Бектұрлы газ кен орындары ашылды.
1989 ж. Придорожное кен орны пайдалануға беріліп, мұнай өндіріле бастады. Батыс Ақтас және Сартөбе, Айрантақыр, Солтүстік Аққар мұнай кен орындары ашылды.
1990 ж. Атамбай мұнай кен орны пайдалануға беріліп, Ащыағар мұнай кен орны ашылды, ал 1991 ж. Айрантақыр мен Ащыағар мұнай кен орындары пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Өзен, Қарамандыбас, Қаламқас, Қаражанбас, Жетібай – Бектұрлы, Асар, Оңтүстік Жетібай, Шығыс Жетібай, Оймаша, Солтүстік Қарақия, Алатөбе, Бұрмаша мұнай-газ кен орындары өндірістік пайдалануда. Придорожное, Ащыағар, Атамбай, Айрантақыр, Солтүстік Аққар кен орындарында байқау және пайдалану жұмыстары жүріп жатыр. Осы кен орындарының ішінде Өзен өзінің қоры жөнінен өте ірі кен орны болып табылады.
Облыс өнеркәсібі кеңес өкіметі тұсында тек мұнай ғана емес, сонымен бірге минералдық тыңайтқыштар, полистирол, былғары шикізаттарын экспорттаушы болды. Бірақ жалпыға ортақ құлдырау, тұралау кезеңдерінде өнеркәсіп өнімдерінің құрылымы шынайы өзгерістерге ұшырады.
Өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде кен өндіру саласы өнімдерінің үлесі 1991 ж. 41,5%-дан 2006 ж. 92,5%-ға дейін өсті. Сала дамуының мұндай ерекшелігі облыста мұнай мен газ кен орындарының басым болуы және мұнай-газ өнеркәсібінің жедел әрі қарқынды дамуымен түсіндіруге болады.
Қазіргі уақытта облыста мұнай өндіру көлемінің жыл сайынғы өсу қарқыны сақталуда. Аймақтағы мұнай өндірудің негізгі көлемін «Өзенмұнай» , «Маңғыстаумұнайгаз» , «Қаражанбас», т.б. ірі кәсіпорындар өндіреді.
Пайдаланған әдебиет
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Otyz zhyldaj uakytta zhүrgizilgen teren barlau zhumystarynyn nәtizhesinde Mangystau ote iri munaj men gaz kory bar olkege ajnaldy Oblysta 59 munaj gaz ken oryndary igerilude olardyn 40 y Mangystaumunajgaz birlestiginin menshiginde bolsa 18 i Mangystaumunajgazgeologiya birlestiginde Tek bir ken orny Қarazhanbas Қarazhanbastermneft munaj gaz ondiru baskarmasyna MGӨB karajdy Munaj gaz ken oryndarynyn ashyluyn tomendegi kesteden koruge bolady Mangystau el tanbasy Munaj gaz ken oryndary komirsutekter tүrine karaj tomendegidej bolyp bolshektenedi munaj gaz ken oryndary 23 munaj ken oryndary 22 gaz ken oryndary 14 Kesteden korsetilgendej ken oryndardyn basym kopshiligi Ontүstik Mangystauda 41 ken orny zhәne sogan sәjkes munaj men gazdyn alynatyn korlary da bүkil oblys korynyn 66 5 y osy ajmakta Ontүstik Mangystauga Өzen Zhetibaj Zhazygүrli Қarakiya munaj gaz zonalary karajdy Kelesi orynda Bozashy tүbegi onda 8 ken orny kordyn 29 8 y bar 3 orynda Үstirtte 4 ken orny kordyn 2 5 y songy orynda Ontүstik Kaspij many ajmagy 6 ken orny kordyn 1 2 y bar Mangystau munaj gaz ken oryndary buryngy Odaktyn ken oryndary siyakty kordyn molsherine karaj ote iri kory 300 mln t dan astam iri kory 30 300 mln t ortasha 10 30 mln t zhәne uak 10 mln t ga dejin bolyp bolinedi Ken oryndary korynyn molsherine karaj bolinuin tomendegi kesteden koruge bolady Iri ken oryndary korynyn pajyzdyk molsheri Қalamkas 14 2 kory bar Zhetibaj 13 6 7 5 6 2 Tenge 3 2 2 0 1 4 1 2 Asar 0 8 Mangystauda munaj gaz ken oryndary paleogen tobynan bastap