Мари автономиялы советтік социалистік республикасы, Мари АССР – РКФСР-дің құрамындағы республика. 1920 жылы 4 қарашада автономиялы облыс ретінде құрылған; 1936 жылы 5 желтоқсанда АССР-ге айналды. Мари АССР-і КСРО-ның Еуропа бөлігінің орталық жағында, Волга өзенінің сол жағалауына орналасқан. Жері 23,2 мың квадрат км. Халқы 691 мың (1973), 14 ауданға бөлінеді. 3 қаласы, 14 қала типтес поселкесі бар. Астанасы Йошкар-Ола қаласы.
Табиғаты
Жері негізінен төбелі жазық келеді. Шығысы – (биіктігі 275 м), батысы – (биіктігі 50 м-ден 100 м-ге дейін), Солтүстік Қиыр шеті – Волга маңы қыраты (биіктігі 198 м-ге дейін). Пайдалы қазындылардан шынылық және силикаттық құм, құрылыс тастары, шымтезек өндіріледі. Климаты қоңыржай континенттік; қаңтардың орташа температурасы – 13 градус, шілдеде 19 градус. Жылдық ылғалдылығы 450-500 мм. Республикада 500-ге жуық өзен мен өзеншелер бар. Олар тегіс Волга алабына жатады. Өзендері: Волга және оның салалары – Ветлуга (республика шетіндегі ұзындығы 112 км), Рутка, Үл. Кокшага, Кіші Кокшага, Илеть. Жері негізінен күлгіндеу шым саздақты, құмайт топырақты болып келеді. Мари ойпатында батпақты шымтезекті, Вятка жонында шірінді-карбонатты, Волганың оң жағалауын орманның қоңыр топырақты алқаптары алып жатыр. Жерінің ½ бөлігі орман (батыс және орталық аудандарында). Онда қылқан жапырақты ағаштар басым (қарағай, майқарағай). Өзен аңғарларында емен, жөке ағаштары өседі. Қасқыр, қоңыр аю, түлкі, бұлан, сілеусін, құндыз т. б. қарағайлы орманды мекендеушілер мен су құстары кездеседі. Мари қорығы ұйымдастырылған.
Халқы
Халқы көп ұлтты. Марилер (299 мың, 1970), орыстар (321 мың), татарлар (40 мың), чуваштар (9 мың), украиндер (5 мың) т. б. қоныстанған, Мари АССР-інің халқы 1920 жылы 465 мың, 1926 жылы 489, 1939 жылы 581, 1959 жылы 648, 1970 жылы 685 мың адам болды. Орташа тығыздығы 1 квадрат км жерге 29,8 адамнан келеді. Волганың оң жағалауына және республиканың солтүстік-шығыс аудандарындахалық тығыз орналасқан. Ірі қалалары (1973 жылғы тұрғындары, мың): Йошкар-Ола (188), волжск (47),; Козьмодемьянск (16).
