Манасшы — қырғыз халқының белгілі эпикалық жыры «Манасты» айтатын жыршы. Мұндай ұланғайыр көлемдегі (жыр тармақтарының саны жарты миллионға жуық) эпикалық туындыны жадында сақтап, кей жерлерін, қалыптасқан сөз үлгісін сақтай отырып, өзінше түрлендіріп айту үшін ғажайып жад, орындаушылық шеберлік қана емес, үлкен ақындық дарын да қажет болған. Орындаушылық шеберлігі әбден шыңдалған, эпикалық дәстүрді толық игеріп, маманданған адамды ғана халық манасшы деп атаған. Жас айтушылар атақты манасшылардан өнеге алған. Ел ішінде, егер айтушының түсіне Манас өзінің қырық батырымен кірсе, қолдаса ғана, ол нағыз манасшы бола алады деген сөз тараған. "Манас" жырын, оның жалғасы болып есептелетін "Семетей", "Сейтек" жырларын ғасырлар бойы сақтаған, халыққа таратқан осы манасшылар еді. Манасшы тұлғасы бір актердің театрын елестетеді. Олар жырды қазақ поэзиясындағы терме әуендеріне үйлес әр түрлі мақаммен, сарынмен айтады. Манасшы эпосты орындағанда музыкалық аспапты пайдаланбайды. Дауыс ырғағы, тынысы, екпіні, бет құбылысы, әрбір қимыл-әрекет эпизод сайын өзгеріп, құбылып отырады.
![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdlkyOXRiVzl1Y3k5MGFIVnRZaTgyTHpaakwwdDVjbWQ1ZW5OMFlXNVFNak10TlRBd1UyOXRMVEl3TURWZllTNXFjR2N2TWpnd2NIZ3RTM2x5WjNsNmMzUmhibEF5TXkwMU1EQlRiMjB0TWpBd05WOWhMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
Белгілі манасшының бірі 18 ғғ. өмір сүрген Келдібек. Келдібек Манасты айтқанда қараша үй теңселіп, табанда дауыл көтеріліп, арғымақтар көсе шаба жөнеледі екен деген аңыз бар. Эпосты орындаушылар халық арасында кейде қасиетті адам, емші ретінде де жүрген. Қырғыз арасында машығына, жасына қарай манасшыларды: үйренуші, шала, шын, шоң манасшы деп те жіктейді. Бергі дәуірдегі ірі манасшылар - Сағымбай Оразбақов, Саяқбай Қаралаев, Молдобасан Мұсұлманқұловтар.
Дереккөздер
- Әдебиеттану терминдерінің сөздігі
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Manasshy kyrgyz halkynyn belgili epikalyk zhyry Manasty ajtatyn zhyrshy Mundaj ulangajyr kolemdegi zhyr tarmaktarynyn sany zharty millionga zhuyk epikalyk tuyndyny zhadynda saktap kej zherlerin kalyptaskan soz үlgisin saktaj otyryp ozinshe tүrlendirip ajtu үshin gazhajyp zhad oryndaushylyk sheberlik kana emes үlken akyndyk daryn da kazhet bolgan Oryndaushylyk sheberligi әbden shyndalgan epikalyk dәstүrdi tolyk igerip mamandangan adamdy gana halyk manasshy dep atagan Zhas ajtushylar atakty manasshylardan onege algan El ishinde eger ajtushynyn tүsine Manas ozinin kyryk batyrymen kirse koldasa gana ol nagyz manasshy bola alady degen soz taragan Manas zhyryn onyn zhalgasy bolyp esepteletin Semetej Sejtek zhyrlaryn gasyrlar bojy saktagan halykka taratkan osy manasshylar edi Manasshy tulgasy bir akterdin teatryn elestetedi Olar zhyrdy kazak poeziyasyndagy terme әuenderine үjles әr tүrli makammen sarynmen ajtady Manasshy eposty oryndaganda muzykalyk aspapty pajdalanbajdy Dauys yrgagy tynysy ekpini bet kubylysy әrbir kimyl әreket epizod sajyn ozgerip kubylyp otyrady Bergi dәuirdegi iri manasshysy Sayakbaj Қaralaev Belgili manasshynyn biri 18 gg omir sүrgen Keldibek Keldibek Manasty ajtkanda karasha үj tenselip tabanda dauyl koterilip argymaktar kose shaba zhoneledi eken degen anyz bar Eposty oryndaushylar halyk arasynda kejde kasietti adam emshi retinde de zhүrgen Қyrgyz arasynda mashygyna zhasyna karaj manasshylardy үjrenushi shala shyn shon manasshy dep te zhiktejdi Bergi dәuirdegi iri manasshylar Sagymbaj Orazbakov Sayakbaj Қaralaev Moldobasan Musulmankulovtar DerekkozderӘdebiettanu terminderinin sozdigi