paleozoj dәuirine dejingi shogindilerinde tabylganyn kelesi kesteden koruge bolady Ken oryndarynyn kopshiligi yura men bor dәuirinin tau zhynystarynan tabylgan 59 3 sonan kejingi oryndy yura men trias 27 1 tүzilimderine beruge bolady En eski dәuir paleozojda munaj kozi ken ornynda granit tau zhynystarymen bajlanysty bolsa Elemeste karbonit teniz shogindilerinde tabyldy Қazir trias dәuirindegi ondiristik munaj men gaz korlary tek Ontүstik Mangystau alandarynan tabylyp otyr Triastyn әrbir үsh bolimshelerinde kunarly kabattar barlygy dәleldendi Olardyn ishinde orta triastyn munajlylygy men gazdylygy baska bolimdermen salystyrganda edәuir basym Osy kunarly kabattarda munaj men gaz kenderi usak keuekti tau zhynystary kollektorlarynda ornalaskan Triastyn kunarly kabattary 2900 4400 m terendikte kezdesedi Mangystau oblysynyn otyn kory resursy zhәne onyn basym boligi yura kabattarymen bajlanysty Ontүstik Mangystau nemese Bozashy Soltүstik Үstirt zhәne Ontүstik Kaspij many ajmaktaryndagy tabylgan munaj gaz ken oryndarynyn kopshiligi yuranyn kunarly kabattarymen bajlanysty Olardyn terendigi әrbir tektonik zonalarda әr tүrli Bozashyda 360 m terendikte kezdesse Ontүstik Mangystaudyn kejbir alandarynda 2000 m den astam terendikte kezdesedi Bul olshemderdin tek kana sol kabattardyn terendiginde gana emes olar kejde sol yura kabatynyn kalyndygyna da bajlanysty Ontүstik Mangystauda ol kabattardyn zhalpy kalynd 1000 m den assa al Bozashyda ol olshem 3 4 esege kemidi yagni olardyn kalynd 250 350 m den aspajdy Al Қarazhanbas ken ornynyn ortalyk boliginde tipti bul tүzilimderdin kalyndygy mүlde azayady Ontүstik Mangystauda yura shogindilerinde 13 kunarly kabat bar Olardyn yu 1 kabaty zhogargy yuranyn boligine karasa ortalyk bolimshede yu 2 den bastap yu 12 kabatka dejin yagni 11 kunarly kabat bar al en terendegi tomengi boliminde tek yu 13 kabat belgilendi Osy kunarly kabattardyn kalyndygy orta eseppen 40 75 m shamasynda olar bir birinen tygyz zhәne katty kalynd 10 12 m den 20 25 m lik sazdy tunbalarmen bolinedi de munaj gaz nemese su kenderinin zhasaktaluyna kolajly zhagdaj zhasajdy Bozashyda kunarly yura kabattary osy kezennin tek kana ortalyk bolimimen bajlanysty Osy yura tunbalaryndagy munaj gaz zhәne zher asty su ken kozderi kumtas kabattarynan oryn alady Songylardyn usak keuektigi 13 dan 36 arasynda Bor kunarly kabattardyn kasieti yura tunbalaryndagy kunarly kabattardyn kasietine sәjkes Bor kabattaryndagy ashylgan ken oryndary neokomnan Bozashy senoman Өzen kezenine dejingi aralyktagy kalyptaskan tүzilimdermen bajlanysty Olardyn usak keuektigi 23 29 aralygynda Ontүstik Mangystaudagy yura kabattarynyn munajy asa sapaly sirek kezdesetin erekshe munaj 35 37 S tyn ozinde uji bastajtyn tortten biri parafindi munaj zher kojnauynda kabattar kysymymen sujyk kүjde saktalganymen zher betine shyga koyulana bastajdy Өjtkeni onyn kuramynda shajyr molsheri kobirek kүkirtti kosyndylary az metandy komirtekteri basym Tygyzdygy 0 84 0 88 Onyn kuramynda 15 benzin bar Bozashy munajlary Ontүstik Mangystau munajlarynyn kuramynan bolekteu Olar kүkirtti 2 5 ga dejin parafin kospalary az 3 6 ga dejin asfalt pen shajyr