Тарихы
Мари АССР жеріндегі ежелгі археологиялық ескерткіштер жоғарғы палеолитке, көптеген жұрттарнеолит дәуіріне жатады. Рулық қоғамның ыдырауы және таптық қатынастың пайда болуы ертедегі темір заманында (б. з. б. 1-мың жылдық) басталды, тайпа одақтары пайда болды. Көптеген қалашықтар, обалар осы кезеңге жатады. 5 – 10 ғасырда ежелгі Мари халқы қалыптаса бастады. 9 – 12 ғасырда егіншілік, аңшылық, балықшылық, қолөнері және сауда өркендеді. 10 – 12 ғасырда мариліктер Волга-Кама бұлғарларының экономикалық және мәдени ықпалында болды. 19 ғасырдың 30 жылдарынан бастап монғол-татарлардың езгісінде болды, 15 ғасырдан бастап Еділ жағалауындағы мариліктер Қазан хандығының, солтүстік-батыстағы мариліктер солтүстік шығыстағы орыс княздығының құрамына енді. Осе кезде олардың өз княздықтары пайда бола бастады. 1551-52 жылы мариліктер Орыс мемлекетінің құрамына кірді. 16 ғасырдың 2-жартысында Кокшайск, Козьмодемьянск, Царевококшайск т. б. орыс қалаларыірге көтерді. 17 ғасырда өлкеде орыс помещиктерінің иеліктері пайда бола бастады. Мариліктердің көпшілігі барщинамен айналыспады, патша үкіметіне алым-салық төледі. Мари халқы 17 ғасырдың басында , 1670-71 жылдары С.Т.Разиннің, 1773-75 жылдары Е.И.Пугачевтің басшылығымен болған шаруалар соғыстарына қатысты. Мемлекет қарамағына көшкен мари жеріне орыс шаруалары қоныстанды. 18 ғасырдың аяғында қолөнер мен селолық кәсіпшілік шұғыл өркендеді. Ерікті жалдамалы жұмысшылары және басыбайлы шаруалары бар зауыдтар пайда болды. Еділ бойындағы қалалармен астық, май, елтірі, бал т.б. сауда жасау табиғи шаруашылықтың тауарлы шаруашылыққа айналуына әсер етті. 1917 жылы желтоқсан айында Царевококшайскіде (1919 жылдан Краснококшайск), Козьмодемьянскіде, 1918 жылдың орта кезінде барлық жерде Совет өкіметі орнады. 1918 жылы ақпанмен сәуір айында Козьмодемьянскіде, Яранскіде большевиктік ұйымдар құрылды. 1918 жылы шілдеде РКФСР ұлттар халкоматы жанында мари бөлімі ашылды. 1920 жылы 20-24 шілдеде Қазанда марилік коммунистердің Бұкіл Ресейлық 1- конференциясы өтті. 1920 жылы 4 қарашада БОАК пен РКФСР Халкомсовы «Мари халқының автономиялық облысын құру туралы» декрет қабылдады. 1920 жылы 25 қарашада БОАК пен Халкомсовтың «Мари халқының автономиялық облысы туралы» декреті бойынша орталығы (1927 жылдан- Йошкар- Ола) болған облыстың әкімшілік территориялық құрамы белгіленді. 1941-45 жылы Ұлы Отан соғысында Мари АССР еңбекшілері майдан мен тылда патриоттық ерлік көрсетті. Республикадан 44 адамға Совет Одғының Батыры атағы берілді, 14 мыңнан астам жауынгер орден, медальдарымен наградталды. Мари АССР-і фашистік басқыншылықтан зардап шеккен облыстар мен мәдениеті онан әрі өркендеді. Республикада машина жасау, прибор жасау т. б. ірі өнеркәсіп орындары пайда болды. Халықтың материалдық және мәдени дәрежесі артты. Республиканың туысқан басқа республикалармен достық байланысы нығая түсті. Мари халқының түрі ұлттық, мазмұны социализм мәдениеті гүлденді. Мари АССР-нде 1974 жылы 19 Соц. болды. Халық ш-н дамытудағы жетістіктері үшін Мари. АССР Ленин орденімен (1965), Октябрь Револциясы (1970) және Халықтар достығы (1972) ордендерімен наградталды.
Шаруашылығы
Совет өкіметі жылдары Мари АССР-інің шаруашылық жағдайы түбегейлі өзгерді. А. ш-н интесивтендіру және өнеркәсіпті жедел қарқынмен өркендету нәтижесінде (әсіресе 1941-45 жылдардағыҰлы Отан соғысынан кейін) жаңа өнеркәсіп салалары және табысы жоғары, колхоз- совхоздық а. ш. құрылды.
Өнеркәсібі
Өнеркәсіптің жалпы өнімі 1972 жылы 1940 жылмен салыстырғанда 27 есе артты. 1972 жылы 279 млн кет-сағ электр энергиясын, 863 мың куб метрі тақтай, 110 мың тонна целлюлоза, 80,8 мың құрастырмалы темір- бетон, 559 мың пар былғары аяқ киім, 4000 тонна сары май т. б. өнімдер өндірілді. Республикада 170 өнеркәсіп орындары бар. Өнеркәсібінің жетекші салалары – машина жасау және металл өндеу; оның өнеркәсіп өндірісіндегі үлес салмағы 40 % . Маңызды кәсіпорындары: «электроавтоматика» з-ды (электронды потенциометрлер шығарады), өндірістік аспаптар, орман шаруашылығы машиналарын жасау з-ды, сауда орындарына қажетті жабдықтар (тоңазытқыштар) з-ды. Ірі өнеркәсіп орталықтары – Йошкар-Ола, Волжск.