kospalarynyn koptiginen 14 8 29 9 tygyzdygy zhogary 0 89 0 94 Bozashy munajy suykka tozimdi 17 27 S ta katady kuramynda vanadij totyktary kezdesedi Trias kabattarynyn munajy tek kana ozine sәjkes Ontүstik Mangystau men Bozashydagy yura kabattaryndagy munaj kasietterine uksamajtyn erekshelikteri bar Olardyn tygyzdygy zhenildeu 0 81 0 86 kүkirtsiz kejde kүkirt kospalary az 1 3 ga dejin parafindi 27 8 asfalt pen shajyr kosyndylary onsha kop emes 11 80 dejin zhogargy temperaturada 38 400 dejin koyulanady Munaj ondiru Mangystauda Mangystaumunaj birlestiginin kuryluymen bajlanysty kazirgi Mangystaumunajgaz ondiristik birlestigi Osy uakytta MMG ondiristik birlestigi karauynda 38 әr tүrli baskarmalar men zauyttary bar meml mekemeni kurady Birlestiktin kuramyna osy kәsiporyndardan baska Қazaktyn gylymi zertteu zhәne zhobalau munaj instituty ҚazҒZZhMI karajdy Mangystaumunajgaz ondiristik birlestiginin osu zholyndagy basty kezenderi 1964 zh Mangystaumunaj birlestigi kuramynda Zhanaozende Өzen munaj ondiristik baskarmasy kuryldy bastygy bas inzheneri bas geology 1964 zh 19 22 mamyrda Shevchenko kalasynnda kazirgi Aktau munajshylar men munaj barlaushylardyn Bүkilodaktyk gylymi tehnologiyalyk konferenciyasy bolyp Mangystau bajlygyn igeru turaly asa manyzdy mәsele karaldy Ogan buryngy Odaktyn әrbir birlestikterinen gylymi zertteuler instituttarynyn okilderi katysty 10 mausymda uakytsha tapsyrylgan Өzen Mangystau Makat t zh men algashky Өzen munajy Atyrau munaj ondeu zauytyna zhiberildi Aktau Өzen elektr zhelisi LEP 110 kVt zhәne Sauyskan Өzen tushy su kubyry pajdalanuga berildi 1966 zh mamyr ajynda Zhetibaj munaj ondiru baskarmasy kuryldy bastygy bas inzh bas geolog Sol zhyly 10 shildede Өzen ken ornynan tungysh ret 1 mln t kara altyn ondirildi Ұz 140 km bolatyn Өzen Zhetibaj Aktau munaj kubyry pajdalanuga berildi Osy kubyr arkyly Ontүstik Mangystau munajy Aktaudagy teniz porty arkyly tasymaldanuga mүmkindik aldy Zhanaozen Aktau avtomobil zholy iske kosyldy 1967 zh uz 1500 km bolatyn dүniezhүzilik manyzy bar transkontinenttik Өzen Atyrau Samara munaj kubyrlarynyn salynuy bastaldy Kelesi zhyly Zhetibaj men Өzen ken oryndarynan gazdy ondiru bastaldy әri osy ken oryndarynda algashky gaz liftmunaj ondiru әdisi koldanyla bastady 1969 zh Өzen Atyrau Samara munaj kubyrynyn birinshi kezegi uzyndygy 711 km bolatyn Өzen Atyrau aralygy iske kosyldy 1970 zh Өzen ken ornynda kunarly kabattarga yssy su ajdajtyn dүnie zhүzinde algashky ret tәzhiribeli ondiristik kondyrgy ondiriske berildi Tenge gaz ken ornynan onim ondiru bastaldy Munda erekshe kondyrgylar arkyly gazdy tom zhylylykpen tazartu karaldy Buryngy Bүkilodaktyk gylymi zertteu munaj institutynyn Mangystaudagy laboratoriyasynyn negizimen Aktau kalasynda Қazaktyn gylymi zertteu zhәne zhobalau munaj institutynyn gylymi bolimi ashyldy 1971 zh Zhanaozen kalasyn tushy sumen kamtamasyz etu maksatymen Tүjesu Zhanaozen su kubyry salyna bastady Tenge ken ornynan 1972 ondiristik gaz ondiru bastalyp Orta Aziya Ortalyk gaz kubyrymen tasymaldau iske kosyldy Өzen Bejneu gaz kubyry ondiriske kabyldanyp alyndy Munaj ondirisinde telemehanizaciyalandyru bastaldy Қazakstanda