Ауыл шаруашылығы
Республика жерінің 34 %- не жуығы ауыл шаруашылық айналымындағы жерлер: оның 4/5-і (645 мың га) егістік және 1/5-і (136 мың га) шабындық пен жайылым . Құрғатылған жері 5 мың га. 1973 жылдың басында 132 колхоз, 39 совхоз, ал 1972 жылы республика ауыл шаруашылығында 6,4 мың трактор, 2 мыңнан астам астық комбайндары болды. 1972 жылғы егіс көлемі 626 мың га болды, оған дәнді дақылдар (331 мың га),қартоп (58), жемшөп (224) егілді. Дәнді дақылдардан қара бидай, қарақұмық, бұршақ, сұлы және бидай, тех. Дақылдардан зығыр (6,3 мың га, 1972), картоп өсіріледі. 1971 жылы дәнді дақылдардан 530,3 мың тонна, картоптан 386,4 мың тонна өнім жиналды. 1973 жылы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 266, (оның ішінде сиыр 116), шошқа252, қой мен ешкі 206. Құс шаруашылығы өріс алуда (2,4 млн., 1973).
Транспорты
Темір жолының ұз. 148 км (1972) Зеленый Дол – Табашино т. ж.республиканың Оңтүстігінен солтүстігіне қарай орталық бөлігін қиып өтеді. Волга және Ветлуга өз-дерімен кеме жүзеді. Автомоб. жолының ұз. 1081 км. МАңызды жол торабы – Йошкар- Ола. Йошкар- Ола арқылы одақтық маңызы бар әуе жолы өтеді. Мари АССР-і, КСРО-ның басқа аудандарында техникалық қағаз, сауда тоңазытқыштарын, витамин, металл өңдейтін станоктар, жасанды былғары т. б. шығарады. Туысқан республикалардан отын және өнеркәсіп шикізаттарын, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын алады.
Денсаулық сақтау ісі
1913 жылы осы кездегі Мари АССР жерінде 160 кісілік 13 аурухана, 17 фельдшер-акушерлік пункт болған; бұл денсаулық сақтау мекемелерінде 21 дәрігер ғана қызмет істеген. Ұлы Октябрь революциясынан кейінгі жылдарда бұрын халық арасында көп тараған басыр толық жойылды, түрлі індет аурулары әлдеқайда кеміді. Қазіргі уақытта ( 1973 жылы қаңтар) 8,2 мың кісілік ( 1 мың адамға 11, 9 төсек) 90 аурухана, 101 амбулатория- поликлиника, 387 селолық фельдшер-акушерлік пункт халыққа дәрігерлік жәрдем көрсетеді. 51 әйел консультациясы және 50 балалар поликлиникасы болды. Республикада 1,5 мың дәрігер (449 адамға 1 дәрігер) және 6 мыңнан астам орта білімді мамандар бар. Атақты Кленовогорск шипалы бұлағы, Красногорск пос-сіндегі емдік шипалы су бұлағы осы республика жерінде, бірнеше санаторий мен демалыс үйлері бар.