birinshi Mangystaugazondiru baskarmasy kuryldy Ontүstik Zhetibaj munaj gaz ken orny ashyldy 1973 zh respublikanyn tungysh gaz ondeu zauyty iske kosylyp Mangystauda 0 5 mlrd m3 gazdy ajyryp ondeu mүmkindigine kol zhetti Өzen ken ornynyn Қaramandybas boliginde munaj ondiru bastaldy Zher asty kabattarynyn kysymyn osiru үshin Zhetibaj ken ornynda munaj kabattaryna teniz suyn ajdau bastaldy Ontүstik Zhetibaj Asar ken oryndary zhәne Bekturly munaj gaz ken ornynda munaj ondiru 1974 iske kosyldy 1975 zh Өzen ken ornynda ondiristik munaj isinde algash ret munaj kenderine termaldyk sudy ondirumen katar үlken kysymmen ajdap kunarly kabattardy sulandyru isi zhүzege asyryldy Birlestik bojynsha zhyldyk munaj ondiru dengeji en zhogargy korsetkishke 16343 6 myn t ga zhetti Zhetibaj ken ornynda gazdy tomengi temperaturamen tazalau kondyrgysy iske kosylyp Zhetibajdan Өzendegi gaz ondeu zauytyna dejin gaz zhәne kondensat kubyrlary ondiriske tapsyryldy zhәne gaz ken oryndary ashyldy 1976 zh Ontүstik Zhetibajda gaz kondensatty kender pajdalanuga berilip trias kabattarynan gaz ondirildi 1977 zh Өzenmunajondiru baskarmasy Өzenmunajgaz ondiristik baskarmasy dep ozgertildi instituty Өzen ken ornynyn barlyk munaj kenderin ondiruin karastyrgan zhoba zhasady Ken kabattaryna ystyk su ajdau tәuligine 1400 m3 zhyldamdykpen zher asty zhandyru kondyrgysy zhumys istej bastady Birlestik bojynsha en zhogargy zhyldyk gaz onimi 3 74 mlrd m3 ge zhetti 1978 zh zher asty ystyk su ajdau maksatymen su kajnatu kondyrgylary UVAG 2 zhәne PTB 10 bar peshter ondiriske kosyldy Shygys Zhetibaj munaj ken orny iske kosyldy Gaz kondensatty Teristik Rakush ken orny ashylyp iske kosylyp 53 shakyrymdyk munaj kubyry salynyp munaj men gaz oz kysymymen Zhetibajdagy munaj dajyndau kondyrgysyna tүse bastady 1979 zh Қunarly munaj kabattarynyn kysymmen koteruge arnalgan zher asty su ajdaudyn termaldyk satyly sulandyru әdisi ondiriske kosylyp gaz kondensatty Tamdy ken orny ashyldy Sol zhyly 2 nauryzda Komsomol munaj gaz ondiru baskarmasy bastygy bas inzheneri bas geology osyndagy algashky munaj ondiru cehynyn basshysy kuryldy munaj kubyry 277 shakyrymdyk Қalamkas Қarazhanbas Aktau zhogargy voltty elektr zhүjesi ondiriske kosyldy Қalamkas ken ornynda gazdy tomengi temperaturalyk әdispen tazalajtyn kondyrgylar iske kosyla bastady 1980 zh Қarazhanbas ken ornynda ondiristik pajdalanu zhumystary bastaldy Қalamkasta zher asty su ajdau zhumystary zhүrgizilip ken ornynda munaj ondirudin zhinakty molsh 1 0 mln ga zhetti Ojmasha munaj gaz ken orny ashylyp ol 1981 zh munaj bere bastady Қazakstanda tungysh ret granit tau zhynystarynda munaj keni barlygy dәleldendi Қarazhanbas ken ornynda polimerlik eritindiler ajdau zhumystary bastaldy Ұzyndygy 30 km bolatyn Kaspij tenizinin tolkyndy sularynan korganys bogetteri salyndy Қyzylkum tushy su ken ornynan su ondiru үshin Қiyakty ondiru bolimshesi iske kosyldy 1982 zh Қalamkas ken ornynda ondiris oryndaryn telemehanizaciyalau zhәne ondirgish su ajdajtyn ungymalardy zhabyskak serpindi kospalarmen ondeu zhumystary bastaldy Tasbolat zhәne Batys Tenge munaj gaz kondensatty ken oryndary pajdalanuga kosylyp algashky