Оқу- ағарту ісі
1914/15 оқу жылында Мари АССР-і территориясындағы 507 жалпы білім беретін мектепте 26 мың оқушы оқыды. Жоғары және арнаулы оқу орындары болмады. 1972 жылы 213 балалар бақшасында 20,7 мың бала тәрбиеленді. 1972/73 оқу жылында 659 жалпы білім беретін мектептерде 159 мың оқушы, 23 кәсіптік- техникалық училищелерде 8,6 оқушы, 13 арнаулы оқу орындарында 11,3 мың оқушы, 3 жоғары оқу орындарында ( Мари университеті, М. Горький атындағы политехникалық институт, Н. К. Крупская атындағы пединституты) 12,4 мың студент оқыды. 1973 жылы республикада 362 кітапхана (4,5 млн дана кітап, журналдар) ; 2 музей; 623 клубтық мекемелер, 656 кино қондырғы; 14 пионерлер сарайы мен үйлері, 4 жас техниктер жас натуралистер станциясы, 5 балалар спорт мектебі мен экскурсиялық туристік станциялар жұмыс істеді.
Архитектурасы мен бейнелеу өнері
Археолологиялық қазба жұмыстары кезінде б. з. б. 2-мың жылдыққа саятын қыш пен тастан пішінделген аңдардың мүсіншелері табылды. Қола дәуірінде металдан әшекей бұйымдар жасалды. Халық сәулет өнерінде 1-2 қабатты ағаш үйлер кең етек алған. 19 ғасырдың 2-жартысынан селолық жерлердегі үйлер жүйелі түрде салына бастады. Марилықтардың халық өнерінде ағаш ұқсату, түрлі талшықтардан өрнектеп үй-іші мүліктерін тоқу ежелден болған. Заттарда әсемдеуде геометриялық фигуралар көгеріс және зооморфтық өрнекпен астаса орындалды. Революциядан кейін қалалар бас жоспар бойынша салынып, 30 жылдардан кейін монументті тас үйлер ( әкімшілік ғимараты, қазіогі университет, 1936, арх. ; М. Шкетан атындағы Мари муз-драма театры, 1960, арх, П. А. Самсонов, М. Ф. Ни; КОКП обком және республикалық Мин. Советінің ғимараты, 1971, арх. С. А. Клейменов; оқу орындары, кинотеатрлар мен мәдениет сарайлары бәрі де Йошкар-Олада) тұрғызылды. 1941 жылдан КСРО Архитекторлар одағының мари бөлімі жұмыс істейді.
Дереккөздер
Қазақ совет энцеклопедиясы. 7 том. М.Қ.Қаратаев. 462 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mari avtonomiyaly sovettik socialistik respublikasy Mari ASSR RKFSR din kuramyndagy respublika 1920 zhyly 4 karashada avtonomiyaly oblys retinde kurylgan 1936 zhyly 5 zheltoksanda ASSR ge ajnaldy Mari ASSR i KSRO nyn Europa boliginin ortalyk zhagynda Volga ozeninin sol zhagalauyna ornalaskan Zheri 23 2 myn kvadrat km Halky 691 myn 1973 14 audanga bolinedi 3 kalasy 14 kala tiptes poselkesi bar Astanasy Joshkar Ola kalasy TabigatyZheri negizinen tobeli zhazyk keledi Shygysy biiktigi 275 m batysy biiktigi 50 m den 100 m ge dejin Soltүstik Қiyr sheti Volga many kyraty biiktigi 198 m ge dejin Pajdaly kazyndylardan shynylyk zhәne silikattyk kum kurylys tastary shymtezek ondiriledi Klimaty konyrzhaj kontinenttik kantardyn ortasha temperaturasy 13 gradus shildede 19 gradus Zhyldyk ylgaldylygy 450 500 mm Respublikada 500 ge zhuyk ozen men ozensheler bar Olar tegis Volga alabyna zhatady Өzenderi Volga zhәne onyn salalary Vetluga respublika shetindegi uzyndygy 112 km Rutka Үl Kokshaga Kishi Kokshaga Ilet Zheri negizinen kүlgindeu shym sazdakty kumajt topyrakty bolyp keledi Mari ojpatynda batpakty shymtezekti Vyatka zhonynda shirindi karbonatty Volganyn on zhagalauyn ormannyn konyr topyrakty alkaptary alyp zhatyr Zherinin boligi orman batys zhәne ortalyk audandarynda Onda kylkan zhapyrakty agashtar basym karagaj majkaragaj Өzen angarlarynda emen zhoke agashtary osedi Қaskyr konyr ayu tүlki bulan sileusin kundyz t b karagajly ormandy mekendeushiler men su kustary kezdesedi Mari korygy ujymdastyrylgan HalkyHalky kop ultty Mariler 299 myn 1970 orystar 321 myn tatarlar 40 myn chuvashtar 9 myn ukrainder 5 myn t b konystangan Mari ASSR inin halky 1920 zhyly 465 myn 1926 zhyly 489 1939 zhyly 581 1959 zhyly 648 1970 zhyly 685 myn adam boldy Ortasha tygyzdygy 1 kvadrat km zherge 29 8 adamnan keledi Volganyn on zhagalauyna zhәne respublikanyn soltүstik shygys audandaryndahalyk tygyz ornalaskan Iri kalalary 1973 zhylgy turgyndary myn Joshkar Ola 188 volzhsk 47 Kozmodemyansk 16 TarihyMari ASSR zherindegi ezhelgi arheologiyalyk eskertkishter zhogargy paleolitke koptegen zhurttarneolit dәuirine zhatady Rulyk kogamnyn ydyrauy zhәne taptyk katynastyn pajda boluy ertedegi temir zamanynda b z b 1 myn zhyldyk bastaldy tajpa odaktary pajda boldy Koptegen kalashyktar obalar osy kezenge zhatady 5 10 gasyrda ezhelgi Mari halky kalyptasa bastady 9 12 gasyrda eginshilik anshylyk balykshylyk koloneri zhәne sauda orkendedi 10 12 gasyrda marilikter Volga Kama bulgarlarynyn ekonomikalyk zhәne mәdeni ykpalynda boldy 19 gasyrdyn 30 zhyldarynan bastap mongol tatarlardyn ezgisinde boldy 15 gasyrdan bastap Edil zhagalauyndagy marilikter Қazan handygynyn soltүstik batystagy marilikter soltүstik shygystagy orys knyazdygynyn kuramyna endi Ose kezde olardyn oz knyazdyktary pajda bola bastady 1551 52 zhyly marilikter Orys memleketinin kuramyna kirdi 16 gasyrdyn 2 zhartysynda Kokshajsk Kozmodemyansk Carevokokshajsk t b orys kalalaryirge koterdi 17 gasyrda olkede orys pomeshikterinin ielikteri pajda bola bastady Marilikterdin kopshiligi barshinamen ajnalyspady patsha үkimetine alym salyk toledi Mari halky 17 gasyrdyn basynda 1670 71 zhyldary S T Razinnin 1773 75 zhyldary E I Pugachevtin basshylygymen bolgan sharualar sogystaryna katysty Memleket karamagyna koshken mari zherine orys sharualary konystandy 18 gasyrdyn ayagynda koloner men selolyk kәsipshilik shugyl orkendedi Erikti zhaldamaly zhumysshylary zhәne basybajly sharualary bar zauydtar pajda boldy Edil bojyndagy kalalarmen astyk maj eltiri bal t b sauda zhasau tabigi sharuashylyktyn tauarly sharuashylykka ajnaluyna әser etti 1917 zhyly zheltoksan ajynda Carevokokshajskide 1919 zhyldan Krasnokokshajsk Kozmodemyanskide 1918 zhyldyn orta kezinde barlyk zherde Sovet okimeti ornady 1918 zhyly akpanmen sәuir ajynda Kozmodemyanskide Yaranskide bolsheviktik ujymdar kuryldy 1918 zhyly shildede RKFSR ulttar halkomaty zhanynda mari bolimi ashyldy 1920 zhyly 20 24 shildede Қazanda marilik kommunisterdin Bukil Resejlyk 1 konferenciyasy otti 1920 zhyly 4 karashada BOAK pen RKFSR Halkomsovy Mari halkynyn avtonomiyalyk oblysyn kuru turaly dekret kabyldady 1920 zhyly 25 karashada BOAK pen Halkomsovtyn Mari halkynyn avtonomiyalyk oblysy turaly dekreti bojynsha ortalygy 1927 zhyldan Joshkar Ola bolgan oblystyn әkimshilik territoriyalyk kuramy belgilendi 1941 45 zhyly Ұly Otan sogysynda Mari ASSR enbekshileri majdan men tylda patriottyk erlik korsetti Respublikadan 44 adamga Sovet Odgynyn Batyry atagy berildi 14 mynnan astam zhauynger orden medaldarymen nagradtaldy Mari ASSR i fashistik baskynshylyktan zardap shekken oblystar men mәdenieti onan әri orkendedi Respublikada mashina zhasau pribor zhasau t b iri onerkәsip oryndary pajda boldy Halyktyn materialdyk zhәne mәdeni dәrezhesi artty Respublikanyn tuyskan baska respublikalarmen dostyk bajlanysy nygaya tүsti Mari halkynyn tүri ulttyk mazmuny socializm mәdenieti gүldendi Mari ASSR nde 1974 zhyly 19 Soc boldy Halyk sh n damytudagy zhetistikteri үshin Mari ASSR Lenin ordenimen 1965 Oktyabr Revolciyasy 1970 zhәne Halyktar dostygy 1972 ordenderimen nagradtaldy SharuashylygySovet okimeti zhyldary Mari ASSR inin sharuashylyk zhagdajy tүbegejli ozgerdi A sh n intesivtendiru zhәne onerkәsipti zhedel karkynmen orkendetu nәtizhesinde әsirese 1941 45 zhyldardagyҰly Otan sogysynan kejin zhana onerkәsip salalary zhәne tabysy zhogary kolhoz sovhozdyk a sh kuryldy ӨnerkәsibiӨnerkәsiptin zhalpy onimi 1972 zhyly 1940 zhylmen salystyrganda 27 ese artty 1972 zhyly 279 mln ket sag elektr energiyasyn 863 myn kub metri taktaj 110 myn tonna cellyuloza 80 8 myn kurastyrmaly temir beton 559 myn par bylgary ayak kiim 4000 tonna sary maj t b onimder ondirildi Respublikada 170 onerkәsip oryndary bar Өnerkәsibinin zhetekshi salalary mashina zhasau zhәne metall ondeu onyn onerkәsip ondirisindegi үles salmagy 40 Manyzdy kәsiporyndary elektroavtomatika z dy elektrondy potenciometrler shygarady ondiristik aspaptar orman sharuashylygy mashinalaryn zhasau z dy sauda oryndaryna kazhetti zhabdyktar tonazytkyshtar z dy Iri onerkәsip ortalyktary Joshkar Ola Volzhsk Auyl sharuashylygyRespublika zherinin 34 ne zhuygy auyl sharuashylyk ajnalymyndagy zherler onyn 4 5 i 645 myn ga egistik zhәne 1 5 i 136 myn ga shabyndyk pen zhajylym Қurgatylgan zheri 5 myn ga 1973 zhyldyn basynda 132 kolhoz 39 sovhoz al 1972 zhyly respublika auyl sharuashylygynda 6 4 myn traktor 2 mynnan astam astyk kombajndary boldy 1972 zhylgy egis kolemi 626 myn ga boldy ogan dәndi dakyldar 331 myn ga kartop 58 zhemshop 224 egildi Dәndi dakyldardan kara bidaj karakumyk burshak suly zhәne bidaj teh Dakyldardan zygyr 6 3 myn ga 1972 kartop osiriledi 1971 zhyly dәndi dakyldardan 530 3 myn tonna kartoptan 386 4 myn tonna onim zhinaldy 1973 zhyly mal sany myn mүjizdi iri kara 266 onyn ishinde siyr 116 shoshka252 koj men eshki 206 Қus sharuashylygy oris aluda 2 4 mln 1973 TransportyTemir zholynyn uz 148 km 1972 Zelenyj Dol Tabashino t zh respublikanyn Ontүstiginen soltүstigine karaj ortalyk boligin kiyp otedi Volga zhәne Vetluga oz derimen keme zhүzedi Avtomob zholynyn uz 1081 km MAnyzdy zhol toraby Joshkar Ola Joshkar Ola arkyly odaktyk manyzy bar әue zholy otedi Mari ASSR i KSRO nyn baska audandarynda tehnikalyk kagaz sauda tonazytkyshtaryn vitamin metall ondejtin stanoktar zhasandy bylgary t b shygarady Tuyskan respublikalardan otyn zhәne onerkәsip shikizattaryn zhenil onerkәsip bujymdaryn alady Densaulyk saktau isi1913 zhyly osy kezdegi Mari ASSR zherinde 160 kisilik 13 auruhana 17 feldsher akusherlik punkt bolgan bul densaulyk saktau mekemelerinde 21 dәriger gana kyzmet istegen Ұly Oktyabr revolyuciyasynan kejingi zhyldarda buryn halyk arasynda kop taragan basyr tolyk zhojyldy tүrli indet aurulary әldekajda kemidi Қazirgi uakytta 1973 zhyly kantar 8 2 myn kisilik 1 myn adamga 11 9 tosek 90 auruhana 101 ambulatoriya poliklinika 387 selolyk feldsher akusherlik punkt halykka dәrigerlik zhәrdem korsetedi 51 әjel konsultaciyasy zhәne 50 balalar poliklinikasy boldy Respublikada 1 5 myn dәriger 449 adamga 1 dәriger zhәne 6 mynnan astam orta bilimdi mamandar bar Atakty Klenovogorsk shipaly bulagy Krasnogorsk pos sindegi emdik shipaly su bulagy osy respublika zherinde birneshe sanatorij men demalys үjleri bar Oku agartu isi1914 15 oku zhylynda Mari ASSR i territoriyasyndagy 507 zhalpy bilim beretin mektepte 26 myn okushy okydy Zhogary zhәne arnauly oku oryndary bolmady 1972 zhyly 213 balalar bakshasynda 20 7 myn bala tәrbielendi 1972 73 oku zhylynda 659 zhalpy bilim beretin mektepterde 159 myn okushy 23 kәsiptik tehnikalyk uchilishelerde 8 6 okushy 13 arnauly oku oryndarynda 11 3 myn okushy 3 zhogary oku oryndarynda Mari universiteti M Gorkij atyndagy politehnikalyk institut N K Krupskaya atyndagy pedinstituty 12 4 myn student okydy 1973 zhyly respublikada 362 kitaphana 4 5 mln dana kitap zhurnaldar 2 muzej 623 klubtyk mekemeler 656 kino kondyrgy 14 pionerler sarajy men үjleri 4 zhas tehnikter zhas naturalister stanciyasy 5 balalar sport mektebi men ekskursiyalyk turistik stanciyalar zhumys istedi Arhitekturasy men bejneleu oneriArheolologiyalyk kazba zhumystary kezinde b z b 2 myn zhyldykka sayatyn kysh pen tastan pishindelgen andardyn mүsinsheleri tabyldy Қola dәuirinde metaldan әshekej bujymdar zhasaldy Halyk sәulet onerinde 1 2 kabatty agash үjler ken etek algan 19 gasyrdyn 2 zhartysynan selolyk zherlerdegi үjler zhүjeli tүrde salyna bastady Marilyktardyn halyk onerinde agash uksatu tүrli talshyktardan ornektep үj ishi mүlikterin toku ezhelden bolgan Zattarda әsemdeude geometriyalyk figuralar kogeris zhәne zoomorftyk ornekpen astasa oryndaldy Revolyuciyadan kejin kalalar bas zhospar bojynsha salynyp 30 zhyldardan kejin monumentti tas үjler әkimshilik gimaraty kaziogi universitet 1936 arh M Shketan atyndagy Mari muz drama teatry 1960 arh P A Samsonov M F Ni KOKP obkom zhәne respublikalyk Min Sovetinin gimaraty 1971 arh S A Klejmenov oku oryndary kinoteatrlar men mәdeniet sarajlary bәri de Joshkar Olada turgyzyldy 1941 zhyldan KSRO Arhitektorlar odagynyn mari bolimi zhumys istejdi DerekkozderҚazak sovet enceklopediyasy 7 tom M Қ Қarataev 462 bet