munaj berdi Sol zhyly Shynzhyr munaj kory ashyldy 1983 zh Өzen ken ornynda kabattyk kysymdy koldau ҚҚҚ zhүjesinde kabatka su ajdau tolyk oryn aldy su ajdau kolemi tәuligine 150 myn m3 ge zhetti Shygys Zhetibajda munaj ondiru әdisi tolyktaj gaz lift zhүjesine auysty Bozashyda teniz suyn zhinaktau kondyrgysy turgyzylyp Қalamkas Қarazhanbas su kubyry zhasaldy Poliakrilamidtik kospalardy kunarly kabattarga ajdau zhumysy ondiristik tәzhiribe tүrinde bastaldy 1984 zh Өzen ken ornynda ken kabattaryn alandyk zhәne mәnerli sulandyru zhumystary kolga alyndy Asar ken orny gaz lifttik әdispen munaj ondiruge tolyk koshti Soltүstik Қarakiya munaj zhәne Soltүstik batys Zhetibaj munaj gaz ken oryndary ashyldy 1985 zh Өzen ken ornynda zhinakty munaj ondiru dengeji 200 mln t ga zhetti Aktas munaj kory pajdalanuga kosyldy Kamenistoe munaj zhәne Sәrsenbaj Pioner gaz ken oryndary ashyldy Bir zhyldan kejin Өzen ken ornynda kabattardy cikldyk sulandyru engizile bastady Қarazhanbas ken orny zhanadan kurylgan tәzhiribeli eksperimentti Қarazhanbastermmunaj munaj gaz ondiru baskarmasyna TE MGӨB berildi Shygys Narmaul munaj gaz ken orny ashyldy 1987 zh Burmasha Alatobe munaj ken oryndary pajdalanuga kosylyp munaj bere bastady Қunarly kabattardy koldau maksatymen Қalamkas kenderine Edil suyn pajdalandy 1988 zh Zhetibajmunajgaz ondiru baskarmasy kurylgannan beri zhinakty munaj onimi 50 mln t ga zhetti Soltүstik Қarakiya munaj ken orny pajdalanuga berildi Soltүstik Pridorozhnoe Soltүstik Қaramandybas munaj zhәne Zharty Makat Shygys Өzen Ontүstik shygys Bekturly gaz ken oryndary ashyldy 1989 zh Pridorozhnoe ken orny pajdalanuga berilip munaj ondirile bastady Batys Aktas zhәne Sartobe Ajrantakyr Soltүstik Akkar munaj ken oryndary ashyldy 1990 zh Atambaj munaj ken orny pajdalanuga berilip Ashyagar munaj ken orny ashyldy al 1991 zh Ajrantakyr men Ashyagar munaj ken oryndary pajdalanuga berildi Қazirgi uakytta Өzen Қaramandybas Қalamkas Қarazhanbas Zhetibaj Bekturly Asar Ontүstik Zhetibaj Shygys Zhetibaj Ojmasha Soltүstik Қarakiya Alatobe Burmasha munaj gaz ken oryndary ondiristik pajdalanuda Pridorozhnoe Ashyagar Atambaj Ajrantakyr Soltүstik Akkar ken oryndarynda bajkau zhәne pajdalanu zhumystary zhүrip zhatyr Osy ken oryndarynyn ishinde Өzen ozinin kory zhoninen ote iri ken orny bolyp tabylady Oblys onerkәsibi kenes okimeti tusynda tek munaj gana emes sonymen birge mineraldyk tynajtkyshtar polistirol bylgary shikizattaryn eksporttaushy boldy Birak zhalpyga ortak kuldyrau turalau kezenderinde onerkәsip onimderinin kurylymy shynajy ozgeristerge ushyrady Өnerkәsiptik onimnin zhalpy koleminde ken ondiru salasy onimderinin үlesi 1991 zh 41 5 dan 2006 zh 92 5 ga dejin osti Sala damuynyn mundaj ereksheligi oblysta munaj men gaz ken oryndarynyn basym boluy zhәne munaj gaz onerkәsibinin zhedel әri karkyndy damuymen tүsindiruge bolady Қazirgi uakytta oblysta munaj ondiru koleminin zhyl sajyngy osu karkyny saktaluda Ajmaktagy munaj ondirudin negizgi kolemin Өzenmunaj Mangystaumunajgaz Қarazhanbas t b iri kәsiporyndar ondiredi Pajdalangan әdebietMangystau enciklopediyasy Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet